Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысына сәйкес Қорғалжын ауданы әкімдігі қаулы етеді:
Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құру туралы от 01.06.2004 г. № 48 (Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құру туралы)
1. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құрылсын.
2. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің дербес құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын (қосымша 1).
3. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес туралы Ереже бекітілсін (қосымша 2).
4. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес қызметін қамтамасыз ететін жұмысшы орган болып аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі белгіленсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 02.06. № 48 2 қосымша
«Қорғалжын ауданы әкімдігінің
жанындағы діни бірлестіктермен
байланыс жөніндегі Кеңес құру
туралы» қаулысымен бекітілді
Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы дін бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Аудан әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес (әрі қарай-Кеңес) - аудан әкімдігінің жанындағы консультативтік- кеңестік орган болып табылады.
2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, және басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңес өз жұмысын аудандық мемлекеттік органдармен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып жүзеге асырады.
4. Кеңес шешімдері ұсыныстық сипатқа ие болады.
2. Кеңестің мақсаттары, міндеттері және атқаратын жұмыстары
5. Кеңестің мақсаты аудандағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша тұрғындардың дінге сену еркіндігін, рухани келісімді нығайтуды және конфессия аралық қатынастарды үйлестіру құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар дайындау.
6. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) Ауданда діннің даму жағдайын қорытындылау, сараптау және жан-жақты дәйекті түрде зерттеу;
2) ауданда дінге сену еркіндігі туралы заңдардың сақталуы және діннің даму жағдайы туралы облыстық ішкі саясат депаратаментіне ақпарат беріп отыру;
3) діни бірлестіктермен байланыс жасау жұмысында ауылдық әкімдерге әдістемелік ұсыныстар арқылы бағыт беру;
4) ауданда тіркелген діни бірлестіктер туралы ақпараттық банк деректерін құрастыру;
5) діни бірлестіктер арасындағы өзара келісім мен сыйластықты нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес консультативтік көмек көрсетіп отыру.
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге және заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес төмендегі жұмыстарды жүзеге асырады:
1) аудан аумағында қүрылған діни бірлестіктер мен шет ел миссионерлерінің жүмыстарын зерттеп, олар туралы деректердің банкін құрастырады;
2) ақпараттық-үгіт іс-шараларын жүргізеді;
3) азаматтардың дінге сену еркіндігі құқықтарын қамтамасыз ету бойынша аудандағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыстар жүргізеді;
4) басқа аудандардың осындай үйымдарымен байланыстар орнатып оларды қолдап отырады;
5) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша өзіне жүктелген басқа да жұмыстармен айналысады.
3. Кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
8. Кеңесті аудан әкімі орынбасарларының бірі басқарады.
9. Кеңес мәжілістері үш айда бір реттен кем өткізілмейді. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі оның төрағасы өз еркімен немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінің талабы бойынша шақырылады.
10. Кеңес мәжілісі оған кеңес мүшелерінің екіден үш бөлігі қатысқан жағдайда ғана заңды деп саналады. Кеңес шешімі жиналысқа қатысқан кеңес мүшелерінің көп дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші роль атқарады.
11. Мәселелерді қарастырып, мәжілісті дайындау және Кеңес жұмысына сараптама жасау үшін жұмыс тобы құрылады, оны Кеңес мүшелерінің бірі басқарады.
12. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша төмендегі құқықтарға ие болады:
1) Кеңестің міндеттеріне жататын мәселелер бойынша аудандық мекемелер мен ұйымдардың, діни ұйымдардың ақпараттарын қолдану;
2) Заңда белгіленген тәртіптер бойынша құжаттар әзірлеуге тәуелсіз сараптаушылар мен мамандарды қатыстыру;
3) Кеңес міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
4) Кеңес міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша түсініктер беру;
5) Заңдарға сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
4. Кеңестің жұмыстарын қамтамасыз ету
13. Кеңестің құрамын аудан әкімі бекітеді.
14. Кеңестің жұмысын оның төрағасы басқарады. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттері төрағаның орынбасарына жүктеледі.
15. Кеңес алдыңғы қатарлы конфессиялардың басшыларынан, дін танушы ғылымдардан, мемлекеттік басқару органдардың қызметкерлерінен, қоғамдық өкілдерден құралады. Кеңес мүшелері қоғамдық жұмысты тегін атқарады.
16. Кеңестің ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстарын Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
17. Кеңес хатшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін заңда белгіленген тәртіптер бойынша:
1) ұйымдастыру, ақпараттық сараптау, әдістемелік және басқа да жұмыстардың қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
2) Кеңес қарауына жұмыс тәртібі бойынша Кеңес мәжілісінде қабылданған және оның төрағасымен бекітілген жұмыстарды ұсынып отырады;
3) Кеңес мәжілісінің күн тәртібі құрастырады;
4) Кеңес мәжілісінің жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерінің бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастырады, іс қағаздарын жүргізеді;
5) басқа да міндеттерді жүзеге асырада.
5. Кеңестің жұмысын тоқтату тәртібі
18. Кеңес өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады
Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 02.06. № 48 2 қосымша
«Қорғалжын ауданы әкімдігінің
жанындағы діни бірлестіктермен
байланыс жөніндегі Кеңес құру
туралы» қаулысымен бекітілді
Қорғалжын ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс бойынша Кеңес Құрамы
1. Аққожина Сағадат Қарабекқызы - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрайымы
2. Сыздыкова Гүлнәр Қабылханқызы - ішкі саясат бөлімінің бастығы, Кеңес төрайымының орынбасары
3. Дүйсекеева Айнаш Қапанқызы - ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, Кеңес хатшысы
4. Қасенов Болат Нығметжанұлы - Ақмола облысы бойынша ҰҚК Департаментінің Ақкөл аудандық бөлімшесінің шапшаң уәкілі (келісім бойынша)
5. Найманбаев Егінбай Қазенұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
6. Ембергенов Қанат Мұсаұлы аудандық ішкі істер бөлімінің қылмыстық полиция бөлімшесінің аға шұғыл уәкілі
7. Қарымсақов Ғабдолла аудандық «Қорғалжын өңірі» газетінің редакторы
8. Мантиков Әубәкірқажы - Қорғалжын ауданындағы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының уәкілетті имамы (келісім бойынша)
9. Төлешев Кеңесбай Төлешұлы - аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
10. Қашқынбаев Смағүл Ахатұлы - Қорғалжын селолық округінің әкімі
11. Демеуов Қайырбек - зейнеткер