Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Атбасарского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атбасар ауданы әкімдігінің резерв қаражатын пайдалану Ережесін бекіту жөнінде «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001 ж. № 148 ҚР Заңы негізінде Қазақстан Рсспубликасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қаражатын пайдалану Ережесін бекіту жөнінде» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Атбасар ауданы әкімдігінің резерв қаражатын пайдалану Ережесі бекітілсін /қосымша/.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде тіркелген кезден бастап күшіне енеді.
Басқа 3
Атбасар ауданы әкімдігінің «Атбасар ауданы әкімдігінің резерв қаражатын пайдалану Ережесін бекіту жөнінде» 2004 жылғы 1 маусымдағы № а-5/115 қаулысына қосымша Атбасар ауданы әкімдігінің резерв қаражатын пайдалану ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже Атбасар ауданы әкімдігінің резерв қаражатының бөліну мен пайдалану тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Атбасар ауданы әкімдігінің резерві Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13 бабының Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 261 Заңымен енгізілген соңғы өзгерістеріне сәйкес құрамында аудандық бюджетті дайындау кезінде жоспарланбаған, тосын шығындарды қаржыландыру және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз қаржыландыруды талап ету үшін тиісті қаржы жылына бекітілген аудандық бюджет шығындарынан құрылады.
Тармақ 2
2. Атбасар ауданы әкімдігі резервінің құрамындағы қаражат Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13 бабы 1 тармағына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысымен белгіленген Атбасар ауданы әкімдігінің міндеттемелерін жою үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдарының және ведомствоға қарасты мекемелердің сот шешімі бойынша басқа тосын шығындарын жою үшін қаралады.
Тармақ 3
3. Атбасар ауданы әкімдігінің резерв көлемі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13 бабы 3 тармағына сәйкес аудандық бюджет түсімінің көлемі екі пайыздан артық болмауға тиісті.
Тармақ 4
4. Атбасар ауданы әкімдігінің резервінен қаражаттың бөлінуі аудандық бюджеттің тиісті қаржы жылына осы мақсатқа аудандық бюджет шығындарының құрамында бекітілген көлем шегінде аудандық қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржыландыру белгіленген заң тәртібімен Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде жүргізіледі, онда алушы, бөлінетін қаражат пен пайдаланылу мақсаты, сондай-ақ қайтымды негіздегі қаржының бөлінуі, оларды беру және қайтару мерзімінің жағдайлары.
Тармақ 5
5. Атбасар ауданы әкімдігінің резерв қаражатының мақсатты белгіленулері болады, осы Ережеде және резервтен қаражат бөлу туралы Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысымен қаралмаған қажеттіліктерге пайдаланылмайды.
Тармақ 6
6. Атбасар ауданы әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысын дайындау кезінде келесі жағдайлар ескеріледі:
Тармақша 1
1) аудандық бюджетте ағымды қаржы жылына қаржы бөлінудің болмауы;
Тармақша 2
2) Атбасар ауданы әкімдігінің резерв қаражатындағы қажеттілік ағымдағы қаржы жылында туындады және ондағы қажеттілік алушының өткен міндеттемелерімен байланысты емес, сот шешімдері бойынша Атбасар ауданы әкімдігінің міндеттемесін өтеу жағдайы үшін.
Тармақ 7
7. Атбасар ауданы әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысы қаржы жылының аяғында күшін жояды. Атбасар ауданы әкімдігінің резервіндегі пайдаланылмаған қаражат қалдығы аудан бюджетіне қайтарылады.
Тармақ 8
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Атбасар ауданы әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы қолдаухатты төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарайды. Негізді материалдар мен олардың тізбесін беру тәртібі төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссиямен анықталады. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі кезінде төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қаулы жобасын негізделген есептеу қосымшасымен аудандық қаржы бөліміне қарауға ұсынады. Атбасар ауданы әкімдігінің мақұлданған қаулы жобасын төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия белгіленген заң тәртібімен Атбасар ауданының әкімдігіне бекітуге ұсынады.
Тармақ 9
9. Атбасар ауданы әкімдігінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органы және олардың ведомствоға қарасты мекемелерінің міндеттемелерін сот шешімі бойынша өтеу, сот атқару құжаттары болған кезде Атбасар ауданы әкімдігінің резерв қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органы және олардың ведомствоға қарасты мекемелері, сот шешімі бойынша төлем жүргізуге міндеттілері қолданыстағы заңдылықпен қаралған негізі бар жағдайда көрсетілген шешімдерін барлық сот инстанцияларына шағымдануға тиісті. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органы және оның ведомствоға қарасты мекемелері шағымданған сот актілерінің көшірмесін аудандақ қаржы бөліміне ұсынуға тиісті. Атбасар ауданы әкімдігінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органы және олардың ведомствоға қарасты мекемелерінің міндеттемелерін өтеу үшін Атбасар ауданының резервінен қаражат бөлу туралы Атбасар ауданы әкімдігінің қаулы жобасын белгіленген заң тәртібімен аудандық қаржы бөлімі дайындайды.
Тармақ 10
10. Атбасар ауданы әкімдігінің резервінен жергілікті бюджетті дайындау кезінде жоспарланбаған басқа тосын шығындарға қаражат бөлу және ағымдағы қаржы жылында талап ететін кідіріссіз қаржыландыру үшін аудандық бюджет бағдарламасының әкімгерлері аудандық қаржы бөліміне сәйкестеген негіздеулері мен есептеулерін қосып қаражат бөлу туралы қолдаухат ұсынады. Аудандық қаржы бөлімі Атбасар ауданы әкімдігінің резервінен қаражат бөлу мүмкіндігі не болмаса мүмкіндігі жоқ туралы ұсынған қолдаухаты негізінде қорытынды береді.
Тармақ 11
11. Аудандық бюджет бағдарламасы әкімгерлерінің қолдаухаты бойынша дұрыс қорытынды кезінде басқа тосын шығындарға Атбасар ауданы әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Атбасар ауданы әкімдігінің қаулы жобасы белгіленген заң тәртібімен аудандық бюджет бағдарламаларының әкімгерлерімен дайындалады.
Тармақ 12
12. Атбасар ауданы әкімдігінің резерв қаражатын тиімді бөлу мақсатымен қолдаухат қарау кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және басқа тосын шығындарды жоюға қаржы жылының бойында басқа тосын шығындарға Атбасар ауданы әкімдігінің резервінен бөлінетін қаражат сомасы, аудандық бюджетке табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен басқа тосын шығындарды жоюға қаралған әрбір ағымдағы тоқсанға жылдық, соманың 25 пайызынан көтерілмеуге тиісті. Сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және басқа тосын шығындарды жоюға Атбасар ауданы әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Атбасар ауданы әкімдігінің ертерек қабылданған қаулысы есепке қабылданады.
Тармақ 13
13. Ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз қаржыландыру шараларын талап ететін міндеттемелер туындаған кезде резервтен қаражаттың бөлінуі тиісті қаржы жылына аудандық бюджетте қаралған қаржы бөліну шегінде осы Ережеге сәйкес басым сипаттағы тәртіппен орындалады.
Тармақ 14
14. Егер бюджетті орындау процесінде бюджетте табыс шығыны жинақталса немесе табыс түсімі азайса, онда Атбасар ауданы әкімдігінің резерв шығындары бойынша Атбасар ауданының әкімдігі тыйым салуға құқылы.
Тармақ 15
15. Резервтен бөлінген қаражатты алушылар аудандық қаржы бөлімі белгілеген мерзімде және тәртіпте орындаған жұмыстың көлемі мен бағасын, олардың пайдаланылуы жөнінде есеп беруге тиісті.
Тармақ 16
16. Аудандық қаржы бөлімі ай сайын Атбасар ауданының әкімдігіне қаражатты пайдалану және оның тиісті кезеңге қалдығы жөнінде ақпарат береді.
Тармақ 17
17. Резервтің бөлінген қаражатын мақсатсыз пайдалануда Қазақстан Республикасының заңымен қаралған тәртіпте алушы жауап береді.
Тармақ 18
18. Атбасар ауданы әкімдігінің резерв қаражатын мақсатымен пайдалануға бақылауды аудандық қаржы бөлімі іске асырады.