Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясы туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясы туралы
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасынын 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 23 бабына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанынан аудандық ономастика комиссиясы құрылсын. (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық ономастика комиссиясы туралы ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссияның арнайы құрамы аудандық Мәслихат сессиясына бекітілуге енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 5. Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің «2» 06 2004 жылғы
№ 51 «Аудан әкімдігі жанындағы
аудандық ономастика комиссиясы
туралы» қаулысына №1 қосымша
Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясының құрамы
Аққожина Сағадат Қарабекқызы - аудан әкімінің орынбасары, Комиссия төрайымы.
Сыздықова Гүлнәр Қабылханқызы – ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы.
Ахмет Мұхит Шермуханұлы - аудандық білім бөлімінің бастығы.
Асаинов Мұқаш Әкімжанұлы - аудандық мәдениет бөлімінің бастығы.
Төлешев Кенесбай Төлешұлы - аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Аужанов Аманкелді Аужанұлы - аудандық архитектура бөлімінін бас маманы Бердина Мүгілсім Мұхамедқызы - Қорғалжын мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі (келісім бойынша).
Басқа 6
Аудан әкімдігінің «2» 06 2004 жылғы
№ 51 «Аудан әкімдігі жанындағы
аудандық ономастика комиссиясы
туралы» қаулысына №2 қосымша
Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастика комиссиясының ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудандық ономастика комиссиясы консультациялық-кеңесу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия аудан әкімдігінің қаулысымен құрылады. Арнайы құрамы аудандық Мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Тармақ 4
4. Комиссия құрамында жергілікті мемлекеттік органдардың, білім саласының және басқа да мекемелердің уәкілдері бола алады. Сонымен қатар қоғамдық уәкілдері болуға мүмкін.
Тармақ 5
5. Комиссияның хатшысы отырыстардың жұмыс жоспарын, күн тәртібін жасайды іс қағаздарын жүргізуге жауап береді.
Тармақ 6
6. Комиссия отырыстары тоқсанда бір рет өткізіледі
Тармақ 7
7. Комиссия отырыстарының күші бар деп саналады, егер оған оның мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса.
Тармақ 8
8. Комиссияның шешімі оның отырысында қатысып отырған комиссия мүшелерің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс берумен қабылданады.
Тармақ 9
9. Комиссия өз қызметін аудан әкімінің қаулысымен тоқтатады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттері және өкілеттері:
2. Негізгі міндеттері және өкілеттері:
Тармақ 10
10. Мекемелерден, азаматтардан елді мекендердің, көшелердің, мекемелердің, кәсіпорындардың, басқа да объектілердің атуларының аталуы, қайта аталуы, және атаудың транскрипцияларына нақтылаулар енгізу жөнінде түскен хаттарды, арыздарды, ұсыныстарды талдап қорытындылау.
Тармақ 11
11. Комиссия өз құзыретіне қатысты сұрақтарды аудандық әкімдікке, аудандық мәслихатпен бірге, облыстық әкімдік және облыстық мәслихатқа енгізу үшін, халықтың пікірін есепке алып, келесі сұрақтар бойынша материалдар және ұсыныстар береді:
елді мекендерді, ауданды маңызы бар қалалар, поселкелер, ауыл, село категорияларына жатқызу, құрылуын, қысқартылуын немесе қайта құрылуын, олардың бағыныштылығының өзгертілуін;
селолық округтер мен елді мекендердің шекараларының өзгертілуін; селолық округтердің, елді мекендердің атаулары мен қайта аталуын.