О социальной помощи Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік көмек туралы "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақ Совет Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13-ақпандағы Заңының 44-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға 1000 (бір мың) теңге мөлшеріндегі 2004 жылға арналған біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ұсынылып отырған ауылды (селолық) жерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2004 жылғы 1-қаңтардан бастап іске енгізіледі.
Басқа 5. Ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 3 шілдедегі № 6/79-III шешімімен бекітілді Ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақ Совет Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13-ақпандағы Заңын орындауда әзірленді.
Тармақ 2
2. Ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына (бұдан әрі әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлем) отын сатып алуға біржолғы ақшалай төлем жылда бір рет тағайындалып төленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемнің заңсыз төленген сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтірілуіне жатады.
Тарау 2. 2. Тағайындалу тәртібі
2. Тағайындалу тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемдер еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына тапсырылатын құжаттардың негізінде тағайындалады:
Тармақша 1
1) біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) ақшалай төлемді алушы салымдар бойынша банкіде ашуға міндетті жеке шоттың нөмірі;
Тармақша 3
3) атқаратын лауазымы жөніндегі мекемеден анықтама;
Тармақша 4
4) тұрғылықты жерді растау туралы анықтама.
Тармақ 5
5. Осы Ережелердің іс-әрекеті таратылатын екі және одан да көп адамдар бірге тұрғанда біржолғы ақшалай төлемдер әлеуметтік саладағы мамандардың әрбіреуіне беріледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 6
6. Селолық жерде тұрып жұмыс істейтін әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемдерді қаржыландыру тиісті жылы осы мақсаттарға қаралған жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Есепке алуды, бақылауды және есеп беруді жүргізу тәртібі
4. Есепке алуды, бақылауды және есеп беруді жүргізу тәртібі
Тармақ 7
7. Біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу жөніндегі есепке алуды, бақылауды және есеп беруді жүргізу еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына жүктеледі.
Тармақ 8
8. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті органы тоқсан сайын әр тоқсанның 1-ші айының 10-шы күніне дейін өткен тоқсандағы отын сатып алуға біржолғы ақшалай төлемнің төленіп кеткен сомалары бойынша екінші деңгейдегі банкімен салыстыру актісін жасайды.