О внутреннем водном транспорте Қолданыста
Басқа 0
Iшкi су көлiгi туралы
Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) айлақ - кемелердiң қауiпсiз кiруiне арналған құрылғылары бар және кемелердiң қауiпсiз тоқтап тұруына, оларға жүк тиеуге, жүк түсiруге және қызмет көрсетуге, сондай-ақ жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсiруге арналған гидротехникалық құрылыс;
Тармақша 2
2) арқандап байлау - кеменiң айлаққа, пирске немесе басқа кемеге жақындап келуi және кеменi осыларға бекiту жөнiндегi iс-қимылдар;
Тармақша 2-1
2-1) әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар – халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағатандыратын және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдау;
Тармақша 3
3) дебаркадер - жолаушылар кемелерiн немесе жүк кемелерiн арқандап байлауға және оларға қызмет көрсетуге арналған жүзбелi айлақ;
Тармақша 4
4) диспаша - тасымалдауға қатысатын тараптар арасында жалпы авария бойынша бөлiнетiн шығындарының есебi;
Тармақша 5
5) диспашерлер - iшкi су көлiгi саласында бiлiмi мен тәжiрибесi бар, диспашаны айқындау жөнiндегi есептi жасайтын адамдар;
Тармақша 6
6) жағалау белдеуі – экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған, жағалау сызығынан бастап ені жиырма метрге тең, су объектiлері жағалауы бойындағы құрлық белдеуі;
Тармақша 6-1
6-1) жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмi – осы Заңның 24-бабының 11-тармағында және 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік кемелер тіркелетін құжат;
Тармақша 7
7) жол жұмыстары – iшкi су жолдарындағы су түбiн тереңдету, түзеп-жөндеу, тральдау, су түбiн тазарту, iздестiру жұмыстары және навигациялық құрал-жабдықтарды орналастыру мен күтiп ұстау жөнiндегi басқа да жұмыстар;
Тармақша 8
8) жолаушы – тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұрған және билетте немесе оның жол жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген не жүк тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының келiсiмiмен автокөлiк құралын, жануарларды және өзге де жүктi алып жүруге оның құқығы расталған адам;
Тармақша 8-1
8-1) жолаушы куәлiгі – кемедегі жолаушылардың рұқсат етілген ең көп саны туралы мәлiметтерді қамтитын кеме құжаты;
Тармақша 8-2
8-2) жолаушылар кемесі – он екiден артық жолаушыны тасымалдауға арналған кеме;
Тармақша 9
9) жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк - Кеме қатынасы тiркелiмiнiң ережелерiне сәйкес берiлетiн Кеме қатынасы тiркелiмiнiң негiзгi құжаттарының бiрi;
Тармақша 10
10) кеме – шағын көлемді кеме болып табылмайтын ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетiн немесе өздігінен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде «өзен-теңiзде» жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және осы сияқты басқа да техникалық құрылғылар);
Тармақша 11
11) кеме жолы - белгiлi бiр көлемдегi кемелердiң кедергiсiз жүзуiне жол берiлетiн шектерде жолдың бағыты мен шекараларын көрсететiн навигациялық жағдайдың белгiлерi қойылған iшкi су жолдарындағы су бетi;
Тармақша 12
12) кеме жүргiзу - iшкi су жолдарымен жүзудi жүзеге асыратын кеменi басқаруға байланысты қызмет;
Тармақша 13
13) кеме иесi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеменi өз атынан иелену және пайдалану құқығымен пайдаланатын тұлға;
Тармақша 13-1
13-1) кеме ипотекасы – мемлекеттiк тiркеуге жататын ішкі суда жүзетiн кеменiң, шағын көлемдi кеменің, "өзен-теңiзде" жүзетiн кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;
Тармақша 14
14) кеме кiтабы – шағын көлемді кемелер және оларға құқықтар тiркелетiн құжат;
Тармақша 15
15) кеме қатынасы – шағын көлемді кемелерді пайдалана отырып атқарылатын қызметті қоспағанда, жүктерді, жолаушылар мен олардың багажын, почта жөнелтілімдерін тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, балық аулауды және өзге де кәсіпшіліктерді, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық алып өтуді, құтқару операцияларын жүргізу, су объектілерін қорғау, оларды ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, суға батқан мүлікті көтеру, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кемелерді пайдалануға байланысты қызмет;
Тармақша 16
16) кеме қатынасы шлюзi – кемелердi судың бiр деңгейiнен екiншi деңгейiне көтеруге немесе түсiруге арналған гидротехникалық құрылыс;
Тармақша 17
17) Кеме қатынасы тiркелiмi – кемелердi, палубалы шағын көлемді кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
Тармақша 18
18) кемелердi лоцмандық алып өту - кемелердiң iшкi су жолдарының аса күрделi учаскелерi бойынша қауiпсiз өтуiн қамтамасыз ететiн қызмет;
Тармақша 19
19) кеменiң меншiк иесi - Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;
Тармақша 20
20) киль - кеменiң негiзгi ұзына бойы созылған элемент, ол кеменiң түбiн бойлай оның тұмсығынан артқы жағына дейiн тартылып, оны екi симметриялы бөлiкке бөледi;
Тармақша 21
21) көлiк жүкқұжаты – тiкелей су қатынастарында жүк тасымалдау кезiнде ресiмделетiн тасымалдау құжаты;
Тармақша 22
22) куәландыру - кеменiң арналуы мен жiктелiмiнiң расталуын есепке ала отырып, оның жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған, техникалық регламенттерде және Кеме қатынасы тiркелiмiнiң ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес кеменiң техникалық жай-күйiн анықтау мақсатында кеменi қарап шығу;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының iшкi су жолдары (бұдан әрi - iшкi су жолдары) - кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi (бұдан әрi - iшкi су көлiгi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген және iшкi су жолдарында кеме қатынасы мен кеме қатынасына байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыратын көлiк түрi;
Тармақша 25
25) қарап тексеру – Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің объектiнi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан тексеру;
Тармақша 26
26) қауiптi жүк - өзiнiң қасиеттерi мен ерекшелiктерiне қарай тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде жарылыстың болуына, өрттiң шығуына немесе техникалық құралдардың, құрылғылардың, үйлердiң, құрылыстардың және ғимараттардың зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына себеп болуы, қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүк;
Тармақша 27
27) лоцман - кеменi арқандап байлау, зәкiрге қою және оларды портта қайта орналастыру орнына қауiпсiз алып жүру саласындағы белгiлi бiр бiлiмi мен дағдысы бар маман;
Тармақша 28
28) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi - осы Заңның 26-бабының 5-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес кемелер мен оларға құқықтар тiркелетiн құжат;
Тармақша 29
29) мемлекеттiк көлiктiк бақылау және қадағалау (бұдан әрi – көлiктiк бақылау және қадағалау) – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргізетiн iс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 30
30) навигация - кеме қатынасын жасау мүмкiн болатын уақыт кезеңi;
Тармақша 31
31) "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кеме - техникалық сипаттамалары бойынша теңiз және iшкi су жолдарында кеме қатынасы мақсатында жарамды әрi белгiленген тәртiппен пайдалануға жiберiлген кеме;
Тармақша 31-1
31-1) палубалы шағын көлемді кеме – бортқа, арақабырға мен тіреуіш бағандарға сүйенетін кеме корпусында тұмсығынан артқы бөлігіне дейін төсемнен және жинақтан тұратын, су өткізбейтін көлденең жабыны бар шағын көлемді кеме;
Тармақша 32
32) порт - жолаушылар мен кемелерге қызмет көрсету, жүктердi тиеу, түсiру, қабылдау, сақтау және беру, көлiктiң басқа да түрлерiмен өзара iс-қимыл жасасу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесiнде және iшкi су жолдары акваториясында орналасқан құрылыстар кешенi;
Тармақша 33
33) порт акваториясы - кемелер мен құрамдар жүгiнiң өңделуiн немесе рейске жөнелтудi күтiп тұратын, сондай-ақ қажеттi операциялар орындалатын айлаққа және рейдтер құрылғысына кемелердiң келуi мен онда тұруы үшiн қызмет ететiн су бетiнiң шектеулi учаскесi;
Тармақша 34
34) рейдтер - кемелердiң зәкiр салып тұруына, маневр жасауына немесе жүктердi қайта тиеуге арналған кеме жолы шегiнен тыс порт акваториясының бөлiгi;
Тармақша 35
35) рейс - белгiлi бiр уақыт аралығында географиялық пункттер немесе аудандар арасында жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдаудың көлiктiк процесi;
Тармақша 35-1
35-1) судың жобалық деңгейі – кеме қатынасы қарқындылығының белгісі бойынша су жолдары тобына қарай көпжылдық қамтамасыз етудің белгіленген шамасы бар төменгі навигация деңгейлерінің бірі, оның негізінде кеме қатынасы өзендерінде кепілдік берілген кеме жүрісі габариттері белгіленеді;
Тармақша 36
36) такелаж - жүк көтеру жұмыстарына, тулар мен белгiлердi көтеруге және түсiруге арналған кеме жабдықтарының жиынтығы;
Тармақша 37
37) тасымалдаушы - кеменi меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздермен иеленушi, жолаушыларды, багаж бен жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;
Тармақша 38
38) тез бүлiнетiн жүк - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше шарттарын қажет ететiн жүк;
Тармақша 39
39) тексеру - кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың iс-әрекетi;
Тармақша 40
40) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 41
41) техникалық байқау – Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы және iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын кезең-кезеңмен тексерудi қамтитын, кемелердiң, палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған сыныптау қызметiнiң құрамдас бөлiгi;
Тармақша 42
42) тұру пунктi - кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн жөндеу, олардың жылдың жазғы және қысқы мезгiлiнде тұруы, оларды техникалық байқаудан өткiзу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесi мен су бетi объектiсiнiң акваториясы;
Тармақша 42-1
42-1) тіркеу нөмірі – кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде оған берілетін нөмірі;
Тармақша 43
43) уәкiлеттi орган – iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 44
44) уәкiлеттi органның кәсiпорны - қызмет көрсететiн шекаралар шегiнде кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету мақсатында iшкi су жолдарын және кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) тиiсiнше күтiп ұстау мен дамыту үшiн өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру негiзгi мiндетi болып табылатын iшкi су көлiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорны;
Тармақша 45
45) шағын көлемді кеме – балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерді қоспағанда, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға болатын адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы Заң:
Тармақша 1
1) кемелерде;
Тармақша 2
2) iшкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық құрылыстарда;
Тармақша 3
3) iшкi су жолдарында орналасқан порттарда;
Тармақша 4
4) iшкi су жолдарында және iшкi су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдаланылатын шағын көлемді кемелерде қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Әскери-теңiз күштерiнiң және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң туын көтерiп жүзушi корабльдерге, катерлерге және басқа да кемелерге қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Теңiз портына кiрген жағдайларда, құтқару операциясы кезiнде және теңiз кемесiмен iшкi суларда жүзетiн кемелердiң, сондай-ақ "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердің соқтығысуы кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңнамасымен реттеледi.
Бап 4. 4-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi
4-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi
Iшкi су көлiгi саласындағы қызмет мынадай негiзгi принциптер:
Тармақша 1
1) кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң басымдығы, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, табиғатты және экологиялық қауiпсiздiктi қорғау;
Тармақша 2
2) iшкi су көлiгiнде жұмыстар атқару мен қызметтер көрсету кезiнде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгі;
Тармақша 3
3) қызметтер көрсетудi тұтынушының тасымалдаушыны еркiн таңдауын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстар атқару мен қызметтер көрсету бағаларының еркiндiгiн қамтамасыз ету негiзiнде жүзеге асырылады.
Бап 5. 5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту
5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту
Тармақ 1
1. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс, авариялық-құтқару жұмыстары және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығыстарды кейіннен тең құнымен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.
Бап 5-1. 5-1-бап. Ішкі су көлігін беру міндеті
5-1-бап. Ішкі су көлігін беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін ішкі су көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
Осы баптың бірінші бөлігінде
көзделген жағдайларда кеме иесіне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.
Жеке және заңды тұлғалардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою үшін ішкі су көлігін (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) беруі, сондай-ақ ішкі су көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеуі, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау және қадағалау
2-тарау. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау және қадағалау
Бап 6. 6-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгiмiндеттерi
6-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгiмiндеттерi
Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) республика экономикасының және халықтың тасымалдауларға, iшкi су көлiгiндегi жұмыстардың атқарылуы мен қызметтердiң көрсетiлуiне қажетiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 1-1
1-1) iшкi су көлiгiнiң және оның өмiрлiк циклi процестерiнiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау;
Тармақша 3
3) iшкi су көлiгiндегi тасымалдаулардың iшкi рыногын қорғау;
Тармақша 4
4) iшкi су көлiгi мен iшкi су жолдарының инфрақұрылымын одан әрi дамыту;
Тармақша 5
5) iшкi су көлiгi саласындағы қызметке және кеме қатынасы қауiпсiздiгiне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Бап 7. 7-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау
7-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау
Тармақ 1
1. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау құқықтық қамтамасыз ету арқылы, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Iшкi су көлiгiндегi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi және уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылауды іске асыру барысында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері
және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары осы Заңға сәйкес жедел ден қою шараларын қолдануы мүмкін.
Бап 7-1. 7-1-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды
қолдану тәртібі
7-1-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды
қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Егер бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі кемелерді қауіпсіз пайдалануға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына тікелей қатер төндірсе, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлері жедел ден қою шараларын қолданады.
Тармақ 2
2. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) қарап-тексеруді (тексеруді), бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы бапта көзделген.
Тармақ 3
3. Жедел ден қою шараларына кемені пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына төнген қатер болған кезде кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын (пайдаланылуын) тоқтата тұру және оған тыйым салу жатады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына және (немесе) осы Заңның 17-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
Тармақ 6
6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілен кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
Тармақ 7
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде және (немесе) кемені қарап-тексеру актісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
Тармақ 10
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) жүргізіледі.
Қадағалау актісінің қолданысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 11
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру (қарап-текеру) нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 14
14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
Тармақша 2
2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
Тармақ 15
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайлы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.
Бап 7-2. 7-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды шағын көлемді
кемелер үшін қолдану тәртібі
7-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды шағын көлемді
кемелер үшін қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Егер бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндірсе, азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының қызметкерлері, әскери қызметшілері жедел ден қою шараларын қолданады.
Тармақ 2
2. Жедел ден қою шаралары – осы бапта түрлері көзделген, бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы қарап тексеруді (тексеруді), профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер ету тәсілдері.
Тармақ 3
3. Шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын (пайдаланылуын) тоқтата тұру және оған тыйым салу жедел ден қою шараларына жатады.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 17-4-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып саналатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болады.
Тармақ 5
5. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
Тармақ 6
6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және қадағалау актісін
қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жүргізіледі.
Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
Тармақ 7
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болмайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде және (немесе) шағын көлемді кемені қарап тексеру актісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
Тармақ 10
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) шағын көлемді кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзылушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болатын, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) жүргізіледі.
Қадағалау актісінің қолданысы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 11
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптардың анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданады.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 14
14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
Тармақша 2
2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;
Тармақша 3
3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
Тармақ 15
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне:
Тармақша 1
1) iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу жатады.
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10
10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 13
Тармақша 14
Тармақша 15
15) - 28-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 29
Бап 9. 9-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
9-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-1
1-1) ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 1-2
1-2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 1-3
1-3) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды және жүкті әкелуге, әкетуге, олардың транзитіне тыйым салу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 2
2) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру;
Тармақша 2-1
2-1) тексеру парағына енгізілген талаптар арасынан бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындау жатады.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
Тармақша 3
3) iшкi су жолдарының кеме қатынай алатын жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздердi күтiп ұстау;
Тармақша 4
4) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
Тармақша 4-1
4-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық
техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 5
5) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнің, Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнің және кеме кітабының нысандарын бекiту;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 8
8) лоцмандық қызмет туралы ереженi бекiту;
Тармақша 9
9) мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жататын iшкi су жолдары учаскелерiнiң, кемелер түрлерi мен көлемдерiнiң тiзбесiн бекiту;
Тармақша 10
10) Ішкi және аралас "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердi сыныптау қағидасын бекіту;
Тармақша 11
11) кемелердiң техникалық куәландырылуын жүргiзудi қамтамасыз ету;
Тармақша 11-1
11-1) кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізу;
Тармақша 12
12) Пайдаланылатын кемелердi куәландыру қағидасын бекіту;
Тармақша 13
13) Кемелердi жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту;
Тармақша 14
14) Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту;
Тармақша 15
15) Кемелерді жөндеу қағидасын бекіту;
Тармақша 16
16) нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, сондай-ақ оны киiп жүру тәртiбiн бекіту;
Тармақша 17
17) Аралас "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;
Тармақша 18
18) Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкi және аралас "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;
Тармақша 19
19) Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердi жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту;
Тармақша 20
20) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 21
21) Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту;
Тармақша 22
22) Ішкi суда жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;
Тармақша 23
23) өз құзыретi шегiнде iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;
Тармақша 24
24) iшкi су көлiгi саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
Тармақша 25
25) суға кеткен мүлiктi көтеру тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындау;
Тармақша 26
26) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 26-1
26-1) кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған дипломның нысанын бекіту;
Тармақша 26-2
26-2) Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-3
26-3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оны жасау тәртібін бекіту;
Тармақша 26-4
26-4) кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептілікті жасау;
Тармақша 26-5
26-5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды бекіту;
Тармақша 26-6
26-6) ішкi су жолдарын пайдалану қағидаларын бекiту;
Тармақша 26-7
26-7) кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту;
Тармақша 26-8
26-8) порттың мiндеттi көрсететін қызметтерінің тiзбесiн бекiту;
Тармақша 26-9
26-9) жағалау белдеуiн пайдалану тәртiбiн айқындау;
Тармақша 26-10
26-10) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;
Тармақша 26-11
26-11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-12
26-12) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тізбесін бекiту;
Тармақша 26-13
26-13) қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларын бекiту;
Тармақша 26-14
26-14) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
Тармақша 26-15
26-15) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 26-16
26-16) кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-17
26-17) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін айқындау;
Тармақша 26-18
26-18) ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-19
26-19) ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-20
26-20) ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-21
26-21) кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-22
26-22) шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-23
26-23) ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-24
26-24) кемелердегі қызмет жарғысын бекіту;
Тармақша 26-25
26-25) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-26
26-26) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-27
26-27) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
Тармақша 26-28
26-28) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-29
26-29) Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту;
Тармақша 26-30
26-30) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 26-31
26-31) мемлекеттік техникалық флот кемелерінің жанар-жағармай материалдарын жұмсау (заттай мәндегі) нормаларын бекіту;
Тармақша 26-32
26-32) суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесін бекіту;
Тармақша 26-33
26-33) уәкілетті органның кәсіпорны орындайтын жұмыстар мен көрсететін қызметтердің көлемдері мен құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 27
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi – аумақтық бөлiмше) құзыретіне:
Тармақша 1
1) кемелердi, салдарды және iшкi су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектiлері мен құрылыстарын, олардың қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап тексерудi жүргiзу;
Тармақша 2
2) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтiн кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн ұстау;
Тармақша 4
4) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қатер төнген кезде кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) ішкі су жолдарының жай-күйін қадағалау;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) iшкi су жолдарында кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) жеке және заңды тұлғалардың iшкi су жолдарымен жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;
Тармақша 10
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру;
Тармақша 11-1
11-1) кемелердің командалық құрамының адамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес жүргізілетін аттестаттау;
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығару;
Тармақша 13-1
13-1) көлік оқиғасы туралы уәкілетті органды құлақтандыру, кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексерулерді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу үшін қажетті ақпаратты және дәлелдемелерді жинау;
Тармақша 14
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Бап 9-1. 9-1-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
9-1-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне:
Тармақша 1
1) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
Тармақша 2
2) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру жатады.
Бап 9-2. 9-2-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның
аумақтық органдарының құзыреті
9-2-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның
аумақтық органдарының құзыреті
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) шағын көлемді кемелердің қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігі тұрғысынан оларды қарап тексеру;
Тармақша 2
2) қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін шағын көлемді кемелерді ұстау;
Тармақша 3
3) адамдардың қауіпсіздігіне, өмірі мен денсаулығына қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;
Тармақша 4
4) шағын көлемді кемелердің, жеке және заңды тұлғалардың ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;
Тармақша 5
5) шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару;
Тармақша 6
6) уәкілетті органды шағын көлемді кемемен болған көлік оқиғасы туралы құлақтандыру, шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу үшін қажетті ақпарат пен дәлелдемелер жинау;
Тармақша 7
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Бап 10. 10-бап. Лицензиялау
10-бап. Лицензиялау
Тарау 3. 3-тарау. Iшкі су жолдары
3-тарау. Iшкі су жолдары
Бап 11. 11-бап. Жалпы ережелер
11-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Iшкi су жолдары және оларда орналасқан кеме қатынасы және шлюздер үшiн пайдаланылатын кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстары мемлекет меншiгiнде болады және иеліктен шығаруға жатпайды.
Кеме қатынасы жолдарына кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдары жатады. Кеме қатынасы су жолдарының тізбесі Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының шекаралық аймақ учаскелерiн қоспағанда, кемелердiң iшкi су жолдарымен жүзу жағдайын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Тармақ 3. 12-бап. Iшкi су жолдарын күтiп ұстау
3. Кемелердiң Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы учаскелерiндегi iшкi су жолдарымен жүзу жағдайын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттеледi.
12-бап. Iшкi су жолдарын күтiп ұстау
Тармақ 1
1. Астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесін қоспағанда, су жолы жұмыстарын, оның iшiнде мемлекет меншiгiндегi порттарда рейдтер және осы порттардың айлақтарына кiреберiстердi жасау мен күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ кеме қатынасының гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді) күтiп ұстау мен тасымалдаушының технологиялық байланысты ұйымдастыруын уәкiлеттi органның кәсiпорындары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Порттарға (осы баптың 1-тармағында көрсетiлмегендерiне) кiреберiстердегi, сондай-ақ тоқтау пункттерiндегi жол жұмыстарын жүргiзудi олардың иелерi жүзеге асыруға мiндеттi.
Тармақ 2-1
2-1. Астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етуді астана әкімдігі жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Iшкi су жолдарын және олардағы кеме қатынасы гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді) күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар жол жұмыстарын жүргiзуге арнайы рұқсатсыз жүзеге асырылады.
Бап 13. 13-бап. Iшкi су жолдарындағы акваторияларды, жағалау белдеулерiн және жер учаскелерiн пайдалану
13-бап. Iшкi су жолдарындағы акваторияларды, жағалау белдеулерiн және жер учаскелерiн пайдалану
Тармақ 1
1. Қалалық елдi мекендер аумағынан тысқары орналасқан iшкi су жолдары шегiнде iшкi су жолдарының кеме қатынасына жарамды болуын қамтамасыз етумен байланысты жұмыстар үшiн тұрақты жер пайдалануға өтеусiз негiзде жағалау белдеуi берiледi.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi органның кәсiпорны:
Тармақша 1
1) кеме қатынасын қамтамасыз ету және осы мақсаттарда құрылыстар мен ғимараттар тұрғызу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн жағалау белдеуiн пайдалануға;
Тармақша 2
2) iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне навигациялық жабдықтар құралдарын орнатуға;
Тармақша 3
3) кеме қатынасының қауiпсiздiгiн, оның iшiнде навигациялық жабдықтар құралдарының көрiнiп тұруын қамтамасыз ету, навигациялық жабдықтардың жағалау құралдарын орнату және олардың көрiнiп тұруын қамтамасыз ету үшiн ағаштарды кесу жұмыстарын жүргiзу үшiн, сондай-ақ өзен арналары учаскелерiн суретке түсiру кезiнде геодезиялық негiздеме үшiн жағалау белдеуiнде және оның шегiнен тысқары жерлерде өскен ағаштар мен бұталарды кесiп тастауға;
Тармақша 4
4) осы тармақта көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу үшiн жағалау белдеуiнiң шегiндегi топырақты, тасты, қиыршық тастарды, ағаштар мен бұталарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн уақытша жұмыстар жүргiзу үшiн пайдаланушы тұлғалар олар аяқталғаннан кейiн жағалау белдеуiн тазалауға және оны жайластыруға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне, навигациялық шырақтарды қоспағанда, кеме жолына қарай бағытталған қандай да бiр тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салынады.
Уақытша шырақтарды орнату мұндай шырақтар кеме жүретiн жол жағынан қоршалған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Егер шаруашылық және өзге де қызметтiң кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысы болмаса, мұндай қызметтi жүзеге асыру үшiн жағалау белдеуiн пайдалануға жол берiлмейдi.
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 8
8. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 9
9. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 10
10. Уәкілетті органның кәсіпорындары кемелерінің тоқтап тұруына, оларды жөндеуге, жасауға арналған жағалау белдеуi мен су акваториясына iргелес учаске уәкiлеттi орган кәсiпорнының пайдалануында болады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы шекаралық аймақтары учаскелерiндегi iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Iшкi су жолдары шегiндегi акваторияда және жағалау белдеуiнде iшкi су жолдары мен жағалау белдеуiнiң жай-күйiне терiс әсерiн тигiзетiн және (немесе) оларды пайдалануға қиындық туғызатын қадағалаусыз кемелердi, құрылғылар мен құрылыстарды қалдырып кетуге тыйым салынады.
Бап 14. 14-бап. Iшкi су жолдарында құрылыстар салу және оларды пайдалану
14-бап. Iшкi су жолдарында құрылыстар салу және оларды пайдалану
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 2
2. Iшкi су жолдарындағы құрылыстардың (оның iшiнде салынып жатқан құрылыстардың) иелерi бойынша өз есебiнен навигациялық жабдықтар құралдарын, оның iшiнде жүзу жабдықтары мен өзге де жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында олардың iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Iшкi су жолдарында пайдаланылатын, сондай-ақ салынып жатқан көпiрлердiң және басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi:
Тармақша 1
1) кемелердiң, салдардың және басқа да жүзу объектiлерiнiң кедергiсiз әрi қауiпсiз өткiзiлуiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) өз есебiнен олардың кiреберiстерiнде қажеттi су түбiн тереңдету және су түбiн тазалау жұмыстарын жүргiзуге;
Тармақша 3
3) кемелердiң қауiпсiз жүрiп өтуi үшiн қажеттi құрылыстар мен құрылғыларды дайындауға, орнатуға және күтiп ұстауға;
Тармақша 4
4) көтерме көпiрлер қанаттарын ашуға әрi көтеруге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Гидроэлектрстанциялардың және iшкi су жолдарындағы су деңгейiн реттеушi су қысымымен жұмыс iстейтiн басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi мұндай құрылыстардан жоғары және төмен учаскелерде кiдiрiссiз және қауiпсiз кеме қатынасы үшiн қажеттi су деңгейiн ұстап тұруға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 6
6. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын және бiрнеше мемлекеттiң аумағынан өтетiн өзендердегi кепiлдiк берiлетiн тереңдiк Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгiленедi.
Тарау 4. 4-тарау. Кеме қатынасының қауіпсіздігі
4-тарау. Кеме қатынасының қауіпсіздігі
Бап 15. 15-бап. Жалпы ережелер
15-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кеменi кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес жүзуге дайындау кеменiң меншiк иесiнiң және (немесе) кеме иесiнiң мiндетi болып табылады.
Кеме, егер ол:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген iшкi су көлiгi саласындағы қауiпсiздiктi, оның iшiнде экологиялық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болған;
Тармақша 2
2) кеме экипажының саны ол жүзуге шығатын күнгi кеме экипажының ең аз құрамы туралы белгiленген талаптардан кем болмаған жағдайларда жүзуге жiберiледi.
Тармақ 2
2. Кеменiң меншiк иесi және (немесе) кеме иесi:
Тармақша 1
1) кемелердiң қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) кемелердi қауiпсiз пайдалануға жауапты адамды тағайындауға;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес кеме экипажы мүшелерiнiң, басқа да қызметкерлердiң дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отыруға;
Тармақша 4
4) кеме экипажын жасақтауды қамтамасыз етуге және кеменi осы Заңда белгiленген кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес техникалық жарамды күйде ұстап тұруға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн:
Тармақша 1
1) су жолдарын кеме қатынасы жағдайында және шлюздерді күтіп ұстауды қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырмаға сәйкес ішкi су жолдарын және кеме қатынасы гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді) күтіп ұстауды жүзеге асыруға міндетті.
Судың деңгейі жобалық деңгейден төмендеген және уәкiлеттi орган өзеннің сағасының отыруына әкеп соғатын түбін тереңдету жұмыстарын одан әрі жүргізудің орынсыздығын айқындаған кезде уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме жүрісінің кепілдік берілген габариттерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттен босатылады;
Тармақша 2
2) кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн шлюз және каналдар арқылы өткiзудi жүзеге асыруға мiндеттi, бұл ретте мұндай iс-шаралар тасымалдаушының есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 4-1
4-1. Уәкілетті орган кәсіпорындарының кемелерін қоспағанда, тиесілілігіне және қай ұлтқа жататындығына қарамастан, кемелердің навигациялық жағдай құралдарымен жабдықталмаған (навигация ашылғанға дейін және жабылғаннан кейін) кеме қатынасы су жолдарымен жүзуіне тыйым салынады.
Кемелердің навигациялық кезеңнің аяқталуына байланысты навигациялық жағдай құралдары алып тасталған ішкі су жолдарының жекелеген учаскелері бойымен тұру орнына дейін бір жолғы жүзіп өтуіне аумақтық бөлімшемен және уәкілетті органның кәсіпорнымен келісу бойынша жол беріледі.
Тармақ 5
5. Iшкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардың иелерi тиiстi шаралар қолдану үшiн кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы аумақтық бөлiмшелердi дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.
Тармақ 5-1
5-1. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердің) иелері Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын сақтауға міндетті.
Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердің) қауіпсіздік критерийлері Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 5-2
5-2. Кеме қатынасы шлюздерінде шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және шлюздерде төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының болуы міндетті.
Материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының тізбесін, әрбір кеме қатынасы шлюзі үшін оларды пайдалану және сақтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 6
6. Аумақтық бөлiмшелер кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзушi теңiз кемесiне немесе шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi кемеге iшкi су жолдарына кiрген кезде iшкi су жолдарымен жүзетiн кемелермен бiрдей негiздерде тексеру жүргiзуге құқылы.
Тармақ 7
7. Кеме жасау өнiмдерiн шығару және кемелердi жөндеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда Кеме қатынасы тiркелiмi беретiн сәйкестiк құжаты болуға тиiс.
Бап 15-1. 15-1-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау
15-1-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау
Тармақ 1
1. Iшкi су көлiгi саласындағы қызметтi iске асыратын жеке және заңды тұлғалар адам өмiрi мен денсаулығы, жолаушылардың жол жүруi үшiн қауiпсiз жағдайларды, сондай-ақ кеме қатынасы қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Кеме қатынасының қауiпсiздiгi адам өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, ішкі су көлiгi саласында авариясыз жұмыс жағдайларын жасауға, iшкi су жолдарын кеме қатынасы жағдайында, кемелердi, порттарды, жағалау объектiлерiн және iшкi су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жағынан жарамды жағдайда ұстауға, сонымен қатар кемелердегi авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.
Мыналар:
Тармақша 1
1) iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгiнiң кемелерi, порттар, жағалаудағы объектiлер және құрылыстар;
Тармақша 2
2) iшкi су көлiгi кемелерiн жасау, порттарды, iшкi су жолдарында жағалау объектiлерi мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргiзу, жөндеу, қайта жаңарту);
Тармақша 3
3) iшкi су көлiгi кемелерiн, порттарды, iшкi су жолдарында жағалау объектiлерi мен құрылыстарды пайдалану;
Тармақша 4
4) iшкi су көлiгi кемелерiн сақтау;
Тармақша 5
5) iшкi су көлiгi кемелерiн тасымалдау және тiркеп тарту;
Тармақша 6
6) ішкі су көлігі кемелерін жою және кәдеге жарату техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.
Бап 15-2. 15-2-бап. Iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгiнiң кемелерiне, порттарға, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары
15-2-бап. Iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгiнiң кемелерiне, порттарға, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары
Бап 15-3. 15-3-бап. Iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгiкемелерiн жасау, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргiзу, жөндеу, қайта жаңарту) кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары
15-3-бап. Iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгiкемелерiн жасау, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргiзу, жөндеу, қайта жаңарту) кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн жасау, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргiзу, жөндеу, қайта жаңарту) кезiнде жобалық құжаттама мен Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Егер iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн жасау, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды дайындау процессiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақтар жүргiзу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргiзiлуге тиiс.
Тармақ 4
4. Әрбiр кемеде корпусына жазылатын тіркеу нөмiрi таңбалануға тиiс. Таңбалау көрiнетiн, анық және өшiрiлмейтiн болуға тиiс.
Тармақ 5
5. Кеме адамдардың борт жиегiнен құлау тәуекелiн мейлiнше төмендететiндей етiп әзiрленуге және борт сыртында қалғандарды құтқаруды қамтамасыз етуге тиiс.
Тармақ 6
6. Негiзгi рульдiк басқару орны айнала шолуды қамтамасыз етуге тиiс.
Тармақ 7
7. Кеме пайдалану жөнiндегi нұсқаумен жабдықталуға, онда өрт және су басу қатерiне баса назар аударылуға тиiс.
Бап 15-4. 15-4-бап. Iшкi су көлiгi жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
15-4-бап. Iшкi су көлiгi жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Кеме қатынасы процесiне байланысты iшкi суда жүзетiн кемелер, iшкi су жолдарындағы порттар, жағалаудағы oбъектiлер және құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын палубалы шағын көлемді кемелер палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өтуге және оларда өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі өзімен бірге болуға тиіс.
Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстардың ашылуы кезiнде жергілікті атқарушы органға:
Тармақша 1
1) оқытушылар құрамы үшін су көлiгi мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмелерiн;
Тармақша 2
2) кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес, шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;
Тармақша 3
3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, қызметтің басталғаны туралы хабарлама жiбередi.
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар жергілікті атқарушы органға шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімдерін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі Кеме жүргiзушiлердi шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.
Бап 16. 16-бап. Кемелердi техникалық қадағалау және сыныптау
16-бап. Кемелердi техникалық қадағалау және сыныптау
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 2
2. Сыныптауға, техникалық байқауға және куәландыруға ішкі суларда жүзетін кемелер, «өзен-теңізде» жүзетін кемелер мен палубалы шағын көлемді кемелер жатады.
Тармақ 3
3. Кеме қатынасының тiркелiмi кемелердiң техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн кемелерді өтеусіз негізде куәландыруды жүзеге асырады.
Бұл ретте кеме иесінің кінәсінен қайтадан куәландыру, кезектен тыс куәландыру кеме иесінің есебінен жүзеге асырылады.
Бап 17. 17-бап. Ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалау
17-бап. Ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалау
Ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалауды аумақтық бөлімшелер:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) кеме қатынасының су жолдарын және навигациялық жабдықтар құралдарын тиiсiнше күтiп ұстауды бақылау және қадағалау;
Тармақша 3
3) кемелердің, салдардың және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылыстарының кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай болуын тексеріп қарауды жүргізу;
Тармақша 4
4) кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің талаптарына сай келмейтін кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстау;
Тармақша 5
5) кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қатер төнген кезде кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және оларға тыйым салу;
Тармақша 6
6) кеме иелерiнiң, кеме экипаждары мүшелерiнiң, iшкi су жолдарындағы кеме қатынасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасына сәйкес кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылау және қадағалау;
Тармақша 7
Тармақша 8
Тармақша 9
Тармақша 10
10)
iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеуiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 12
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 14
Тармақша 15
15) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 17
17) қайта жабдықтау салдарынан кеменiң техникалық деректерi өзгерген жағдайда шағын көлемдi кемелердi қайта тiркеудi жүргiзу;
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 20
20) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 21
21) тиiстi мамандарды шағын көлемдi кемелер мәселелерi жөнiндегi сараптамаларға қатысуға тарту;
Тармақша 22
22) алып тасталды
- ҚР 11.06.2026 № 306-VIII
(01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру арқылы іске асырады.
Тармақша 24
24) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 17-1. 17-1-бап. Аумақтық бөлімшелердің кемелерді қарап-тексеруді жүргізуі
17-1-бап. Аумақтық бөлімшелердің кемелерді қарап-тексеруді жүргізуі
Тармақ 1
1. Кемелерді қарап тексеру кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кемелерді қарап тексеру капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның аға көмекшісінің) қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.
Ішкі суларда жүзетін кемелерді қарап тексеру навигацияаралық кезеңнен кейін, ал «өзен-теңізде» жүзетін кемелерді теңізде пайдаланғаннан кейін олар ішкі су жолдарына кірген кезде жүргізіледі.
Кемелерді бақылау мақсатында қарап тексеру навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Өздiгiнен жүзетiн кемелердi қарап шығу кезiнде мыналар тексеруге жатады:
Тармақша 1
1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (болуы, жарамдылық мерзiмдерi, оларды жүргiзу тәртiбi);
Тармақша 2
2) штат кестесi мен кеменi пайдалану режимi мен экипаждың жұмысы туралы кеме иесiнiң бұйрығы (немесе басқа құжат);
Тармақша 3
3) iшкi су жолдарының навигациялық карталары;
Тармақша 4
4) вахталық, штурмандық, жалпы кеме қызметтерiн, адамдарды құтқаруды ұйымдастыру жөнiндегi кеме iшi құжаттамасы (саны, жүргiзу сапасы):
вахталар кестесi;
дабылдар бойынша кесте және экипаж мүшелерiнiң жеке карточкалары;
ауа-райы болжамдарының журналы (тiгiнi);
жол ақпараттарының және кеме жүргiзушiлерге берiлген хабарламалар журналы (тiгiнi);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының, кеме атауының (нөмірінің) және борттарындағы тіркеу нөмірлерінің, корпусында жүк маркасының болуы және жай-күйі;
Тармақша 6
6) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың және жолдар габариттерiнiң үлгілiк сызбаларына сәйкестiгi;
Тармақша 7
7) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтергiштiк, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларын сақтау, кеменi басқару постынан көрудi қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) жарықтық және дыбыстық сигнал берудің болуы және жұмыс істеуі;
Тармақша 9
9) навигациялық, штурмандық және электрлi радионавигациялық приборлардың өзен кеме қатынасы нормалары бойынша болуы мен iс-әрекетi;
Тармақша 10
10) ұжымдық және жеке құтқару құралдары, пиротехникалар, авариялық жабдықтау санының кеме қатынасы тiркелiмi нормаларына сәйкестiгi, олардың маркировкаларының, орналасуы мен сақталуының дұрыстығы;
Тармақша 11
11) экипаждың штаттық кестеге және кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес жасақталуы;
Тармақша 12
12) командалық құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы;
Тармақша 13
13) ағымдағы және алдыңғы рейстерде (вахталық журналдағы жазбалар бойынша) құрамдарды қалыптастырудың үлгілік сызбаларын, жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, тiркеу құжаттарында көрсетiлген жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi, вахталарды атқару режимiн, оқу дабылдарын және басқару құрылғысы iстен шыққандағы iс-әрекет бойынша жаттығулар жүргiзудiң кезеңдiгiн сақтауы;
Тармақша 14
Тармақша 15
15) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерiнiң ұйғарымдарының орындалуы тексерiледi.
Тармақ 2-1
2-1. Өздiгiнен жүзбейтiн (өздігінен қозғалуға арналған механикалық қондырғысы жоқ) кемелердi қарап тексеру кезiнде:
Тармақша 1
1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (олардың болуы, қолданылу мерзiмi, оларды жүргiзу тәртiбi);
Тармақша 2
2) кеме атауының (нөмiрiнiң) және борттарында тiркеу нөмiрлерiнiң, корпусында жүк маркасының болуы;
Тармақша 3
3) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайларына, құрамдарды қалыптастырудың үлгiлiк схемаларына және жол көлемдеріне сәйкестiгi;
Тармақша 4
4) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтерім, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларының сақталуы;
Тармақша 5
5) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерi нұсқамаларының орындалуы тексеруге жатады.
Тармақ 3
3. Кемені қарап тексеру нәтижелерi бойынша аумақтық бөлiмшенiң қызметкерi кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн, қарап тексеру күнін көрсете отырып, кемені қарап тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, аумақтық бөлімшенің қызметкерi анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып, нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, аумақтық бөлімшенің қызметкері осы Заңның 7-1-бабының 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды.
Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған жағдайда) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уәкілетті орган айқындайды.
Кемені қарап тексеру актісі мен нұсқама екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің қызметкері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген себептер көрсетіле отырып жазба жасалады.
Кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кемеде, екіншісі аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады.
Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған аумақтық бөлімшенің жұмыскері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қоюдан бас тартқан жағдайда, қадағалау актісінде бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып, жазба жасалады.
Қадағалау актісінің бірінші данасы – кемеде, екінші данасы аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады.
Кемені қарап тексеруді жүргізген аумақтық бөлімше қызметкерлері кемені қарап тексеру актісіндегі, нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады.
Тармақ 4
Тармақ 5
Бап 17-2. 17-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бармай профилактикалық
бақылау жүргізу тәртібі
17-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бармай профилактикалық
бақылау жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган
цифрлық жүйелердің деректерін талдау, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Кеме иелері, кемелерді, порттарды, порт құралдарын, жағалау объектілерін, кеме қатынасы шлюздері мен теңіздегі және ішкі су жолдарындағы құрылысжайларды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
Тармақ 3
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру мен бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Тармақ 4
4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.
Тармақ 6
6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Тармақ 7
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 9
9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 10
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Тармақ 11
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бап 17-3. 17-3-бап. Шағын көлемді кемелерді бақылау мен қадағалау
17-3-бап. Шағын көлемді кемелерді бақылау мен қадағалау
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары:
Тармақша 1
1) шағын көлемді кемелердің пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігі тұрғысынан оларды қарап тексеруді жүргізу;
Тармақша 2
2) пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтін шағын көлемді кемелерді ұстау;
Тармақша 3
3) шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын тоқтата тұру және оларға тыйым салу;
Тармақша 4
4) шағын көлемді кемелердің жұмыс істеуін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
Тармақша 5
5) шағын көлемді кемелердің мәселелері бойынша сараптамаларға қатысуға тиісті мамандарды тарту;
Тармақша 6
6) шағын көлемді кемелердің алкогольден, есірткіден және уытқұмарлықтан масаң күйде болған кеме жүргізушілерін кеме жүргізуден шеттету және оларды медициналық куәландыруға жіберу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргiзу арқылы шағын көлемді кемелерді бақылайды және қадағалайды.
Бап 17-4. 17-4-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның
аумақтық органдарының шағын көлемді кемелерді
қарап тексеруді жүргізуі
17-4-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның
аумақтық органдарының шағын көлемді кемелерді
қарап тексеруді жүргізуі
Тармақ 1
1. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру шағын көлемді кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру шағын көлемді кемені жүргізушінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.
Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру навигацияаралық кезеңнен кейін жүргізіледі.
Шағын көлемді кемелерді бақылау мақсатында қарап тексеру навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру кезінде мыналар тексерілуге тиіс:
Тармақша 1
1) кеме билеті;
Тармақша 2
2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына берілетін куәлік;
Тармақша 3
3) техникалық куәландырудан өткендігі;
Тармақша 4
4) шағын көлемді кемедегі жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларының, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердің дұрыс орналастырылуының сақталуы;
Тармақша 5
5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы;
Тармақша 6
6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы;
Тармақша 7
7) тұрған жеріне қарамастан, кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы;
Тармақша 8
8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі;
Тармақша 9
9) отын ағуының, дірілдің болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, қозғалтқышты қашықтан басқару жүйесінің зақымдалуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілмеуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамсыздығы;
Тармақша 10
10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі;
Тармақша 11
11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы немесе сәйкестігі;
Тармақша 12
12) кемені оның белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) пайдалану;
Тармақша 13
13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы;
Тармақша 14
14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі.
Тармақ 3
3. Шағын көлемді кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушіні), қарап тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап тексеру актісін жасайды. Шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі осы Заңның 7-2-бабының 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды.
Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған кезде) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уәкілетті орган айқындайды.
Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кеме иесінде, екіншісі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органында сақталады.
Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші қадағалау актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Қадағалау актісінің бірінші данасы – кеме иесінде, екінші данасы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органында сақталады.
Шағын көлемді кемеге қарап тексеру жүргізген, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіндегі, нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады.
Бап 17-5. 17-5-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық
органының бақылау және қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу
тәртібі
17-5-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық
органының бақылау және қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу
тәртібі
Тармақ 1
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы цифрлық жүйелер деректерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Шағын көлемді кемелерге арналған орынтұрақ базалардың иелері бақылау және қадағалау субъектілері болып саналады.
Тармақ 3
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары – бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру, бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту.
Тармақ 4
4. Бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.
Тармақ 6
6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Тармақ 7
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы осындай орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 9
9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 10
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Тармақ 11
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бап 18. 18-бап. Кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң және порттағы тәртiптiң қамтамасыз етiлуiн бақылау
18-бап. Кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң және порттағы тәртiптiң қамтамасыз етiлуiн бақылау
Бап 19. 19-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалау
19-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалау
Тармақ 1
1. Кемелердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2
2) кеменiң меншiк иелерiне, кеме иелерi мен кеме капитандарына экологиялық қауiпсiздiкке байланысты мәселелер бойынша ақпараттық қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ішкі су көлігінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Бап 20. 20-бап. Кеменi лоцмандық алып өту
20-бап. Кеменi лоцмандық алып өту
Тармақ 1
1. Кемелердi лоцмандық алып өту iшкi су жолдарындағы кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелер ұшырауы мүмкiн көлiк оқиғаларын болғызбау мақсатында жүзеге асырылады.
Кемелердi лоцмандық алып өту жөнiндегi қызметтер ақылы негiзде көрсетiледi.
Тармақ 2
2. Лоцмандар ретiнде жұмысқа лоцмандық қызмет туралы ережеде белгiленген талаптарға, сондай-ақ кемелердi лоцмандық алып өтуге уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сай болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Қажет болған жағдайда, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман кеменi лоцмандық алып өтудi кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн мән-жайлар туындағанға дейiн тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 4
4. Кемеде лоцманның болуы кеме капитанын кеменi басқару жауапкершiлiгiнен босатпайды.
Кеме капитаны кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күмәнi болған жағдайда, оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы, бұл ретте, егер кеменi лоцмандық алып өту мiндеттi болса, кеме капитаны мұндай лоцманды алмастыруды талап етуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне лоцманның кiнәсiнен келтiрiлген зиян үшiн кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне зиян келтiрiлген кезде лоцман жұмыс iстейтiн ұйым жауапты болады.
Егер лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмаудың салдарынан келтiрiлген залал лоцманның немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйымның қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғандығы дәлелденсе, лоцман немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйым толық көлемде жауапты болады.
Кеменi лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмауға кiнәлi лоцман Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда мамандығынан айырылуы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi кеме iшкi су жолдарымен бүкiл жүзу жолында, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жатқызылады.
Тармақ 7
7. Кеменi лоцмандық алып өту кезiнде лоцман аумақтық бөлiмшеге:
Тармақша 1
1) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн кеме жолының кез келген өзгерiстерi;
Тармақша 2
2) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеме және iшкi су жолдарында өзi қызмет көрсететiн учаскеде басқа да кемелер ұшыраған кез келген оқиғалар;
Тармақша 3
3) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеменiң капитаны кеменiң жүзу ережелерi мен iшкi су жолдарының кемелерден аққан сарқынды және құрамында мұнайы бар сулармен ластануын болғызбау ережелерiн орындамауы туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 8
Бап 21. 21-бап. Кемелер қозғалысын шектеу немесе оған тыйым салу
21-бап. Кемелер қозғалысын шектеу немесе оған тыйым салу
Тармақ 1
1. Дүлей зiлзалалар, әскери iс-қимылдар туындаған жағдайларда, сондай-ақ портта жүктер мен кемелердiң шамадан тыс шоғырлануы кезiнде аумақтық бөлiмше кеме қатынасы қауiпсiздiгi, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, жүктердiң сақталуы мақсатында кемелер қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол туралы мұндай шектеудiң қолданылу мерзiмдерi жөнiнде шешiм қабылдайтын уәкiлеттi органға дереу хабарлайды.
Кемелер қозғалысына бес күннен астам мерзiмге шектеу енгiзiлген немесе тыйым салынған жағдайда уәкiлеттi орган ол жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкiметiн дереу хабардар етедi.
Тармақ 2
2. Аумақтық бөлiмше қабылданған шешiм туралы кемелер қозғалысына шектеу енгiзудiң немесе тыйым салудың себептерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыларды, жүк жөнелтушiлердi және жүк алушыларды хабардар етуге мiндеттi.
Тарау 5. 5-тарау. Кеме
5-тарау. Кеме
Бап 22. 22-бап. Кеменi бiрдейлендiру құралдары
22-бап. Кеменi бiрдейлендiру құралдары
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге жататын кеменің атауы, тiркелімге алынған пунктi, тіркеу нөмiрi, шақыру сигналы және кеменiң техникалық жарақтандырылуына қарай кемедегi жерсеріктік байланыс станциясының сәйкестендіру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрiнің болуы мiндеттi.
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес, кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кеменің екі бортында да тiркеу нөмiрiнің болуы міндетті.
Тармақ 2
2. Меншік иесі кемеге атау береді және оны өзгертеді.
Тұйық бассейнде, аралас бассейндерде және аралас «өзен-теңіз» жүзу бассейндерінде пайдаланылатын кемелерге бірдей атау беруге жол берілмейді.
Тармақ 2-1
2-1. Меншік иесі тіркелген кеме кепілдерінің кепіл ұстаушыларын кеме атауының өзгергені туралы дереу хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес аумақтық бөлiмше кеменiң тiркеу нөмiрiн бередi.
Тармақ 4
4. Шақыру сигналы, кемедегi жерсерiктiк байланыс станциясының бiрдейлендiру нөмiрi мен кеме станциясын iздеп шақыру нөмiрi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.
Бап 23. 23-бап. Кеме құжаттары
23-бап. Кеме құжаттары
Тармақ 1
1. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде берілуі және жүргiзілуі тәртiбiн уәкілетті орган айқындайтын мынадай кеме құжаттары:
Тармақша 1
1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге (Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде тіркелуге жататын кемелер үшін) меншік құқығын растайтын кеме куәлігі;
Тармақша 2
2) шетелдiк кемеге (жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде тiркелген кемелер үшiн) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлiк;
Тармақша 3
3) кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлiгi көрсетiлген куәлiгi;
Тармақша 4
4) өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн кеме журналы (вахталық журнал);
Тармақша 5
5) кеме рөлi (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмi;
Тармақша 6
6) радиожурнал (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
Тармақша 7
7) кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
Тармақша 8
8) машина журналы (механикалық қозғағышы бар кемелер үшiн);
Тармақша 9
Тармақша 10
10) кемеге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 12
12) кеменiң мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлiк;
Тармақша 13
13) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшін) болуға тиіс.
Тармақ 1-1
1-1. Ішкi су жолдарында және өзге де су айдындарында пайдаланылатын мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемеде мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) кеме билеті болуға тиіс.
Тармақша 2
Тармақ 2
2. Көшiрмесiн кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi берген орган растауға немесе нотариус куәландыруға тиiстi осындай куәлiктi қоспағанда, кеме құжаттары кемеде түпнұсқа түрiнде болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өтуге байланысты жүзуді жүзеге асыратын, Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кемеде, оның ішінде шағын көлемді кемеде осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
Тармақ 4
4. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi, iшкi су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
Тармақ 5
5. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi әрi Қазақстан Республикасының портына кiрушi немесе iшкi су жолдарымен жүзiп өтушi кеменiң кеме құжаттарын тану Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 24. 24-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы
24-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы
Тармақ 1
1. Кемелердiң iшкi су жолдарында тек қана Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуiне жол берiледi.
Тармақ 2
2. Кемелердiң шет мемлекеттiң туын көтерiп, оның iшiнде iшкi су жолдары арқылы транзит мақсатында жүзуi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы:
Тармақша 1
1) мемлекеттiң;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi кемелерге берiледi.
Тармақша 3
3) алып тасталды - 2006.01.31. № 125 Заңымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туымен жүзуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемені мемлекеттiк тiркеген кезден бастап туындайды.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 7
7. Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне мемлекеттiк тiркеу кезiнде аумақтық бөлiмше кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмге шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк бередi.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты растаған және кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелгенге дейiн күшi болатын уақытша куәлiк берген күннен бастап бiр жылдан аспайтын мерзiмде пайдаланады.
Тармақ 9
9. Кеменiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда уәкiлеттi орган меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған куәлiктiң дубликатын бередi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiктiң дубликатын беру тәртiбi Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен белгiленедi.
Тармақ 10
10. Кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен шығарылған күннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын жоғалтады.
Тармақ 11
11. Уәкiлеттi орган шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген, қазақстандық тұлға экипажсыз жалға алған (бербоут-чартер) кемеге:
Тармақша 1
1) жалға алушы осы баптың 3-тармағына сәйкес кеменiң меншiк иесiне қойылған талаптарға сай келетiн;
Тармақша 2
2) кеменiң меншiк иесi кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге ауысуына жазбаша нысанда келiсiм берген;
Тармақша 3
3) кеменiң меншiк иесi мемлекетiнiң заңдары кемеге шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығын беруге тыйым салмайтын жағдайда уақытша берiлуi мүмкiн.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы осы баптың 11-тармағында көрсетiлген кемеге екi жылдан аспайтын мерзiмге, одан әрi қарай әрбiр екi жыл сайын, бiрақ жалға алу шартының қолданылу мерзiмiнен аспайтын уақытқа ұзарту құқығымен берiлуi мүмкiн.
Тармақ 13
13. Кеме шетелдiк тұлғаға экипажсыз жалға берiлген (бербоут-чартер) жағдайда кеменiң меншiк иесi осындай беруге жазбаша түрде келiсiм беру және кеменi жалға алушы мемлекеттiң заңдары кемеге мұндай мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығына жол беру шартымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы уақытша тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге ауыстыру мүмкiндiгi туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды. Кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге ауыстыру мерзiмi кеменi жалға алу шартының қолданылу мерзiмiмен айқындалады.
Тарау 6. 6-тарау. Кемеге меншік құқығы. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Кеме кепілі. Кеме ипотекасы
6-тарау. Кемеге меншік құқығы. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Кеме кепілі. Кеме ипотекасы
Бап 25. 25-бап. Кемеге меншiк құқығы
25-бап. Кемеге меншiк құқығы
Тармақ 1
1. Кемелер:
Тармақша 1
1) мемлекеттiң;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының;
Тармақша 3
3) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Кемеге немесе кеменiң бір бөлiгiне меншiк құқығы осындай құқықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлiмше берген кеме куәлiгімен расталады.
Кеме куәлiгi жоғалған жағдайда, аумақтық бөлiмше кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру тәртібі Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларымен белгiленеді.
Тармақ 2-1
2-1. Шағын көлемді кемеге немесе шағын көлемді кеменің бір бөлігіне меншік құқығы осындай құқықты кеме кітабында мемлекеттік тіркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлімше берген кеме билетімен расталады.
Кеме билетi жоғалған жағдайда, аумақтық бөлiмше шағын көлемді кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме билетінің телнұсқасын беру тәртібі Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларымен белгiленеді.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3-1
Тармақ 4
4. Кеменiң меншiк иесi, егер шартта өзгеше көзделмесе, оны меншiк иесiнiң мүддесiнде сыйақы алу арқылы кеменi басқаруды жүзеге асыру үшiн оны сенiмгерлiк басқару шарты бойынша сенiмгерлiк басқарушыға беруге құқылы.
Кеменi сенiмгерлiк басқаруға беру оған меншiк құқығының сенiмгерлiк басқарушыға өтуiне әкеп соқпайды.
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 6
Бап 26. 26-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
26-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
Тармақ 1
1. Кеме оған тіркеу нөмiрiн беру арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы уақытша берiлген кеме жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Тармақ 3
3. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу деп Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес мемлекеттiң кемеге құқықтың туындауын, шектелуiн (ауыртпалықтарын), ауысуын немесе тоқтатылуын тану және pастау актiсi түсiнiледi.
Тармақ 4
4. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн, сондай-ақ кеменi мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
Тармақ 4-1
4-1. Егер кеме оқиға салдарынан немесе басқа себеппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне немесе кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалса, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген функцияларды орындауы үшін коммерциялық мақсаттарда пайдалануы да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелері, сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тіркеледі.
Тармақ 6
6. Шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жатады.
Массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.
Тармақ 6-1
6-1. Мемлекеттік кеме тізілімінде және кеме кітаптарында шлюпкалар және кеме жабдықтары болып табылатын өзге де жүзбелі құралдар тіркелмейді.
Тармақ 7
7. Аумақтық бөлімше, егер ұсынылған құжаттардың нысаны мен мазмұны Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгiленген талаптарға сай болмаған жағдайда, мемлекеттiк тiркеуден бас тартады.
Тармақ 8
8. Мүдделi тұлға кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Тармақ 9
9. Егер кемеге меншiк құқығы шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген болса, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне тiркелмейдi. Мұндай жағдайда кемеге меншiк құқығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде тiркеу үшiн меншiк иесi кеменiң шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы үзiндi көшiрменi ұсынуға тиiс.
Тармақ 10
10. Шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеме мұндай кемеге осы Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Бап 27. 27-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң негiздерi
27-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң негiздерi
Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң негiздерi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдардың өз құзыретi шегiнде шығарған актiлерi;
Тармақша 2
2) кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмiлелер;
Тармақша 3
3) мұраға құқық туралы куәлiк;
Тармақша 4
4) соттың заңды күшiне енген шешiмi;
Тармақша 5
5) кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар болып табылады.
Бап 28. 28-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттiқұжаттардың тiзбесi
28-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттiқұжаттардың тiзбесi
Тармақ 1
1. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) осы Заңның 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін және өзге де құжаттар;
Тармақша 2
2) сыныптаушы куәлiк;
Тармақша 3
3) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
Тармақ 1-1
1-1. 01.01.2015 бастап 31.12.2015 дейін қолданыста болды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңның 2-бабымен.
Тармақша 1
Тармақша 2
Тармақ 1-2
1-2.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 132-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында
көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
Тармақша 1
1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 2
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Тармақ 2
2. Кемені жалға алынған шетелдік кемелер тізіліміне мемлекеттік тіркеу үшін кеменi жалға алушының кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшiне осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) кеменi жалға алу шартының нотариат куәландырған көшiрмесi;
Тармақша 2
2) кеменiң меншiк иесiнiң және кеменiң немесе оған ауыртпалықтардың тiркелген ипотекасының кепiл ұстаушысының кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге ауыстыруға жазбаша рұқсаты;
Тармақша 3
3) жалға алу шарты бойынша кеменi қазақстандық жалға алушының аты мен тұрғылықты жерiн не атауын және орналасқан жерiн растайтын құжат;
Тармақша 4
4) шет ел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменiң атауын айқындау туралы уәкiлеттi органның шешiмi;
Тармақша 5
5) кеме тiркелген, тiкелей ту ауыстырғанға дейiн шет мемлекеттiң құзыреттi билiк орындары берген және бұл мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығының кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы берiлген мерзiмге тоқтатыла тұрғанын растайтын құжат табыс етiледi.
Тармақ 3
3. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) осы Заңның 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін және өзге де құжаттар;
Тармақша 2
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
Тармақ 3-1
3-1. 01.01.2015 бастап 31.12.2015 дейін қолданыста болды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңның 2-бабымен.
Тармақша 1
Тармақша 2
Тармақ 3-2
3-2.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 132-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында
көзделген операцияны жүргізу кезінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
Тармақша 1
1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 2
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Бап 29. 29-бап. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару
29-бап. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан:
Тармақша 1
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
Тармақша 2
2) конструкциялық жағынан күйреген;
Тармақша 3
3) қайта жасау немесе басқа да өзгерiстер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан;
Тармақша 4
4) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;
Тармақша 5
5) кеме иесінің ауысуына байланысты кеме шығарылуға тиiс.
Тармақ 2
2. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару үшiн кеменiң меншiк иесi аумақтық бөлімшеге өтiнiшті және осындай шығаруға негiз болып табылған мән-жайларды растайтын құжаттарды беруге мiндеттi.
Бап 30. 30-бап. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бұзғаны үшiн жауаптылық
30-бап. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Кеменi және оған құқықтарды мiндеттi мемлекеттiк тiркеуден жалтарған тұлға, сондай-ақ кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде белгiленген тәртiптi бұза отырып тiркеген тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 31. 31-бап. Кемеге тыйым салу және оны мәжбүрлеп сату
31-бап. Кемеге тыйым салу және оны мәжбүрлеп сату
Егер сот кемеге тыйым салу түрiндегі қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарым қабылдаған немесе кеме атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен сатылған жағдайда, аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Бұл ретте аумақтық бөлімше кеменiң меншiк иесiн кемеге қуынымды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданғаны немесе кемеден мұндай шаралардың алып тасталғаны туралы хабардар етугe тиiс.
Бап 32. 32-бап. Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы
32-бап. Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы
Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 32-1. 32-1-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу
32-1-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу
Тармақ 1
1. Кеме ипотекасын аумақтық бөлімше сол кеме тiркелген тiзiлiмге тiркейдi.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 24-бабының 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берiлген шетелдік кеменiң ипотекасы Қазақстан Республикасында тiркеле алмайды.
Тармақ 3
3. Кеме ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш берілген күні тiркеледi.
Тармақ 4
4. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәлік берумен куәландырылады.
Тармақ 6
6. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркегені және кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Бап 32-2. 32-2-бап. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттiк тiркеу
32-2-бап. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттiк тiркеу
Тармақ 1
1. Шағын көлемді кеме ипотекасын аумақтық бөлімше сол шағын көлемді кеме тiркелген кеме кітабына тіркейді.
Тармақ 2
2. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш берілген күнi шағын көлемді кеменiң ипотекасы тiркеледi.
Тармақ 3
3. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу тәртібі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында айқындалады.
Тармақ 4
4. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлікті берумен куәландырылады.
Тармақ 5
5. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегені және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
Тарау 7. 7-тарау. Кеме экипажы
7-тарау. Кеме экипажы
Бап 33. 33-бап. Кеме экипажының құрамы
33-бап. Кеме экипажының құрамы
Тармақ 1
1. Кеме экипажы кеменiң командалық құрамының адамдарынан, кеме командасынан, ал жолаушы кемелерiнде - кеме жолаушыларына қызмет көрсетушi персоналдан да тұрады.
Тармақ 2
2. Кеменiң командалық құрамына кеме капитаны, су түбiн тереңдету немесе су түбiн тазалау снарядының командирi, олардың көмекшiлерi, механиктер мен электромеханиктер, механиктер мен электромеханиктердiң көмекшiлерi, радиомамандар және дәрiгерлер кiредi.
Тармақ 3
3. Кеме командасы кемеде жұмыс iстейтiн, кеменiң командалық құрамына және кеме жолаушыларына қызмет көрсететiн персоналға жатпайтын адамдардан тұрады.
Тармақ 4
4. Кеме экипажының ең аз құрамын уәкілетті орган белгiлi бiр түрдегi кеменi пайдалану талаптарына сәйкес белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Кеме экипажының құрамына кiретiн адамдар кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмiне (кеме рөлi) енгiзiлуге тиiс, оны жүргiзу кеме капитанының мiндетi болып табылады.
Бап 34. 34-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар
34-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Кемелердiң командалық құрамының лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес тиісті біліктілігі бар адамдар жiберiледi.
Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау әрбiр келесі бес жыл өткен соң жүргiзiледi. Тиiстi мамандық бойынша оқу орнын кезектi аттестаттау жылында бітірген, сондай-ақ сол жылы диплом алған адамдар аттестаттаудан босатылады.
Тармақ 1-1
1-1. Алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 2
2. Кемедегi жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша мұндай жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы бар адамдар жiберiледi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзушi кеме экипажының құрамына кiретiн шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшiсi, аға механик пен радиомамандар лауазымдарына тағайындала алмайды. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кеме экипажының құрамына кiру мүмкiндiгiнiң шарттарын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындайды.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 35. 35-бап. Кеме капитаны
35-бап. Кеме капитаны
Тармақ 1
1. Кеме капитаны бiлiктiлiк деңгейi қойылған талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс.
Кеме капитанына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оны аттестаттау тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Кеме капитанына кеменi басқару, оның iшiнде кеме жүргiзу, кеменiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету, кемедегi тәртiптi сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегi адамдарға, багажға және жүкке зиян келтiрiлуiн болдырмау жөнiнде шаралар қабылдау жүктелeдi.
Тармақ 3
3. Кеменiң меншiк иесi, кеме иесi, жүк жөнелтушi немесе олардың өкiлдерi болмаған уақытта кеме капитаны қажет болған жағдайда кемеге, жүкке немесе кеменiң жүзуiне қатысты мәмiлелер жасасу, сондай-ақ кемедегi мүлiкке қатысты талап қою кезiнде кеменiң меншiк иесiнiң, кеме иесiнiң және жүк жөнелтушiнiң өкiлi болып табылады.
Тармақ 4
4. Егер кеме капитанының пiкiрi бойынша кемеге анық опат болу қаупi төнген жағдайда кеме капитаны жолаушыларды құтқару жөнiндегi барлық шаралар қабылданғаннан кейiн кеме экипажының мүшелерiне кеменi тастап шығуға рұқсат етедi. Кеме капитаны кеме журналын, машиналық журналды, кеменiң жүзу бағытының карталарын, кеме мөрiн, құжаттар мен бағалы заттарды құтқару жөнiндегi өзiне байланысты барлық шараларды қабылдағаннан кейiн кеменi ең соңынан тастап шығады.
Тармақ 5
5. Кеменiң меншiк иесi мен кеме иесi кеме капитанының осы баптың 4-тармағында көзделген мiндеттердi бұзғаны үшiн жауап бермейдi.
Бап 36. 36-бап. Кеме капитанының құқықтары мен мiндеттерi
36-бап. Кеме капитанының құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Кеме капитанының өз өкiлеттiгi шегiнде берген өкiмдерiн кемедегi адамдардың барлығы орындауға тиiс.
Тармақ 2
2. Кеме капитаны:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экипаж мүшелерiн қызметтiк мiндеттерiн атқарудан шеттетуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген тәртiппен кеме экипажының мүшелерiн көтермелеуге және оларға тәртiптiк жазалар қолдануға;
Тармақша 3
3) жүзу кезiнде кемеде болған адамның аманатын куәландыруға құқылы, бұл ретте кеме капитаны куәландырған аманат Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес нотариалдық куәландырумен теңестiрiледi.
Тармақ 3
3. Кеме капитаны:
Тармақша 1
1) егер өз кемесiне және ондағы адамдарға қауiп төндiрмейтiн болса, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсетуге;
Тармақша 2
2) кемелер соқтығысқан жағдайда осы соқтығысқа ұшыраған басқа кемеге, оның жолаушылары мен экипаж мүшелерiне көмек көрсетуге, бұл ретте соқтығысқан кемелердiң капитандары бiр-бiрiне өз кемелерiнiң атауларын хабарлауға;
Тармақша 3
3) егер кеме экипажының мүшесi немесе жолаушы кеме жүзіп жүрген кезде көрсетілу мүмкiн емес шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған жағдайда, кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне, ал кеме шетелдiк портқа кiрген кезде Қазақстан Республикасының консулы мен кеме иесiнiң агентiне (шетел портында мұндай агент болған кезде) де хабар бере отырып, ең жақын портқа кіруге;
Тармақша 4
4) кеме экипажының мүшесi немесе жолаушы оның опат болу мүмкiндiгi бар мән-жайларда жоғалып кеткен жағдайда кеме журналына жазба енгiзуге, акт жасауға, сондай-ақ жоғалып кеткен кеме экипажы мүшесiнiң немесе жолаушының кемедегi мүлкiне тiзiмдеме жасап, аталған акті мен мүлiктi eң жақын порттың капитанына тапсыруға;
Тармақша 5
5) кемеде бала туылған немесе кемеде қайтыс болудың әрбiр жағдайында екi куәгердiң және егер кемеде дәрiгер болса, соның қатысуымен тиiстi акт жасауға, сондай-ақ кеме журналына жазба енгiзуге;
Тармақша 6
6) кеменiң меншiк иесiн және (немесе) кеме иесiн кемедегi қайтыс болу жағдайы туралы хабардар етуге және қайтыс болған адамның мәйiтiн сақтау әрi оны туысқандарына немесе ең жақын порттағы порт әкiмшiлiгiне тапсыру жөнiнде шаралар қолдануға;
Тармақша 7
7) қайтыс болған адамның кемедегi мүлкiне тiзiмдеме жасауға және мұндай мүлiктiң жасалған тiзiмдемеге сәйкес қайтыс болған адамның туысқандарына немесе ең жақын порттағы порт әкiмшiлiгiне тапсырылғанға дейiн сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) iс-әрекетi кеме немесе ондағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн адамды оқшаулауға;
Тармақша 9
9) жүзiп жүрген кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, бұл туралы құқық қорғау органдарын дереу хабардар етуге және мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдiктi адамды жақын жердегі порттағы немесе елдi мекендегі аталған органдарға бергенге дейiн ұстап алуға;
Тармақша 10
10) құқыққа қарсы iс-әрекеттер жасау мақсатында кемеге адамдар шабуыл жасаған жағдайда iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсе отырып, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес әрекет етуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Кеме капитаны ауырған немесе оған өз қызметтiк мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн өзге де себептер болған жағдайларда, сондай-ақ ол қайтыс болғанда кеме капитанының мiндеттерi кеменiң меншiк иесiнiң және (немесе) кеме иесiнiң өкiмiн алғанға дейiн кеме капитанының аға көмекшiсiне жүктеледi.
Бап 37. 37-бап. Кемедегi еңбек қатынастары
37-бап. Кемедегi еңбек қатынастары
Тармақ 1
1. Кеме экипажының мүшелерiн тағайындауды кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi кеме капитанымен келiсе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Кеме экипажының мүшелерімен еңбек шартын жасасу тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек және ақы төлеу шарттары, сондай-ақ олармен еңбек шартын тоқтатудың тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және осы Заңмен айқындалады.
Тармақ 3
3. Кеме иесi кеме экипажының мүшелерiне олар кемеде болған кезде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбектiң қауiпсiз жағдайларын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес денсаулықты қорғау мен медициналық көмектi;
Тармақша 3
3) құтқару құралдарының болуын;
Тармақша 4
4) азық-түлiкпен және сумен үздiксiз жабдықтауды;
Тармақша 5
5) санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн демалуға, тамақтануға, емделуге, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Кеме экипажының мүшесi өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде опат болған немесе оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда кеменiң меншiк иесi және (немесе) кеме иесi кеме экипажының мұндай мүшесiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Кеме экипажының мүшесi жеке пайдалануға арналған мүлкiн кемеде алып жүруге құқылы. Кеменiң оқиғаға ұшырауы салдарынан мұндай мүлiк жойылған немесе зақымданған жағдайда кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi кеме экипажының осы мүшесiне келтiрiлген нұқсанды өтеуге мiндеттi. Бұл ретте кеменiң оқиғаға ұшырауына кiнәлi экипаж мүшесiнiң мүлкiне келтiрiлген нұқсан өтелмейдi.
Бап 38. 38-бап. Кеме экипажы мүшесiнiң ол жұмысқа қабылданған жерге қайта оралуы
38-бап. Кеме экипажы мүшесiнiң ол жұмысқа қабылданған жерге қайта оралуы
Тармақ 1
1. Кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi:
Тармақша 1
1) кеме опат болған;
Тармақша 2
2) кеме экипажының мүшесi ауырып қалған немесе кемеден тысқары жерде емделудi қажет ететiн жарақат алған;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған, оның iшiнде белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шартының қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде аяқталған;
Тармақша 4
4) кеме иесiнiң банкротқа ұшырауы, кеменi сату немесе кеме тiркелген мемлекеттiң өзгеруi салдарынан кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесiнiң кеме экипажының мүшесiне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында немесе еңбек және ұжымдық шарттарда көзделген өз мiндеттерiн орындау мүмкiндiгi болмаған;
Тармақша 5
5) кеме экипажы мүшесiнiң келiсiмiнсiз кеме әскери iс-қимылдар аймағына немесе эпидемиологиялық қауiптi аймаққа жiберiлген жағдайда кеме экипажының мүшесiн және оның салмағы отыз килограммға дейiнгi жеке мүлкiн өз есебiнен кеме экипажының мүшесiн жұмысқа қабылдаған жерге немесе тараптар келiскен басқа жерге жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Кеме экипажы мүшесiнiң жұмысқа қабылданған жерге қайта оралуының себебi олардың еңбек және ұжымдық шарттарды бұзуы болып табылған жағдайда кеменiң меншiк иесi мен (немесе) кеме иесi Қазақстан Республикасының заңдарына, еңбек және ұжымдық шарттарға сәйкес осы экипаж мүшелерiнен мұндай қайта оралуға байланысты шығыстарды толық немесе iшiнара өндiрiп алуға құқылы.
Тарау 8. 8-тарау. Кемені жалға алу
8-тарау. Кемені жалға алу
Бап 39. 39-бап. Жалпы ережелер
39-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кеменi жалға алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына және осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Егер жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, осы тарауда белгiленген ережелер қолданылады.
Тармақ 2
2. Кеменi экипажымен жалға алу жалға берушiнiң кеменi жалға алушыға сонымен қатар кеменi басқару және оны техникалық пайдалану жөнiндегi қызметтер көрсетудi де беруiн көздейдi.
Тармақ 3
3. Кеменi экипажсыз жалға алуға жалға берушiнiң кеменi басқару және оны техникалық пайдалану жөнiндегi қызметтер көрсетуi кiрмейдi.
Тармақ 4
4. Жалға алушыға қойылатын талаптардан туындайтын өндiрiп алу талаптарын үшiншi бiр тараптардан жалға алынған кемеге қатысты қоюға жол берiлмейдi.
Тармақ 5
5. Жалға алу шарты қолданыста болған уақытта кеменi иелiктен айыру оның қолданысының тоқтатылуына әкеп соқпайды, бұл ретте жаңа меншiк иесi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен мұндай шартта көзделген барлық құқық пен мiндеттердi иеленедi.
Кемеге иелiк етуден айырылған тұлға кемеге меншiк құқығын иеленген тұлғаны иелiктен айырылған кемеге қатысты жасалған жалға алу шарты туралы хабардар етуге мiндеттi. Кемеге меншiк құқығын иеленушi тұлғаның мiндетi осы кеменi жалға алушыны меншiк иесiнiң ауысқаны туралы хабардар ету болып табылады.
Тармақ 6
6. Кеменi жалға беру және кеменi қайтарып алу жалға алу шартында көрсетiлген жерде жүзеге асырылады. Кеменi шартта көрсетiлген жерге жеткiзуге байланысты шығыстарды, егер жалға алу шартында өзгеше көзделмесе, кеменi жалға берушi тарап көтередi.
Тармақ 7
7. Жалға алу шартында жалға беру мерзiмiнiң басталу және аяқталу күндерi көрсетiле отырып, кеменi жалға алушының иеленуi мен пайдалануына берудiң мұндай мерзiмi қарастырылады. Жалға алушы кеменi иеленуге және пайдалануға мұндай мерзiмнiң басталу күнiнен бұрын алуға мiндеттi емес. Жалға алушы кеменi өз билiгiне мұндай мерзiмнiң аяқталу күнi өткенге дейiн алуға мiндеттi. Егер кеме жалға алу шартында көрсетiлген мерзiмде жалға алушының иеленуiне және пайдалануына берiлмеген жағдайда жалға алушының жалға алу шартын бұзуды талап етуге құқығы бар. Егер жалға алушы мұндай мерзiмнiң аяқталу күнi өткеннен кейiн кеменi алмаса, жалға берушi де жалға алу шартын бұзуға құқылы.
Жалға алу шартын өзгерту және бұзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 8
8. Жалға алушы жалға берушiнiң келiсiмi бойынша кеменi қосалқы жалға беруге құқылы.
Қосалқы жалға беру шартын жасасқан кезде кеменi берушi тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында кеме қосалқы жалға тапсырылатын тұлғаға қатысты жалға берушiлер үшiн көзделген құқықтар мен мiндеттердi иеленедi, бiрақ, бұл ретте бұған дейiн кеменi жалға немесе қосалқы жалға алған тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында және жалға алу шартында көзделген құқықтары мен мiндеттерi сақталады.
Қосалқы жалға беру шарты жалға алу шартының мерзiмiнен асатын мерзiмге жасалмайды.
Бап 40. 40-бап. Кеменi экипажымен жалға беру кезiндегi жалға берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
40-бап. Кеменi экипажымен жалға беру кезiндегi жалға берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Жалға берушi жалға алу шартында көзделген мақсаттар үшiн кеменiң жарамдылығын, кеменiң экипажбен және тиiстi жабдықтармен жасақталуын, сондай-ақ кеменi техникалық қауiпсiз пайдалануды, оның экипажын ұстауды және жалға алу мақсаттарына сәйкес осы Заңда көзделген кеме құжаттарының болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Кеме экипажы мүшелерiнiң кеменi жалға берушiмен еңбек қатынастары сақталады. Бұл ретте, жалға берушi кеменi басқаруға және техникалық пайдалануға қатысты кеме экипажының мүшелерiне өкімдер беруге құқылы.
Егер жалға алу шартында өзгеше көзделмесе, экипаж мүшелерi көрсететiн қызметтерге төлем жасау жөнiндегi шығыстарды, сондай-ақ оларды ұстау жөнiндегi шығыстарды жалға берушi көтередi.
Тармақ 3
3. Жалға берушi жалға берiлген кеменiң кемшiлiктерi үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жауапты болады.
Тармақ 4
4. Жалға берушi кеменiң меншiк иесi болмаған жағдайда, мұндай кеменi жалға немесе қосалқы жалға беру кеменiң меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
Бап 41. 41-бап. Кеменi экипажымен жалға алу және кеменi коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру кезiндегi жалға алушының құқықтары мен мiндеттерi
41-бап. Кеменi экипажымен жалға алу және кеменi коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру кезiндегi жалға алушының құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Жалға алушы коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру шеңберiнде жалға берушiнiң келiсiмiнсiз өз атынан, егер де кеменiң мақсаты мен сыныбына, сондай-ақ жалға алу шартында көзделген мақсаттарға қайшы келмесе, тасымалдау немесе тiркеп сүйреу шарттарын жасасуға құқылы.
Тармақ 2
2. Кеменi коммерциялық пайдалану кезiнде кеме экипажының мүшелерi жалға алушының өкiмдерiне бағынады. Жалға алушы кеменi коммерциялық пайдалануға байланысты барлық шығыстарды, оның iшiңде отын және пайдалану барысында жұмсалатын басқа да материалдар үшiн және алымдарды төлеуге арналған шығыстарды көтередi.
Тармақ 3
3. Жалға алушы кеменi коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру шеңберiнде өз өкiлiн тағайындауға құқылы, өкiлдiң кеменi коммерциялық пайдалану тұрғысындағы өкiмдерi кеме капитаны үшiн мiндеттi болып табылады.
Бап 42. 42-бап. Кеменi экипажсыз жалға беру кезiндегi жалға берушiнiң және жалға алушының құқықтары мен мiндеттерi
42-бап. Кеменi экипажсыз жалға беру кезiндегi жалға берушiнiң және жалға алушының құқықтары мен мiндеттерi
Кеменi экипажсыз жалға беру кезiндегi жалға берушiнiң және жалға алушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады.
Бап 43. 43-бап. Кеменi жалға алғаны үшiн есеп айырысу
43-бап. Кеменi жалға алғаны үшiн есеп айырысу
Тармақ 1
1. Жалға алушы жалға берушiге жалға алу шартында көзделген тәртiп пен мерзiмде жалдау ақысын төлейдi.
Тармақ 2
2. Жалға алушы жалға берушiнiң кiнәсiнен кеме пайдалануға жарамсыз болған уақыт iшiнде жалға алу ақысы мен кемеге қатысты шығыстарды төлеуден босатылады. Егер кеме жалға алушының кiнәсiнен пайдалануға жарамсыз болып қалған жағдайда, жалға алу ақысы толық көлемде төленуге тиiс.
Тармақ 3
3. Кеме опат болған жағдайда жалға алушы жалға алу ақысын - оның опат болған күнiн, ал егер бұл күндi анықтау мүмкiн болмаса, ол туралы соңғы хабар алынған күндi қоса алған уақыт үшiн төлеуге тиiс.
Тармақ 4
4. Жалға берушiге кеменi уақтылы қайтармаған кезде жалға алушы кеменi пайдаланудың жалға алу шартының мерзiмiнен асып кеткен бүкiл мерзiм үшін жалға алу шартында көзделген жалға алу ақысы ставкасына немесе, егер ол жалға алу шартында көзделген жалға алу ақысы ставкасынан асып кетсе, жалға алу ақысының нарықтық ставкасына сүйене отырып, жалға алу, ақысын төлейдi.
Тармақ 5
5. Жалға алу ақысы төлем жасаудың шартта белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн екi реттен көп төленбеген жағдайда жалға берушi сот тәртiбiмен жалға алу шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға құқылы.
Тармақ 6
6. Егер жалға алу шартында өзгеше көзделмеген болса, жалға алушының кемеге жасаған ажыратып алуға болатын жақсартулары оның меншiгi болып табылады және жалға алушы оларды алып қоюы мүмкiн.
Тарау 9. 9-тарау. Порттар
9-тарау. Порттар
Бап 44. 44-бап. Порттың құқықтық мәртебесi, оның аумағы мен акваториясы
44-бап. Порттың құқықтық мәртебесi, оның аумағы мен акваториясы
Тармақ 1
1. Порттар:
Тармақша 1
1) мемлекеттiң;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының меншiгiнде болуы мүмкiн.
Iшкi су жолдарындағы порттар ортақ пайдалану объектiлерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Порт аумағын Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес портқа бөлiнiп берiлген жер учаскелерi, соның iшiнде оның перспективалық дамуы үшiн қажетті аймақтар құрайды.
Тармақ 3
3. Порт акваториясын iшкi су жолдары шегiндегi акватория учаскелерi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен портқа бөлiнiп берiлген рейдтер мен портқа кiреберiс жолдар құрайды.
Порт акваториясының шекараларын белгiлеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Порттардың акваториясы мен жағалау белдеуiндегi жерлер мемлекеттiк меншiк болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекет меншiгiндегi порттарды салу, қайта жаңарту үшiн жеке меншiктегi жер учаскелерi залалдар толық көлемiнде өтеле отырып немесе соған тең басқа жер учаскесi берiлiп, Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен алып қойылуы мүмкiн.
Бап 45. 45-бап. Порт капитаны
45-бап. Порт капитаны
Бап 46. 46-бап. Порттарды пайдалануға қойылатын негiзгiталаптар
46-бап. Порттарды пайдалануға қойылатын негiзгiталаптар
Тармақ 1
1. Порт айлақтарының иелерi кемелер үшiн қауiпсiз кiреберiстердi, кемелердiң мұндай айлақтардағы қауiпсiз тұрағын қамтамасыз етуге мiндеттi, олардың қоймалары, жүк массасын анықтауға арналған, жүк тиеу-жүк түсiру құралдары, жолаушыларды, оның iшiнде
мүгедектігі
бар адамдарды кемеге отырғызуға, түсiруге және олардың кеменiң келуiн күтуге арналған құрылғылары мен қондырғылары, ал қажет болған жағдайларда портқа вагондарды әкелуге арналған темiржолдың кiрме жолдары болуға тиiс.
Айлақтардың, порттардың иелері жолаушыларға қызмет көрсету орындарында, оның ішінде билеттер сатылатын пункттерде ақпаратты мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де беруге міндетті.
Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Жүк массасын анықтауға арналған құралдар белгiленген тәртiппен мемлекеттiк метрологиялық бақылануға тиiс.
Тармақ 2
2. Порттың гидротехникалық құрылыстары, навигациялық жабдықтардың құралдары, жүктi қайта тиеу кешендерi, айлақтары, қызметтiк ғимараттары мен портта орналасқан және пайдаланылатын өзге де мүлiк порт иесiнiң есебiнен күтiп ұсталады.
Тармақ 3
3. Порттарда қоршаған ортаны қорғауға, шаруашылық-тұрмыстық және құрамында мұнай бар суларды, басқа да қалдықтарды қабылдауға және өңдеуге арналған құралдар, сондай-ақ порт акваториясы шегiнде кемелердi құтқару және өрт сөндiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыруға арналған құралдар болуға тиiс.
Бап 47. 47-бап. Кемелердiң портқа кiру және порттан шығу тәртiбi
47-бап. Кемелердiң портқа кiру және порттан шығу тәртiбi
Тармақ 1
1. Кемелердiң портқа кiруi және олардың порттан шығуы, кемелердiң порт акваториясының шегiнде жүзуi және портта тұруы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Шетелдiк кемелердiң Қазақстан Республикасының порттарына кiруi және оларға қызмет көрсету халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Бап 48. 48-бап. Портта көрсетiлетiн қызметтер
48-бап. Портта көрсетiлетiн қызметтер
Тармақ 1
1. Порт:
Тармақша 1
1) кемелерге жүк тиеудi (түсiрудi) және қызмет көрсетудi олардың келу кезегiне қарай;
Тармақша 2
2) жүктермен көлiк-экспедиторлық және қоймалық операцияларды;
Тармақша 3
3) көлiктiң басқа түрлерiнен iшкi су көлiгiне және керiсiнше жүктердi ауыстырып тиеудi;
Тармақша 4
4) кемелер жолаушыларына қызмет көрсетудi;
Тармақша 5
5) порт кемелерi мен көлiктiң басқа түрлерiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Порттың мiндеттi қызмет көрсетулерiне бағалар (тарифтер) және олардың шектi деңгейiн белгiлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізiледі.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган белгiлейтiн, порттың мiндеттi көрсетілетін қызметтер тiзбесiне кiрмейтiн көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттармен айқындалады.
Тарау 10. 10-тарау. Жолаушыларды, багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау
10-тарау. Жолаушыларды, багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау
Бап 49. 49-бап. Жолаушыны және багажды тасымалдау шарты
49-бап. Жолаушыны және багажды тасымалдау шарты
Тармақ 1
1. Жолаушыларды және олардың багажын тасымалдау жолаушы тасымалдау шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны - баратын пунктiне, ал жолаушы багаж тапсырған жағдайда багажды да баратын жерiне жеткiзуге және оны жолаушыға немесе багажды алуға уәкiлеттi адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы - жол жүргенi үшiн, ал багаж өткiзген жағдайда багажды алып жүргенi үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тармақ 3
3. Жолаушыны және багажды тасымалдау шарты уәкiлеттi орган бекiткен нысанда тиiсiнше жол жүру билетiмен және багаж түбiртегiмен ресiмделедi.
Тармақ 4
4. Жолаушыларды экскурсиялық және туристiк бағыттар бойынша тасымалдау шарты жолдама немесе жолаушылар тобын тасымалдау билетi нысанында ресiмделуi мүмкiн.
Бап 50. 50-бап. Жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртiбi және түрлерi
50-бап. Жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртiбi және түрлерi
Тармақ 1
1. Iшкi су көлiгi ұсынатын жолаушыларды тасымалдау оның шарттарына, ұзақтығына, қашықтығына және сапасына қарай:
Тармақша 1
1) көлiктiк;
Тармақша 2
2) туристiк;
Тармақша 3
3) экскурсиялық түрлерге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түрлерге бөлiнедi.
Тармақ 2
2. Жолаушыларды тасымалдау қатынас түрлеріне қарай:
Тармақша 1
1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы тасымалдау;
Тармақша 2
2) республикаішілік – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасындағы тасымалдау болып бөлінеді.
Тармақ 3
3. Әкімшілік-аумақтық белгісіне қарай жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау:
Тармақша 1
1) облысаралық – әртүрлі облыстардағы жөнелту және межелі пункттер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен жалғастыратын тасымалдау;
Тармақша 2
2) ауданаралық (облысішілік қаларалық) – бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандарда орналасқан елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалаларды елді мекендермен жалғастыратын тасымалдау;
Тармақша 3
3) ауданішілік – бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау;
Тармақша 4
4) қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап өлшенетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңы аймағындағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
Тармақша 5
5) қалалық – қаланың белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау болып бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртiбiн және түрлерiн (бұдан әрi – жолаушыларды тасымалдау қағидалары) уәкілетті орган айқындайды.
Бап 51. 51-бап. Тасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi
51-бап. Тасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Тасымалдаушы, реттелетiн тасымалдауды қоспағанда, баға жасау ережелерiне сәйкес тасымалдауға арналған бағаларды еркiн белгiлеуге құқылы.
Тармақ 2
2. Тасымалдаушы жолаушыға билетте немесе жолдамада көрсетiлген кемедегi орынды беруге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Жолаушыларға қызмет көрсету орындарында, оның iшiнде билеттер сатылатын пункттерде жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру туралы ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де берiлуге тиiс.
Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 4
4. Тасымалдаушы билет сатуды, оның iшiнде алдын ала сатуды ұйымдастыруға, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау ережелерiне сәйкес анықтама орындарының, сақтау камераларының, демалыс бөлмелерiнiң және басқа да орындардың қызметiн көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Жолаушы, үй-жайлары бар дебаркадерлерi болмаған елдi мекендерде - павильондар, ал қала маңындағы желiлер мен өткелдерде орындықтары бар шатырлы қалқалар болуға тиiс. Бұл ретте осындай павильондардың иелерi жолаушылардың қауiпсiздiгi мақсатында жолаушыларды отырғызу және түсiру орындарын қажеттi құрылғылармен жабдықтауға мiндеттi.
Тармақ 6
6. Жолаушыларға ұлттық стандарттармен және жолаушылар тасымалдау жөнiндегi нормативтермен белгiленген тасымалдау жағдайлары қамтамасыз етiледi.
Тармақ 7
7. Жолаушыларға жеңiлдiктер әрi қызмет көрсетулер ұсынудың тiзбесi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
Тармақ 8
8. Тасымалдаушы кеменiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз етуге, оны экипажбен жасақтауға және оны бүкiл тасымалдау уақыты iшiнде тиiсiнше күтiп ұстау үшiн барлық қажеттi заттармен жарақтауға мiндеттi.
Тармақ 9
9. Вокзал маңындағы және айлақ маңындағы аумақтарды жайластыру олардың иелерi есебiнен жүзеге асырылады.
Бап 51-1. 51-1-бап. Әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды ұйымдастыру
51-1-бап. Әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды ұйымдастыру
Жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды ұйымдастыруды, олардың маршруттарын бекітуді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру мен өткізуді және маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін бекітуді:
Тармақша 1
1) ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынаста – облыстардың жергілікті атқарушы органдары;
Тармақша 2
2) қалалық және қала маңындағы қатынаста – өзінің заңдық құзыры шегінде аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;
Тармақша 3
3) ауданішілік қатынаста – аудандардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Ішкі су көлігімен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды.
Бап 51-2. 51-2-бап. Ішкі су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
51-2-бап. Ішкі су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
Тармақ 1
1. Ішкі су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге мүгедектігі
бар адамдардың қол жеткізуі үшін портта:
Тармақша 1
1) мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға
арналған, арнаулы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
Тармақша 2
2) ғимараттардың, ғимараттарға
кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс
жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі
топтары үшін ыңғайластырылуы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарына сәйкес, есту және көру қабілеттері бойынша мүгедектігі
бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен
жабдықталуы;
Тармақша 4
4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға
және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші
кресло-арбаның болуы;
Тармақша 5
5) күту залдарында, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда,
халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктері ескеріле отырып жабдықталуға
тиіс, мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы орындардың бөлінуі;
Тармақша 6
6) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын
адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;
Тармақша 7
7) кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнаулы
таксофондардың орнатылуы;
Тармақша 8
8) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін арнаулы билет
кассаларының жабдықталуы қамтамасыз етілуге тиіс.
Бап 52. 52-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
52-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Жолаушы:
Тармақша 1
1) кемелер қозғалысының кестесiнде көрсетiлген немесе кеме жүзiп өтетiн бағыт бойынша жарияланған кез келген портқа (пунктке) дейiн бару үшiн кез келген санаттағы жолаушы орнына билет алуға;
Тармақша 2
2) өзiмен бiрге жеке орын алу құқығынсыз - жетi жасқа дейiнгi, ал халықаралық қатынастарда бес жасқа дейiнгi бiр баланы тегiн алып жүруге; Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде - жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларға, халықаралық қатынастарда бес жастан он екi жасқа дейiнгi балаларға билеттiң толық құнының елу процентiн төлеп билет алуға;
Тармақша 3
3) өзiмен бiрге жалпы салмағы отыз алты килограмнан аспайтын, ал жүрдек кемелерде - жиырма килограмнан аспайтын қолжүгiн (алып жүруге жеңiл, басқа жолаушылардың орнын тарылтпайтын ұзындығы 1,8 метрден аспайтын немесе периметрi бойынша жалпы ұзындығы 2,6 метрден аспайтын заттарды) ақысыз алып жүруге құқылы. Қолжүгiн сақтау жауапкершiлiгi оның иесiне жүктеледi;
Мүгедектігі
бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы қозғалыс құралдарын өздерімен тегін алып жүруге қосымша құқығы бар;
Тармақша 4
4) багажды тасымалдау тарифiне сәйкес багажды ақылы тасымалдау үшiн өткiзуге;
Тармақша 5
5) кемелерде қашықтығы бес жүз километр және одан да асатын жол жүру кезiнде жүру жолында аялдауға және жол жүру құжатының (билетiнiң) жарамдылық мерзiмiн он тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға;
Тармақша 6
6) емдеу мекемесiнiң құжатымен расталған науқастану жағдайында билеттiң қолданылу мерзiмiн ауырған уақытқа ұзартуға немесе билеттi тапсырып, тасымалдау ақысын қайтарып алуға;
Тармақша 7
7) кеме шыққанға дейiн кез келген уақытта, ал рейс басталғаннан кейiн кеме аялдаған кез келген портта тасымалдау шартынан бас тартуға, жолаушыларды тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен билеттi өткiзiп, кеме жолының жүзiп өтiлмеген бөлiгi үшiн тасымалдау ақысын қайтарып алуға;
Тармақша 8
8) кеменiң шығуы кешiккен жағдайда тасымалдау шартынан бас тартып, тасымалдау ақысын қайтарып алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Жолаушы:
Тармақша 1
1) жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде, жол жүргенде және жолда жол құжатын (билеттi) тексерген кезде жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге;
Тармақша 2
2) кемеге отырғызу кезiнде және жолда жол жүру аяқталғанға дейiн жол жүру құжатын (билетiн) сақтауға;
Тармақша 3
3) қоғамдық тәртiптi, кемелердi және жағалауда орналасқан, жолаушы тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған объектiлердi пайдалану ережелерiн сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға мiндеттi.
Бап 53. 53-бап. Жолаушы тасымалдау шартының тасымалдаушы бастамасымен тоқтатылуы немесе өзгертiлуi
53-бап. Жолаушы тасымалдау шартының тасымалдаушы бастамасымен тоқтатылуы немесе өзгертiлуi
Тармақ 1
1. Тасымалдаушы:
Тармақша 1
1) еңсерiлмейтiн күштiң, соғыс iс-қимылдарының, әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептердiң салдарынан жолаушыны межелі портына тасымалдау мүмкiн болмаған;
Тармақша 2
2) тиiстi мемлекеттiк органдардың шешiмi негiзiнде кеменiң шығуы кешiктiрiлген немесе кеме мемлекеттiк қажеттiлiктерге тартылған;
Тармақша 3
3) кеме опат болған немесе оны күшпен басып алған;
Тармақша 4
4) жолаушы жолаушыларды тасымалдау ережелерiн бұзған немесе жолаушы мұндай ережелердi сақтаудан бас тартқан жағдайда бiржақты тәртiппен жолаушыларды тасымалдау шартын бұза алады.
Тармақ 2
2. Кеме шыққанға дейiн тасымалдаушының бастамасымен тасымалдау шарты тоқтатылған кезде жолаушыға - жол ақысы және багажды тасымалдау ақысы, ал аталған шарт рейс аяқталғанға дейiн тоқтатылған кезде кеме жүзiп өтпеген қашықтық үшiн жол ақысы мен багажды тасымалдау ақысы қайтарылады.
Егер аталған шарттың тоқтатылуы жолаушының жолаушыларды тасымалдау ережелерiн бұзуынан немесе оның кеме қатынасы, басқа жолаушылардың өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн iс-әрекеттерiнен туындаған жағдайда жол ақысы мен багажды тасымалдау ақысы жолаушыға қайтарылмайды.
Тармақ 3
3. Жолаушы тасымалдау шарты, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының бастамасымен кеме рейсi кезiнде тоқтатылған жағдайда, тасымалдаушы жолаушыны оның талабы бойынша жөнелту портына немесе жолаушының баратын портына жету мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ең жақын елдi мекенге өз есебiнен жеткiзуге, сондай-ақ тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушыға келтiрiлген залалдарды өтеуге мiндеттi.
Бап 54. 54-бап. Талап етiлмеген багаж
54-бап. Талап етiлмеген багаж
Тармақ 1
1. Жолаушы багажын тасымалдаушыға қатысы жоқ себептермен алмаған жағдайда тасымалдаушы оны келiп жеткен күнiнен бастап үш ай бойы келген портында сақтауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген сақтаудың шектi мерзiмдерi өткен соң талап етiлмеген багаж сатылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Багаж түбiртегiн көрсетушi талап-арыз қою мерзiмi iшiнде тасымалдаушыға талап етiлмеген багажды сақтау және оны сату кезiнде келтiрiлген шығындар шегерiле отырып, осы баптың 2-тармағына сәйкес сатудан түскен соманы алуға құқылы.
Бап 55. 55-бап. Пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау
55-бап. Пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау
Тармақ 1
1. Пошта операторларына тұрақты рейстер жасайтын кемелерде белгiленген ақыға өз жұмыскерлерiнiң iлесiп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау құқығы берiледi.
Пошта операторлары жұмыскерлерiнiң iлесiп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдайтын кемелерде пошта қызметiн жүзеге асыру, пошта жөнелтiлімдерiн сақтау және пошта операторлары жұмыскерлерiнiң демалуы үшiн белгiленген тәртiппен ақылы негiзде орынжайлар ұсынылады.
Тармақ 2
2. Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау тәртiбiн пошта саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
Тармақ 3
3. Тасымалдаушының кiнәсiнен пошта жөнелтiлімдерiнiң жоғалғаны, жетіспеушілігі, зақымданғаны (бүлiнгенi) және (немесе) жеткізілуінің кешіктірілгені үшiн тасымалдаушының пошта операторлары алдындағы жауапкершілігі пошта операторларының жөнелтушi немесе адресат алдындағы жауапкершілігі мөлшерiнен аспауға тиiс.
Тарау 11. 11-тарау. Жүктерді тасымалдау
11-тарау. Жүктерді тасымалдау
Бап 56. 56-бап. Жалпы ережелер
56-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Iшкi су көлiктерiнде жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және жүк тасымалдау шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Iшкi су көлiгiнде жүк тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн (бұдан әрi - жүк тасымалдау қағидалары) уәкілетті орган бекiтедi.
Жүк тасымалдау ережелерiнде:
Тармақша 1
1) жүктердi тасымалдауға ұсынудың және қабылдаудың;
Тармақша 2
2) жүкқұжаты мен тасымалдау құжаттарын ресiмдеудiң;
Тармақша 3
3) жүктердi тиеу мен түсiрудiң;
Тармақша 4
4) жүктердi үйiп және ақтара тиеп тасымалдаудың;
Тармақша 5
5) тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдаудың;
Тармақша 6
6) жүк массасын айқындаудың;
Тармақша 7
7) кемелер мен контейнерлерге қойылатын талаптардың;
Тармақша 8
8) кемелер мен контейнерлердi пломбалаудың;
Тармақша 9
9) жүктердi кемеде орналастыру мен бекiтудiң;
Тармақша 10
10) кеменi немесе контейнердi жүктi тиеу мен түсiру үшiн берудiң;
Тармақша 11
11) тасымалдаулар бойынша есеп айырысулардың;
Тармақша 12
12) жүктердi жеткiзу мерзiмдерiнiң және жеткiзу мерзiмдерiн есептеудiң;
Тармақша 13
13) жүктерге билiк етудiң, оларды басқа мекен-жайға жiберудiң және қайтарудың;
Тармақша 14
14) жүктердi сақтаудың, ұстап қалу мен берудiң;
Тармақша 15
15) жүктердi сатудың;
Тармақша 16
16) қауiптi жүктердi тасымалдаудың;
Тармақша 17
17) жүктердi басқа мекен-жайға жiберудiң;
Тармақша 18
18) кеменi тазалаудың шарттары мен тәртiбi айқындалады.
Бап 56-1. 56-1-бап. Жүктерді аралас тасымалдау
56-1-бап. Жүктерді аралас тасымалдау
Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бiрыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
Бап 57. 57-бап. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт
57-бап. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт
Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер жүк тасымалдауды жүйелi түрде жүзеге асыру қажет болғанда жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттар жасасуға құқылы.
Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес тасымалдаушы жүктi белгiленген мерзiмде қабылдауға, ал жүк жөнелтушi - оны тасымалдау үшiн уағдаласқан көлемде ұсынуға мiндеттенедi. Шартта көлiк құралдарын беру мен жүктердi тасымалдауға ұсынудың көлемi, мерзiмi және басқа да шарттары, есеп айырысу тәртiбi, сондай-ақ жүк тасымалдауды ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделмеген өзге де шарттары белгiленедi.
Бап 58. 58-бап. Жүк тасымалдау шарты
58-бап. Жүк тасымалдау шарты
Тармақ 1
1. Жүк тасымалдау шарты тасымалдау құжаттарын - көлiктiк жүкқұжатты, жол ведомосын (көлiктiк жүкқұжат негiзiнде ресiмделген) және жүктi тасымалдауға қабылдау туралы түбiртектi толтыру арқылы ресiмделедi.
Тармақ 2
2. Тасымалдау құжаттарының нысандары мен оларды толтыру тәртiбi жүк тасымалдау ережелерiмен белгiленедi және iшкi су көлiгiнде жүк тасымалдаумен байланысты жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
Бап 59. 59-бап. Қауiптi жүктердi тасымалдау
59-бап. Қауiптi жүктердi тасымалдау
Тармақ 1
1. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң iшкi су жолдарындағы кеме қатынасы тәртiбiн уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар айқындайды.
Тармақ 2
2. Қауiптi жүктердi өндiру, тиеу, түсiру, сақтау және тасымалдау жүзеге асырылатын объектiлер елдi мекендерден, үйлерден, құрылыстардан, ғимараттардан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден мемлекеттiк құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес қажеттi қашықтықта болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Қауіпті жүкті жөнелтуші (жүк жөнелтуші) жүкті қозғалыс қауіпсіздігі, жүк пен кеменің сақталуы қамтамасыз етілетіндей етіп тасымалдауға дайындауға міндетті, қауіпті жүктерді тасымалдауды орындайтын тасымалдаушы оларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өзінде авариялық жағдайлар мен олардың зардаптарын жою үшін қажетті құралдары мен мобильді бөлімшелері (оның ішінде шарт бойынша) болуға міндетті.
Қауiптi жүктердi тасымалдау процесінде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдаушы көрсетілген бөлiмшелердiң оқиға болған жерге дереу жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Бап 60. 60-бап. Жүктi жеткiзу мүмкiндiгi болмауының салдары
60-бап. Жүктi жеткiзу мүмкiндiгi болмауының салдары
Тармақ 1
1. Тасымалдауға қабылданған жүктi еңсерiлмейтiн күш, соғыс iс-қимылдары, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың акт шығаруы (жария акт), дүлей сипаттағы құбылыстар, әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептер салдарынан межелі портқа жеткiзу немесе оны көлiктiк жүкқұжатта көрсетiлген тұлғаға беру мүмкiн болмаған кезде тасымалдаушы жүктi жеткiзуге кедергi келтiретiн себептердi көрсете отырып, ол туралы жүк жөнелтушiге, жүк алушыға, жөнелту порттары мен межелі порттарда тиеу-түсiру жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға хабарлайды және жүктi не iстеу керектiгi туралы жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының өкiмiн сұратады.
Егер тасымалдаушы төрт тәулiк өткенше (тез бүлiнетiн жүктерге қатысты - екi тәулiк) жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының жүктi не iстеу керектiгi туралы өкiмiн алмаса немесе орындалуы көрiнеу мүмкiн емес өкiм алса, онда тасымалдаушы ол туралы жүк жөнелтушiнi, жүк алушыны хабардар ете отырып, жүктi өзiнiң пiкiрi бойынша жүк жөнелтушi, жүк алушы үшiн неғұрлым тиiмдi деп есептеген таяудағы порттардың бiрiне түсiруге, не жүктi жөнелтiлген портқа қайтаруға құқылы.
Тармақ 2
2. Егер жүк ерекше жағдайларда сақтауды қажет ететiн болса (тез бүлiнетiн жүктер) және оны сақтау мүмкiн болмай, оның бүлiнуiне әкеп соғуы мүмкiн жағдайда тасымалдаушы жүктi сатуға құқылы.
Жүктi сатудан алынған сома тасымалдаушыға тиесiлi сома шегерiле отырып, депозит шарттарымен нотариустың атына енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айналымнан алынған және айналымы шектелген, сондай-ақ арнайы жүктер, оның iшiнде мемлекеттiк және қорғаныс қажеттерiн қанағаттандыруға арналған әскери мақсаттағы жүктер сатылуға жатпайды.
Тармақ 4
4. Егер жүк оны тасымалдау үшiн мiндеттi түрде қабылдауды тоқтату мерзiмi басталғанға дейiн тасымалдау үшiн қабылданса және осы баптың 1-тармағында көрсетiлген себептердi қоспағанда, кеме рейстi жалғастыруға ұзақ уақытқа созылған кедергiнiң болуына байланысты жолда кiдiртiлсе, тасымалдаушы жүк жөнелтушiмен, жүк алушымен келiсе отырып, жүктi межелi портқа немесе басқа пунктке көлiктiң басқа түрiмен жөнелту жөнiнде шаралар қабылдауға немесе оны осы Заңның 61-бабында көзделген тәртiппен сатуға мiндеттi.
Жүрiп өтпеген қашықтық үшiн тасымалдау ақысы жүк тасымалдауға ақы төлеген жүк жөнелтушiге немесе жүк алушыға қайтарылады. Портта жүктi түсiру мен сақтау тасымалдаушының есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Егер жүк оны тасымалдау үшiн мiндеттi түрде қабылдауды тоқтату мерзiмi басталғаннан кейiн тасымалдау үшiн қабылданса және кеме осы баптың 1-тармағында көрсетiлген себептердi қоспағанда, рейстi жалғастыруға ұзақ уақытқа созылған кедергiнiң болуына байланысты жолда кiдiртiлсе және төрт тәулiк iшiнде жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан жүктi не iстеу керектiгi туралы өкiм келiп түспесе, тасымалдаушы оны өз қалауы бойынша жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының есебiнен рейстi жалғастыру мүмкiндiгi туындағанға дейiн сақтауға қалдыруға, оның iшiнде навигацияаралық кезеңге кемеде қалдыруға немесе жүктi осы Заңның 61-бабында көзделген тәртiппен сатуға құқылы.
Бап 61. 61-бап. Жүктердi сату тәртiбi
61-бап. Жүктердi сату тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген жүктердi қоспағанда, осы Заңда көзделген жағдайларда жүктердi сату:
Тармақша 1
1) олардың құнын төлеу туралы құжаттармен расталған жүктердiң бағасын негiзге ала отырып сатып алу-сату шартына сәйкес;
Тармақша 2
2) салыстырмалы жағдайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар үшiн алынатын бағаны негiзге ала отырып, тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
Өткізілетін жүктерді есепке алу және олар үшiн есеп айырысу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Жүктердi сатудан түскен сома, тасымалдаушыға тиесiлi төлемдер мен оларды сатуға жұмсалған шығындар шегерiле отырып, жүктердiң құнын ол төлеген жағдайда - жүк алушыға немесе басқа жағдайларда жүк жөнелтушiге аударылуға тиiс.
Егер жүктердi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi төлемдердi және жүктердi сақтау мен сатуға жұмсалған шығыстарды жабу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, тасымалдаушы алынбаған қалған соманы жүк жөнелтушiден өндiрiп алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Егер жүктер тез бүлiнетiн болса немесе көрсетiлген мерзiмде жүктердi сақтауға жұмсалатын шығыстар жүктердiң құнынан асып кететiн болса, тасымалдаушы жүктердi осы Заңда көзделген мерзiмдерден бұрын сатуға құқылы.
Бап 62. 62-бап. Көлiк экспедициясы шарты
62-бап. Көлiк экспедициясы шарты
Тармақ 1
1. Көлiк экспедициясы шарты бойынша бiр тарап (экспедитор) сыйақы үшiн және екiншi тараптың (клиенттiң, жөнелтушiнiң немесе жүк алушының) есебiнен жүк тасымалдауға байланысты шартта айқындалған қызмет көрсетулердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүк тасымалдау шартын жасасуға мiндеттенедi.
Тармақ 2
2. Көлiк экспедициясы шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалады.
Тарау 12. 12-тарау. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу
12-тарау. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу
Бап 63. 63-бап. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу шарты
63-бап. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу шарты
Тармақ 1
1. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу шартына сәйкес бiр тарап (тiркеп сүйреушi) тiркеп сүйреу шарттарын сақтай отырып, кеменi, салды немесе өзге де жүзу объектiсiн межелi пунктiне уақтылы әрi сол күйiнде тiркеп сүйреп жеткiзуге және оны көлiктiк жүкқұжатта көрсетiлген тұлғаға тапсыруға, ал екiншi тарап (жөнелтушi) тiркеп сүйретiлетiн объектiнi тiркеп сүйреуге ұсынуға және ол үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тармақ 2
2. Тiркеп сүйретiлетiн объектiлердi тiркеп сүйреу (бұдан әрi - тiркеп сүйреу) тiркеп сүйреу шартына және уәкілетті орган бекiтетiн Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу қағидалары:
Тармақша 1
1) жүкқұжатты, тасымалдау және өзге де құжаттарды ресiмдеудiң;
Тармақша 2
2) тiркеп сүйреудi ұйымдастырудың;
Тармақша 3
3) тiркеп сүйреу жөнiндегi қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеудiң;
Тармақша 4
4) тiркеп сүйретiлетiн объектiнi тiркеп сүйреуге ұсынудың;
Тармақша 5
5) кеменiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң экипаж құрамына және тiркеп сүйреудi жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын талаптардың;
Тармақша 6
6) тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтудiң, қабылдаудың және тапсырудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Бап 64. 64-бап. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу кезiндегi жауапкершiлiк
64-бап. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреу кезiндегi жауапкершiлiк
Тармақ 1
1. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн iшкi су жолдарымен не порт акваториясында тiркеп сүйреу тiркеп сүйрейтiн кеме капитанының басқаруымен жүзеге асырылады.
Тiркеп сүйретiлетiн кемеге, салға немесе басқа да жүзу объектiсiне, ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген нұқсан үшiн, егер мұндай нұқсан өзінің кінәсінен келтірілмегенін дәлелдей алмаса, тiркеп сүйрейтiн кеменiң меншiк иесi және (немесе) иесi жауапты болады.
Тармақ 2
2. Егер тiркеп сүйреу шарты бойынша тiркеп сүйреудi басқару мiндетi тiркеп сүйретiлетiн кеменiң капитанына жүктелген болса, мұндай тiркеп сүйреу кезiнде тiркеп сүйрейтiн кемеге, ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген нұқсан үшiн, егер нұқсан өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, тiркеп сүйретiлетiн кеменiң, салдың немесе басқа да жүзу объектiсiнiң меншiк иесi мен (немесе) иесi жауапты болады.
Тарау 13. 13-тарау. Жалпы авария. Кемелердi және басқа да мүлiктердi құтқару
13-тарау. Жалпы авария. Кемелердi және басқа да мүлiктердi құтқару
Бап 65. 65-бап. Жалпы авария, кемелердi және басқа да мүлiктердi құтқару кезiнде туындайтын қатынастарды реттеу
65-бап. Жалпы авария, кемелердi және басқа да мүлiктердi құтқару кезiнде туындайтын қатынастарды реттеу
Iшкi су көлiгiндегi жалпы авария, кемелердi және басқа да мүлiктердi құтқару кезiнде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 66. 66-бап. Мүлiктiң контрибуциялық құны
66-бап. Мүлiктiң контрибуциялық құны
Тармақ 1
1. Мүлiктiң (кеменiң, жүктiң және тасымалдау ақысының) жалпы апатты бөлу тәртiбiмен өтелетiн шығындарды жабуға арналған жарналар соған мөлшерлес белгiленетiн жалпы құны (контрибуциялық құны) кеме рейсі аяқталғаннан кейiнгi осы мүлiктiң нақты таза құны негiзiнде осы бапта белгiленген ережелерге сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Кеменiң контрибуциялық құны кеменiң зақымданған жағдайындағы құнының негiзiнде айқындалады.
Тармақ 3
3. Жүктiң контрибуциялық құны жүктi түсiру сәтiнде - жүк алушыға ұсынылатын саудалық есеп негiзiнде белгiленетiн құнды негiзге ала отырып, ал мұндай есеп болмаған кезде жүктi тиеп жiберу сәтiндегi оның құны негiзiнде айқындалады. Жүктiң құны, егер шығынға ұшырау тәуекелiн жүк жөнелтушi ғана көтеретiн болса, сақтандыруға арналған шығыстарды және тасымалдау ақысын қамтиды. Жүктiң құнынан жүктiң опат болуынан немесе зақымдануынан бастап оны түсiргенге дейiнгi не түсiру кезiндегi келтiрiлген барлық залалдар сомасы шегерiледi.
Тармақ 4
4. Тасымалдау ақысының контрибуциялық құны, егер шығынға ұшырау тәуекелiн тасымалдаушы көтеретiн болса, жоғалған тасымалдау ақысына тең болады.
Тармақ 5
5. Егер де жалпы аварияны бөлу тәртiбiмен өтелетiн сома мүлiктiң (кеменiң, жүктiң және тасымалдау ақысының) контрибуциялық құнына енгiзiлмеген болса, мұндай сома осы құнға қосылады.
Тармақ 6
6. Жүк орындарын бекiтудiң кез келген құралдары жалпы авария бойынша енгiзiлген жарналарда жүкпен тең есептеледi.
Бап 67. 67-бап. Диспаша және диспашерлер
67-бап. Диспаша және диспашерлер
Мүдделi тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жалпы аварияның болған-болмағаны анықталады және оны бөлу жөнiндегi есептi (диспашаны) диспашерлер жасайды.
Бап 68. 68-бап. Дәлелдеу ауыртпалығы
68-бап. Дәлелдеу ауыртпалығы
Жалпы апатты бөлудi талап етушi тарап мәлiмделген залалдардың жалпы авария болып танылуы тиiс екенiн дәлелдеуге мiндеттi.
Бап 69. 69-бап. Кемелер керуенi
69-бап. Кемелер керуенi
Тармақ 1
1. Кемелер тобындағы әрбiр кеме жеке-жеке алғанда өздiгiнен қозғалыс жасай алмайтындай жағдайда бiр-бiрiмен өзара тiркемеленген кемелер тобы кемелер керуенi болып табылады.
Тармақ 2
2. Егер керуеннiң бiр және (немесе) бiрнеше кемесiне және ондағы жүктерге қатысты оларға төнген жалпы қауiптен құтқару операцияларын жүзеге асыру мақсатында iс-қимылдар жасалған жағдайда, осы тарауда белгiленген ережелер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдарында белгiленген ережелер қолданылады.
Керуен кемесi, егер ол басқа кемеден немесе басқа кемелерден бөлiнiп кету нәтижесiнде қауiпсiз жағдайда болса, керуендегi басқа кемемен бiрге жалпы қауiп төнген кеме болып есептелмейдi.
Тармақ 3
3. Кеме және жүк деп кемелер керуенiне қатысты контрибуциялық құнды айқындау кезiнде жалпы қауiп төнген керуеннiң барлық кемелерi мен жүктердiң жалпы құны ұғынылады.
Бап 70. 70-бап. Паналау орны
70-бап. Паналау орны
Тармақ 1
1. Iшкi су жолдарындағы су тасуы, сең жүру, су деңгейiнiң кенеттен әрi жылдам төмендеуi салдарынан кеменiң портқа немесе өзге де паналау орнына кiруiне жұмсалған немесе кеменiң портқа немесе өзге де паналау орнына кiру қажеттiгiмен, оның портта немесе өзге де паналау орнында болуымен және кеменiң порттан немесе өзге де паналау орнынан шығуымен байланысты өзге де төтенше жағдайлар кезiндегi шығыстар жалпы авария деп танылады. Шығыстар жүгi бар кеме жүк тиелген портқа қайтып оралған жағдайда өтелуге тиiс.
Тармақ 2
2. Егер су тасуы немесе сең жүру жүгi бар кеме жүк түсiрiлетiн портқа кiргеннен кейiн орын алса және кеме жүктi түсiру аяқталғанға дейiн басқа қауiпсiз портқа кiру мақсатында бұл порттан кетуге тиiс болса, мұндай порт паналау порты болып есептеледi.
Тармақ 3
3. Егер кеме су тасуы немесе сең жүру салдарынан рейстi жалғастыра алмаса және жүктiң осы портқа арналған бөлiгiн түсiрiп болғаннан кейiн портта қалуға тиiс болса, ол мұндай кеме үшiн басқа порттарға арналған жүктерге қатысты ғана паналау порты болып есептеледi.
Бап 71. 71-бап. Машиналардың зақымдануынан, әдейi қайраңға отырғызудан, суға батып кеткен кеменiкөтеруден және кемедегi өрттен туындаған жалпы авария
71-бап. Машиналардың зақымдануынан, әдейi қайраңға отырғызудан, суға батып кеткен кеменiкөтеруден және кемедегi өрттен туындаған жалпы авария
Тармақ 1
1. Машиналар жұмысының өзгеруi нәтижесiнде, сондай-ақ кеме қайраңнан шығуға әрекеттенген, рулдiк, қозғалу, тiркеп сүйреу, басқа да құрылғылары зақымданған кезде туындаған зақымдануларды жоюға арналған шығыстар машиналардың зақымдануынан, әдейi қайраңға отырғызудан, суға батып кеткен кеменi көтеруден және кемедегi өрттен туындаған жалпы авария деп танылады.
Тармақ 2
2. Кеменi әдейi қайраңға отырғызудан немесе оны әдейi суға батырудан кемеге және (немесе) жүкке келтiрiлген зақымданулардан болған залалдар машиналардың зақымдануынан, әдейi қайраңға отырғызудан, суға батып кеткен кеменi көтеруден және кемедегi өрттен туындаған жалпы авария деп танылады.
Тармақ 3
3. Егер жүгi бар кеме авария салдарынан суға батып кеткен жағдайда жүгi бар кеменi көтеру шығындары мен тиiстi залалдар жалпы аварияға жатқызылады.
Тармақ 4
4. Кемеге және (немесе) жүкке кеменiң судан немесе өзгеше түрде зақымдануы салдарынан келтiрiлген залалдар, оның iшiнде жанып жатқан кеменi жағаға шығарып тастауды немесе суға батырудан келтiрiлген залалдар жалпы авария деп танылады.
Бап 72. 72-бап. Тасымалдау ақысының ысырабынан келтiрiлген залалдар
72-бап. Тасымалдау ақысының ысырабынан келтiрiлген залалдар
Жоғалған, лажсыз лақтырылған жүк үшiн төленбеген тасымалдау ақысы ысырап болған тасымалдау ақысы мөлшерiнде өтеледi.
Бап 73. 73-бап. Жалпы аварияны бөлу тәртiбiмен өтелетiн залалдарға есептелетiн проценттер
73-бап. Жалпы аварияны бөлу тәртiбiмен өтелетiн залалдарға есептелетiн проценттер
Жалпы аварияны бөлу тәртiбiмен өтелетiн шығыстар сомасы мен басқа да сомаларға (залалдарға) диспаша толтырылған күннен кейiнгi үш ай iшiнде жылдық жетi процент есептеледi. Бұл ретте жалпы аварияны жабуға қатысушы тараптар есебiнен немесе оны өтеу үшiн депозитке салынған қаражат есебiнен жүргiзiлген төлемдер тиiстi түрде ескерiледi.
Бап 74. 74-бап. Жүктi бiр кемеден iшiнара түсiру және оны басқа кемеге тиеу
74-бап. Жүктi бiр кемеден iшiнара түсiру және оны басқа кемеге тиеу
Егер кеме жүктi одан әрi жағада немесе басқа кемеде сақтай отырып, оны iшiнара түсiрудi жүзеге асыруға мәжбүр болған жағдайда жалпы аварияға:
Тармақша 1
1) жүктi кемеден түсiруге, оны сақтауға және жүктi кемеге қайта тиеуге жұмсалған шығындар;
Тармақша 2
2) жүктi iшiнара тиеу жүзеге асырылатын кеменi жалға алуға жұмсалған шығыстар;
Тармақша 3
3) жүктi iшiнара тиеу жүзеге асырылған кемеге келтiрiлген зақымдануларды жөндеуге жұмсалған ысыраптар мен шығыстар, сондай-ақ мұндай кеменiң пайдаланудан шығып қалуымен байланысты ысыраптар;
Тармақша 4
4) аварияға ұшыраған кемеден жүктi түсiру немесе оны басқа кемеге тиеу кезiнде онда пайда болған зақымданулардан туындаған шығыстар;
Тармақша 5
5) жүктi түсiру, сақтау және тиеу кезiнде оның жоғалуына, жетiспеуiне немесе зақымдануына (бүлiнуiне) байланысты залалдар мен шығыстар;
Тармақша 6
6) қосымша сақтандыру үшiн сақтандырушыларға төленген сақтандыру сыйақылар жатқызылады.
Бап 75. 75-бап. Жанама залалдарды қоспау
75-бап. Жанама залалдарды қоспау
Тармақ 1
1. Жалпы аварияға тек қана жалпы аварияның тiкелей салдары болып табылатын залалдар қосылады.
Тармақ 2
2. Кеменiң рейс кезiнде кешiгуiнен, оның бос тұрып қалуынан, бағаның өзгеруiнен туындаған залалдар және басқа да жанама залалдар жалпы авария деп танылмайды.
Тарау 14. 14-тарау. Суға батқан мүлік
14-тарау. Суға батқан мүлік
Бап 76. 76-бап. Суға батқан мүлiк
76-бап. Суға батқан мүлiк
Тармақ 1
1. Суға батқан мүлiкке iшкi су жолдары шегiнде қалқып жүруiне немесе су астына, су түбiне кетуiне не саяз суларға немесе жағаға шығып қалғанына қарамастан, апатқа ұшыраған кемелер, олардың сынықтары, жабдықтар, жүктер мен басқа да заттар жатады.
Тармақ 2
2. Осы тараудың ережелерi:
Тармақша 1
1) суға батқан әскери мүлiктi көтеруге, аластауға және жоюға;
Тармақша 2
2) егер суға батқан археологиялық немесе тарихи мәнi бар мүлiк iшкi су жолдары шегiндегi су түбiнде жатса, мұндай мүлiктi көтеруге қатысты қолданылмайды.
Бап 77. 77-бап. Меншiк иесiнiң суға батқан мүлiктi көтеру мiндетi
77-бап. Меншiк иесiнiң суға батқан мүлiктi көтеру мiндетi
Тармақ 1
1. Суға батқан мүлiк кеме қатынасы қауiпсiздiгiне немесе қоршаған ортаға ластанумен байланысты залал келтiру қатерiн төндiретiн, не биологиялық су ресурстары кәсiпшiлiгiн, iшкi су көлiгiндегi қызметтi жүзеге асыруға және iшкi су жолдары шегiнде жүргiзiлетiн жол жұмыстарына кедергi келтiретiн жағдайларда суға батып кеткен мүлiктiң меншiк иесi уәкiлеттi органның талабы бойынша ол белгiлеген мерзiмде суға батып кеткен мүлiктi көтеруге және қажет болғанда оны аластауға немесе жоюға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Егер суға батқан мүлiктiң меншiк иесi белгiлi болса, уәкiлеттi орган оған суға батып кеткен мүлiктi көтерудiң, аластаудың немесе жоюдың тәртiбi мен мерзiмi туралы хабардар етедi.
Егер суға батқан мүлiктiң меншiк иесi, белгiсiз болса, уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралдарында суға батқан мүлiктi көтеру үшiн белгiленген мерзiмдер туралы мәлiметтер жариялауға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Егер суға батқан мүлiктiң меншiк иесi суға батқан мүлiк туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн мәлiмдеме жасамаса, мұндай мүлiктi құрайтын заттар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес иесiз деп танылады.
Бап 78. 78-бап. Суға батқан мүлiктi оның меншiк иесiнiң көтеруi
78-бап. Суға батқан мүлiктi оның меншiк иесiнiң көтеруi
Тармақ 1
1. Суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мұндай мүлiктi көтеру туралы өзiнiң ниетiн уәкiлеттi органға мүлiк суға батқан күннен бастап бiр жыл iшiнде хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган суға батқан мүлiктiң меншiк иесiнiң мәлiмдемесiн алған күннен бастап үш ай iшiнде суға батқан мүлiктi көтерудiң тәртiбiн, сондай-ақ көтеру мерзiмiн белгiлейдi, ол меншiк иесi суға батқан мүлiктi көтерудiң тәртiбi мен мерзiмi туралы уәкiлеттi органның хабарламасын алған күннен бастап кемiнде бiр жыл болуға тиiс.
Бап 79. 79-бап. Уәкiлеттi орган кәсiпорындарының суға батқан мүлiктi көтеруi, аластауы немесе жоюы
79-бап. Уәкiлеттi орган кәсiпорындарының суға батқан мүлiктi көтеруi, аластауы немесе жоюы
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi органның кәсiпорындары, егер:
Тармақша 1
1) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi суға батқан мүлiктi уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде көтермесе және аластамаса (жоймаса);
Тармақша 2
2) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi анықталмаса, адамдардың опат болуына әкеп соғуы, олардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне зиян келтiруi, едәуiр материалдық шығындарға ұшыратуы және халықтың тыныс-тiршiлiгi жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн аварияларды, зiлзаланы немесе апатты болдырмау мақсатында;
Тармақша 3
3) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мүлiктi көтеру, аластау, жою үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген техникалық қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн құралдарды қолданатын болса;
Тармақша 4
4) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мүлiк суға батқан күннен бастап бiр жыл iшiнде анықталмаса суға батқан мүлiктi көтеруге, ал қажет болғанда аластауға немесе жоюға құқылы.
Тармақ 2
2. Егер суға батқан мүлiктiң меншiк иесi белгiлi болса, онда осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мұндай мүлiктi көтеру, аластау немесе жою соның есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Егер суға батқан мүлiк көтерiлген сәттен бастап бiр жылдан аспаған болса, оның меншiк иесi суға батқан мүлiктi көтеруге кеткен шығыстарды және осыған байланысты басқа да келтiрiлген шығыстарды өтегеннен кейiн осы баптың 1-тармағына сәйкес көтерiлген суға батқан мүлікті талап етуi мүмкін.
Бап 80. 80-бап. Уәкiлеттi орган кәсiпорнының өзiне келтiрiлген шығыстарды толық өтеттiру құқығы
80-бап. Уәкiлеттi орган кәсiпорнының өзiне келтiрiлген шығыстарды толық өтеттiру құқығы
Осы Заңның 79-бабының 3-тармағында көзделген мерзiм өткен соң сот суға батқан мүлiктi иесiз деп таныған жағдайда уәкiлеттi органның кәсiпорны:
Тармақша 1
1) көтерiлген суға батқан мүлiктi немесе оның бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатып, оны сатудан түскен сома есебiнен оны көтеруге кеткен шығыстардың және оған байланысты келтiрiлген басқа да шығыстардың өтемiн алуға;
Тармақша 2
2) суға батқан мүлiктiң меншiк иесiнен оны сатудан түскен сомамен жабылмаған шығыстарды, ал суға батқан мүлiк жойылған кезде мұндай мүлiктi жоюға байланысты келтiрiлген шығыстарды өтеттiрiп алуға құқылы.
Бап 81. 81-бап. Кездейсоқ көтерiлген суға батқан мүлiк
81-бап. Кездейсоқ көтерiлген суға батқан мүлiк
Кеме қатынасына байланысты операцияларды жүзеге асыру кезiнде iшкi су жолдары шегiнде кездейсоқ көтерiлген суға батқан мүлiк мұндай мүлiкке қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген шараларды қабылдауға мiндеттi уәкiлеттi органға тапсырылуға тиiс.
Тарау 15. 15-тарау. Тасымалдаулардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауаптылық
15-тарау. Тасымалдаулардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауаптылық
Бап 82. 82-бап. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердiбұзғаны үшiн жауаптылық
82-бап. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердiбұзғаны үшiн жауаптылық
Тармақ 1
1. Тасымалдаудан туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ солардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер мен көлемдерде жауапты болады.
Тармақ 2
2. Тараптардың осы Заңда белгiленген жауаптылықты шектеу немесе жою мақсатындағы келiсiмдерi жарамсыз болады.
Тараптар келiсiм бойынша осы Заңда белгiленген жауаптылықтың көлемiн ұлғайтуға, сондай-ақ тасымалдау шарты бойынша қосымша жауаптылық көздеуге құқылы.
Тармақ 3
3. Тасымалдау, оның iшiнде аралас тасымалдар және халықаралық қатынастарда тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тасымалдаушылардың өзара жауаптылығы осы Заңда, Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде, халықаралық шарттарда және жүк тасымалдаушылар арасындағы келiсiмдерде айқындалады.
Тармақ 4
4. Тасымалдауды бiрнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда олар жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының алдында жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн ортақ жауапты болады, ал жүктi, багажды жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн, егер мерзiмiн өткiзiп алу тасымалдаушылардың кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, соңғы тасымалдаушы жауапты болады.
Тармақ 5
5. Егер тасымалдаушыға өзге тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың кiнәсiнен болған жауапкершiлiк жүктелсе, тасымалдаушы оларға керi талап қоюға құқылы.
Бап 83. 83-бап. Тұрақсыздық айыбы
83-бап. Тұрақсыздық айыбы
Тармақ 1
1. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда немесе шартта белгiленген мөлшерде тұрақсыздық айыбы төленедi.
Тармақ 2
2. Тасымалдаушыға тиесiлi төлемдер жасаудың мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес бөгде бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк көлемiнде тұрақсыздық айыбы алынады.
Бап 84. 84-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
84-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Егер жолаушыларды тасымалдау шартында тасымалдаушының жоғары жауапкершiлiгi көзделмеген болса, тасымалдаушы тасымалдау кезiнде жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 2
2. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi жолаушы кемеде және кемеге отырғызу (түcipу) кезiнде порт аумағында болған кезеңде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенi үшiн туындайды.
Бап 85. 85-бап. Жолаушыны және багажды жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
85-бап. Жолаушыны және багажды жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 1
1. Жолаушылар кемесiнiң (қалалық және қала маңы қатынастарындағы, сондай-ақ өткелдердегi тасымалдауларды қоспағанда) жөнелтiлуiн кiдiрткенi немесе оның баратын портына кешiгiп келгенi үшiн, егер тасымалдаушы мұндай кiдiру немесе кешiгiп келу еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушы жолаушыға кiдiртiлген немесе кешiгiп келген әрбiр сағат үшiн тасымалдау ақысының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Өндiрiп алынған айыппұл сомасы тасымалдау ақысының мөлшерiнен аспауға тиiс.
Көрсетiлген айыппұлдарды төлеу жолаушылар тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Тасымалдаушы багажды жеткiзудiң мерзiмiн өткiзiп алған әрбiр тәулiк үшiн жолаушыға немесе багажды алуға уәкiлеттiк берiлген адамға, егер мерзiмдi өткiзiп алу оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, тасымалдау ақысының бес процентi мөлшерiнде, бiрақ тасымалдау ақысы мөлшерiнен аспайтын айыппұл төлейдi.
Бап 86. 86-бап. Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және оларды билетсiз тасымалдағаны, қол жүгiмен багажды ақысыз тасымалдағаны үшiн жауаптылық
86-бап. Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және оларды билетсiз тасымалдағаны, қол жүгiмен багажды ақысыз тасымалдағаны үшiн жауаптылық
Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және оларды билетсiз тасымалдағаны, сондай-ақ қол жүгi мен багажды ақысыз тасымалдағаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген тәртiппен әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылуға жатады.
Бап 87. 87-бап. Жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
87-бап. Жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Тасымалдаушы жүктi, багажды тасымалдауға қабылдаған кезден бастап, жүк алушыға, жолаушыға немесе багажды алуға уәкiлеттi тұлғаға бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
Тасымалдаушы жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн, егер жоғалу, кем шығу немесе зақымдану (бүлiну) оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 2
2. Тасымалдауға құндылығы жарияланбай қабылданған жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы мынадай мөлшерлерде және жағдайларда:
Тармақша 1
1) жүк, багаж жоғалғанда немесе кем шыққанда - жоғалған не кем шыққан жүк, багаж құнының мөлшерiнде;
Тармақша 2
2) жүк, багаж зақымданғанда (бүлiнгенде) - жүк, багаж құнының төмендеген сомасы мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi, багажды қалпына келтiру мүмкiн болмағанда оның құны мөлшерiнде жауапты болады.
Тармақ 3
3. Тасымалдауға құндылығы жарияланып қабылданған жүктiң, багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы жарияланған құндылық мөлшерiнде жауапты болады.
Тармақ 4
4. Егер жүк, багаж баратын портқа жеткiзу мерзiмi аяқталған соң отыз тәулiк өткеннен кейiн келмеген болса, жоғалған деп есептелiп, мұндай жүктiң, багаждың құны осы баптың 2-тармағында көзделген мөлшерде өтелуге тиiс.
Жүк, багаж көрсетiлген мерзiмдер өткен соң келген жағдайда жүк алушы немесе багажды алуға уәкiлеттiк берiлген адам тасымалдаушыға бұған дейiн жүктi немесе багажды жоғалтқаны үшiн алынған соманы қайтара отырып, оны алуға құқылы.
Тармақ 5
5. Жүктiң немесе багаждың құны - оның сатушының есебiнде көрсетiлген немесе шартта көзделген бағасы негiзге алына отырып, ал есеп болмаған немесе шартта баға көрсетiлмеген жағдайда осымен салыстыруға болатын мән-жайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар үшiн алынатын баға негiзге алына отырып айқындалады.
Тармақ 6
6. Тасымалдаушы жүктiң, багаждың жоғалуынан, кем шығуынан, зақымдануынан (бүлiнуiнен) туындаған белгiленген нұқсанды өтеумен қатар, егер тасымалдау ақысы жүктiң немесе багаждың құнына кiрмеген болса, жүк алушыға, жолаушыға немесе жүктi, багажды алуға уәкiлеттi тұлғаға мұндай жүктi немесе багажды тасымалдағаны үшiн алынған тасымалдау ақысын қайтарады.
Тармақ 7
7. Тасымалдаушы багаждың бүлiнуi тасымалдаушының кiнәсiнен болған жағдайдан басқа кезде жолаушы өзiмен бiрге қолжүгi ретiнде алып жүретiн багаждың сақталуына жауапты болмайды.
Бап 88. 88-бап. Жүк тасымалдау немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiлердiң кемелерiн тiркеп сүйрету жоспары бойынша тапсырысты орындамағаны үшiн жауапкершiлiк
88-бап. Жүк тасымалдау немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiлердiң кемелерiн тiркеп сүйрету жоспары бойынша тапсырысты орындамағаны үшiн жауапкершiлiк
Тасымалдаушы, тiркеп сүйретушi қабылданған өтiнiмге немесе шартқа сәйкес жүк тасымалдауға немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi тiркеп сүйретуге көлiк құралдарын бермегенi үшiн, жүк жөнелтушi немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтушi жүктi немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi ұсынбағаны үшiн, сондай-ақ берiлген көлiк құралдарын өзге де себептерге байланысты пайдаланбағаны үшiн мынадай мөлшерлерде:
1) кемеде жүк тасымалдау және жүзу объектiсiн тiркеп сүйрету кезiнде - жүктiң немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң әрбiр тоннасы үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 0,3 айлық есептiк көрсеткiш шамасының мөлшерiнде;
2) жүктi контейнерлерде тасымалдау кезiнде:
қоса есептелгенде брутто салмағы 5 тоннаға дейiнгi әрбiр контейнер үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 1,5 айлық есептiк көрсеткiш шамасы мөлшерiнде;
қоса есептелгенде брутто салмағы 5 тоннадан 10 тоннаға дейiнгi әрбiр контейнер үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 3,5 айлық есептiк көрсеткiш шамасы мөлшерiнде;
брутто салмағы 10 тоннадан асатын әрбiр контейнер үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 7 айлық есептiк көрсеткiш шамасы мөлшерiнде айыппұл түрiнде жауапты болады.
Бап 89. 89-бап. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының жауапкершiлiгi
89-бап. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Көлiктiк жүкқұжатта жүктiң атауын, ерекше белгiлерiн және жүктi тасымалдау кезiнде қажет болатын сақтық шараларын дұрыс көрсетпегенi үшiн, тасымалдауға тыйым салынған жүктi ұсынғаны немесе жүктiң қасиеттерiн дұрыс көрсетпегенi үшiн жүк жөнелтушiден осы мән-жайларға байланысты тасымалдаушыға келтiрiлген залалдардың өтелуiне қарамастан мұндай жүктi тасымалдаудың бүкiл қашықтығына тасымалданғаны үшiн төлемақының бес еселенген мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
Тармақ 2
2. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының кiнәсiнен кемелердiң нормадан артық бос тұрып қалғаны және контейнерлердi қайтарудың кiдiртiлгенi үшiн тараптардың келiсiмiмен белгiленген мөлшерде олардан айыппұл өндiрiп алынады.
Тармақ 3
3. Жүктердi, түсiргеннен кейiн кемелердi немесе контейнерлердi тазаламағаны үшiн жүк алушы тасымалдаушыға тазалау жұмыстарының құнын екi еселенген мөлшерде төлеуге мiндеттi. Тасымалдаушы кеменiң немесе контейнердiң нормадан артық бос тұрып қалғаны үшiн айыппұл өндiрiп ала отырып, жүк алушы оларды тазалау жұмыстарын орындағанға дейiн тазаланбаған кеменi немесе контейнердi тазалаудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 4
4. Кеменiң, контейнердiң немесе пакеттеу құралдарының зақымданғаны үшiн кiнәлi тараптан қажеттi жөндеудiң құны өндiрiп алынады.
Бап 90. 90-бап. Тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тiркеп сүйретушiнiң жауапкершiлiгi
90-бап. Тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тiркеп сүйретушiнiң жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Тiркеп сүйретушi тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн, егер жоғалу немесе зақымдану (бүлiну) оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, оны қабылдап алған кезден бастап оны алушыға берген кезге дейiн жауапты болады.
Тармақ 2
2. Тiркеп сүйретiлетiн объект жоғалған жағдайда тiркеп сүйретушiден жоғалған тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң құны мөлшерiндегi нұқсан және егер тiркеп сүйрету ақысы жоғалған тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң құнына кiрмеген болса, осындай ақы өндiрiп алынады.
Тармақ 3
3. Тiркеп сүйретiлетiн объект зақымданған (бүлiнген) кезде тiркеп сүйретушiден тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтушi немесе алушы айқындайтын, тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөндеу құны өндiрiп алынады. Келiспеушiлiктер туындаған кезде тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөндеу құнын тараптар айқындаған тәуелсіз сарапшы бағалауы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 5
5. Тiркеп сүйретiлетiн объект, егер шартта көрсетiлген тiркеп сүйрету мерзiмi аяқталған соң он күн өткеннен кейiн баратын портына (пунктiне) келмеген болса, жоғалған деп есептеледi.
Бап 91. 91-бап. Жүктi немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiжеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылық
91-бап. Жүктi немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiжеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылық
Жүктi немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алудың әрбiр тәулiгi үшiн тасымалдаушы немесе тiркеп сүйретушi, егер мерзiмдi өткiзiп алу өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүк алушыға немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi алушыға тасымалдау ақысының тоғыз процентi мөлшерiнде, бiрақ тасымалдау ақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
Бап 92. 92-бап. Тiкелей аралас қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегi жауаптылық
92-бап. Тiкелей аралас қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегi жауаптылық
Бап 93. 93-бап. Жауапкершiлiктен босату
93-бап. Жауапкершiлiктен босату
Тармақ 1
1. Тараптар тасымалдау, тiркеп сүйрету шарттарынан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Тараптар, егер мiндеттемелердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау:
Тармақша 1
1) еңсерiлмейтiн күштiң, сондай-ақ әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;
Тармақша 2
2) соғыс iс-қимылдарының, төтенше жағдай енгiзудiң;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялау арқылы жүктердiң орнын ауыстыруды, кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң қозғалысын тоқтату немесе шектеу салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады.
Тармақ 3
3. Тасымалдаушы, тiркеп сүйретушi сондай-ақ:
Тармақша 1
1) мiндеттемелер жолаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, жөнелтушiнiң, алушының, экспедитордың кiнәсiнен орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған;
Тармақша 2
2) көлiк ыдысының немесе олардың қасиеттерiнiң жасырын кемшiлiктерi салдарынан жүк, багаж сақталмаған;
Тармақша 3
3) жүк салмағында табиғи кему нормалары, ылғалдылығының төмендеу нормалары мен таразы аспаптарының көрсетулерiнде алшақтық нормалары шегiнде айырмашылықтар болған, сондай-ақ жүк жөнелтушi тасымалдаушының қатысуынсыз айқындаған салмақ бойынша тасымалдауға қабылданған жүк салмағында айырмашылықтар болған;
Тармақша 4
4) жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жол серiгiнiң iлесiп жүруiмен жүктi тасымалдаған кезде жауапкершiлiктен босатылады.
Тармақ 4
4. Егер жүк немесе тiркеп сүйретiлетiн объект тасымалдауға немесе тiркеп сүйретуге белгiлi бiр мән-жайлар салдарынан ұсынылмаған болса, жүк жөнелтушi, жөнелтушi жауапкершiлiктен босатылады.
Тарау 16. 16-тарау. Iшкі су көлігіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде келтірілген зиянды өтеу
16-тарау. Iшкі су көлігіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде келтірілген зиянды өтеу
Бап 94. 94-бап. Iшкi су жолдары мен порттарда кеме қатынасы мен өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық
94-бап. Iшкi су жолдары мен порттарда кеме қатынасы мен өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық
Жеке және заңды тұлғалардың навигациялық жабдықтардың құралдарын, кеме қатынасы гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді), кеме жолдары мен басқа да объектiлердi зақымдауы немесе жоюы салдарынан келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес өтелуге тиiс.
Бап 95. 95-бап. Кемелер соқтығысуының салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық
95-бап. Кемелер соқтығысуының салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық
Тармақ 1
1. Кемелер соқтығысқан кезде келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтеледi.
Тармақ 2
2. Егер кемелердiң соқтығысуы екi немесе одан көп тараптардың кiнәсiнен болса, келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық олардың әрқайсысының кiнәлiлiк деңгейiне мөлшерлес айқындалады.
Егер соқтығысудың мән-жайларын негiзге ала отырып, әрбiр тараптың кiнәлiлiк деңгейiн айқындау мүмкiн болмаса, жауаптылық олардың арасында тең бөлiнедi.
Тармақ 3
3. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес ортақ жауаптылықта болады.
Бап 96. 96-бап. Кемелер соқтығысуының салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктен босатудың негiздерi
96-бап. Кемелер соқтығысуының салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктен босатудың негiздерi
1. Кемелердiң соқтығысуы кезiнде келтiрiлген зиянға тараптар кiнәлi болмаған, еңсерiлмейтiн күш салдарынан соқтығысқан немесе соқтығысу себептерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда тараптардың ешқайсысы зиянды өтеудi талап етуге құқылы емес.
Бұл жағдайда әрбiр тарап өзiне келтiрiлген залалдар тәуекелiн көтередi.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер, егер кемелер немесе олардың бiрi соқтығысу сәтiнде зәкiрде тұрса не өзгеше тәсiлмен бекiтiлген жағдайда қолданылады.
Тарау 17. 17-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою және талап қою мерзімі
17-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою және талап қою мерзімі
Бап 97. 97-бап. Актiлер
97-бап. Актiлер
Тармақ 1
1. Тасымалдаушылардың, тiркеп сүйретушiлердiң, жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың тiркеп сүйретiлетiн объектiлердi жөнелтушiлер мен оларды алушылардың, сондай-ақ жолаушылардың мүлiктiк жауапкершiлiгi үшiн негiз болуы мүмкiн мән-жайлар тиiстi тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде өтiнiштер арқылы коммерциялық актiлермен немесе жалпы нысандағы актiлермен куәландырылады.
Коммерциялық aктi мен жалпы нысандағы актiнiң нысандары, сондай-ақ оларды толтыру ережелерi жүк тасымалдау ережелерiмен және жолаушылар мен багаж тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Тасымалдаушы жүктi, багажды немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi беру кезiнде мынадай мән-жайларды:
Тармақша 1
1) жүктiң, багаждың немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң нақты атауының, жүктiң немесе багаж салмағының, жүк орындары немесе багаж орындары санының тасымалдау құжатында көрсетiлген деректерге сәйкес болмауын;
Тармақша 2
2) жүктiң, багаждың немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң жоғалуын, кем шығуын және зақымдануын (бүлiнуiн);
Тармақша 3
3) тасымалдау құжаттары жоқ жүктiң, багаждың немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң, сондай-ақ жүксiз, багажсыз немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiсiз тасымалдау құжаттарының анықталғанын;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) ұрланған жүктiң, багаждың немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң тасымалдаушыға қайтарылғанын куәландыру үшiн коммерциялық акт толтыруға мiндеттi.
Тасымалдаушы тасымалдау құжаттарында коммерциялық актiнi толтырғаны туралы белгi қоюға мiндеттi.
Коммерциялық актiнi толтырудан бас тартуға немесе оны белгiленген талаптарды бұза отырып ресiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Сұйық күйiнде тасымалданатын жүктердiң кем шығуы немесе бүлiнуi жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiпте тасымалдау құжаттарымен куәландырылады.
Тармақ 4
4. Коммерциялық акт:
Тармақша 1
1) табиғи кему нормалары, жүк тасымалдау кезiнде ылғалдылық немесе қоқыстану процентiнiң төмендеу нормалары, таразылау құралдары көрсетулерiндегi алшақтық нормалары шегiнде жүк салмағының кем шығуы, навигация қорытындылары бойынша есеп жасау шарттары негiзге алына отырып, тасымалдауға қабылданған жүк салмағындағы айырмашылықтар болған;
Тармақша 2
2) техникалық ақаусыз кемеде немесе зақымданбаған жабу-пломбалау құрылғылары бар контейнерлерде немесе жүк жөнелтушi немесе жүк алушы өкiлiнiң iлесiп жүруiмен жеткiзiлген жүктi беру жағдайларында жасалмайды.
Тармақ 5
5. Жалпы нысандағы актiлер осы баптың 2-тармағында көзделмеген мән-жайлар куәландырылған жағдайда жасалады.
Тармақ 6
6. Акт жасауға қатысушы тараптар оған қол қоюдан бас тартуға құқылы. Акт мазмұнымен келiспеген жағдайда тараптар оған өз пiкiрлерiн жазуға құқылы.
Тармақ 7
7. Дәйексiз ақпарат жазылған актiнi толтырған немесе оған қол қойған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Бап 98. 98-бап. Кiнә қою және талап қою құқығы
98-бап. Кiнә қою және талап қою құқығы
Тармақ 1
1. Тасымалдаушыға немесе тiркеп сүйретушiге:
Тармақша 1
1) жүк немесе тiркеп сүйретiлетiн объект жоғалған жағдайда - тасымалдаушының немесе тiркеп сүйретушiнiң жүктiң немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң келмегенi туралы белгiсi бар жүк тасымалдауға немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi тiркеп сүйретуге қабылдағаны туралы түбiртегiн ұсына отырып, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтушiнiң немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi алушының;
Тармақша 2
2) жүк кем шыққан немесе зақымданған (бүлiнген) не тiркеп сүйретiлген объект зақымданған жағдайда - көлiктiк жүкқұжатты, жүктердi сұйық күйiнде тасымалдағанда - коммерциялық актiнi немесе тасымалдау құжатын, ал коммерциялық акт болмағанда коммерциялық актiнi жасаудан бас тартуға шағым берiлгенi туралы құжатты ұсына отырып, жүктi алушының немесе тiркеп сүйретiлген объектiнi алушының;
Тармақша 3
3) тасымалдау ақысын және өзге де төлемдердi белгiленген мөлшерден артық төлеген жағдайда - көлiктiк жүкқұжатты ұсына отырып, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi жөнелтушiнiң, алушының;
Тармақша 4
4) багаж жоғалған жағдайда - багаж түбiртегiн ұсына отырып жолаушының;
Тармақша 5
5) багаж кем шыққан немесе зақымданған (бүлiнген) жағдайда - тасымалдаушы берген багаждың кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы коммерциялық актiнi ұсынушының;
Тармақша 6
6) жолаушы кемесiнiң шығуы кiдiртiлген немесе ол кешiгiп келген жағдайда - билетiн көрсете отырып жолаушының;
Тармақша 7
7) жүктiң немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнiң жеткiзiлу мерзiмдерi сақталмаған жағдайда - көлiктiк жүкқұжатты ұсына отырып, жүк алушының немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiнi алушының кiнә қоюға және талап қоюға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Осы бапта белгiленген кiнә қою мен талап қою құқығы тапсыру шарты немесе сенiмхат тиiстi түрде ресiмделген кезде жүк жөнелтушiге, жүк алушыға және өзге де жеке және заңды тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
Бап 99. 99-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртiбi
99-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртiбi
Тармақ 1
1. Тасымалдау (тiркеп сүйрету) шартынан туындайтын кiнә қоюлар жүк тасымалдаушыға талап қою мерзiмi iшiнде бiлдiрiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Жолаушыларды, багажды, жүктердi тасымалдауға немесе тiркеп сүйретiлетiн объектiлердi тiркеп сүйретуге байланысты туындайтын кiнә қоюлар тасымалдаушыларға немесе тiркеп сүйретушілерге олардың орналасқан жерлерi бойынша бiлдiрiледi.
Тармақ 3
3. Жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны және зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы кiнә қоюларға тасымалдау құжаттарынан басқа, кiнә қою құқығын растайтын құжаттар және жөнелтiлген жүктiң саны мен құнын куәландыратын құжаттар қоса берiлуге тиiс. Тасымалдау құжаттары түпнұсқа түрiнде ұсынылады.
Бап 100. 100-бап. Кiнә қоюларды қарау мерзiмi
100-бап. Кiнә қоюларды қарау мерзiмi
Тармақ 1
1. Кiнә қою ол алынған күннен бастап екi апта мерзiмде қаралуға тиiс.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 101. 101-бап. Талап қою мерзiмдерi
101-бап. Талап қою мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Тасымалдаушыға (тiркеп сүйретушіге) iшкi су жолдары арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талап қоюлар тасымалдаушы кiнә қоюды қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартқан жағдайда не кiнә қоюға тасымалдаушыдан мерзiмiнде жауап алынбаған жағдайда ұсынылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Талап қою мерзiмiнiң өтуi кiнә қоюға негiз болған оқиғалар туындаған күннен басталады.
Тармақ 3
3. Талап қою мерзiмi:
Тармақша 1
1) жүктердi тасымалдау (тiркеп сүйрету) шарты бойынша - бiр жыл;
Тармақша 2
2) жолаушылар мен багаж тасымалдау шарты бойынша - алты ай болып белгiленедi.
Тармақ 4
4. Кемелердiң соқтығысуына және құтқару операцияларын жүзеге асыруға байланысты туындаған қажеттiлiктер бойынша талап қоюлар екi жыл iшiнде ұсынылуы мүмкiн.
Тарау 18. 18-тарау. Қорытынды ережелер
18-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 102. 102-бап. Дауларды қарау
102-бап. Дауларды қарау
Iшкi су көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
Бап 103. 103-бап. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
103-бап. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.