Об установлении стимулирующей надбавки к должностному окладу работников коммунального государственного учреждения «Аппарат акима Пресноредутского сельского округа Жамбылского района Северо-Казахстанской области», финансируемых из местного бюджета Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен төлеу шарттары Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округі әкімінің айқындалған шешімімен осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Басқа 0. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/8 шешіміне қосымша «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары № н/п Ла­у­а­зым­дар­дың то­лық жа­зы­луы (ата­уы) Ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы­ға үсте­ме­а­қы 1 2 3 1. бас­шы­ның хат­шы­сы 30% 2. аудар­ма бой­ын­ша ре­дак­то­ры 30% 3. жүр­гі­зу­ші 50% 4. аула та­за­ла­у­шы 30% 5. қыз­мет­тік орын жай­лар­ды та­за­ла­у­шы 30% 6. қа­зан­дық ма­ши­ни­сі (от жа­ғу­шы) (3 адам) 30%