О совершенствовании порядка издания и распространения научных трудов Министерства науки-Академии наук Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі-Ғылым академиясының ғылыми еңбектерін басып шығару және тарату тәртібін жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы (бұдан әрi - Ғылымминi-Ғылым академиясы) алқасының 1998 жылғы 16 қазандағы N 31 қаулысына және Ғылымминi-Ғылым академиясы Ғылыми-баспалық кеңесiнiң 1998 жылғы 8 қыркүйектегi шешiмiне сәйкес және Ғылымминi-Ғылым академиясының ғылыми еңбектерiн басып шығару және тарату тәртiбiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясының қоса берiлген ғылыми еңбектерiн басып шығару тәртiбi бекiтiлсiн (әрi қарай - Тәртiбi).
Тармақ 2
2. Ғылымминi-Ғылым академиясының құрылымдық бөлiмшелерi, баспалары мен Тәртiпте көрсетiлген өзге ұйымдары Ғылымминi-Ғылым академиясы ғылыми еңбектерiн осы Тәртiпке сәйкес басып шығару және таратуды қамтамасыз ету үшiн тиiстi шаралар қолдансын.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясының ғылыми еңбектерiн басып шығару Тәртібі
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау және ақпараттық инфрақұрылым департаментiнiң директоры В.И. Дробжевке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Ғылым министрi - Ғылым
академиясы президентiнiң
1998 ж. 30 қараша
N 233 бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясының ғылыми еңбектерiн басып шығару Тәртібі
Тарау i. I тарау. Жалпы ережелер
I тарау. Жалпы ережелер
Бөлім 1. 1 бөлiм. Осы тәртiппен реттелетiн қатынастар
1 бөлiм. Осы тәртiппен реттелетiн қатынастар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясының ғылыми еңбектерiн басып шығарудың осы тәртiбi (әрi қарай - Тәртiбi) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы туралы ережелер (әрi қарай ҚР ҒМ - ҒА) және ҚР ҒМ - FA Ғылыми-баспалық кеңесi туралы ереже (әрi қарай - ҒБК) негiзiнде Қазақстан заңдары шеңберiнде әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы Тәртiп ғылыми-баспалық қызметтi iске асыру барысында авторлар, ғылыми еңбектер авторлары ұжымдары, институттар (орталықтар) ғылым бөлiмшелерi, ҒБК секциялары, Ғылыми-баспалық кеңес, Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы, баспалар, ҚазмемҒТАИ және басқа мүдделi мекемелер, ғылыми әдебиет оқырмандары арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Бөлім 2. 2 бөлiм. Негiзгi ұғымдар
2 бөлiм. Негiзгi ұғымдар
Тармақ 3
3. Мәтiнде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) оқырман адресi - белгiлi бiр оқырман аудиториясы (ортасы), егер ғылыми әдебиеттi алсақ - оның аудиториясы ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, ғылымды мамандық тұтқан адамдар, ғылыми-көпшiлiк әдебиет болса - оның оқырмандары ғылымның осы саласының маманы емес;
Тармақша 2
2) басылым - редакциялық-баспалық өндеуден өткен полиграфиялық жағынан дербес безендiрiлген, ГОСТ белгiлеген шығу мәлiметтерi бар және кiтаптың мазмұнындағы ақпаратты беруге арналған баспасөз туындысы;
Тармақша 3
3) ғылыми басылымның анықтама аппараты-аннотация (түсiнiктеме), шығу мәлiметтерi, алғысөз, кiрiспе мақала, соңғы сөз, ескерту, түсiндiрме, библиографиялық тiзiм, көрсеткiштер, қосымшалар, кiтап рефераты, мазмұны т.б.;
Тармақша 4
4) мазмұны және тараулар тiзбесi - айдар көрсеткiшi, яғни атаулар көрсеткiшi:
мазмұны - басылымға кiрген шығарманың (туынды) көрсеткіші (әңгiме, мақала, құжаттар және т.б.);
тараулар тiзбесi - жеке басылым болып шыққан туындының атаулар көрсеткiшi;
Тармақша 5
5) ғылыми еңбектер - кiтаптар, кiтапшалар, монографиялар, оқулықтар, жинақтар, препринттер, мақалалар және т.б.;
Тармақша 6
6) кiтап-көлемi 48 беттен асатын периодикалық емес кiтап басылымы;
Тармақша 7
7) кiтапша - көлемi 4 беттен 48 бетке дейiнгi периодикалық емес кiтап басылымы;
Тармақша 8
8) монография - бiр немесе бiрнеше авторлардың бiр проблеманы болмаса тақырыпты толық және жан-жақты зерттеуiне арналған кiтап не кiтапша түрiндегi ғылыми басылым. Монография жеке эмпиризмдiк фактiлердi сипаттап және оларды зерделеуден ғылыми теорияларды жүйелi түрде баяндауға, тұжырымдамаларды негiздеуге, ғылыми iзденiстердiң стратегиясын жасауға мүмкiндiк бередi;
Тармақша 9
9) оқулық - оқу бағдарламасына лайықталған пәндi немесе оның тарауын, бөлiмiн жүйелеп баяндайтын және осындай басылым ретiнде ресми бекiтiлген оқулық басылым;
Тармақша 10
10) қолжазба - қолдан жазылған яки жазу машинкасына (компьютерге) басылған автордың мәтiндiк түпнұсқасы не көшiрмесi;
Тармақша 11
11) рецензия - қолжазбаның мазмұнына, композициясына, тiлi мен стилiне талдау, шығармаға әдiстемелiк бағасы, жалпы қорытындысы бар сын-пiкiр;
Тармақша 12
12) аннотация - баспа туындысының мазмұнына, мiндетi, нысаны және басқа ерекшелiктерiне тоқталатын қысқаша сипаттама. Ол түсiнiктi, қызықты, әдеби тiлмен жазылуы, туындының негiзгi ой-мақсатын, кiмдерге арналып жазылғанын анықтай бiлуi тиiс. Аннотацияның орташа көлемi 600 баспа таңбасы;
Тармақша 13
13) реферат - негiзгi нақты мәлiметтерi мен қорытындылары бар бастапқы құжаттың қысқаша мазмұнын баяндау. Реферат мәтiнi мынадай жоспар бойынша түзеледi: тақырып, пән (объект), жұмыстың сипаты мен мақсаты, пайдаланылған әдiс, нақты нәтижелерi, қолдану саласы. Рефератты негiзiнде жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойынша басылымдарда жариялайды. Рефераттың баспа таңбасымен орташа көлемi: мақалалар, патенттер - 1000, көлемi үлкен құжаттар үшiн - 2500 таңба;
Тармақша 14
14) авторлық табақ (авт.т.) - авторлар, аудармашылар, редакторлар және т.б. еңбегiн есептеу үшiн алынған туындының көлемiн өлшеу бiрлiгi. Бiр авторлық табақ 40000 (әрiптердi, сандарды, тыныс белгiлерi мен сөз арасындағы ашық жерлердi қосқанда) баспа таңбадан тұрады, яғни екi интервал (бiр бетте 30 жол әрбiр жолда 60 баспа таңбадан) аралықпен машинкаға басылған мәтiн 22-23 бетке тең болады, не 700 жол өлеңмен жазылған мәтiн, яки 3000 кв.см иллюстрациялық материал.
Тарау 2. 2 тарау. Ғылыми еңбектерді басып шығару тәртібі
2 тарау. Ғылыми еңбектерді басып шығару тәртібі
Бөлім 3. 3 бөлiм. Түпнұсқаны дайындау
3 бөлiм. Түпнұсқаны дайындау
Тармақ 4
4. Түпнұсқаның бағдарламасы не жоспары - автор түпнұсқада баяндағысы келетiн мәселелердiң толық тiзбесi.
Бағдарламаның жүйелi түсiндiрмесi бөлiмдер, тараулар, параграфтарға бөлiнедi. Ол туындының мазмұны мен құрылым принципiн ашып айтып бередi. Бағдарламаға болашақ кiтаптың атауы, көлемi, мақсаты, аннотациясы, оқырмандық адресi, анықтама аппаратының сипаттамасы мен көлемiн, иллюстрацияларының саны мен сипаты кiредi. Түпнұсқаның аты қысқа және оның негiзгi идеясын айқын бiлдiруi тиiс.
Тармақ 5
5. Түпнұсқа тақырыптың қазiргi деңгейiн көрсетуi, ғылыми-техникалық мәселелердi бiлiктi баяндауы, жақсы әдеби тiлмен анық құрылымдық баяндауды меңгеруi, әдемi орындалған өзiндiк суреттер, сызбалар, фотосуреттер түрiндегi безендiрулерi (иллюстрация) болуы тиiс.
Тармақ 6
6. Теруге даярланған түпнұсқа, әдетте, мынадай элементтерден тұруы қажет: мұқабаның оң жағындағы (бетi), кiтаптың бiрiншi бетi, аннотациясы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерiнде), алғы сөзi, кiрiспесi, негiзгi авторлық текст, қосымшалары, иллюстрациялар, библиография, ескертулер мен түсiнiктемелер (комментарийлер), көрсеткiштер, мазмұны.
Тармақ 7
7. Түпнұсқаны рецензиялағанда мына схемаларды басшылыққа алған жөн:
Тармақша 1
1) тақырыптың толықтылығын негiздеу;
Тармақша 2
2) ғылыми мазмұнын бағалау;
Тармақша 3
3) тiлi мен стилiн, құрылымын (архитектоникасын) бағалау;
Тармақша 4
4) иллюстрациялық материалына баға беру;
Тармақша 5
5) түпнұсқаның көлемiне баға беру (қысқарту не толықтыру);
Тармақша 6
6) жалпы қорытынды (түзетуден кейiн басып шығару, жалпы жарияламау).
Рецензияда бiрiншi кезекте автордың мына принциптiк сипаттағы мәселелердi қалай шешкенiн көрсетуi талап етiледi: ғылыми мазмұны-мағынасы, материалды толық баяндауы, ғылыми жаңалығы, тақырыптың толықтылығы, көкейтестiлiгi, қарауға ұсынылған түпнұсқаның iргелi және қолданбалы маңызы.
Бөлім 4. 4 бөлiм. Ғылыми еңбектердi басып шығару квотасы
4 бөлiм. Ғылыми еңбектердi басып шығару квотасы
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ғылыми еңбектерiн орталықтандырылған қаржы есебiнен басып шығару үшiн әрбiр ғылыми бөлiмшеге жыл сайын квота белгiленедi.
Тармақ 9
9. Квота ғылыми бөлiмшелер iшiнде орындалатын ғылыми бағдарламалардың көлемiне, басым iргелi және қолданбалы зерттеулердiң дамуы үшiн маңыздылық дәрежесiне қарай институттар арасында бөлiнедi.
Бөлім 5. 5 бөлiм. Ғылыми еңбектердi басып шығарудың қаржы көздерi
5 бөлiм. Ғылыми еңбектердi басып шығарудың қаржы көздерi
Тармақ 10
10. Ғылыми еңбектердi басып шығаруды қаржыландыру ғылыми бөлiмшелерге iргелi зерттеулерi бағдарламаларына квоталарға сәйкес белгiленген қаражат есебiнен бiр орталықтан жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Қаржыландырудың басқа да көздерi пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджеттен тыс қаржылар;
Тармақша 2
2) Ғылым қорының қаражаттары;
Тармақша 3
3) Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi тапсырылған тақырыптама не бағыт бойынша басылымдарға бөлген қаражат;
Тармақша 4
4) шетелдiк және отандық компаниялардың, фирмалар, банктер, жеке тұлғалардың және т.б. демеушiлiк қолдауы;
Тармақша 5
5) халықаралық гранттар;
Тармақша 6
6) автордың қаражаты.
Тармақ 12
12. Орталықтандырылған бюджеттен қаржыландыру есебiнен автор жылына бiр ғана кiтап шығаруы мүмкiн (жеке немесе ұжым болып). Басқа тең жағдайларда Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігi-Ғылым академиясының ұйымдарында қызмет ететiн авторларға артықшылық берiледi.
Бөлім 6. 6 бөлiм. Басылымға түпнұсқа таңдау
6 бөлiм. Басылымға түпнұсқа таңдау
Тармақ 13
13. Түпнұсқа мынадай таңдау кезеңдерiнен өтуi тиiс:
Тармақша 1
1) автор (болмаса авторлар ұжымы) институт ғылыми кеңесiнiң қарауына (ғылыми орталықтың ғылыми-техникалық кеңесiне) өзiнiң түпнұсқасымен қоса осы тақырыптама бойынша зерттеулер жағдайы туралы қысқаша аналитикалық шолу тапсырады, болашақ кiтапты жоғары оқу орындарындағы оқу процесiн жетiлдiру үшін пайдалану мүмкiншiлiгiн атап көрсетедi, басылымды тарату және потенциялды оқырмандар тобы туралы мәлiметтер келтiредi;
Тармақша 2
2) институт (орталық) басшылығы түпнұсқаны осы мамандық бойынша екi ғылым докторына iшкi және сыртқы рецензияға жiбередi. Рецензияларды алған соң түпнұсқа ғылыми кеңестiң мәжілісiнде - талқыланады. Ғылыми кеңес оң қорытынды берген жағдайда осы саланың жетекшi ғалымдары қатарынан жауапты редактор тағайындалады;
Тармақша 3
3) Редакцияланған түпнұсқа рецензенттердiң сын-пiкiрлерiмен және республиканың жақын және ұзақ мерзiмдi перспективалық дамуының негiзгi бағыттарына сәйкестiгi көрсетiлген, жұмыстың iргелi ғылымдар дамуы үшiн толықтылығы, маңызы, автор зерттеп жүрген проблемалардың әртүрлi деңгейдегi конференциялардағы (соңғы 5 жылда) басымдылығы мен талқылану дәрежесi айтылған ғылыми кеңестiң қорытындысымен тиiстi ғылыми бөлiмшеге жiберiледi;
Тармақша 4
4) ғылыми бөлiмше ғылыми - баспа секциясымен бiрлесе отырып ғылымның әртүрлi салалары бойынша жоғары бiлiктi рецензенттер тiзiмiн жасап, бекiтедi (құрамын ротациялау принципiн сақтай отырып) олармен еңбек келiсiмiн жасайды, ол үшiн түпнұсқаларды жабық ақылы рецензиялаудан өткiзедi және авторды рецензиямен таныстырады, автордан ескертулерге жазбаша түрде жауап хат алады;
Тармақша 5
5) тиiстi ҒБК секция мен бөлiмше бюросының бiрлескен шешiмi бойынша түпнұсқа бөлiмше басылымдарының жоспарына енгiзiледi немесе қайтарылып берiледi (оның дәлелдi себептерi келтiрiледi);
Тармақша 6
6) ғылыми бөлiмше жыл сайын мамыр - маусым айларында өзiнiң орталықтан қаржыландыру жөнiндегi квотасын ескере отырып келесi жыл басылымдарының редакциялық дайындығын жасайды (қаржыландыру мерзiмi мен көздерiн көрсете отырып), оған еңбектердiң аннотациясын (рефераттарын) тiркеп, ғылыми-баспа жұмыстары секторына жiбередi;
Тармақша 7
7) ғылыми-баспа секторы Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi- Ғылым академиясы ғылыми мекемелерiнiң бiр орталықтан қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-көпшiлiк әдебиетi басылымдарының жылдық жоспарының жобасын қалыптастырады да материалдарын Ғылыми-баспа кеңесiне тапсырады;
Тармақша 3
3) ҒБК Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы ғылыми басылымдардың жылдық жоспарын, сондай-ақ орталықтандырылған қаржы есебiнен шығарылатын ғылыми еңбектер тiзбесiн қарайды және бекiтедi.
Тармақ 14
14. Ғылыми-баспа жұмыстары секторы осы жылғы маусым айында басын түзу үшiн Мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламалар және оларды ресурстық қамсыздандыру департаментiне ҒБК бекiткен орталықтандырылған қаржы бюджетi есебiнен шығарылатын ғылыми еңбектер тiзбесiмен шығыс сметасының жобасын тапсырады.
Тармақ 15
15. Орталықтандырылған қаржы бюджетi есебiнен шығарылатын ғылыми еңбектер тiзбесiн ҚР ҒМ-ҒА алқасы бекiтедi де анықталған смета жобасымен бiрге (әрбiр монография бойынша калькуляцияны қоса алғанда) 1 желтоқсанда тапсырылады.
Бөлім 7. 7 бөлiм. Ғылыми еңбектердi шығару
7 бөлiм. Ғылыми еңбектердi шығару
Тармақ 16
16. ҚР ҒМ-ҒЛ ғылыми еңбектерiн орталықтандырылған қаржы есебiнен шығаруды Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы жариялаған ғылыми әдебиет шығару жөнiндегi ашық конкурста (тендер) жеңiп шыққан баспа жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. ҚР ҒМ-ҒА қаржы көздерi мен түпнұсқалардың дайындық мерзiмi көрсетiлiп бекiтiлген ғылыми басылымдар шығару жылдың жоспары тақырыптық және редакциялық жоспарларға кiргiзу үшiн баспаға жiберiледi.
Тармақ 18
18. ҚР ҒМ-ҒА қаржы көздерi мен дайындық мерзiмi көрсетiлiп жылдық ғылыми басылымдар шығару жоспарына енгiзiлген түпнұсқалар баспаның көрсеткен мерзiмi мен талаптарына сәйкес баспаға ұсынылады:
Тармақша 1
1) түпнұсқа мен иллюстрациялық материал баспаға әбден бiткен және жинақталған түрiнде (библиографиясы, көрсеткiштерi, тараулар тiзбесi немесе мазмұнымен қоса) тақырыптық жоспарда көзделген көлемде тапсырылуы тиiс;
Тармақша 2
2) физика-математика ғылымдары, геология, тау-кен iстерi, металлургия, энергетика, химия, география, экономика жөнiндегi жұмыстар, сондай-ақ (қажет болған жағдайда) медицина және басқа ғылымдар бойынша еңбектер үшiн сараптау комиссиясының актiсi. Актте суреттер мiндеттi түрде ескертiлуi тиiс. Егер карталар не схемалар болса, онда олардың қандай географиялық негiзде орындалғанын (тек қана 1:2500000 масштабты карталарды пайдалану мүмкiн) көрсету қажет. Егер түпнұсқа сараптаманы қажет етпейтiн болса, оны институт директорының хатында, болмаса ғылыми кеңестiң шешiмiнен көшiрмесiнде көрсету керек ("Ашық жариялауға бекiтiлген, сараптау актiсi талап етiлмейдi");
Тармақша 3
3) автордың жұмысында құпия яки жариялауға болмайтын материалдар не аяқталмаған болмаса жариялауға тыйым салынған зерттеу және эксперименталдық жұмыстардың мәліметтері келтiрiлмегендiгi туралы анықтама. Анықтаманы мекеменiң басшысы бекiтуi тиiс;
Тармақша 4
4) тиiстi министрлiк қорытындысының көшiрмесi (егер талап етiлсе);
Тармақша 5
5) кiтаптың шығуына мүдделi ұйымдар мен тұлғалар тiзiмi, олардың саны көрсетiлген таралымға сәйкес келуi тиiс;
Тармақша 6
6) түпнұсқаның тапсырысты басылымына - ғылыми мекеменiң директоры мен бас бухгалтерiнiң кiтаптi шығаруға байланысты барлық шығынды төлейтiнi туралы кепiлдеме хаты;
Тармақша 7
7) түпнұсқаның бiрiншi бетiнде жауапты редактордың:
"баспаға дайын" деген таңбасы мен қолы болуы тиiс. Жинақтар үшiн жауапты редактордың қолымен қатар редакциялық алқаның барлық мүшелерiнiң қолы болуы шарт.
Сонымен бiрге бiрiншi бетте автор (ал жинақтар үшiн жауапты редактор) аударма мәтiндерi, дәйексөздер, латын (не шетел тiлiндегi мәтiн), аты-жөнi, тегi, сандық материалдар тексерiлдi деген белгi қоюы тиiс.
Жинақтарда мақала авторлары қол қоюы қажет немесе олардың түпнұсқамен сәйкестiгiн редакциялық алқаның жауапты хатшысы растауы тиiс;
Тармақша 8
8) кiтаптың мұқабасында жоғарыдан төмен, ретiмен:
Тармақша а
а) кітаптың басында: "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы";
Тармақша б
б) автордың аты-жөнi, тегi (монографиялар мен кiтапшалар үшiн);
Тармақша в
в) кiтаптың аты;
Тармақша г
г) том, бөлiм, шығарылым не кiтаптың рет нөмiрi (басылым жалғастырылатын немесе сериялы болса);
Тармақша д
д) басылымның шығу орны (Алматы) мен шығатын жылы;
Тармақша 9
9) түпнұсқаның бiрiншi бетiнде:
Тармақша а
а) "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы және институт атауы" (еңбектер жинағына институт атауы орнына: "... институтының еңбектерi, Том ... ");
Тармақша б
б) автордың аты-жөнi, тегi (монографиялар мен кiтапшалар үшiн);
Тармақша в
в) кiтап аты (кейде оның мазмұнын айқындайтын тақырыпша):
Тармақша г
г) том, бөлiм, шығарылым не кiтаптың рет нөмiрi (басылым жалғастырылатын не сериялы болса);
Тармақша д
д) баспаның атауы;
Тармақша e
e) басылымның шығу орны (Алматы) мен шығатын жылы;
Тармақша 10
10) бiрiншi беттiң екiншi жағында аннотация (реферат) берiледi, кiтаптың жауапты редакторы, редакциялық алқасы, құрастырушылары көрсетiледi;
Тармақша 11
11) бөлiмдердiң, бөлiктердiң, тараулар, параграфтар атаулары "Тараулар тiзбесiнде" ретiмен әрi қысқартылмаған түрде берiледi.
Шығарманың не оның бөлiктерiнiң атаулары олардың орындарынан белгiлi болады: маңызы жағынан теңбе-тең атаулар азат жолда бiр қатармен жазылады;
Тармақша 12
12) бiрнеше дербес (жеке-жеке) мақалалардан тұратын кiтаптың "Мазмұнында" (институттардың жинақтары, ғылыми еңбектерi) авторлардың тегi (фамилиялары) мен мақалалардың атаулары) рет-ретiмен бiрiнен кейiн бiрi келтiрiледi. Аты-жөнi фамилияның алдында жазылады. Мақалаларды нөмiрлеуге және олардың парақтарының нөмiрлерiн түпнұсқада жазуға болмайды;
Тармақша 13
13) "Тараулар тiзбесi" не "Мазмұны" кiтаптың соңында келтiрiледi.
Бөлім 8. 8 бөлiм. Жарияланған басылымдарды құлақтандыру және рефераттау
8 бөлiм. Жарияланған басылымдарды құлақтандыру және рефераттау
Тармақ 19
19. Ғылыми еңбектерi ҚР Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясының жоспарына енген авторлар түпнұсқаға аннотацияларын не рефераттарын (жаратылыстану және техникалық ғылымдар үшiн) қазақ, орыс, ағылшын тілдерiнде басылған және дискеттер түрiнде (мәтiндер текст форматында сақталған болуы тиiс, бiрақ *DОС. форматында емес) материалды ҒБК қарауына уақытылы дайындап тапсыру үшiн ғылыми-баспа жұмыстары секторына ұсынады.
Тармақ 20
20. ҚР ҒМ-ҒА Ғылыми-баспа кеңесi мақұлдаған жарияланбақ басылымдар туралы немесе рефераттар (қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiнде) мына ұйымдарға жiберiледi:
Тармақша 1
1) ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар бойынша рефераттар жинағында жариялау үшін (5 сериялы, басылу мерзiмi - жылына екi рет) және (немесе) рефераттық журналдарда шығару мақсатында ҚазмемҒТАИ;
Тармақша 2
2) ҚР ҒМ-ҒЛ ғылыми журналдар редакциялары: "ҚР ҒМ-ҒА хабаршысы", "ҒМ-ҒА баяндамалары", "ҚР ҒМ-ҒА хабарлары мына сериялар бойынша: физика-математика ғылымдары, биологиялық және медицина ғылымдары, химия-технологиялық ғылымдар, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, филология ғылымдары", "Қазақстан геологиясы" "Минералдық шикiзатты кешендi пайдалану" (тиiстiлiгiне қарай) журналдар мұқабаларының 3 және 4 жақтарына басу үшiн;
Тармақша 3
3) проспектiлерге енгiзу мақсатымен баспаларға;
Тармақша 4
4) республиканың жетекшi кiтапханаларына, университеттерге, ғылыми орталықтарға оқырмандармен мамандардың мүдделiлiгiн анықтау мақсатымен;
Тармақша 5
5) жариялануға дайындалып жатқан және басылып шыққан еңбектер туралы ағылшын тiлiндегi ақпарат-мәлiметтер Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы интернетiне орналастырылады (жалпы көлемi 0,5 - 1 авт.т.).
Тарау 3. 3 тарау. Баспадан шыққан еңбектерді тарату
3 тарау. Баспадан шыққан еңбектерді тарату
Бөлім 9. 9 бөлiм. Ғылыми еңбектердi тарату, сату бағасын қалыптастыру және сатудан түскен қаржыны бағыттау
9 бөлiм. Ғылыми еңбектердi тарату, сату бағасын қалыптастыру және сатудан түскен қаржыны бағыттау
Тармақ 21
21. Басылған ғылыми еңбектердi тарату:
Тармақша 1
1) баспалар тегiн тарататын ұйымдар:
Ақпарат және баспасөз министрiнiң 1992 ж. 26 қарашадағы N 1717 бұйрығына сәйкес мiндеттi сүйiншi даналар: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi - 2, Кiтап палатасы - 1, Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi - 2, Кiтап музейi - 1, Ұлттық кiтапхана - 1, ҚР ҒМ-ҒА Орталық ғылыми кiтапханасы (ОҒК) - 1, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ кiтапханасы - 1, Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы - 1, баспа - 6;
авторға не авторлар ұжымына - 5 дана;
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi мен алыс шетелдер бойынша кiтапхана қоры мен кiтапханааралық алмасуды түзу үшiн (орталықтандырылған қаржы есебiнен басылған жағдайда): ОҒК - 30 дана, кiтапханалар қорына (шыққан басылымның бейiнiне қарай): Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана-5 дана, Республикалық ауыл шаруашылық кiтапхана-5 дана, ҚР ҒМ-ҒА ғылыми-зерттеу институттарының (ұлттық орталықтар) кiтапханалары және Республиканың жетекшi жоғары оқу орындары кітапханалары-1 данадан;
Тармақша 2
2) басылымды шығаруға жауапты институт (орталық) таралымды әрi қарай жалғастырып, редакциялық алқамен бiрлесiп сату бағасын түзедi:
тарату мәселесiн оқырман өресiне сәйкес жүргiзген абзал: тектес мекемелер, бағдарламалық кеңестер, мамандар ғылыми қоғамы, өте мүдделi ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар т.б. болуы мүмкiн;
басылымның бағасын белгілеуде өзiндiк құны мен сұраным нарығына сүйену қажет.
Тармақ 22
22. Бiр орталықтан қаржыландыру жағдайында басылымды сатудан түскен қаражат редакциялық шығынды төлеуге (аннотацияны не рефератты қазақ, ағылшын тілдеріне аудару, рецензиялау) және ғылыми басылымды әзiрлеуге, шығару мен таратуға байланысты шығысты iшiнара өтеуге кетедi.
Тармақ 23
23. Басылымды тарату туралы есеп ҚРҒМ-ғылыми-баспа секторына осы жылғы желтоқсан айының 10-нда тапсырылады.