Правила наложения и взыскания Национальным Банком Республики Казахстан штрафов за нарушения, связанные с банковской деятельностью Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қызметке байланысты құқық бұзғаны үшін айыппұл салу және өндіріп алу туралы ережесін бекіту туралы Банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында және қолданылып жүрген заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қызметке байланысты құқық бұзғаны үшін айыппұл салу және өндіріп алу туралы ереже бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қызметке байланысты құқық бұзғаны үшін айыппұл салу және өндіріп алу туралы ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.
Тармақ 3
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қызметке байланысты құқық бұзғаны үшін айыппұл салу және өндіріп алу туралы ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік қызметке байланысты құқық бұзғаны үшін айыппұл салу және өндіріп алу туралы ережесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 18 желтоқсан N 285 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік қызметке байланысты құқық бұзғаны үшін айыппұл салу және өндіріп алу туралы ережесі Осы Ереже Қазақ КСР-нiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрi - банктер), сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына банктiк қызметке байланысты заң бұзғаны үшiн айыппұл салу және өндiрiп алу тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Банк заңдарын бұзғаны үшін айыпты болған банктер және олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық Банк банктерге және олардың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының банктiк заңдарында белгiленген негiз бойынша немесе мүдделi адамдардың арызы бойынша сот арқылы айыппұл салады және өндiрiп алады. Қолданылып жүрген заңға сәйкес банкке шара қолданған жағдайда оның лауазымды адамдары осылай заңды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмайды.
Тармақ 3
3. Банктiк қызметке байланысты заң бұзғаны үшiн қолданылып жүрген заң белгiлеген негiзде және тәртiппен сот тәртiбiмен айыппұл (өсiмпұл) салынады және өндiрiп алынады.
Тармақ 4
4. Айыппұл салу түрiнде банкке тәртiптiк шара қолдану қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген басқа санкциялар мен ықпал етудің шектеулi шараларын банкке қолдану мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
Тармақ 5
5. Айыппұл салуға негiз болып табылатын заң бұзушылық жасалғаны туралы Ұлттық Банк тиiстi акт (хаттама) жасап, оған қажеттi құжаттарды тiркейдi. Анықталған заң бұзушылық туралы акт (хаттама) жасауға Ұлттық Банктiң банктердi қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлерi құқылы.
Тармақ 6
6. Анықталған заң бұзушылық туралы акт (хаттама) екi данада жасалады және мiндеттi түрде мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
Тармақша 1
1) оның жасалған күнi және орны;
Тармақша 2
2) акт (хаттама) жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi;
Тармақша 3
3) заң бұзушылықты анықтау көзi (бухгалтерлiк, банктiк есеп берудiң тексерiлуi немесе жасалған инспекцияның қорытындысы);
Тармақша 4
4) заң бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн нормативтiк құқықтық акт;
Тармақша 5
5) банктің заң бұзған лауазымды адамдары;
Тармақша 6
6) басқа да қажеттi мәлiметтер.
Тармақ 7
7. Анықталған заң бұзушылық туралы актідегi (хаттама) мәлiметтер қызмет үшiн пайдалануға арналған ақпарат болып табылады және заңда тiкелей көзделген жағдайда болмаса, үшiншi адамға берiлуге тиiстi емес.
Тармақ 8
8. Айыппұл өндiрiп алу жөнiндегi материалды қараудың нәтижесi туралы Ұлттық Банк жазбаша түрде банкке, банктің әкiмшiлiк жауапкершiлікке тартылған лауазымды адамына хабарлауға мiндеттi. Ұлттық Банктiң айыппұл өндiріп алу жөнiндегi материал бойынша шешiмi осы Ереженiң 9-тармағында белгiленген мерзiмде күшiне енедi.
Тармақ 9
9. Айыппұл салу және өндiрiп алу жөнiндегi тиiстi қаулымен банк келiспеген жағдайда банктің әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған лауазымды адамы осы шешiмге байланысты бiр ай мерзiм iшiнде сотқа беруге құқылы. Банк, банктiң әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған лауазымды адамы сот тәртiбiмен аталған шешiмге байланысты шағымданған жағдайда қабылданған қаулының орындалуы дауды сот қарағанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Тармақ 10
10. Ұлттық Банктiң банктердi қадағалауды жүзеге асыратын бөлiмшесi (бұдан әрi - банктердi қадағалау бөлiмшесi) банктерге және банктiң лауазымды адамдарына салынатын айып санкцияларының есебiн жүргiзедi, ол тиiстi реестрлерде көрсетiледi (N 1, 2 қосымша).
Тармақ 11
11. Банк заңдарының талаптарын бұзған тұлғаны (банк пен оның лауазымды адамы) анықтағанда Ұлттық Банк әдетте мына өлшемдерді ескередi:
Тармақша 1
1) айыбының ауырлығы;
Тармақша 2
2) жасалған заң бұзушылықтың үздiксiздiгi;
Тармақша 3
3) заң бұзушылықтың болатын зардаптары және ауырлығы;
Тармақша 4
4) тұлғаның айыптылығын шынайы айқындауға мүмкiндiк беретiн басқа да өлшемдер.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық Банктің банктерге айыппұл салу және өндiрiп алу жөнiндегi материалдарды ресiмдеу және қарау тәртiбi
2-тарау. Ұлттық Банктің банктерге айыппұл салу және өндiрiп алу жөнiндегi материалдарды ресiмдеу және қарау тәртiбi
Тармақ 12
12. Ұлттық Банктiң банктердi қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлерi заң бұзушылық анықталғаннан кейiн бiр апта мерзiм iшiнде анықталған заң бұзушылық туралы акт (хаттама) жасауға мiндеттi (N 3 қосымша). Актiге (хаттамаға) оны жасаған адам қол қояды, сондай-ақ банк Басқармасының Төрағасы (атқарушы органның басшысы) өзiне қатысты жасалатын хаттама жасаған адам не оның орнындағы адам қол қояды.
Тармақ 13
13. Банкке айып санкцияларын қолдануға негiз болып табылатын заң бұзушылық анықталған жағдайда (банктердiң қызметiне инспекция жасау (тексеру) кезiнде анықталған заң бұзушылықты есептемегенде) банкке Ұлттық Банк үш күннiң iшiнде тиiстi хабарлама жiбередi.
Тармақ 14
14. Актiге (хаттамаға) банк Басқармасының Төрағасы (атқарушы органның басшысы) немесе оның орнындағы адам қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған бұл туралы жазба жасалады. Осы орайда банк бес күн iшiнде Ұлттық Банкке актiге (хаттамаға) қоса тiркелген жазбаша түсiндiрменi және хаттаманың мазмұны жөнiнде ескертпелердi ұсынуға құқылы, оларды банк хаттамаға қол қоюдан бас тартқан себебiн жазып, түсiндiруге тиiс.
Тармақ 15
15. Жазбаша түсiндiрмелер мен ескертпелер Ұлттық Банктiң банктердi қадағалау бөлiмшелерiнде банктiң өкiлдерiн шақырып та шақырмай да қаралады.
Тармақ 16
16. Барлық қажеттi құжаттарды қарап болған соң банктердi қадағалау бөлiмшесi тиiстi қорытынды жасайды. Айыппұл салу және өндiрiп алу туралы қорытындыда банктiң қаржылық жағдайы туралы мәліметтен және заң бұзушылықтың мәні туралы ақпараттан басқа, банктен өндiрiп алынатын айыппұлдың болжалды сомасы, сондай-ақ қажет болса, банктің жазбаша түсiндiрмелерiнен бас тартудың негiздемесi болуға тиiс. Ұлттық Банктiң Заң департаментi алдын ала келiсiлгеннен кейiн, айып салу және өндiрiп алу туралы қорытындыға банктердi қадағалау бөлiмшесiнің басшысы қол қояды.
Тармақ 17
17. Банктердi қадағалау бөлiмшесi Ұлттық Банктiң Төрағасының тиiстi қорытындысымен бiрге Ұлттық Банк Басқармасының қарауына енгiзу үшiн анықталған заң бұзушылық туралы актіні (хаттаманы) және осы мәселе бойынша басқа материалдарды тапсырады.
Тармақ 18
18. Ұлттық Банктің Төрағасы немесе банктердi қадағалау департаментiне жетекшілік ететiн оның орынбасары (бұдан әрi - орынбасар) анықталған заң бұзушылық туралы материалдарды Ұлттық Банк Басқармасы қарағанға дейiн осы мәселені Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің қарауына енгізуге құқылы, оның шешiмi ақыл-кеңес сипатында болады.
Тармақ 19
19. Банкке айыппұл санкцияларын қолдану туралы материалдарды қараудың қорытындысы бойынша Ұлттық Банк Басқармасы тиісті шешім қабылдайды. Қабылданған шешiм Басқарма қаулысы түрiнде ресiмделедi, онда мiндеттi түрде банктен өндiрiп алынатын айыппұл сомасы көрсетiлуге тиiс.
Тармақ 20
20. Ұлттық Банк Басқармасы банктен айыппұл өндiрiп алу туралы берiлген материал бойынша қажеттi құжаттар қарауға түскен күннен бастап 30 күн iшiнде, бiрақ заң бұзушылық анықталған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей шешiм қабылдайды.
Тармақ 21
21. Банк тиiстi қаулыны банкке жiберген күннен бастап он банктiк күн iшiнде айыппұл сомасын республикалық бюджетке аударуға мiндеттi (осы Ереженің 9-тармағында белгiленген талаптарды ескере отырып). Банк айыппұлды төлегеннен кейiн Ұлттық Банкке оның айыппұлды төлегенiн растайтын құжаттың банк куәландырған көшiрмесiмен бiрге тiркеп, тиiстi хабарлама жiбередi.
Тарау 3. 3-тарау. Ұлттық Банктің банктердiң лауазымды адамдарына әкiмшiлiк тәртiп шараларын белгiлеу және қолдану туралы материалдарды ресiмдеу және қарау тәртiбi
3-тарау. Ұлттық Банктің банктердiң лауазымды адамдарына әкiмшiлiк тәртiп шараларын белгiлеу және қолдану туралы материалдарды ресiмдеу және қарау тәртiбi
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының банктiк заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке банктің мынадай лауазымды адамдары тартылады: бiрiншi басшы және оның орынбасарлары (оның iшiнде филиалдың), бас бухгалтер және оның орынбасарлары (оның ішінде филиалдың).
Тармақ 23
23. Ұлттық Банктiң банктердi қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлерi банктiң лауазымды қызметкерлерi жасаған заң бұзушылықты анықтағаннан кейiнгi бiр апта мерзімнің ішінде анықталған заң бұзушылық туралы акт (хаттама) жасауға міндеттi (N 4 қосымша). Актiге (хаттамаға) оны жасаған адам, сондай-ақ банктiң өзiне қатысты хаттама жасалған лауазымды адамы қол қояды.
Тармақ 24
24. Банктiң лауазымды адамына айып санкцияларын қолдануға негiз болып табылатын заң бұзушылық анықталған жағдайда (банктердiң қызметiне инспекция жасау (тексеру) кезiнде анықталған заң бұзушылықты есептемегенде) банктің лауазымды адамына Ұлттық Банк үш күннiң iшiнде тиiстi хабарлама жiбередi.
Тармақ 25
25. Актiге (хаттамаға) банктiң заң бұзушылық жасаған лауазымды адамы қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған бұл туралы жазба жасалады. Осы орайда банктiң лауазымды адамы бес күн iшiнде Ұлттық Банкке актіге (хаттамаға) қоса тiркелген жазбаша түсiндiрменi және хаттаманың мазмұны жөнiнде ескертпелердi ұсынуға құқылы, оларда өзiнiң хаттамаға қол қоюдан бас тартқан себебiн жазып, түсiндiруге тиiс.
Тармақ 26
26. Жазбаша түсiндiрмелер мен ескертпелердi Ұлттық Банктiң банктердi қадағалау бөлiмшесi заң департаментiмен бiрлесе отырып банктiң өзiне қатысты акт (хаттама) жасалған лауазымды адамын шақырып та шақырмай да қарайды.
Тармақ 27
27. Барлық қажеттi құжаттарды қарап болған соң Ұлттық Банктiң банктердi қадағалауды жүзеге асыратын бөлiмшесi тиiстi қорытынды жасайды. Айыппұл салу және өндiрiп алу туралы қорытындыда лауазымды адамның заң бұзушылығының мәнi туралы ақпараттан басқа, банктiң лауазымды адамнан өндіріп алынатын айыппұлдың болжалды сомасы, сондай-ақ қажет болса, банктiң лауазымды адамының жазбаша түсіндірмелерінен бас тартудың негіздемесі болуға тиіс. Ұлттық Банктің Заң департаментімен алдын ала келісілгеннен кейін, айып салу және өндіріп алу туралы қорытындыға банктер қадағалау бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды.
Тармақ 28
28. Банктердi қадағалау бөлiмшесi анықталған заң бұзушылық туралы актiнi (хаттаманы) және осы мәселе бойынша басқа материалдарды тиiстi қорытындысымен бiрге Ұлттық Банк Төрағасының немесе орынбасарының қарауына тапсырар.
Тармақ 29
29. Ұлттық Банктiң Төрағасы немесе оның орынбасары анықталған заң бұзушылық туралы материалдарды өзi қарағанға дейiн осы мәселенi Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзуге құқылы, оның шешiмi ақыл-кеңес сипатында болады.
Тармақ 30
30. Ұлттық Банк Төрағасы немесе оның орынбасары осы мәселе туралы қаулы түрiнде шешiм қабылдайды, қаулыда банктің лауазымды адамынан өндiрiп алынатын айыппұл сомасы мiндеттi түрде көрсетiлуге тиiс (N 5 қосымша).
Тармақ 31
31. Ұлттық Банк Төрағасы, оның орынбасары өз өкiлеттiгi шегінде банктiң лауазымды адамынан айыппұл өндiрiп алу туралы берiлген материал бойынша қажеттi құжаттар қарауға түскен күннен бастап 30 күн iшiнде, бiрақ заң бұзушылық анықталған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей шешiм қабылдайды.
Тармақ 32
32. Банктің лауазымды адамы тиiстi қаулыны оған жiберген күннен бастап он банктiк күн iшiнде айыппұл сомасын республикалық бюджетке аударуға мiндеттi (осы Ереженiң 9-тармағында белгiленген талаптарды ескере отырып).
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 33
33. Айыппұл салу және өндіріп алу туралы қаулыны орындамағаны үшін заң бұзушы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап береді. 34. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына сәйкес шешілуге тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқа 1
Басқармасының 1998 жылғы 18 желтоқсан N 285 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қызметке байланысты құқық бұзғаны үшін айыппұл салу және өндіріп алу туралы Ережесіне N 1 Қосымша Банктерге салынатын айыппұл санкцияларының Тізімі __________________________________________________________________________ |N|Банктің |Айыппұл салу | ҚРҰБ |Актінің|Айыппұл |Салынған|Орындалған|Бас. | |толық |және өндіріп |Басқар.|N және | салу |айыппұл | күні |қа. | |атауы |алу туралы |масы |оның |негізде.|сомасы | |лары | |және ме.|Басқарманың |қаулы. |жасал. |месі | | | | |кен-жайы|қаулысының |сының |ған | | | | | | |күні және |банкке |күні | | | | | | |нөмері |жібе. | | | | | | | | |рілген | | | | | | | | |күні | | | | | |_|________|_____________|_______|_______|________|________|__________|____ |_|________|_____________|_______|_______|________|________|__________|____ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқа 2
Басқармасының 1998 жылғы 18 желтоқсан N 285 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қызметке байланысты құқық бұзғаны үшін айыппұл салу және өндіріп алу туралы Ережесіне N 2 Қосымша Банктің лауазымды адамдарына салынатын айыппұл санкцияларын салу Тізімі __________________________________________________________________________ |р/н|Аты-жөні,|Айыппұл салу және|Қаулыны |Актінің|Айыппұл|Салынған|Орын|Бас | |лауазымы |өндіріп алу тура.|банктің |N және |салу |айыппұл |дал.|қа | | |лы қаулының күні |лауазым.|оны жа.|негіз. |сомасы |ған | | | |және нөмері |ды ада. |саған |демесі | |күн | | | | |мына |күн | | | | | | | |жеткіз. | | | | | | | | |ген күн | | | | | |___|_________|_________________|________|_______|_______|________|____|___ |___|_________|_________________|________|_______|_______|________|____|___ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқа 3
Басқармасының 1998 жылғы 18 желтоқсан N 285 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қызметке байланысты құқық бұзғаны үшін айыппұл салу және өндіріп алу туралы Ережесіне N 3 Қосымша қызметте қолдану үшін Банк қызметіне байланысты анықталған құқық бұзушылық туралы Акт (хаттама) Хаттаманың жасалған күні және орны___________________________________ ___________________________________________________________________________ Ұлттық Банктің банктік қадағалауды жүргізуші қызметкерлері) _________ ___________________________________________________________________________ (Аты-жөні, лауазымы) ____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығының 74-8 бабын басшылыққа ала отырып, нәтижесінде: ________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ мынадай құқық бұзушылықты(тарды) байқады _____________________________ ________________________________________________________________ (банктің толық атауы) банкке айыппұл санкциясын қолдануға негіз болған__________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ _________________________ Басқа мәліметтер_____________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Ұлттық Банктің хаттаманы Банк Басқармасы жасаған қызметкерінің қолы Төрағасының қолы (орындаушы орган басшысы) _________________________ _________________________ М.О. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқа 4
Басқармасының 1998 жылғы 18 желтоқсан N 285 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қызметке байланысты құқық бұзғаны үшін айыппұл салу және өндіріп алу туралы Ережесіне N 4 Қосымша қызметте қолдану үшін Банк қызметіне байланысты анықталған құқық бұзушылық туралы Акт (хаттама) Хаттаманың жасалған күні және орны ___________________________________ ___________________________________________________________________________ Ұлттық Банктің банктік қадағалауды жүргізуші қызметкер(лері)_________ ___________________________________________________________________________ (Аты-жөні, лауазымы) ____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығының 74-8 бабын басшылыққа ала отырып, нәтижесінде:____________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ мынадай құқық бұзушылықты(тарды) байқады_____________________________ ________________________________________________________________ (банктің құқық бұзушылықты (тарды) байқады)___________________________ ___________________________________________________________________________ (банктің құқық бұзған адамының аты-жөні) ___________________________________________________________________________ (қызметінің атауы) банктің лауазымды адамына айыппұл санкциясын қолдануға негіз болған_______ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Басқа мәліметтер_____________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Ұлттық Банктің хаттаманы Банктің лауазымды адамының жасаған қызметкерінің қолы қолы _________________________ _________________________ М.О. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқа 5
Басқармасының 1998 жылғы 18 желтоқсан N 285 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қызметке байланысты құқық бұзғаны үшін айыппұл салу және өндіріп алу туралы Ережесіне N 5 Қосымша Өндіріп алудың әкімшілік шараларын қолдану туралы ____ жылғы "____"__________N ______ Қаулы _______________________________________________________________________ (банктің құқық бұзғаны лауазымды адамының аты-жөні, атқаратын қызметі) банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін Банктің лауазымды адамына айыппұл санкцияларын қолдануға негіз болып табылған анықталған құқық бұзу салдарынан және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығының 74-8-бабының негізінде: 1. _______________________________________________________________________ (банктің құқық бұзған лауазымды адамының аты-жөні) _____________________________________________________________________ үшін (банк қызметіне байланысты құқық бұзу тізбесі) __________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ 2.________________________________________________________________________ (банктік қадағалауды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің бөлімшесі) үш күндік мерзімде осы қаулыны аталған лауазымды адамға орындауы үшін жіберсін. 3. Осы Қаулының орындалуын бақылау банктік қадағалауды жүзеге асыратын Ұлттық Банк бөлімшесінің басшысына________________________________________ (аты-жөні) жүктелсін.