Об утверждении Регламента Жаксыснкого районного маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Жақсы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Заңы және Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына № 545 14 сәуір 2004 жылғы « Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», және «ҚР жергелікті мемлекттік басқару туралы» Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жақсы аудандық мәслихат регламеті бекітілсін (қосымша)
Тармақ 2
2. Нақты шешім Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күшіне енеді
Басқа 3
Ақмола облысы Жақсы аудандық
Мәслихатының 2004 жылдың
25 мамырдағы № ВС 6/2
шешіміне № 1 қосымша
Жақсы аудандық Мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
1-бап. Осы Регламентте пайдаланылатын негізгі ұғымдар.
Тармақша 1
1) Жергілікті өкілді орган(аудандық мәслихат)-ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайуын сайланбалы орган.
Тармақша 2
2) Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы-аудандық мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету қызметін жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;
Тармақша 3
3) Аудандық мәслихат сессиясы-аудандық мәслихат қызметінің негізгі нысаны;
Тармақша 4. Аудандық мәслихат үшін белгіленетін негізгі талаптар мен шектеулер
4) Аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихаттың ,оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
Аудандық мәслихат үшін белгіленетін негізгі талаптар мен шектеулер
Аудандық мәслихат өз қызметінде:
Тармақша 1
1) жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленетін жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
Тармақша 4
4)азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихаттың қызметі мәселелерді ұйымдасқан түрде талқылап шешуге, еркіндікке, жариялылыққа, өзі құрған органдар алдында есеп беруге, жауапкершілікке, қоғамдық көзқарастығы аудандағы мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға азаматтарды кеңінен тартуға негізделген.
Тармақ 5. Аудандық мәслихаттың құзыреті.
5. Аудандық мәслихат аудандық мәслихат депутатын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңында, осы регламентте,басқа да заңды актілерде белгіленген құқықтары мен міндеттерін кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Аудандық мәслихат өз қызметін оның сессиясында бекітілген Кешенді жоспарға сай жүргізеді.
Аудандық мәслихаттың құзыреті.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың құзыретіне:
Тармақша 1
1) тиісті аумақты дамытудың жоспарларың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын,жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
Тармақша 2
2)аудан аумағында қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды
бекіту,сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелерді шешу
Тармақша 3
3) аудан әкімінің ұсынуы бойынша әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын бекіту;
Тармақша 4
4) Өзінің қарауына жатқызылған аудандық әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті, қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелерін шешу;
Тармақша 5
5) Аудан әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен аудандық әкімдіктің дербес құрамын келісу;
Тармақша 6
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын,сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
Тармақша 9
9) Ауданды дамыту жоспарының , экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, аудандық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;
Тармақша 10
10) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау,аудандық мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 11
11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес бағдарламаларын бекіту;
Тармақша 12
12) аудан әкімінің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық кеңесші органдарың дербес құрамын бекіту;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының.заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
Тармақша 15
15) осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Тармақ 2. Аудандық мәслихаттың актілері.
2. Аудандық мәслихаттар өз құзыретіндегі қалалар.аудан аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту де жатады.
Аудандық мәслихаттың актілері.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері аудандық мәслихаттың актілері болып табылады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары аудан әкімінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың өз құзыреті шегінде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылдаған шешімдері заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялауға тиіс және ол аудан аумағында орындалуға міндетті.
Тармақ 4. Аудандық мәслихат жұмысын ұйымдастыру.
4. Аудандық мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар.ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте Ақмола облыстық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге жатады.
Аудандық мәслихат жұмысын ұйымдастыру.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары аудандық мәслихат сессиясының төрағасы , аудандық мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда аудандық мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі.
Егер аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі сессияға қатысса, аудандық мәслихат сессиясы заңды болады.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясының төрағасын.аудандық мәслихат хатшысын сайлайды және қызметінен босатады, олардың есептерін тыңдайды;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады,олардың төрағаларын сайлайды және қызметінен босатады,олардың жұмысы туралы есепті тыңдайды;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды
айқындайды,тексеру комиссиясының актілерін бекітеді;
Тармақша 4
4) заңдарда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді және оны ұстауға әрі материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат саны лимиті аудандық мәслихат депутаттарының саны негізге алынып жеті депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ үш адамнан кем емес болып белгіленеді;
Тармақша 5
5) аудандық мәслихаттың регламентін бекітеді;
Тармақша 6
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 7. Аудандық мәслихат сессиясын шақыру тәртібі.
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнінде өзге де шешімдер қабылдайды.
Аудандық мәслихат сессиясын шақыру тәртібі.
Тармақ 1
1. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын аудандық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей.аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің ,сондай-ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді.Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады.Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат хатшысы аудандық мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға.халыққа және аудан әкіміне сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Аудандық мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және аудан әкіміне-сессияға кемінде бес күн қалғанда,ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихат қарайтын мәселелерді сессия төрағасы.тұрақты немесе басқа комиссиялар, депутаттық топтар, депутаттар, аудан әкімі ұсынады.
Тармақ 5. Аудандық мәслихат сессиясын өткізу тәртібі.
5. Келіп түскен ұсыныстар күн тәртібіне сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауыс беруі арқылы енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясын өткізу тәртібі.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді.Одан әрі аудандық мәслихаты сессиясын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 3
3. Егер аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатынасса, ол заңды болады.
Тармақ 4
4. Шешімдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат сессиясының жұмысы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Сессия жұмысында аудандық мәслихат шешімі бойынша аудандық мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Мәжілістердің басталу және аяқталу уақыты төрағаның ұсынысы бойынша сессияда белгіленеді.
Сессияда баяндама жасау үшін уақыт 1 сағатқа дейін, қосымша баяндама жасау үшін 20 минутқа дейін беріледі.Сессияның күн тәртібінде белгіленген мәселені талқылау барысындағы жарыссөзге қатысу үшін 10 минут,жарыссөзге бір рет қайта қатысу үшін және шешімнің кейбір тармақтарын қайталау кезінде сөз сөйлеу үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі.Кандидатуралар мәжілісті жүргізу тәртібі, дауыс беру себептері бойынша сөз сөйлеу, мәлімдемелер,сауалдар, ұсыныстар.хабарламалар мен анықтамалар жасау үшін сұрақтар қою үшін 3 минутқа дейін уақыт беріледі.Депутаттардың көпшілігінің қолдауы бойынша төрағалық етуші сөз сөйлеу үшін берілген уақытты ұзарта алады Депутаттық сауалға жауап беру үшін 10 минутқа дейін, сұраққа жауап беру үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі.
Тармақ 8
8. Жарыссөзге қатысу үшін сөз алу туралы өтініш төрағалық етушіге беріледі Аудандық мәслихаттың депутаты сессияда төрағалық етуші сөз бергеннен кейін сөйлейді.Төрағалық етуші жарыссөзге қатысу мүмкіндігін өтініштерді түсуіне қарай береді.Төрағалық етуші себебін түсіндіре отырып, қажет болған жағдайда сөйлеу қызметінің ретін өзгерте алады.
Сессияны жүргізу тәртібі,анықтама, сұрақтарға жауап беру және түсініктеме беру жөніндегі сөзді кезектен тыс бере алады.
Баяндамашыларға сұрақ жазба түрінде жіберіледі немесе орынынан ауызша қойылады. Сессия төрағасы ,аудан әкімі,не оның орнындағы адам, аудандық мәслихаттың хатшысы кез келген уақытта сөз алып сөйлеуге құқығы бар.
Сессияда сөйлеуші дөрекі.әдепсіз сөздерді қолданбауы керек.Олай бола қалған жағдайда, төрағалық етуші ескерту жасауға құқылы.
Егер кімде-кім, төрағалық етушінің рұқсатынсыз сөз сөйлейтін болса, микрофон ескертусіз өшірілуі мүмкін.
Егер сөз алған адам талқыланып отырған тақырыптан ауытқып кетсе, төрағалық етуші ескерту жасай алады.
Егер сөз сөйлеуші өзіне берілген уақыттан кеп сөйлесе, немесе тақырыптан ауытқып кетсе, сөз барысында дөрекілік танытса, төрағалық етуші ондай адамды бір рет ескерту жасағаннан кейін сөз сөйлеу құқынан айырады.
Тармақ 9
9. Аудандық мәслихат сессиялары, әдетте ашық сипатта болады.Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының немесе аудандық мәслихат сессиясына қатынасып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі.
Тармақ 10
10. Аудан әкімі немесе оның орнындағы адам аудандық мәслихаттың және оның органдарының кез келген мәжілістеріне, соның ішінде жабық мәжілістерге қатысуға қуқылы.Сессия өтіп жатқан кезде төралқада сессия төрағасынан басқа мәслихаттың хатшысы, аудан әкімі немесе оның орнындағы адам отырады. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың шешімі бойынша басқа депутаттар мен ресми адамдар сайлануы мүмкін.
Тармақ 11
11. Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдар басшылары, аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары аудандық мәслихат сессиясына келуге міндетті.
Тармақ 12
12. Жарыссөз сессия төрағасының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тоқтатылады.
Тармақ 13. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ұйымдастыру және олардың қызметі.
13. Жарыссөздің аяқталуына байланысты айтылмай қалғандар, депутаттардың өтінші бойынша, сессияның төралқасына тапсырылып, метіндері материалдарына енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ұйымдастыру және олардың қызметі.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады.Қажет болған жағдайда, аудандық мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
Тармақ 2
2. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын өз депутаттары арасынан аудандық мәслихат сайлайды.Тұрақты тұтас немесе әр кандидатураға жеке дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3. Ауландық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшіліктік тыңдаулар.
3. Тұрақты комиссиялар аудандық мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір, рет өз қызметі туралы есеп береді.
Ауландық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшіліктік тыңдаулар.
Тармақ 1
1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе аудандық мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады.
Тармақ 2. Аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының қызметі мен өкілеттігі.
2. Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар,өзін-өзі басқару органдары; ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі
Аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының қызметі мен өкілеттігі.
Тармақ 1
1. Тұрақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ аудандық мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша аудандық мәслихат сессиясының төрағасына, хатшысына ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) өздерінің құзырына жататын әрі аудандық мәслихат сессиясының қайауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар бастыларының есептерін тыңдау туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысына аудандық мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға қуқылы.
Тармақ 2
2. Әкімдік, орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгілеген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 3. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі.
3. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі.
Тармақ 1
1. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 2
2. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комитеттің төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 3. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы.
3. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда , тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды.Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын. аудандық мәслихат белгілейді
Тармақ 2
2. Тексеру Комиссиясының төрағасын аудандық мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тексеру комиссиясының жұмысына аудандық мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Тексерулер аудандық мәслихаттың,тексеру комиссиясының не аудандық мәслихат хатшысының шешімдерімен, аудандық мәслихат депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап ету бойынша,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін.Тексеру нәтижесі бойынша, тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы аудандық мәслихат пен әкімдікке хабарлайды.Тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат депутаты басқа жұмыстан босатылған негізде,тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланған жағдайда, оған аудандық мәслихат аппаратының басшысы үшін белгіленген мөлшерде жалақы белгіленеді.
Тармақ 6. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары.
6. Тексеру комиссиясының өкілеттігі мен жұмыс тәртібі мәслихат регламентімен белгіленеді.
Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында аудандық мәслихат не аудандық мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы.Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат оларды құру кезінде белгілейді.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
Тармақ 3. Жақсы аудандық Мәслихатына депутаттар сайлау жөніндегі аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау.
3. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Жақсы аудандық Мәслихатына депутаттар сайлау жөніндегі аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау.
Тармақ 1
1. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын басталады және өкілеттік мерзімінің бітуіне үш күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат хатшысы сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға кемінде үш күн қалғанда өз өкімімен депутаттар мен аппарат қызметкерлері ішінен сайлау комиссияларын құру жөнінде жұмыс тобын құрады.
Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партиялардан және басқа қоғамдық бірлестіктерден.олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған үміткерлер туралы түскен құжаттарды жинау және өңдеумен айналысады.Әрбір саяси партия сәйкесті сайлау комиссияларына өздерінің бір өкілдерін ғана ұсына алады
Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері осы партияның мүшесі болмаған адамдарды да сайлау комиссиясы құрамына үміткерлікке ұсына алады .
Уақытша комиссияға саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, жоғары тұрған комиссиялар ұсынатын құжаттар тізбесіне кіретіндер:
Тармақша 1
1) саяси партиялардың немесе басқа қоғамдық бірлестіктердің.олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі жөніндегі құжатының көшірмесі;
Тармақша 2
2) саяси партиялардың немесе басқа қоғамдық бірлестіктердің,олардың құрылымдық бөлімшелерінің, жоғары сайлау комиссияларының сәйкесті сайлау комиссиясының құрамына үміткерлер ұсыну туралы отырысы хаттамасының үзіндісі;
Тармақша 3
3) үміткердің сайлау комиссиясы жұмысына қатынасуға келісімі туралы аудандық мәслихатқа өтініші және кандидат туралы биографиялық мәліметтер.
Тармақ 3
3. Сайлау комиссиясы құрамына жобасын даярлау кезінде Жұмыс тобы бірінші кезекте саяси партиялардан түскен ұсыныстарды әрі қарай, комиссия мүшесі жетіден кем болған жағдайда басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарын есепке алады.
Тармақ 4
4. Жаңа сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстар аяқталған кезде Жұмыс тобы сессия шешімдерінің жобасын және сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау жөніндегі бюллетеньдерді дайындайды.
Тармақ 5
5. Шешім жобасы мен бюллетеньдер жеке-жеке дайындалады:
Тармақша 1
1) аудандық сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 2
2)аудандық мәслихатқа депутаттар сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 3
3) учаскелік сайлау комиссиялары бойынша.
Тармақ 6
6. Сайлау-комиссиялары құрамына саяси партиялар,басқа қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялары ұсынған үміткерлер шешім жобасына, бюллетеньдерге түсу кезегі Уақытша комиссияның арнайы жорналында тіркелу ретіне қарай енгізіледі.
Тармақ 7
7. Сайлау комиссиясының құрамын сайлау жөніндегі бюллетеньдерді сессияға қатынасып отырған барлық аудандық мәслихат депутаттары алып, өз қолдарымен жеке толтырады.Дауыс беру қорытындысын сессияда құрылған есеп комиссиясы шығарады.Есеп комиссиясының төрағасы мен сан құрамын мәслихат сессиясы анықтайды.Сессияға қатынасып отырған депутаттардың көпшілік дауысын алған комиссия мүшелері сайланды деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Саяси партиялардан сәйкесті сайлау комиссиясына ұсынылған мүшелер саны тең (жеті) болған жағдайда Жұмыс тобы мәслихат сессиясына осы сайлау комиссиясы құрамына дауыс беруге ұсыныс жасайды.Саяси партиялардан сәйкесті сайлау комиссиясына ұсынылған мүшелер саны асып кетсе ( жетіден артса) Жұмыс тобы мәслихат сессиясына осы сайлау комиссиясын сайлау бойынша рейтингтік дауыс беруді ұсынады.
Тармақ 9
9. Саяси партиялардан сәйкесті сайлау комиссиясына ұсынылған мүшелер саны жеткіліксіз (жетіден кем) болған жағдайда бюллетеньдегі үміткердің бос орнына басқа қоғамдық
бірлестіктерден түскен үміткерлерді, ал ондай үміткерлер болмаған жағдайда жоғары тұрған сайлау комиссиялары ұсынған үміткерлерді ( түскен кезектері ретімен) енгізеді.Бос орына түскен ұсыныстар тең болған жағдайда Жұмыс тобы сессияға осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беруге ұсыныс жасайды.Бос орынға түскен ұсыныстар саны артып жетсе, Жұмыс тобы мәслихат сессиясына комиссия құрамына саяси партия өкілдерін сайлауды, ал бос орынға рейтингтік дауыс беруді ұсынады.
Тармақ 10
10. Егер де сайлау комиссиясы құрамына дауыс беріп жатқан кезде ұсынылған үміткерлер саны жетіге сәйкес келсе,мәслихат депутаттары нақтылы бір үміткері4 қарсылық білдіреді ол сол саяси партияның немесе қоғамдық бірлестіктігі үміткерімен ауыстырылады.Бұндай істі бір-ақ рет жасау ұсынылады.
Тармақ 11
11. Бюллетеньге үміткердің тегі,аты, әкесінің аты, үміткер қай саясии партиядан(басқа қоғамдық бірлестік,жоғары тұрған сайлау комиссиясы) ұсынылғандығы енгізіледі.Үміткердің тегінің оң жағында депутаттар белгі соғатын төрт бұрыштар болады Депутаттар жеті төртбұрышқа белгі соғады.
Тармақ 12
12. Дауыс берудің нәтижесін мәслихат сессиясында есеп 5миссиясының төрағасы жариялайды.
Тармақ 13
13. Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының комиссия төрағасы қолардың орынбасарлары мен хатшыларын сайлау жөніндегі ұйымдастыру отырысын өткізу мерзімін (олар құрылғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей) хабарлайды Осы үміткерді берген дауыстың көпшілік санымен Есеп комиссиясы анықтайды.Депутаттар ауысып тең болған жағдайда осы кандидатура бюллетеньде орналасу ретіне байланысты анықталады.
Тармақ 14
14. Мәслихат хатшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, сәйкесті сайлау комиссиясы құрамының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланылуын қамтамасыз етеді.Материалдар қосымшасымен бірге басылымның бір нөмірінде орналастырылуға тиісті.
Тармақ 15
15. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қаралған жағдайда мәслихат сәйкесті сайлау комиссиясы мүшесін босатуға және кеткенінің орнына қайта сайлауға шешім қабылдайды.Босаған лауазымның орнына осы сайлау комиссиясында өкілдері жоқ саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өтініштері қабылданады.
Тармақ 16. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы.
16. Сайлау комиссияларын сессияда сайлаған кезде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес олардың бір ұйымнан боламын қадағалау керек, міндетті түрде сәйкесті әкімшілік аумақтық бірлікте тұруын есепке алу керек. Президентке үміткерлер, Парламент және мәслихат депутаттары, сенімді тұлғалар.жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының мүшелері, жұбайлары және басқа да кандидатқа туыстық қатынасы барлар, сондай-ақ кандидаттың тікелей қарамағындағы тұлғалар сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасын аудандық мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сайланады.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы аудандық мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттілігін аудандық мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Аудандық мәслихат депутаты аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады,сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, аудандық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың шешіміне,хаттамаларға,өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 5
5) аудандық мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
Тармақша 6. Аудандық мәслихаттың хатшысы.
6) мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, аудандық мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Аудандық мәслихаттың хатшысы.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазында адам болып табылады. Оны аудандық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқалы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкілетті мерзіміне сайланады.
Тармақ 2
2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
Тармақ 3
3. Мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессияында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат-сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды:
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және өтініштердің қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жарайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
Тармақша 6
6) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
Тармақша 8
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялар мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық берлестіктермен қарым-қатынадтарда мәслихат атынан өкіл болады;
Тармақша 10
10) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
Тармақша 11
11) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 4
4. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Тармақ 6. Аудандық мәслихат депутаты.
6. Аудандық мәслихат депутаты тұрақты негізде аудандық мәслихат хатшысы болып сайланған жағдайда, оран аудан әкімінің орынбасары үшін белгіленген мөлшерде жалақы белгіленеді.
Аудандық мәслихат депутаты.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, аудан халқының еркін білдіреді.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат депутатының өкілеттігі аудандық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген кезден басталып.аудандық мәслихат өкілеттігі тоқтатылған кезден бастап тоқтайды
Тармақ 3
3. Аудандық, мәслихат депутатының өкілеттігі мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) депутат заңдарға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
Тармақша 2
2) депутатты әрекетке қабылетсіз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енсе;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың өкілеттігі тоқтатылса;
Тармақша 4
4) депутат қайтыс болса;
Тармақша 5
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
Тармақша 6
6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енсе;
Тармақша 7
7) ауданнан тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
Тармақша 8
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтінішіне байланысты;
Тармақша 9
9) депутаттың өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде аудандық мәслихат сессиясының жалпы отырысында дәлелді себептерсіз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім аудандық сайла комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен аудандық мәслихат сессиясында қабылданады.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссиясы аудандық мәслихат сессиясының төрағасына, аудандық мәслихат хатшысына, аудан әкіміне, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сауалдар беруге құқылық
Тармақ 6
6. Сауал сессияға жазбаша не ауызша түрде енгізіледі.Жазбаша түрде енгізілген сауал жария етілуге тиіс.Сауал берілген мемлекеттік орган,лауазымды адам аудандық мәслихаттың сессиясында сауалға жазбаша немесе ауызша жауап беруге міндетті.Сауалға жауап түскен күннен бастап 30 күннің, ал қосымша зерделену мен тексеруді қажет етпейтін өтініштер бойынша-10 күннің ішінде беріледі.
Тармақ 7
7. Қосымша тексерулер жүргізу қажет болған жағдайларда, бұл мерзімдерді аудандық мәслихат өзгертуі мүмкін,ол туралы аудандық мәслихаттың депутатына хабарланады.
Тармақ 8. Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыру көзіндегі құқықтары мен міндеттері.
8. Қажет болған жағдайда сауалға қайтарылған жауап және оны талқылаудың нәтижелері бойынша аудандық мәслихат шешім қабылдайды.
Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыру көзіндегі құқықтары мен міндеттері.
Тармақ 1
1. Депутат:
Тармақша 1
1) сайлауға және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, аудандық мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға аудандық мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге;
Тармақша 4
4) өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізуге;
Тармақша 5
5) аудандық мәслихат сессиясында аудан аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының аудандық мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 6
6) аудандық әкімдіктің отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 7
7) аудандық мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 8
8) белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партиялар мен өзге де қоғамдық, бірлестіктердің депутаттық топтары түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы.Депутаттық топ мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс.
Тармақша 9
9) Депутаттық топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады.
Тармақша 10
10) заңдарда және аудандық мәслихат регламентінде көзделген өзге де іс әрекеттерді Жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Депутат:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға аудандық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларымен өзге де органдарының қызметі, аудандық мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, аудандық мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарау
Тармақ 3. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу.
3. Аудандық мәслихаттың әрбір депутатына өкілеттіктерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасалуына, оның құқықтарын, қадір-қасиеті мен ар-ожданын қорғауға кепілдік беріледі.
Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу.
Депутат регламентте белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезенінде депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
аудандық мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген оның өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат өкілеттігін мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын сот тәртібімен заңсыз деп танылған шешімдер қабылдау түрінде бірнеше рет (екі және одан да көп) бұзса;
Тармақша 2
2) егер жаңадан сайланған аудандық мәслихат бірінші сессиясы ашылған күннен бастап отыз күн өткенше өз құрылымын бегілемесе және тиісті органдарын құрмаса;
Тармақша 3
3) қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихат өз депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің жасырын даусымен өзін-өзі тарату шешім қабылдаса;
Тармақша 5
5) аудандық бюджетті, ауданды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын екі рет бекітілумен білдірілген аудандық әкімдікпен арада еңсерілмейтін келіспеушіліктер болса;
Тармақша 6. Мәслихаттың аудан әкіміне сенімсіздік білдіру өкілеттігі.
6) ауданды басқару схемасы екі рет бекітілумен білдірілген әкіммен арада еңсерілмейтін келіспеушіліктер болса.
Мәслихаттың аудан әкіміне сенімсіздік білдіру өкілеттігі.
Тармақ 1
1. Мәслихат өз депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің алдына оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
Тармақ 2. Аудандық мәслихат аппараты.
2. Әкімі ұсынған ауданды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді аудандық мәслихаттың екі рет бекітпеуі аудандық мәслихаттың облыс әкіміне сенімсіздік білдіруі туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.
Аудандық мәслихат аппараты.
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, аудандық мәслихат өкілеттегі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихат аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат аппаратының жұмысы аудандық мәслихаттың хатшысы бекіткен ереже негізінде жүргізіледі.