О координационно-методическом Совете по правовой пропаганде и правовому всеобучу при акимате города Кокшетау Күшін жойған
Басқа 0
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы құқықты насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 17 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж.21 шілдедегі №2347 "Қазақстан Республикасындағы құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанында құқықты насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі құрылсын (қосымша N 1).
Тармақ 2
2. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы құқықты насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңес туралы Ереже бекітілсін (қосымша N 2).
Тармақ 3
3. Осы қаулының 1 тармағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілу үшін ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2004 ж. 20 сәуірдегі №А-2/315 "Әкімдіктің құқықты насихаттау және жалпы құқықтық оқыту жөніндегі үйлестіру әдістемелік Кеңесі туралы" қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Нақты қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Қ.Құсановқа жүктелсін.
Басқа 6
"Көкшетау қаласы әкімдігінің
жанындағы құқықты
насихаттау және құқықтық
жалпы оқыту жөніндегі
үйлестіру-әдістемелік
Кеңесі туралы"
Көкшетау қаласы әкімдігінің
11.06.2004ж.№ А-3/459
қаулысына N 1 қосымша
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы құқықты насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңестің құрамы
Тармақ 1
1. Құсанов Қази Қараменұлы - қала әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы
Тармақ 2. Кеңес мүшелері
2. Қасенов Дәулет Қизатұлы - қала әкімінің заң мәселелері жөніндегі кеңесшісі- Кеңес төрағасының орынбасары
Кеңес мүшелері
Тармақ 3
3. Әндіржанова Бәтима Жұмағұлқызы - Көкшетау қаласы әкімінің жанындағы халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы
Тармақ 4
4. Баймұрзина Айнұр Айтпайқызы - Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Болатбаев Қайырбек Ташмағамбетұлы - қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы -"Көкшетау" газетінің бас редакторы
Тармақ 7
7. Есмағамбетов Болат Өміржанұлы - мемлекеттік санитарлық індеттік бақылау басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 8
8. Жанайдарова Зәуре Зарапқызы - қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы
Тармақ 9
9. Жапаров Сапан Қажыбайұлы -"Жұмыстылық орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры
Тармақ 10
10. Ыбраев Марат Өмірбайұлы - қалалық білім бөлімінің бастығы
Тармақ 11
11. Ыдрысов Мұрат Ыдырысұлы - қалалық туризм және спорт бөлімінің бастығы
Тармақ 12
12. Кибасов Сергей Витальевич -"Степной Маяк" газетінің бас редакторы
Тармақ 13
13. Омарова Алма Бостанқызы -"Көкшетау қаласы экономикалық реформалар" бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы
Тармақ 14
14. Ташкина Ғалия Әміржанқызы - Көкшетау қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бастығы, кеңестің хатшысы
Басқа 21
"Көкшетау қаласы әкімдігінің
жанындағы құқықты
насихаттау және құқықтық
жалпы оқыту жөніндегі
үйлестіру-әдістемелік
Кеңесі туралы"
Көкшетау қаласы әкімдігінің
10.06.2004 жылғы N А-3/459
қаулысына N 2 қосымша
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы құқықты насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік
Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы құқықтық жалпы оқыту және құқықты насихаттау бойынша үйлестіру әдістемелік Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) атқарушы органдарды, мемлекеттік мекемелерді, қала ұйымдарын құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы оқыту бойынша олардың ведомствоаралық үйлестіру іскерлігін қамтамасыз етуші консультативтік-мәжілістік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес Көкшетау қаласы әкімдігі жанынан құрылады.
Тармақ 3
3. Кеңестің төрағасы қала әкімінің орынбасары болады.
Тармақ 4
4. Кеңес өзінің іскерлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) Кәсіби заңгерлерді тарта отырып, азаматтардың құқықтық білім деңгейін көтеру;
Тармақша 2
2) Халықтың құқықтық мәдениетін көтеру;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың ұйымдардың, мекемелердің құқықтық жұмысын үйлестіру.
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, қала ұйымдарының құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы білім беру бойынша ведомствоаралық іскерлігін үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, қала ұйымдарының құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы оқыту бойынша жұмыстарын сараптау;
Тармақша 3
3) қалалық атқару органдары, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар үшін құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы оқыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 4
4) жұмыс тәжірибесінің жақсы жақтарын тарату, құқықтық жұмысты жетілдіру үшін әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметінің нысаны
3. Кеңес қызметінің нысаны
Тармақ 7
7. Кеңес жұмысының негізгі формалары:
Тармақша 1
1) өзара ақпарат алмасу;
Тармақша 2
2) құқықты насихаттау және құқтық жалпы оқыту мәселелерінің жұмыс жағдайын өзара талқылау;
Тармақша 3
3) облыстық мемлекеттік мекемелерімен, атқарушы органдармен өзара (дөңгелек столдар, пікірталастар, кездесулер, семинарлар, лекциялар) шаралар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) құқықтық білім күнін, апталығын, айлығын»өткізу;
Тармақ 8
8. Кеңес қабылдаған шешімдер, ұсыныстар мен құжаттар мүдделі органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарына жолданады.
Тарау 4. 4. Кеңестің функциялары
4. Кеңестің функциялары
Тармақ 9
9. Кеңес келесі функцияларды атқарады:
Тармақша 1
1) қалалық мекемелер мен мемлекеттік мекемелердегі құқықты насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жұмысының жағдайымен танысады, олардың басшыларының көрсетілген сұрақтар бойынша ақпаратын тыңдайды, құқықтық жалпы оқыту әдістері мен жұмыс формаларын жетілдіру бойынша қажетті жалпылаулар мен ұсыныстар, ережелер әзірлейді, оны жүзеге асыруға көмектеседі;
Тармақша 2
2) Атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелердің, облыс ұйымдарының лекциялық бағдарламаларының кәсіби мазмұнын және мәтіндік бағытын сараптайды;
Тармақша 3
3) Атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелерге, қала ұйымдарына құқықтық тақырыптарға мәтіндік жоспарларды құрастыру және құжаттарды жариялауға тәжірибелік көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзырына жататын басқа да функцияларды орындайды.
Тарау 5. 5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Кеңес жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істейді. Кеңестің отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 11
11. Отырыстарды төраға басшылығы немесе оның тапсырысы бойынша Кеңес мүшелерінің біреуі өткізеді.
Тармақ 12
12. Кеңес мүшелерінің жартысының көбінің қатысуымен болған отырыс өкілетті болып саналады.
Тармақ 13
13. Талқылаудың қорытындылары мен қабылданған ұсыныстар хаттамаға енгізіледі, хаттама Кеңес отырысынан екі күн өткенге дейін толтырылады. Хаттамаға Кеңес төрағасы мен хатшы қол қояды және атқарушыларға жіберіледі.
Тармақ 14
14. Кеңес өзінің жұмысына құқық қорғау органдарының, заң қызметтерінің жұмыскерлерін, жергілікті және атқару органдарының басшыларын тарату және жоспарлы шаралармен шешімдерді орындау бойынша ұсыныстар беруге құқықты.