Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам разовой выплаты для оформления удостоверений личности гражданина Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмысы төмен азаматтарға Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігін ресімдеуге бір жолғы төлемдер беру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына сәйкес тұрмысы төмен азаматтардың жеке куәліктері жоқ азаматтарға құжат беру мақсатында Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрмысы төмен азаматтарға берілген Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігін ресімдеуге бір жолғы төлемдер беру Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы әділет Басқармасында тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 3
Шортанды аудандық мәслихатының 2004 жылдың 31 мамырында № С-5/4 шешімімен бекітілді Тұрмысы төмен азаматтарға Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігін ресімдеуге бір жолғы төлемдер беру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер 1 .Тұрмысы төмен азаматтарға Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігін ресімдеуге бір жолғы Төлемдер берудің осы Ережесі (әрі қарай Ереже) 258512 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке түрлеріне әлеуметтік төлемдер төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдер төлеуді ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережені кабылдау үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының «Бюджетік жүйе» туралы Заңы құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынастарға ереженің іс-қимылы катысты болмайды.
Тарау 2. 2. Төлемдерді төлеуді жүзеге асыру тәртібі
2. Төлемдерді төлеуді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 4
4. Бір жолғы төлем әлеуметтік көмектің бір түрі болып табылады және айлық жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен және жеке куәлігі және әлеуметтік жеке кодтарының нөмірлері жоқтығынан әлеуметтік көмек ала алмай отырған тұрмысы төмен азаматтарға беріледі.
Тармақ 5
5. Бір жолғы төлем тұрмысы төмен азаматтарға ақшалай түрде селолық (қалалық) учаскелік комиссияның тиісті қорытындысы негізінде беріледі.
Тармақ 6
6. Азаматтың өтініші негізінде селолық (қалалық) учаскелік комиссиялар көмек сұраушының материалдық-тұрмыстық жағдайларын, қамтылу деңгейін тексеруді жүргізіп, тиісті акт жазады.
Тармақ 7
7. Тексеру актісі бойынша тұрмысы төмен, құжат алуға мұқтаж - Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігін ресімдеу, 1974 жылғы төлқұжат үлгілері бар азаматтардың тізімі қалыптасады. Тізімдерге селолық округтер әкімдері, Шортанды аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон бөлімдерінің қолдары қойылып, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне ұсынылады.
Тармақ 8
8. Бір жолғы төлемнің мөлшері 384 теңгені құрайды және төмендегі шығыстардан тұрады: фотография - 200 теңге жеке куәлік бағасы - 184 теңге
Тармақ 9
9. Төлемді төлеу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің есеп айырысу шотына ақша аударумен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Бір жолғы төлем беруді қаржыландыру
3. Бір жолғы төлем беруді қаржыландыру
Тармақ 10
10. Бір жолғы төлемді төлеу шығыстарын қаржыландыру осы мақсаттарға аудандық бюджетте 258,51 Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген түрлеріне әлеуметтік төлемдер төлеу бюджеттік бағдарламасында көзделген қаражаттар шегінде жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Төлемдерді төлеуді жүзеге асыруды бақылау
4. Төлемдерді төлеуді жүзеге асыруды бақылау
Тармақ 11
11. Бір жолғы төлемдерді төлеуді бақылау және есеп беру «Қазақстан Республикасының Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау туралы» 2002 жылдың 29 қаңтардағы №286/11 Заңына сәйкес жүзеге асырылады.