Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о сотрудничестве в военной области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы 1 наурызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы Келісім
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы Келісім Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi, 1996 жылғы 16 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы қатынастардың негiзi туралы шарттың қағидаттары мен ережелерiн басшылыққа ала отырып, бейбiтшiлiктi, сенiмдi, тұрақтылықты нығайтуға және Тараптар мемлекеттерi арасындағы әскери саладағы қатынастарды дамытуға үлес қосу қажеттiлiгiн ескере отырып, өзара құрмет пен сенiмнiң негiзiнде ынтымақтастыққа ұмтылысты бiлдiре отырып, әскери саладағы екi жақты қарым-қатынастарды дамыту Тараптар мемлекеттерiнiң арасындағы байланысты кеңейтуге әкелетiндiгiне сенiмдi бола отырып, Тараптар мемлекеттерi арасындағы әскери ынтымақтастық салаларын ұзақ мерзiмдi жоспарлау және айқындау мақсатында, төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Тараптар осы Келiсiмде көрсетiлген өз міндеттемелерiн тең құқылық және өзаралық қағидатына сәйкес орындайды.
Тармақ 2
2. Тараптар осы Келiсiмді халықаралық құқық нормаларына, Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес және өздерiне қабылдаған халықаралық мiндеттемелер шеңберiнде қолданады.
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi Тараптардың уәкiлеттi органдары мыналар болып табылады: қазақстандық Тараптан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi; әзiрбайжандық Тараптан - Әзiрбайжан Республикасының Қорғаныс министрлiгi.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тармақ 1
1. Тараптар ынтымақтастықты әскери қызметтiң мынадай салаларында жүзеге асырады:
Тармақ 1.1
1.1. Қорғаныс саясаты.
Тармақ 1.2
1.2. Әскери-экономикалық қызмет.
Тармақ 1.3
1.3. Әскери-техникалық қызмет.
Тармақ 1.4
1.4. Кадрларды даярлау.
Тармақ 1.5
1.5. Армиядағы қоғамдық және мәдени-спорттық жұмыс.
Тармақ 1.6
1.6. Әскери заңнама және заң көмегі.
Тармақ 1.7
1.7. Әскери-ғылыми қызмет және әскери тарих.
Тармақ 1.8
1.8. Әскери медицина.
Тармақ 1.9
1.9. Сенiм мен қауiпсiздiктi нығайту жөнiндегi шаралар.
Тармақ 1.10
1.10. HATO-ның "Бейбiтшілік жолындағы әрiптестiк" және "Талдау және жоспарлау процесi" бағдарламалары шеңберiндегi iс-шараларда бiрлескен iс-қимылдар.
Тармақ 1.11
1.11. Бейбiтшіліктi қолдау және iзгілiк көмек көрсету жөнiндегi операцияларды өткiзу мәселелерi бойынша консультациялар.
Тармақ 1.12
1.12. Қару-жарақты бақылау және жаппай қырып-жою қаруын таратуды болдырмау жөнiндегi бiрлескен iс-қимылдар.
Тармақ 1.13
1.13. Терроризмге қарсы бiрлескен күрес.
Тармақ 2
2. Ынтымақтастықты iске асыру барысында Тараптар ынтымақтастықтың жаңа салаларын айқындайтын және дамытатын болады.
Тармақ 3
3. Санамаланған қызмет салаларындағы ынтымақтастықтың нақты бағдарламаларын iске асыру мақсатында Тараптар жекелеген келiсiмдер жасасуы мүмкiн.
Бап 4. 4-бап
4-бап Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
Тармақ 1.1
1.1. Тараптардың уәкiлеттi органдары басшыларының ресми сапарлары.
Тармақ 1.2
1.2. Тараптардың уәкiлеттi органдары делегацияларының кездесулері мен өкiлдерiнiң жұмыс мақсатындағы кездесулерi.
Тармақ 1.3
1.3. Тәжiрибе алмасу және консультациялар өткiзу.
Тармақ 1.4
1.4. Оқу жобаларына, тағылымдамаларға, біліктілiкті көтеру курстарына қатысу.
Тармақ 1.5
1.5. Әскери жаттығуларға өзара қатысу.
Тармақ 1.6
1.6. Конференциялар мен семинарларға қатысу.
Тармақ 1.7
1.7. Құжаттама және ғылыми еңбектер алмасу.
Тармақ 1.8
1.8. Өзара қызығушылық туғызатын ақпараттар алмасу.
Тармақ 1.9
1.9. Концерттер, көрмелер, фестивальдар және басқа да мәдени іс-шаралар.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнiң негiзiнде Тараптар екі жақты әскери ынтымақтастықтың жылдық жоспарын әзiрлейдi.
Тармақ 2
2. Тараптар ағымдағы жылдың 15 қазанына дейiн екі жақты әскери ынтымақтастықтың жылдық жоспарының жобасына енгiзу үшiн ұсыныстар алмасады.
Тармақ 3
3. Екi жақты әскери ынтымақтастықтың жылдық жоспары iс-шаралардың атауын, оларды жүзеге асыру нысанын, өткiзу мерзiмi мен орнын, жауапты органдарды, адамдар санын және iс-шараларды ұйымдастырумен және өткiзумен байланысты басқа да негiзгi мәселелердi қамтиды.
Тармақ 4
4. Екi жақты әскери ынтымақтастықтың жылдық жоспарына жоспарды iске асыратын жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейiн Тараптардың уәкiлеттi органдарының өкiлдерi қол қояды.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тармақ 1
1. Тараптар ынтымақтастық барысында алынған ақпараттың қорғалуын Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
Тармақ 2
2. Тараптар ынтымақтастық барысында алынған ақпаратты осы ақпаратты ұсынған Тарапқа залал келтіруге пайдаланбауға мiндеттенедi.
Тармақ 3
3. Тараптар ынтымақтастық барысында алынған ақпаратты осы ақпаратты ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз үшiншi тарапқа бермеуге мiндеттенедi.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнiң 4-бабының 1.1-1.6 және 1.9-тармақшаларында көрсетiлген iс-шараларды жүргiзген кезде: жiберушi Тарап iссапар және қабылдаушы Тарап аумағында iс-шаралар өткiзiлетiн жерге дейiнгi көлiк шығыстарын, сондай-ақ тұру бойынша шығыстарды көтередi; қабылдаушы Тарап iс-шараларға қатысушыларды көлiкпен қамтамасыз ету және техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстарды өзiне қабылдайды.
Тармақ 2
2. Қабылдаушы Тарап жiберушi Тараптың персоналына шұғыл медициналық көмектi қамтамасыз етедi.
Бап 8. 8-бап
8-бап Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер және/немесе консультациялар жолымен шешедi.
Бап 9. 9-бап
9-бап Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Бап 10. 10-бап
10-бап Осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 11-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасын алған күннен бастан күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер бiр-де бiр Тарап тиiстi бес жылдық мерзiм аяқталғанға дейiнгi алты айдан кешiктiрмей оның күшiн тоқтату ниетi туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жiбермесе, өздiгiнен келесi бес жылдық мерзiмге ұзартылады. Осы Келiсiм Тараптардың бipeyi басқа Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн өз күшiн тоқтатады.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтатуы оларға қатысты өзге уағдаластық әрекет еткеннен басқа жағдайларда, осы Келiсiмнiң шеңберiнде бұрын басталған басқа бағдарламалар мен жобалардың орындалуына әсер етпейдi. 2004 жылы 1 наурызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады. Қазақстан Республикасының Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн