Об утверждении цены на товары (работы, услуги), производимые и реализуемые республиканским государственным казенным предприятием «Военно-техническая школа Министерства обороны Республики Казахстан» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 156-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1507 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға Р/с № Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) атауы Өлшем бірлігі Көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін баға (теңге) 1 Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау көрсетілетін қызмет 545 000, 00