О внесении изменений и дополнений в Правила осуществления инвестиционной деятельности компаниями по управлению пенсионными активами Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.07.2003 № 264 қаулысымен. Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2-тармақтың 4) тармақшасында: 1) "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған" деген сөздер алып тасталсын; 2) "эмиссиялық бағалы қағаздарына" деген сөздерден кейін "(оның ішінде "SPV(Special Purpose Vehicle /"Арнаулы кәсіпорындар") деп аталатын эмитенттер қатысушылары (акционерлері) болып табылатын шетелдік ұйымдарды пайдаланумен эмиссияланғандарды енгізе отырып басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланғандар)" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.