Об утверждении Положения об Ассамблее народа Казахстана Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ереже
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 747 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ереже ЕРЕЖЕ Осы ереже Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттіктерін, сондай-ақ оның мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының ұйымдастырылу ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан халқының Ассамблеясы (бұдан әрі – Ассамблея) – заңды тұлға құрмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме болып табылады.
Тармақ 2
2. Ассамблея қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ассамблея туралы Заң), Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ассамблеяның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Ассамблеяның функциялары мен өкілеттіктері
2-тарау. Ассамблеяның функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 4
4. Ассамблея өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 2
2) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында шаралар әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
Тармақша 3
3) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптамаға қатысады;
Тармақша 4
4) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Ассамблея сессиялары мен Ассамблея Кеңесінің шешімдерін қарауына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өңірлік деңгейдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және этномәдени бірлестіктерге әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 8
8) елде және шетелде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал етеді;
Тармақша 9
9) этносаралық қатынастар аясында, оның ішінде мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлейді және практикалық шараларды іске асырады, оларды шешуге қатысады;
Тармақша 11
11) шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 12
12) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ағартушылық қызметті және баспа қызметін жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарларды, конференцияларды өткізеді, сондай-ақ өзге де іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде қайырымдылық және демеушілік көмек қабылдайды және көрсетеді;
Тармақша 15
15) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 16
16) өз құзыреті шеңберінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяның Төрағасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті:
Тармақша 1
1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;
Тармақша 3
3) Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Ассамблея Кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бес депутатын тағайындайды;
Тармақша 5
5) Ассамблея Сессиясын шақырады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ассамблея Төрағасы Ассамблеяны басқарады және Ассамблея қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның бағдарламалық құжаттарын бекітеді, оның атынан өкілдік етеді.
Тармақ 7
7. Ассамблеяның жоғары басқарушы органы Ассамблея мүшелерінен тұратын және Ассамблея туралы Заңда белгіленген тәртіппен шақырылатын Ассамблея сессиясы (бұдан әрі – Сессия) болып табылады.
Тармақ 8
8. Сессияның ерекше құқығы:
Тармақша 1
1) Ассамблеяның дамуын айқындауда тұжырымдамалық ұстанымдарды әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзу;
Тармақша 2
2) Ассамблея мүшелерінің есептерін тыңдау болып табылады.
Тармақ 9
9. Егер Ассамблея жұмысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Сессия заңды болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Сессияның шешімі, егер оған қатысып отырған Ассамблея мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру тәртібі мен нысанын Сессия айқындайды.
Тармақ 11
11. Сессия өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Сессия шешімдері республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын Ассамблея үндеуі нысанында ресімделуі мүмкін. Сессия шешімдері мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың міндетті қарауына жатады. Сессия жұмысы Сессия шешімімен бекітілетін регламентпен реттеледі.
Тармақ 12
12. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея туралы Заңға сәйкес құрылатын және Ассамблея Төрағасы немесе Ассамблея Төрағасымен келісім бойынша Төраға орынбасарлары шақыратын Ассамблея Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Кеңестің өкілеттіктеріне:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бес кандидат бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) Ассамблея мүшелігіне кандидатураларды қарау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Президентіне кезекті Сессияны шақыру және оның күн тәртібі туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) Ассамблея Аппаратының (Хатшылығының) жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу;
Тармақша 5
5) қоғамдық наградаларды тағайындау және олар туралы ережелерді бекіту;
Тармақша 6
6) Сессияның ерекше құзыретіне жатпайтын өзге де шешімдер қабылдау жатады.
Тармақ 14
14. Егер Кеңестің жұмысына оның мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып есептеледі.
Тармақ 15
15. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді және егер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі оны жақтап дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 16
16. Ассамблея Төрағасының үш орынбасары бар, оның екеуі этномәдени бірлестіктерден тағайындалады. Ассамблея Төрағасының этномәдени бірлестіктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртібімен Кеңестің ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен тағайындалады. Төраға орынбасарларының алмасу кезеңін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Этномәдени бірлестіктерден тағайындалатын Ассамблея Төрағасы орынбасарларының қызметін қамтамасыз етуді Ассамблеяның жұмыс органы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Ассамблеяның Аппараты (Хатшылығы) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін, қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін Ассамблеяның жұмыс органы (бұдан әрі – Хатшылық) болып табылады. Хатшылықты бір мезгілде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушісі басқарады. Хатшылықтың функциялары:
Тармақша 1
1) Төраға мен Кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның ішінде олардың қызметін сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де түрде қолдап отыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі жұмысын үйлестіру;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың жалпымемлекеттік маңызы бар және этносаралық қатынастар саласын қозғайтын өтініштерін қарау;
Тармақша 4
4) Ассамблея мен оның құрылымының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және шет елдердің осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған өзара іс-қимыл жасау болып табылады. Хатшылықтың Қазақстан Республикасы Президентінің этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ Ассамблеяның өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі актілерінде айқындалады.
Тармақ 18
18. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеяларының құрылу тәртібі мен құқықтық мәртебесі Ассамблея туралы Заңда айқындалады.
Тармақ 19
19. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеясының жұмыс органы аппарат (хатшылық) болып табылады.
Тармақ 20
20. Ассамблеяның міндеттері мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Хатшылық қажет болған жағдайда комиссия, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып құруы мүмкін.
Тармақ 21
21. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылады. Ғылыми-сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасындағы этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үрдісін кешенді сараптамалық бағалау, аталған үдерістердің елдегі және әлемдегі дамуына болжам жасау;
Тармақша 2
2) Ассамблея қызметін этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттары бойынша ғылыми сараптамалық сүйемелдеу;
Тармақша 3
3) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
Тармақша 4
4) Ассамблеяның демократияны дамытуда, қазақстандық қоғамның тұтастығын нығайтуда, жалпыұлттық келісімге қол жеткізуде саяси және азаматтық институт ретіндегі рөлін күшейтуге жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 22
22. Ғылыми-сарапшылық кеңес төрағадан, оның орынбасарларынан және Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінен тұрады. Ғылыми-сарапшылық кеңестің төрағасы мен оның орынбасарлары Ғылыми-сарапшылық кеңес отырысында сайланады. Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіре алады. Ғылыми-сарапшылық кеңес өз қызметіне, шетелдіктерді қоса алғанда, Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшесі болып табылмайтын сарапшыларды тарта алады.
Тармақ 23
23. Ғылыми-сарапшылық кеңес төрағасының, оның орынбасарларының және Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінің міндетін атқару қоғамдық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Ғылыми-сарапшылық кеңес туралы ережені және оның құрамын Ассамблея Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі бекітеді.
Тармақ 25
25. Ассамблеяның заңнамалық актілерді және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, ақпараттық-түсіндіру, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру, сараптамалық, басқа да жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
Тармақ 26
26. Ғылыми-сарапшылық кеңестің, комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін үйлестіруді Хатшылық жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Ассамблеяның мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырудың ерекшеліктері
3-тарау. Ассамблеяның мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Тармақ 27
27. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты, осы салада мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді қарым-қатынасын іске асыруды қамтамасыз ету және этносаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты одан әрі нығайту үшін Ассамблея мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік органдардың Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын және Ассамблея мен оның Кеңесінің шешімдерін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Төрағасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберіндегі қызметін үйлестіруді Хатшылық жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Ассамблеяның Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблея Кеңесінің ұсынысы бойынша тағайындаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Хатшылық жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктермен, азаматтық қоғамның басқа да институттарымен, шет елдердің осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ұлттық бірлікті нығайту және Қазақстанның мәдени-тілдік әралуандығын, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және этностық топтардың құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимылын Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде Хатшылық қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Ассамблеяның Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу тәртібі
4-тарау. Ассамблеяның Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу тәртібі
Тармақ 31
31. Қоғамды ұйыстыру, бірлікті қамтамасыз ету және ұлттық-мемлекеттік азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдіру мақсатында, сондай-ақ қызметінің тиімділігін арттыру үшін Ассамблея Қазақстан Республикасының этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Хатшылық Ғылыми-сарапшылық кеңесті тарта отырып, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы бағдарламалық құжаттардың жобасын әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады, оларды Кеңесте талқылауға енгізеді, Сессияда қарауды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне жолдайды.
Тармақ 32
32. Ассамблея туралы Заңды іске асыру мақсатында, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге арналған тұжырымдамалық ұсынымдар негізінде Ассамблея Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлейді. Әзірленген Тұжырымдама Ассамблея Төрағасының қарауына енгізіледі және мақұлданған жағдайда ол бекітеді. Ассамблея Төрағасы Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекітеді және оларды іске асыру бойынша тапсырмалар береді. Тұжырымдама Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйелерінің құжаттары арқылы іске асырылады. _______________________________
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 747 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегi № 149 Жарлығы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 450 Жарлығы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 18-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 828 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 495 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
Тармақ 6
6. «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 626 Жарлығы. _______________________________