Об электроэнергетике Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Электр энергетикасы туралы Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) авариялық бронь – адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға олардың қауіпсіз жай-күйін, сондай-ақ кезекші және күзет жарығы, күзет және өрт дабылдары, өрт сөндіру сорғылары, сутөкпелер, негізгі технологиялық жабдықты салқындату, байланыс және авариялық желдеткіш жүйелері ток қабылдағыштарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін технологиялық процесі толық тоқтатылған тұтынушы объектілерінің электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты);
Тармақша 2
2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;
Тармақша 2-1
2-1) «Авария» режимі – Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің немесе оның жекелеген бөліктерінің орнықты жұмысын сақтау үшін жүйелік оператор енгізетін шара;
Тармақша 2-2
2-2) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
Тармақша 2-3
2-3) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
Тармақша 2-4
2-4) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
Тармақша 2-5
2-5) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы – реттеуші электр қуаты бар генерациялайтын қондырғы;
Тармақша 2-6
2-6) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттық) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;
Тармақша 2-7
2-7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттыққа қатысушы) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған заңды тұлға;
Тармақша 2-8
2-8) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға;
Тармақша 2-9
2-9) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – құрылыс кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасындағы тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайынғы индекстеуге жататын (қажет болған кезде), аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған тариф;
Тармақша 2-10
2-10) генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосы – электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік графигінде жүйелік оператор бекіткен, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтыну (операциялық тәуліктердің бір сағаты үшін) мәндерінің кВт. сағаттағы айырмасы;
Тармақша 2-11
Тармақша 2-12
2-12) генерация-тұтынудың нақты сальдосы – электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтынудың (операциялық тәуліктердің бір сағаты үшін) нақты мәндерінің кВт. сағаттағы айырмасы;
Тармақша 2-13
2-13) гибридті топ – электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және уәкілетті орган бекіткен тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы;
Тармақша 2-14
2-14) гибридті топ әкімшісі – гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын осы гибридті топ ішінде тұтынушыларға және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында кейіннен өткізу (сату) мақсатында алуды (сатып алуды) жүзеге асыратын, гибридті топқа кіретін, сондай-ақ гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар үшін теңгерім провайдері болып табылатын заңды тұлға;
Тармақша 2-15
2-15) гибридті топ тұтынушысы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және гибридті топтардың тізбесіне енгізілген тұтынушы;
Тармақша 2-16
2-16) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;
Тармақша 2-17
2-17) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – жобаны іске асыру үшін тартылған тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды және инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын қамтитын, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескеріп жыл сайынғы индекстеуге жататын, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізген тендердің қорытындылары бойынша айқындалған тариф;
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 4-1
4-1) жасыл тариф – уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;
Тармақша 4-2
4-2) жасыл энергияны тұтынушы – электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан осы Заңға сәйкес айқындалатын жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;
Тармақша 5
5) жүйелік авария - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылысы;
Тармақша 6
6) жүйелік қызметтер көрсету – осы Заңға сәйкес жүйелік оператор көрсететін қызметтер;
Тармақша 7
7) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
Тармақша 7-1
7-1) жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығы – жүйелік оператор мен электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасындағы жүйелік және қосалқы қызметтер көрсетуге байланысты өзара қатынастар жүйесі;
Тармақша 8
Тармақша 8-1
Тармақша 9
Тармақша 10
Тармақша 11
11) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;
Тармақша 11-1
11-1) инвестициялық тариф – осы Заңда көзделген тәртіппен айқындалған, іске асырылуы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық міндеттемелерді жабу үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға арналған сағаттық тариф;
Тармақша 15
15) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
Тармақша 15-1
Тармақша 15-2
15-2) көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы – электрмен жабдықтау немесе тұтыну, сондай-ақ нормативтік-техникалық ысыраптарды жабу мақсатында электр энергиясын сатып алатын заңды тұлға;
Тармақша 15-3
15-3) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві - шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;
Тармақша 18
18) қосалқы көрсетілетін қызметтер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен реттеуші резервтері құрылымын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету;
Тармақша 18-1
18-1) мемлекеттік техникалық инспектор – уәкілетті органның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнама талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;
Тармақша 18-2
18-2) нарық кеңесі – электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 19
19) операциялық тәуліктер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер;
Тармақша 20
20) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық жағынан келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі;
Тармақша 20-1
20-1) орталықтандырылған сауда нарығының операторы – электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 20-2
20-2) оң теңгерімсіздік – мәні нөлден үлкен (теріс емес) кВт. сағаттағы теңгерімсіздік;
Тармақша 20-3
20-3) операциялық тәуліктер – электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін іске асыру жүзеге асырылатын, ортаеуропалық уақытпен сағат 00.00-де басталатын және сағат 24.00-де аяқталатын күнтізбелік тәуліктер;
Тармақша 20-4
20-4) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) – жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы электр энергетикасы саласындағы деректерді жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
Тармақша 21
21) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері;
Тармақша 22
22) өңірлік электр желілік компания – энергия өндіруші ұйыммен және (немесе) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10 (6), 0,4 киловольт) кем емес электр берудің кабельдік немесе әуе желілерін иеленетін, өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын және кемінде 10 000 қосылған тұтынушысы бар энергия беруші ұйым;
Тармақша 22-1
22-1) пайдаланылатын отын қорының нормасы – тәулікпен есептегенде энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын ең аз отын қоры;
Тармақша 22-2
22-2) реттеуші электр қуаты – оның шегінде электр станциясы берілген параметрмен жұмыс істей алатын, қолда бар электр қуатының диапазоны (үлесі);
Тармақша 22-3
22-3) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 22-4
22-4) теңгерім провайдері – электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өз теңгерімсіздіктерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының басқа субъектілерінің теңгерімсіздіктерін олармен жасалған шарттарға сәйкес қаржылық реттегені үшін өзіне жауапкершілік алған, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы қалыптастыратын теңгерім провайдерлерінің тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;
Тармақша 22-5
22-5) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы – уәкілетті орган айқындаған, теңгерімдеуші электр энергиясын және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы теріс теңгерімсіздіктерді орталықтандырылған сатып алу-сатуды осы Заңда көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 23
23) теңгерімдеуші электр энергиясы – жүйелік оператордың электр энергиясын өндіру-тұтынудың бекітілген сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыруы кезіндегі оң теңгерімсіздіктерді жабуға арналған электр энергиясы;
Тармақша 23-1
23-1) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф – электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеуші электр энергиясын сатудың осы Заңда көзделген тәртіппен айқындалатын ең жоғары рұқсат етілген бағасы;
Тармақша 23-2
23-2) теңгерімсіздік – генерация-тұтынудың жоспарлы және нақты сальдосының кВт. сағаттағы айырмасы;
Тармақша 23-3
23-3) теріс теңгерімсіздік – мәні нөлден кіші (теріс) кВт. сағаттағы теңгерімсіздік;
Тармақша 23-4
23-4) теріс теңгерімсіздіктерге арналған шекті тариф – теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудың электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері үшін осы Заңда көзделген тәртіппен айқындалатын ең жоғары рұқсат етілген бағасы;
Тармақша 24
24) техникалық диспетчерлендіру - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;
Тармақша 24-1
24-1) технологиялық бронь – үздіксіз технологиялық процесті аяқтау және адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті болғызбау үшін қажетті электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты) және уақыт ұзақтығы;
Тармақша 24-2
24-2) технологиялық бұзушылық – электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну процесінің бұзылуына алып келген жабдықтың, электр станциялары мен желілерінің істен шығуы немесе зақымдануы, оның ішінде жану немесе жарылыс, белгіленген режимдерден ауытқу, жабдықты рұқсатсыз өшіру немесе оның жұмыс істеу қабілетін шектеу немесе оның бүлінуі салдарынан істен шығуы немесе зақымдануы;
Тармақша 24-3
Тармақша 24-4
24-4) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – электр энергиясын тұтыну және осы салада әдістемелік қамтамасыз ету бөлігінде электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 24-5
24-5) тұрмыстық тұтынушы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын жеке тұлға;
Тармақша 25
25) тұтынушы - электр энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 26
26) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 26-1
26-1) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 27
27) ұлттық электр желісі – кіші станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда ұлттық компанияға беріледі;
Тармақша 27-1
27-1) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет – жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне және басқа мемлекеттердің ұйымдарына осы Заңда айқындалған тәртіппен көрсететін қызмет;
Тармақша 27-2
27-2) ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет – Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру саласына жататын, осы Заңда айқындалған тәртіппен жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне көрсететін, ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 27-3
27-3) шартты тұтынушы – өзімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушы, «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын өнеркәсіптік кешен және басым тұтынушы;
Тармақша 29
Тармақша 29-1
29-1) электр желілері – электр энергиясын беруге арналған кіші станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;
Тармақша 30
30) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;
Тармақша 30-1
30-1) электрқуаттау станциясы – электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарын қуаттауға арналған электрқондырғы;
Тармақша 31
31) электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын жүйелік операторға, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау бойынша көрсетілетін қызмет;
Тармақша 31-1
31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша бірыңғай сатып алушыға көрсететін қызметі;
Тармақша 31-2
31-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф – жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);
Тармақша 31-3
31-3) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 31-4
31-4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасындағы тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайынғы индекстеуге жататын, уәкілетті орган мен энергия өндіруші ұйым арасында генерациялайтын қондырғыларды жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім негізінде айқындалған тариф;
Тармақша 31-5
31-5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушы көрсететін қызмет;
Тармақша 31-6
31-6) электр қуатының нарығы – энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықты электр энергиясын өндіруге әзірлігі жағдайында ұстап тұруға, бұрыннан бар өндірістік активтерді жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ оларды құруға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі;
Тармақша 31-7
31-7) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 31-8
31-8) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы – электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуға бағытталған процесс;
Тармақша 31-9
31-9) электр станцияларының тізбесі – осы Заңда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдардың бекітілген тізбесі;
Тармақша 32
32) электр энергетикасы - электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы;
Тармақша 32-1
32-1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
Тармақша 32-2
32-2) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі – нетто-тұтынушы) – жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объектіден электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 32-3
32-3) электр энергиясын коммерциялық есепке алу – электр энергиясын беру шарттары бойынша, сондай-ақ электрмен жабдықтау шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр энергиясын есепке алу;
Тармақша 33
33) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлер және гибридті топтар әкімшілері, сондай-ақ жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы және электр энергиясын бірыңғай сатып алушы;
Тармақша 33-1
33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф – уәкілетті орган әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйым өндіретін электр энергиясы құнының электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын пайда нормасынан тұратын ақшалай мәні;
Тармақша 34
34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші – тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінан емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын, әрбір аумақтық бірлік (облыс) үшін уәкілетті орган өңірдегі жұмыс істеп тұрған энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасынан айқындайтын энергиямен жабдықтаушы ұйым;
Тармақша 35
35) электр энергиясын беру – электр желілері бойынша электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға бағытталған технологиялық байланысты әрекеттер;
Тармақша 35-1
35-1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі – өлшем құралдарының және электр энергиясын өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және есепке алу деректерін беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы;
Тармақша 36
36) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесі - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтізбелік әрбір тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін, жүйелік оператор бекіткен құжат;
Тармақша 37
37) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру бойынша жүйелік оператор көрсететін қызмет;
Тармақша 37-1
37-1) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы – мынадай өлшемшарттар: энергия өндіруші ұйымдардың типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отын орналастырылған жерден қашықтығы, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы бойынша қалыптастырылған энергия өндіруші ұйымдар жиынтығы;
Тармақша 38
38) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы – жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілері арасындағы электрмен жабдықтау шарттары негізінде жұмыс істейтін өзара қатынастар жүйесі;
Тармақша 39
39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілері – электр энергиясын тұтынушылар және жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілмеген энергия беруші ұйымдар;
Тармақша 39-1
39-1) электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығынан, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығынан, электр қуаты нарығынан және жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығынан тұратын, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы қатынастар жүйесі;
Тармақша 40
40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы электр энергиясын сатып алу-сату шарттары негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясының жоспарлы көлемдерін сатып алу-сатуға байланысты қатынастар жүйесі;
Тармақша 41
41) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы – осы Заңға сәйкес энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында, сондай-ақ бірыңғай сатып алушы мен электрондық сауда жүйесіндегі цифрлық майнерлер арасында жүзеге асырылатын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері;
Тармақша 42
Тармақша 43
43) электр энергиясының спот-сауда-саттығы (бұдан әрі - спот-сауда-саттық) - бір күн бұрын және операциялық тәуліктер ішінде режимдерінде қысқа мерзімдік негізде электр энергиясының сағат сайынғы көлемінде ұйымдастырылған сауда;
Тармақша 44
44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы – жүйелік оператордың Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының теңгерімсіздігін физикалық реттеу нәтижесінде туындайтын және теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуға байланысты электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері мен теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы арасындағы өзара қатынастар жүйесі;
Тармақша 45
45) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі - имитациялық режим) - электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі;
Тармақша 46
46) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері;
Тармақша 47
47) энергетикалық сараптама – электр энергетикасы саласындағы жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, сондай-ақ олардағы технологиялық бұзушылықтарды және өндірістік жарақаттануды тергеп-тексеру кезінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;
Тармақша 48
48) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;
Тармақша 49
49) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 50
50) энергия өндіруші ұйым – Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес нетто-тұтынушылар болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 52
52) энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын босату бағасы – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын тиісті сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген, электр энергиясына арналған шекті тарифтен аспайтын электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сату бағасы.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу
2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу
Бап 3. 3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi
3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
Тармақша 1
1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң қауiпсiз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi мыналар:
Тармақша 1
1) электр энергиясының көтерме сауда нарығында басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi қауiпсiз, жұмыс iстеуi мен дамуы;
Тармақша 2
2) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілері болып табылатын тұтынушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын берушіні таңдау құқығы;
Тармақша 3
3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) электр энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру;
Тармақша 5
5) электр энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну;
Тармақша 6
6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту;
Тармақша 7
7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту;
Тармақша 8
8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану кезiндегi құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 9
9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы сапасының ұлттық стандарттарын белгiлеу;
Тармақша 10-1
10-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 11
Тармақ 3
3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
Тармақша 1
1) лицензиялауды;
Тармақша 2
2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi;
Тармақша 3
3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi;
Тармақша 4
4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттiк қадағалауды;
Тармақша 5
5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді және стандарттауды қамтиды.
Тармақша 5-1
5-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын кредиттеуді;
Тармақша 6
Тармақша 7
Бап 3-1. 3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Ұлттық компанияға ұлттық электр желісін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, сондай-ақ оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Ұлттық әл-ауқат қорына нәтижесінде ұлттық компанияның дауыс беретін акцияларының сексен бес пайыздан азы Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі болатын осы ұлттық компанияның акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.
Бап 3-2. 3-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары
3-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) электр энергетикасы кешенін жоспарлы және орнықты дамыту;
Тармақша 2
2) электр энергетикасы саласындағы барлық субъектілердің мүдделерін сақтау;
Тармақша 3
3) электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну процесінде тиімді әдістер мен технологияларды пайдалану;
Тармақша 4
4) электр энергиясын пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) электр энергетикасын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті мемлекеттік реттеудің міндеттілігі.
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi
4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Тармақша 1-1
1-1) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету кезінде ғана шеккен шығыстарына өтем жасау үшін оның осындай көрсетілетін қызметтен түскен кірістерінің жетіспеуі салдарынан өзінің энергия өндіруші ұйымдар алдындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;
Тармақша 1-2
Тармақша 1-3
1-3) тұтынушылардың сатып алынған электр энергиясына уақтылы ақы төлемеуі салдарынан туындаған залал және (немесе) ақша қаражатының тапшылығы пайда болған жағдайда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны мемлекеттік қаржылай қолдауды жүзеге асырады;
Тармақша 1-4
1-4) осы Заңның 15-6-бабының 7-2-тармағында айқындалған жағдайда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салу үшін тендер жеңімпазын айқындайды;
Тармақша 1-5
1-5) инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушылары (бұдан әрі – инвестициялық тарифті алушылар) тізбесін бекітеді;
Тармақша 1-6
1-6) инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 5. 5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақша 6-1
6-1) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6-2
6-2) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын айқындайды;
Тармақша 6-3
6-3) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәртіпті белгілейді;
Тармақша 6-4
6-4) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындайды;
Тармақша 7
Тармақша 7-1
Тармақша 7-2
Тармақша 7-3
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
Тармақша 10
Тармақша 10-1
10-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11
Тармақша 12
Тармақша 13
Тармақша 14
Тармақша 15
Тармақша 16
Тармақша 17
Тармақша 18
Тармақша 19
Тармақша 20
Тармақша 21
Тармақша 22
Тармақша 23
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне электр энергиясын қосу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 25
Тармақша 26
Тармақша 27
Тармақша 28
Тармақша 29
Тармақша 30
Тармақша 30-1
Тармақша 30-2
Тармақша 30-3
Тармақша 30-4
Тармақша 31
Тармақша 32
Тармақша 33
Тармақша 34
34) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35
Тармақша 36
Тармақша 37
Тармақша 38
38) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 39
Тармақша 40
40) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 41
Тармақша 42
Тармақша 43
43) жүйелік операторды айқындайды;
Тармақша 44
Тармақша 45
Тармақша 46
46) энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекітеді;
Тармақша 47
47) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 47-1
Тармақша 48
Тармақша 49
Тармақша 50
50) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 51
Тармақша 52
52) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 53
53) орталықтандырылған сауда нарығы операторын айқындайды;
Тармақша 54
Тармақша 55
55) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ өңірлер үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;
Тармақша 56
Тармақша 57
Тармақша 58
58) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 59
Тармақша 60
60) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 61
Тармақша 62
62) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 63
63) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 64
Тармақша 65
65) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
Тармақша 66
66) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;
Тармақша 67
67) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
Тармақша 68
68) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;
Тармақша 69
Тармақша 70
70) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 70-1
70-1) электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;
Тармақша 70-2
70-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді бекітеді;
Тармақша 70-3
70-3) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
Тармақша 70-4
70-4) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 70-5
Тармақша 70-6
70-6) жүйелік оператордың осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 70-7
Тармақша 70-8
70-8) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 70-9
Тармақша 70-10
Тармақша 70-11
70-11) бірыңғай сатып алушы пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
Тармақша 70-12
70-12) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасады;
Тармақша 70-13
Тармақша 70-14
Тармақша 70-15
70-15) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
Тармақша 70-16
Тармақша 70-17
Тармақша 70-18
70-18) бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
Тармақша 70-19
Тармақша 70-20
Тармақша 70-21
Тармақша 70-22
Тармақша 70-23
Тармақша 70-24
Тармақша 70-25
Тармақша 70-26
Тармақша 70-27
Тармақша 70-28
Тармақша 70-29
Тармақша 70-30
Тармақша 70-31
Тармақша 70-32
Тармақша 70-33
Тармақша 70-34
70-34) Тұлғалар топтарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар пайдалануға беретін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типін және түрін келіседі;
Тармақша 70-35
70-35) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 70-36
70-36) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 70-37
Тармақша 70-38
Тармақша 70-39
Тармақша 70-40
Тармақша 70-41
Тармақша 70-42
Тармақша 70-43
Тармақша 70-44
Тармақша 70-45
70-45) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығын айқындайды;
Тармақша 70-46
70-46) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
Тармақша 70-47
70-47) осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты пайдалану туралы энергия өндіруші ұйымдардың есепті ақпаратын қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуы тұрғысынан қарайды және қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмау фактісі анықталған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдарға жіберілетін қаражаттың көлемін азайту туралы шешім қабылдайды.
Тармақша 70-48
70-48) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтауының сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 70-49
70-49) гибридті топтардың тізбесін қалыптастыру тәртібін бекітеді және оны жүргізеді;
Тармақша 70-50
70-50) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
Тармақша 70-51
70-51) технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 70-52
70-52) электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының объектілер мен жабдықтың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі жұмысына қатысады;
Тармақша 70-53
70-53) қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурсқа орналастырады және жаңартады;
Тармақша 70-54
70-54) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес еместігі туралы ақпаратты жібереді;
Тармақша 70-55
70-55) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуына мониторингті жүзеге асырады; 70-56) 01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 24.06.2026 № 322-VIII Заңымен.
Тармақша 71
71) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 5-1. 5-1-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті
5-1-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) электрмен жабдықтау саласындағы нормативтік техникалық құжаттаманы өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) электрмен жабдықтау саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде электр энергетикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5-1
Тармақша 5-2
Тармақша 5-3
Тармақша 5-4
Тармақша 5-5
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 5-2. 5-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
5-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары электр энергиясын беру және онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялауды уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бір мезгілде электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және балансында жиырмадан астам жылу көздері бар, өздеріне қатысты оңалту рәсімі қолданылған, коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың шығындарын (борыштарын) субсидиялауды резерв есебінен жүзеге асырады.
Бап 6. 6-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылау
6-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрі – бақылау органы) бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан осы Заңға сәйкес – қашықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі мен осы Заңға сәйкес тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Бақылау органы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңның 6-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Энергетикалық жабдығы бар жеке немесе заңды тұлғалар, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Тармақ 4
4. Бақылау органы мемлекеттік бақылауды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;
Тармақша 2
2) энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;
Тармақша 3
3) электр энергиясын өндірудің, берудің, жабдықтаудың және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігіне;
Тармақша 4
4) техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді электр қондырғыларында жұмыс істеуге жібермеу немесе жұмыстан шеттету бойынша;
Тармақша 5
5) энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңге даярлығына және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіне жүзеге асырады.
Бап 6-1. 6-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
6-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
Тармақ 1
1. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар беретін ақпаратты және ай сайынғы есептілікті;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша – оны бұзушылық туралы ақпарат келіп түскен кезде, электр энергетикасы саласындағы бақылау органының сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты;
Тармақша 3
3) электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының объектілер мен жабдықтың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі жұмысына қатысу кезінде алынған құжаттамалар мен материалдарды талдау арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушыларға қатысты жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Бақылау органы электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
Тармақ 5
5. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – қорытындыға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 6
6. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды алған электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау органына бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін бақылау органына бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның орындалуы туралы ақпаратты береді. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.
Тармақ 7
7. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген органға бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 8
8. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Тармақ 9
9. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бір жыл ішінде екі реттен асырмай жүргізіледі.
Бап 6-2. 6-2-бап. Қашықтан бақылау
6-2-бап. Қашықтан бақылау
Тармақ 1
1. Бақылау органы қашықтан бақылауды электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну қауіпсіздігіне, сенімділігіне және сапасына әсер ететін бұзушылықтарды анықтау тұрғысынан бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін талдау арқылы тұрақты негізде жүргізеді.
Тармақ 2
2. Бақылау органы қашықтан бақылауды осы баптың 1-тармағына сәйкес бұзушылыққа жол берген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін талдау және ақпараттық жүйелер, бақылау субъектілері (объектілері) ұсынған есептілік, ашық дереккөздер, бұқаралық ақпарат құралдары деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде алынған ақпараттың негізінде жүргізеді.
Тармақ 3
3. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды жасалады және бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау субъектісіне (объектісіне) жіберіледі. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 4
4. Бақылау органдары қашықтан бақылауды жүргізу шеңберінде:
Тармақша 1
1) бақылау субъектілерінен (объектілерінен) және олардың лауазымды адамдарынан жазбаша түрде мәліметтер мен құжаттарды не олардың көшірмелерін сұратуға;
Тармақша 2
2) бақылау нысанасына жататын түсініктемелер алу үшін бақылау субъектілерін шақыруға құқылы.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектілері (объектілері) бақылау органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды бақылау органы белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті.
Тармақ 6
6. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды екі данада жасалады. Бір данасы бақылау субъектісіне (объектісіне) жіберіледі, екінші данасы бақылау органында қалады. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – қорытындыға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 7
7. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны алған бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде, қашықтан бақылауды жүргізген бақылау органына бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті. Бақылау субъектісі қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпаратты береді. Бақылау субъектісі (объектісі) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.
Тармақ 8
8. Бақылау субъектісі қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қашықтан бақылауды жүргізген, қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды жіберген бақылау органына қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. Бақылау субъектісі қарсылықта бақылау органына жіберілетін ескертулерді және (немесе) дәлелдерді баяндауға міндетті. Қашықтан бақылауды жүргізген бақылау органы қарсылықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ескертулерді және (немесе) дәлелдерді ескере отырып, қарсылықты қабылдау немесе уәжді негіздемемен қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау осы Заңға сәйкес бақылау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.
Бап 6-3. 6-3-бап. Электр энергетикасы саласындағы тексерулер
6-3-бап. Электр энергетикасы саласындағы тексерулер
Тармақ 1
1. Бақылау субъектісін (объектісін) тексеру (бұдан әрі – тексеру) – бақылау органының осы Заңның 6-бабының 4-тармағында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қызметі. Тексеру бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің (объектісінің) бұзушылықтары анықталған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.
Тармақ 2
2. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.
Тармақ 3
3. Жоспарлы тексерулер тексеруді тағайындау туралы акт негізінде, жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде бақылау органы бекіткен тексерулердің жылдық тізіміне сәйкес жүргізіледі. Тексерулердің жылдық тізімі бақылау субъектілерін (объектілерін) негізгі жабдықтың тозу дәрежесі және (немесе) технологиялық бұзушылықтар саны бойынша бөлу ескеріле отырып қалыптастырылады және бақылау органының интернет-ресурсында тексерулер жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады. Бақылау субъектілері (объектілері) негізгі жабдықтың тозу дәрежесі бойынша:
Тармақша 1
1) тозуы 50 пайызға дейін болса – қауіп-қатер дәрежесі төмен;
Тармақша 2
2) тозуы 51-ден 75 пайызға дейін болса – қауіп-қатер дәрежесі орташа;
Тармақша 3
3) тозуы 75 пайыздан астам болса – қауіп-қатер дәрежесі жоғары болып бөлінеді. Бақылау субъектілері (объектілері) уәкілетті орган бекітетін технологиялық бұзушылықтар сыныптамасына сәйкес технологиялық бұзушылықтар саны бойынша:
Тармақша 1
1) II дәрежедегі істен шығулар болғанда – қауіп-қатер дәрежесі төмен;
Тармақша 2
2) I, II дәрежедегі істен шығулар болғанда – қауіп-қатер дәрежесі орташа;
Тармақша 3
3) авариялар, I, II дәрежедегі істен шығулар болғанда – қауіп-қатер дәрежесі жоғары болып бөлінеді. Қауіп-қатердің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерін (объектілерін) тексеру жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, екі жылда бір реттен асырылмай жүргізіледі. Қауіп-қатердің орташа және жоғары дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерін (объектілерін) тексеру жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі. Тексерулердің жылдық тізімі әкімшілік дереккөздердің, сондай-ақ ақпараттық құралдардың деректері негізінде автоматты режимде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып қалыптастырылады. Бақылау органдары автоматты режимде жұмыс істейтін ақпараттық жүйе болмаған кезде тексерулердің жылдық тізімін негізгі жабдықтың тозуы және (немесе) технологиялық бұзушылықтар саны бойынша қауіп-қатер дәрежелерін ескере отырып, дербес қалыптастырады. Бақылау органы сол бір бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тексерулер тізімін және электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін жасаған кезде тексерулер жүргізу кезеңінің бірыңғай мерзімдері белгіленеді. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тексерулер жүргізудің жылдық тізімдері тексеру тағайындалған объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып қалыптастырылады. Тексерулер жүргізудің жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін бақылау субъектісі (объектісі) таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгертілген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар мен оларға байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады. Уәкілетті орган тексерулер тізімінің нысанын бекітеді.
Тармақ 4
4. Бақылау органы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бақылау субъектісін (объектісін) не оның уәкілетті адамын, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды тексерудің басталу күнін көрсете отырып, тексеру басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын тексеру жүргізудің басталуы туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлама мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – хабарламаға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 5
5. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатердің алдын алу және (немесе) жою мақсатында нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша бақылау органы тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады. Бақылау органы, осы баптың 6-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде бақылау субъектісіне (объектісіне) жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы туралы бақылау субъектісіне (объектісіне) тексеруді жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексеру басталардан кемінде бір тәулік бұрын бақылау субъектісіне (объектісіне) хабарлауға міндетті.
Тармақ 6
6. Бақылау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган бекітетін технологиялық бұзушылықтар сыныптамасына сәйкес аварияларды немесе І дәрежедегі істен шығуларды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау;
Тармақша 2
2) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген іс-шараларды орындамау, оның ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат бермеу және (немесе) бұзушылықтарды жоймау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық фактісін дәлелдейтін растайтын материалдар қоса берілген жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган бекітетін технологиялық бұзушылықтар сыныптамасына сәйкес авариялар немесе І дәрежедегі істен шығулар туралы ресми дереккөздерден алынған ақпарат;
Тармақша 5
5) егер бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермесе және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жоймаса, жоспарлы тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
Тармақша 6
6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің не нұқсан келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша прокурордың талабы;
Тармақша 7
7) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірудің, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтардың, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
Тармақша 8
8) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
Тармақша 9
9) жоғары тұрған мемлекеттік орган бірінші басшысының Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты шаралар қабылдау туралы тапсырмасы.
Тармақ 7
7. Анонимді жолданымдар болған жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
Бап 6-4. 6-4-бап. Тексерулерді жүзеге асыру тәртібі
6-4-бап. Тексерулерді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1
1. Бақылау органының тексеруге келген лауазымды адамдары бақылау субъектісіне (объектісіне):
Тармақша 1
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
Тармақша 2
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
Тармақ 2
2. Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеруді жүргізуге уәкілеттік берілген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың лауазымды адамдары туралы мәліметтер (қажет болған кезде);
Тармақша 5
5) бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілер тізбесі;
Тармақша 6
6) тексеру түрі;
Тармақша 7
7) тексеру нысанасы;
Тармақша 8
8) тексеруді жүргізу мерзімі;
Тармақша 9
9) тексеруді жүргізу негіздері;
Тармақша 10
10) тексерілетін кезең;
Тармақша 11
11) бақылау субъектісінің (объектісінің) құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 12
12) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген лауазымды адамның қолтаңбасы;
Тармақша 13
13) бақылау субъектісі (объектісі) басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) не оның уәкілетті адамына тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексеруді тағайындау туралы акт мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – хабарламаға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі. Тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындаған бақылау органының тексерулерді тіркеу журналында тіркеледі.
Тармақ 4
4. Тексеруді тағайындау туралы актіні қолма-қол табыс еткен кезде қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту оны орындамау және тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
Тармақ 5
5. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ бақылау органы лауазымды адамдарының тексеру субъектісіне (объектісіне), тексеруді жүргізу үшін қажетті материалдарға, жабдыққа қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Тармақ 6
6. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеруді жүргізе алады. Бұл ретте тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау органының шешімімен өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау субъектісі (объектісі) ауыстырудың себебі көрсетіле отырып, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін хабардар етіледі.
Тармақ 7
7. Тексеруді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ тексеру нысанасы ескеріле отырып белгіленеді және:
Тармақша 1
1) жоспарлы тексерулерді жүргізу кезінде қауіп-қатердің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін – жиырма жұмыс күнінен, қауіп-қатердің орташа және төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін – он бес жұмыс күнінен;
Тармақша 2
2) жоспардан тыс тексерулерді жүргізу кезінде он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тармақ 8
8. Бақылау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) арнаулы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ жұмыс көлемінің едәуір болуына байланысты тексеруді жүргізу мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады. Тексеруді жүргізу мерзімдерін ұзарту тексеру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау субъектісіне (объектісіне) хабарлама табыс етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және ұзарту себебі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Бақылау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) тексеруді:
Тармақша 1
1) мерзімі отыз жұмыс күнінен асатын арнаулы зерттеулер, сынақтар мен сараптамалар жүргізілген жағдайда (қорытынды алынғанға дейін);
Тармақша 2
2) үшінші тұлғалардан мерзімі отыз жұмыс күнінен асатын мәліметтер мен құжаттарды алу қажет болған кезде (оларды алғанға дейін);
Тармақша 3
3) тексеруді жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде бір рет қана тоқтата тұруы мүмкін. Тексеруді тоқтата тұру тексеру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау субъектісіне (объектісіне) хабарлама табыс етіле отырып, тексеруді тоқтата тұру туралы актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және тоқтата тұру себебі көрсетіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тексеруді тоқтата тұру үшін негіздер тоқтатылғаннан кейін тексеру тоқтатыла тұрған мерзімінен бастап қайта басталады. Тексеруді қайта бастау тексеруді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау субъектісіне (объектісіне) хабарлама табыс етіле отырып, тексеруді қайта бастау туралы актімен ресімделеді, онда тексеруді қайта бастау күні көрсетіледі. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексеруді тоқтата тұру туралы акт және тексеруді қайта бастау туралы акт мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – хабарламаға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 10
10. Тексеру нәтижелері бойынша бақылау органының лауазымды адамы (адамдары) – тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Тармақ 11
11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің жасалған күні мен орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болса, тексеру мерзімін ұзарту, тексеруді тоқтата тұру туралы қосымша актілердің) күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның тұрған жері немесе бақылау субъектісінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
Тармақша 6
6) тексеруді жүргізу кезеңі;
Тармақша 7
7) тексеру түрі;
Тармақша 8
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) тексеру нәтижелері туралы актімен танысу немесе танысудан бас тарту, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;
Тармақша 10
10) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
Тармақ 12
12. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) нұсқаманың жасалған күні мен орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның тұрған жері немесе тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы (болған кезде);
Тармақша 5
5) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
Тармақша 7
7) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар мен нұсқаулар және оларды жою мерзімдері;
Тармақша 8
8) бақылау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;
Тармақша 9
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы. Жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (зақымдалған жабдықты қарап-тексеру актісі, техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, регистрограмманың, осциллограмманың жазбалары, жедел журналдардан үзінді-көшірмелер, түсініктеме жазбахаттар, схемалар, сызбалар, фото-, аудио- және бейнематериалдар, сауалнама парақтары мен басқа да материалдар) бар болса, олар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса беріледі.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, тексеруді ұзарту туралы актінің, тексеруді тоқтата тұру туралы актінің, тексеруді қайта бастау туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын бекітеді.
Тармақ 14
14. Тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады. Бақылау органы тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші даналарын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға үш жұмыс күні ішінде электрондық нысанда тапсырады, екінші даналарын қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда бақылау субъектісіне (объектісіне) не оның уәкілетті адамына танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін табыс етеді, үшінші даналары бақылау органында қалады. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 15
15. Тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы актіні бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс еткен күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Тармақ 16
16. Бақылау субъектісі (объектісі) не оның уәкілетті адамы тексеру нәтижелері бойынша ескертулері және (немесе) қарсылықтары болған жағдайда, өзіне тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оларды жазбаша түрде баяндап, бақылау органына жібереді. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі қойылады.
Тармақ 17
17. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қоса беріліп, кемінде бес жұмыс күнін құрайды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) бақылау субъектісінде (объектісінде) бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктердің бар-жоғы;
Тармақша 2
2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан тиісті рұқсатты алу немесе «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген хабарламаны беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.
Тармақ 18
18. Бақылау субъектісі қосымша уақыт және (немесе) қаржылай шығындар қажет болған жағдайда, өзіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсетіп, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен тексеруді жүргізген бақылау органына жүгінуге құқылы. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті. Тексеруді жүргізген бақылау органы анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде баяндалған дәлелдерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы және бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсетіп, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бақылау субъектісі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде бақылау органына бұзушылықтарды жою мерзімі басталған, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты ұсынады. Бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді. Уәкілетті орган анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысанын бекітеді.
Тармақ 19
19. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзім ішінде тексеру жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 20
20. Бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген немесе толық бермеген жағдайда, бақылау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне (объектісіне) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді. Бақылау органы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат белгіленген мерзімде берілмеген немесе толық берілмеген жағдайда, жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылауды қоспағанда, жоспардан тыс тексеру тағайындайды.
Тармақ 21
21. Бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда, тексеру жүргізген бақылау органына бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 22
22. Бақылау субъектісі тексеру қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады. Бақылау субъектісінің (объектісінің) тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы өтінішін жоғары тұрған мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексеру нәтижелерін жарамсыз деп тануы олардың күшін ішінара не толық көлемде жоюға негіз болып табылады. Толық көлемде жарамсыз деп танылған тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген талаптарды бұзуының дәлелі бола алмайды.
Тармақ 23
23. Тексерулер бұзушылықтар тікелей жасалған кезде олардың жолын кесу және мынадай:
Тармақша 1
1) тексеру қажеттілігі кәсіпорын жұмыскерлері мен халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін технологиялық бұзушылықтарды дереу жоюды талап еткен жағдайда;
Тармақша 2
2) техникалық пайдалану қағидаларының сәйкестігі тұрғысынан өзіндік ерекшелігін ескере отырып, технологиялық жабдықтың үзіліссіз жұмыс істеу режимінің сақталуын тексеру және қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптарын тексеру жағдайында дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін әрекеттер жасау қажет болған кезде жұмыстан тыс уақытта (тәуліктің түнгі уақытында, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін. Жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу жөніндегі шешім бақылау органы бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді. Уәкілетті орган жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу туралы бұйрықтың нысанын бекітеді.
Тармақ 24
24. Егер тексеруді және (немесе) қашықтан бақылауды жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің (объектісінің) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде, бақылау органдарының лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде, бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Бап 6-5. 6-5-бап. Электр энергетикасы саласындағы тергеп-тексерулер
6-5-бап. Электр энергетикасы саласындағы тергеп-тексерулер
Тармақ 1
1. Тергеп-тексеру бақылаудың дербес нысаны болып табылады, оның жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және осы Заңда айқындалған.
Тармақ 2
2. Тергеп-тексерудің мақсаттары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау және тиісті шаралар қабылдау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген тұлғаны (тұлғаларды) айқындау.
Тармақ 3
3. Тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіздер:
Тармақша 1
1) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт тұлғалардың кең тобына қатысты болған және бұзушылыққа жол берген нақты тұлғаны (нақты тұлғаларды) анықтау талап етілетін жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары;
Тармақша 2
2) алдында болған мән-жайларды анықтау, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану шарттарын бұзушылықтардың, технологиялық процестерді, электр энергетикасы саласындағы талаптарды бұзушылықтардың сипатын анықтау, авариялардың, технологиялық бұзушылықтардың зардаптарын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, осындай авариядан, технологиялық бұзушылықтан келтірілген материалдық залалды айқындау қажеттігі туындайтын авариялар, технологиялық бұзушылықтар.
Тармақ 4
4. Бақылау органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін белгілейді. Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі:
Тармақша 1
1) тергеп-тексеру жүргізілетін жағдайларды;
Тармақша 2
2) тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері мен ұзақтығын;
Тармақша 3
3) бақылау субъектісін (объектісін), құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды, мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабардар ету мерзімдерін;
Тармақша 4
4) тәуелсіз сарапшылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды тарту тәртібін;
Тармақша 5
5) тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамын құру шарттары мен тәртібін;
Тармақша 6
6) тергеп-тексеруді ұзарту және тоқтата тұру шарттарын, мерзімдерін, тәртібін;
Тармақша 7
7) тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.
Тармақ 6
6. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс және күнтізбелік отыз күнге бір рет қана ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Бақылау органы тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша, тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген тұлғаны (тұлғаларды) айқындайды. Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша, бұзушылыққа жол берген тұлғаға (тұлғаларға) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қабылданады. Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары, мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау органының интернет-ресурсында жарияланады. Тергеп-тексеру қорытындылары құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Бап 6-6. 6-6-бап. Бақылау органы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
6-6-бап. Бақылау органы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Бақылау органының лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
Тармақша 2
2) қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ мемлекеттік бақылау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
Тармақша 3
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік бақылау нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, регистрограмманың, осциллограмманың, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының жазбаларын, жедел журналдардан үзінді-көшірмелерді, түсініктеме жазбахаттарды, схемаларды, сызбаларды, фото-, аудио- және бейнематериалдарды, сауалнама парақтары мен басқа да материалдарды пайдалануға;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісін түсініктемелер алу үшін шақыруға;
Тармақша 6
6) мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарын тартуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінуге және сот істерді қараған кезде қатысуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Бақылау органының лауазымды адамдарына мемлекеттік бақылау нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтінулермен жүгінуге тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Бақылау органының лауазымды адамдары мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау субъектілерінің (объектілерінің) құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
Тармақша 2
2) осы Заңда белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте мемлекеттік бақылау жүргізуге;
Тармақша 3
3) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бақылауды жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы әрі толық шамада орындауға;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісіне (объектісіне) не оның уәкілетті өкіліне мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі келтірмеуге, мемлекеттік бақылау нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
Тармақша 6
6) бақылау субъектісіне (объектісіне) мемлекеттік бақылау нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
Тармақша 7
7) бақылау субъектісіне (объектісіне) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны, тексеру нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы табыс етуге;
Тармақша 8
8) мемлекеттік бақылауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 6-7. 6-7-бап. Бақылау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
6-7-бап. Бақылау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Бақылау субъектілері (объектілері) не олардың уәкілетті адамдары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) бақылау органының тексеруді жүргізуге келген лауазымды адамдарын: тексеруді жүргізу жиілігін сақтамаған; тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру туралы қосымша актілерде) көрсетілген тексеру мерзімдері асып кеткен не өтіп кеткен; жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жолданымдарда көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңге тексеру тағайындалған; тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарға тапсырылған; тексеруді тағайындау туралы бір актіде бірнеше бақылау субъектісі (объектісі) көрсетілген; тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асыра ұзартылған; осы Заңда белгіленген талаптар өрескел бұзылған; бақылау органының лауазымды адамдары осы Заңның 6-4-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетпеген жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
Тармақша 2
2) егер құжаттар мен мәліметтер тексеру нысанасына, сондай-ақ тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;
Тармақша 3
3) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыға, тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, сондай-ақ бақылау органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
Тармақша 4
4) бақылау органының немесе лауазымды адамдардың бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ бақылау органы лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін аудио-, фото- және бейнетүсірілім көмегімен, бақылау органы лауазымды адамдарының қызметіне кедергі келтірмей тіркеп-белгілеуге;
Тармақша 6
6) үшінші тұлғаларды өз мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында мемлекеттік бақылауға қатысу үшін тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Бақылау субъектілері (объектілері) не олардың уәкілетті адамдары бақылау органы мемлекеттік бақылауды жүргізген кезде:
Тармақша 1
1) бақылау органы лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау органының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ мемлекеттік бақылау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
Тармақша 3
3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік бақылау аяқталған күні қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының, тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
Тармақша 5
5) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
Тармақша 6
6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бақылауды жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
Тармақша 7
7) бақылау объектісіне мемлекеттік бақылауды жүргізуге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы не оның уәкілетті адамы тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда, тексеру белгіленген мерзімдерде бақылау объектісі тұрған жерде болуға міндетті.
Бап 6-8. 6-8-бап. Осы Заңның талаптарын өрескел бұзып жүргізілген тексерулердің жарамсыздығы
6-8-бап. Осы Заңның талаптарын өрескел бұзып жүргізілген тексерулердің жарамсыздығы
Тармақ 1
1. Егер бақылау органы тексеруді осы Заңда белгіленген тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзып жүргізсе, тексеру жарамсыз деп танылады.
Тармақ 2
2. Осы Заң талаптарын өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;
Тармақша 2
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
Тармақша 3
3) тексеру мерзімдерінің сақталмауы;
Тармақша 4
4) тексеруді жүргізу кезеңділігінің бұзылуы;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісіне (объектісіне) тексеруді тағайындау туралы актіні ұсынбау;
Тармақша 6
6) бақылау органының өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексеруді тағайындауы.
Бап 6-9. 6-9-бап. Электр энергетикасы саласындағы өндірістік бақылау
6-9-бап. Электр энергетикасы саласындағы өндірістік бақылау
Тармақ 1
1. Электр энергетикасы саласындағы өндірістік бақылауды (бұдан әрі – өндірістік бақылау) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өндірістік бақылаудың міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін қауіпсіз пайдалану бойынша мониторинг жүргізу;
Тармақша 3
3) электр энергиясын өндірудің, берудің және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеруден өткен жұмыскерлердің жұмысты жүзеге асыруы;
Тармақша 5
5) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар және жүйелік операторды, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңге уақтылы даярлау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) жабдықты, ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануға әзірлік күйінде ұстау;
Тармақша 7
7) қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауға бағытталған шараларды талдау және әзірлеу;
Тармақша 8
8) жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін бұзушылықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау;
Тармақша 9
9) технологиялық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.
Тармақ 3
3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор өндірістік бақылау туралы ережені әзірлейді. Уәкілетті орган өндірістік бақылау туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 4
4. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам біліктілік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне және құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес атқаратын лауазымына сәйкестігі бөлігінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператор басшысының актісімен тағайындалады және босатылады.
Тармақ 5
5. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам:
Тармақша 1
1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жоспарын әзірлеуге;
Тармақша 2
2) жұмыскерлердің электр энергетикасы саласындағы талаптарды сақтауын өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) энергетикалық жабдықты пайдалану және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге;
Тармақша 4
4) қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыруға;
Тармақша 5
5) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператор жұмыскерлерінің назарына Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жеткізуге;
Тармақша 6
6) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператор басшысына: қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде іс-шаралар жүргізу; Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылып жүзеге асырылатын, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе технологиялық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін жұмыстарды тоқтата тұру; техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша уақтылы даярлаудан, қайта даярлаудан өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 7
7) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін не сұрау салу бойынша (авариялар мен бірінші дәрежедегі істен шығулар орын алған жағдайларда) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне өндірістік бақылау міндеттеріне сәйкес есепті ұсынуға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 6
6. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның:
Тармақша 1
1) өндірістік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен материалдарды алуға;
Тармақша 2
2) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператордың объектілеріне тәуліктің кез келген уақытында кедергісіз кіруге құқығы бар.
Бап 7. 7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті
7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтынатын көлемдеріне қарай саралау тәртібін бекітеді;
Тармақша 2
Тармақша 3
Тармақша 4
4) электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін интернет-ресурста жүргізеді, орналастырады және он күн сайын жаңартып отырады;
Тармақша 5
5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;
Тармақша 6
6) осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында, 18-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;
Тармақша 7
7) осы Заңның 12-бабының 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдар бұзған жағдайда сотқа жүгінеді;
Тармақша 8
8) осы Заңда айқындалған нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде әзірлейді, бекітеді;
Тармақша 8
Тармақша 8-1
8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;
Тармақша 8-2
8-2) осы Заңға сәйкес атаулы қолдау алушылардың тізімін қалыптастырады;
Тармақша 9
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7-1. 7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау Электр энергетикасы саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуды осы қызмет түрімен айналысуға арналған лицензиясы бар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүзеге асырады. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келетін ұйымдарға беріледі:
Тармақша 1
1) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) кем емес электр желілерінің (электр берудің кәбілдік немесе әуе желілерінің) болуы;
Тармақша 2
2) коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде қызметін «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, олар үшін электр энергиясына тікелей қосылған он екі мың тұтынушының болуы жеткілікті болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, тікелей, оның ішінде үйге ортақ желілер арқылы қосылған кемінде отыз мың электр энергиясын тұтынушылардың болуы.
Бап 7-2. 7-2-бап. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау
7-2-бап. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау
Бап 7-3. 7-3-бап. Энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеу
7-3-бап. Энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеу
Бап 8. 8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға жол берiлмеушiлiк
8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға жол берiлмеушiлiк Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар ұйымдардың электр энергиясын өндiру мен беруге немесе осы процестердi технологиялық басқаруға байланысты өндiрiстiк-технологиялық қызметiне араласуға құқылы емес.
Бап 9. 9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу
9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу
Тармақ 1
1. Тұтынушыларға электр энергиясын беру өздері арқылы қамтамасыз етілетін бұрыннан бар электр беру желілері мен кіші станцияларға қосымша қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Тұтынушының өзі тұтынатын электр қуатын ұлғайтуы қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалауға және салуға негіз болып табылады.
Тармақ 1-1
1-1. Бір тұлғалар тобына немесе бір гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйым мен тұтынушы кернеуі 220 киловольт және одан жоғары меншікті электр беру желілерін жобалауды, салуды және пайдалануды, мұндай желілер бойынша берілетін электр энергиясын әкімшілік-аумақтық бірлік ретіндегі облыс шегінде осы тұлғалар тобы немесе осы гибридті топ ішінде тұтыну үшін пайдаланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету үшін жүйелік оператор айқындайтын техникалық талаптарды сақтаған жағдайда, бірлесіп немесе дербес жүзеге асыруға құқылы. Осы тармақтың ережелері тұлғалар тобына, егер мұндай тұлғалардың бірі басқа тұлғаға қатысты бақылау орнатса, сондай-ақ мұндай тұлғалар бір тұлғаның бақылауында болса, қолданылады. Бақылау деп жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді мынадай бір немесе бірнеше әрекет:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына билік ету арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі. Ұлттық компаниялар үшін заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуге жол беріледі;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі. Жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді жанама түрде айқындау мүмкіндігі деп осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайыздан астамына билік етуі түсініледі, ұлттық компаниялар үшін әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуіне жол беріледі. Көрсетілген электр беру желілері осы тармақта санамаланған тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі болады және меншік иелерінің келісімінсіз ұлттық компанияға беруге жатпайды.
Тармақ 2
2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 2-1
2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынауы электр желілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының бүкіл көлемін сатып алу-сату шарты болған кезде жүйелік оператормен келісілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, кіші станциялар мен тарату құрылғылары өздері жұмыс істеп тұрған кезеңде жекеше әріптестің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.
Тарау 2-1. 2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Бап 9-1. 9-1-бап. Жалпы ережелер
9-1-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Электр жабдықтарын, электр желiлерiн, тұтынушылар қондырғыларын пайдалану кезiндегi ұйымдастырушылық iс-шаралары адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
Тармақ 2
2. Электр энергиясын өндiруге, беру мен пайдалануға арналған электр жабдықтары, электр желiлерi, тұтынушылардың қондырғылары, электр энергиясы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi болып табылады.
Тармақ 3
3. Тұтынушылардың электр энергиясын қабылдау шығыстарындағы электр энергиясының сапа көрсеткiштерi белгiленген нормаларға сәйкес келуге тиiс.
Тармақ 4
4. Мыналар: жұмыс кернеуiнiң атаулы мәннен барынша ауытқуы; электр тогы жиілігінің ауытқуы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.
Тармақ 5
Бап 9-2. 9-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
9-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Электр желiлерiн жобалау және пайдалану кезiнде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгiленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
Тармақ 2
2. Электр энергиясын өндiруге, беруге және тұтынуға арналған электр станцияларының, электр желiлерiнiң жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары техникалық регламенттерде белгiленген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Бап 9-3. 9-3-бап. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде пайдаланылатын электр-техникалық жабдықтар мен материалдарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары
9-3-бап. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде пайдаланылатын электр-техникалық жабдықтар мен материалдарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оның аумағына әкелiнетiн электр-техникалық жабдықтар мен материалдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Тармақ 2
2. Электр-техникалық жабдықтар мен материалдар адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Тармақ 3
3. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгi растауға жататын электр станцияларының, электр желiлерiнiң жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестiктi растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берiлмейдi.
Тармақ 4
4. Электр станцияларының, электр желiлерiнiң жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары қауiпсiз жағдайларды қамтамасыз ететiн, техникалық жағынан жарамды күйде болуға тиiс.
Бап 9-4. 9-4-бап. Электр энергиясын цифрлық майнерлердің сатып алу тәртібі мен талаптары
9-4-бап. Электр энергиясын цифрлық майнерлердің сатып алу тәртібі мен талаптары
Тармақ 1
1. Цифрлық майнерлер электр энергиясын орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан кем емес көлемде:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және жүйелік оператор айқындайтын белгіленген квоталар шеңберінде электр энергиясын орталықтандырған сауда-саттықта бірыңғай сатып алушыдан;
Тармақша 2
2) генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған, қосылудың жоқтығы фактісін жүйелік оператор растаған кезде энергия өндіруші ұйымдардан сатып алады. Бұл норма генерациялайтын қондырғылары 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды;
Тармақша 3
3) жүйелік оператор айқындайтын Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндігі шеңберінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілген электр энергиясын;
Тармақша 4
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты жоқ энергия өндіруші ұйымдардан сатып алады.
Тармақ 2
2. Цифрлық майнерлердің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, жүктемені ажыратудың арнаулы автоматикасының, жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда орнатылған жүйелермен өздерін біріздендіруді олардың желілеріне қосылған кезде қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелерінің болуы міндетті.
Бап 9-5. 9-5-бап. Электр энергиясын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электрқуаттау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі талаптар
9-5-бап. Электр энергиясын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электрқуаттау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі талаптар
Тармақ 1
1. Электрқуаттау станцияларын электр желілеріне қосу электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Электрқуаттау станцияларын, оның ішінде жабық үй-жайларда орнатылған электрқуаттау станцияларын пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Электрқуаттау станциялары пайдаланатын электр энергиясын тұтыну тәртібі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 4
4. Электрқуаттау станцияларының электр энергиясын тұтынуы тұрмыстық тұтынуға жатпайды.
Тарау 3. 3-тарау. Электр энергиясы мен қуаты нарығындағы жүйелік оператор және энергияны өндіру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар
3-тарау. Электр энергиясы мен қуаты нарығындағы жүйелік оператор және энергияны өндіру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар
Бап 10. 10-бап. Жүйелiк оператор
10-бап. Жүйелiк оператор
Тармақ 1
1. Жүйелiк оператор мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағына сәйкес ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша жүйелік қызмет көрсетеді;
Тармақша 1-1
1-1) осы Заңның 13-бабының 7-2-тармағына сәйкес ұлттық электр желісін пайдалану бойынша жүйелік қызмет көрсетеді;
Тармақша 1-2
1-2) ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен тәулiктiк кестесiн қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
Тармақша 2-1
2-1) қуатты резервтеу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) электр қуатын реттеу жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
Тармақша 5
5) электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімсіздіктерін есептеу үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына деректерді береді;
Тармақша 6-1
6-1) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;
Тармақша 8
8) нақты уақыт режимiндегi электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режімдерiн басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету және электр қуатын реттеу бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 10
10) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларының бiртұтас ақпараттық жүйесiн, автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiнде техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) ұлттық электр желiсiне электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;
Тармақша 13
13) электр станцияларының, шағын станциялардың негiзгi жабдықтарын, электр беру желiлерiн, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;
Тармақша 14
14) су электр станцияларының су-шаруашылық теңгерiмдерiн ескере отырып олардың жұмыс режимдерiн және Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 15
15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 22
22) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 22-1
22-1) қуатты берудің келісілген схемалары туралы ақпаратты тоқсан сайын уәкілетті органға береді;
Тармақша 22-2
22-2) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін растайды;
Тармақша 22-3
22-3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергетикалық аймақтар бөлінісінде цифрлық майнерлердің қызметі үшін қолжетімді болатын электр энергиясының квотасын және электр энергиясын тұтыну бейінін айқындайды және квотаның есеп-қисабы үшін пайдаланылған электр энергиясының тапшылығы мен профицитінің бар-жоғы туралы ақпаратты тиісті негіздемесімен бірге өзінің интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ осы ақпаратты цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органға береді;
Тармақша 23
23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жүйелік оператордың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін электр энергиясын берушілерден сатып алу-сатуды мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) технологиялық және өндірістік қажеттіліктерге;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін;
Тармақша 3
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысу үшін жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2-1
Тармақ 2-2
2-2. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жүйелік оператордың электр энергиясын сатып алу-сату шарты негізінде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алу-сатуды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асыруына да құқығы бар.
Тармақ 3
3. Жүйелiк оператор Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару:
Тармақша 1
1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу шарттарының талаптарын iске асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн басқарудан;
Тармақша 2
2) электр энергиясының мемлекетаралық ток ағымдары режимдерiн басқарудан;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде технологиялық бұзылыстарды болдырмауды, оқшауландыруды және жоюды қамтамасыз етуден;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi қуат резервтерiн оралымды басқарудан;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң сенiмдi және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететiн релелiк қорғау, аварияға қарсы және режимдiк автоматика жүйелерiнiң құрылымын, принциптерін, орналасқан жерлерiн, көлемдерi мен қондырғыларын айқындаудан;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қалыптастыру мен бекiтуден;
Тармақша 7
7) электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасаудан тұрады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару және тиiстi өкiмдер беру электр энергиясының сапалық сипаттамасының ағымдағы мәнi - қуаты, жиiлiгi және кернеуi негiзiнде жүзеге асырылады.
Бап 10-1. 10-1-бап. Ұлттық оператор
10-1-бап. Ұлттық оператор
Бап 10-2. 10-2-бап. Нарық кеңесі
10-2-бап. Нарық кеңесі
Тармақ 1
1. Нарық кеңесі:
Тармақша 1
1) электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдарды жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарайды;
Тармақша 2-1
2-1) уәкілетті органға электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінің жобасына сараптама қорытындысын ұсынады;
Тармақша 3
3) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Нарық кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Бап 10-3. 10-3-бап. Бірыңғай сатып алушы
10-3-бап. Бірыңғай сатып алушы
Тармақ 1
1. Бірыңғай сатып алушыны уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Бірыңғай сатып алушы:
Тармақша 1
1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады;
Тармақша 2
2) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасады;
Тармақша 3
3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті алады, оның ішінде осы Заңның 15-3-бабының 3-4, 3-5 және 3-6-тармақтарына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін қосымша сатып алуды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартқа сәйкес электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді;
Тармақша 5
5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің алдағы күнтізбелік жылға бағасының есебін және оны өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тізбесін қалыптастырады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісін көрсете отырып, өз интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 7
7) аукциондық сауда-саттық жеңімпазымен осы Заңның 15-8-бабында көрсетілген мерзімге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
Тармақша 8
8) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылы электр қуаты нарығындағы қызмет шеңберінде оң қаржылық нәтиженің қорытындылары бойынша пайда болған қаражатты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы жылға бағаны төмендетуге жұмсайды.
Тармақша 9
9) осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 1-2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғамен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында белгіленген мерзімге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Бап 10-4. 10-4-бап. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесі
10-4-бап. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесі
Тармақ 1
1. Электр энергиясын өндіру, беру және электр энергиясымен жабдықтау процесінде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрмен жабдықтаудың сапасы мен көлемі, электр энергиясын тұтыну режимдері, қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жабдықтың, электр желілерінің және өзге де мүліктің жай-күйі, көрсетілген мүлікті жаңғырту, жөндеу, реконструкциялау, ауыстыру жөніндегі шаралар, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясының ысырабын азайту жөніндегі шаралар, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологияларын ендіру жөніндегі шаралар туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпаратты береді.
Тармақ 2
2. Электр энергиясын өндіру, беру, тұтыну және электр энергиясымен жабдықтау процесіне қатысатын электр энергетикасы объектілерін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету уәкілетті орган бекітетін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі қағидаларында айқындалады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) электр энергетикасының жай-күйі және даму болжамы туралы ақпаратты жинау, өңдеу;
Тармақша 2
2) электр энергетикасының даму болжамын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларында мыналар:
Тармақша 1
1) деректерді жинау, өңдеу, мониторингтеу және талдау тәртібі;
Тармақша 2
2) электр энергетикасын ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар;
Тармақша 3
3) энергетикалық ресурстарды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қойылатын талаптар;
Тармақша 4
4) технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне қойылатын талаптар;
Тармақша 5
5) коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі үшін серверлік жабдыққа және операциялық жүйеге қойылатын техникалық талаптар;
Тармақша 6
6) электр энергетикасын есепке алудың интеллектуалдық жүйесінде ақпаратты беру технологиясына қойылатын талаптар;
Тармақша 7
7) электр энергетикасын есепке алуды жүзеге асыратын және есепке алу аспаптарын қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдарына, өзге де жабдықтарға және материалдық емес активтерге қойылатын талаптар да айқындалады.
Тармақ 5
5. Электр энергиясын өндіру, беру және электр энергиясымен жабдықтау процесінде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өздерінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қолжетімділік беруге және оларды уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялауға міндетті.
Бап 11. 11-бап. Орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру кезiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөнiндегi өкiмдер
11-бап. Орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру кезiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөнiндегi өкiмдер
Тармақ 1
1. Жүйелiк оператордың орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару кезiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерi жөнiндегi өкiмдерi электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.
Тармақ 2
2. Жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөнiндегi жедел өкiмдердi орындамайтын электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр қондырғыларын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқарудағы электр жүйелерiнен ажыратуға құқылы.
Бап 12. 12-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
12-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың:
Тармақша 1
1) жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк қызмет көрсетудi пайдалануға;
Тармақша 2
2) жүйелiк оператордан электр энергиясын өндiру және беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi техникалық ақпаратты алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Нетто-тұтынушыларды қоспағанда, электр энергиясын өндіруге және беруге қатысушылар:
Тармақша 1
1) жүйелiк операторға Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты және электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiнде нақты ақпаратты (өндiру, шиналардан босату, өз мұқтаждары, шиналардан электр энергиясын босатуға үлестiк шығыстар) беруге;
Тармақша 2
2) жүйелiк оператордың коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуіне рұқсат беруге;
Тармақша 3
3) техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) жасалған шарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi стандартты жиiлiктi реттеуді және ұстап тұруды жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) техникалық регламенттердiң, стандарттау жөніндегі құжаттардың және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негiзгi және қосалқы жабдықтарды, аварияға қарсы және режимдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;
Тармақша 6
6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және пайдаланылып жүрген релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын жаңғыртуды жүргізуге;
Тармақша 7
7) туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы олардың сыныптамасына сәйкес және энергетикалық жабдықты пайдалануға байланысты жазатайым оқиғалар туралы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлауға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әзірлік паспортын алуға;
Тармақша 9
9) уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалануға міндетті.
Тармақ 3
3. Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын сағаттық мөлшерлемелерді ескере отырып, электр энергиясына арналған тиісті шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр энергиясын өткізуді жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға беруге;
Тармақша 4-1
4-1) осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұруға жіберуге;
Тармақша 4-2
4-2) жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органға осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты электр қуатының әзірлігін ұстап тұруға пайдаланылғаны туралы растайтын материалдары бар есепті ақпарат беруге;
Тармақша 5
5) 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңның 2-бабымен;
Тармақша 6
6) 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңның 2-бабымен;
Тармақша 7
7) 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңның 2-бабымен;
Тармақша 8
8) 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңның 2-бабымен;
Тармақша 9
9) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша осы Заңның 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сұрау салу алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
Тармақша 10
10) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асыруға (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлердің жеңімпаздары, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті пайдаланады);
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару кезінде жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулікішілік реттеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 12
12) келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің дерекқорынан жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі мен телеөлшеу жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3-1
3-1. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар берілудің тәуліктік кестелерін орындау үшін қажетті көлемдерде электр энергиясын сатып алу арқылы авариялық істен шыққан қуаттарды алмастыруды жүзеге асыруға міндетті. Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын авариялық істен шыққан қуаттар көлемінде сатып алуды өзге энергия өндіруші ұйымдардан да, жүйелік оператордан да соңғысымен жасалатын шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық өзара көмек көрсету туралы шарттар шеңберінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңның 2-бабымен.
Тармақ 6
6. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуға және осы шарттар негізінде электр қуатының нарығына қатысуға міндетті.
Тармақ 7
7. Энергия беруші ұйымдар электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің уәкілетті орган бекіткен нормативтік мәндерін асырмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Тармақ 8
8. Жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізу үшін тиісті заңды тұлға:
Тармақша 1
1) осы Заңның 13-бабының 7-2-тармағына сәйкес жүйелік оператормен ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасасуға;
Тармақша 2
2) осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағына сәйкес жүйелік оператормен ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасуға;
Тармақша 3
3) энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасуға (қажет болған кезде);
Тармақша 4
4) жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасуға;
Тармақша 5
5) жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру-тұтынуды техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасуға (генерациялайтын қондырғылар болған, сондай-ақ импортты жүзеге асырған жағдайда) міндетті.
Тармақ 9
9. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын коммерциялық есепке алудың тиісті аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес есепті кезеңде (күнтізбелік айда) өздері нақты тұтынған электр энергиясы көлемдерінің негізінде энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру бойынша көрсететін қызметтеріне, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерге және ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерге тиісті шарттарда көрсетілген тарифтер бойынша ақы төлеуге міндетті.
Бап 12-1. 12-1-бап. Электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті, теріс теңгерімсіздікке шекті тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді айқындау тәртібі
12-1-бап. Электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті, теріс теңгерімсіздікке шекті тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді айқындау тәртібі
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Энергия өндіруші ұйым уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын тиісті сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген электр энергиясына шекті тарифтен аспайтын электр энергиясын өткізеді. Электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөліне отырып, әрбір жеті жыл сайын бекітіледі және қажет болған кезде түзетіліп отырады. Электр энергиясына шекті тарифті айқындау үшін оның қолданысының алғашқы жеті жылына электр энергиясына шекті тариф енгізілетін жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге жұмсалатын ең жоғары шығындар пайдаланылады. Теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын сағаттық мөлшерлемелер ескеріле отырып, уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеу үшін үстемеақыға ұлғайтылған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясына ең жоғары шекті тариф ретінде айқындалады. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері үшін рұқсат етілген, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу бағасын білдіретін теріс теңгерімсіздіктерге шекті тариф Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясына ең төмен шекті тариф ретінде айқындалады. Электр энергиясына шекті тарифті түзету электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланылатын көмірге, газға, құрамында күкірт бар шикізатқа, мұнай өнімдеріне, электр энергиясын өндіру процесінде технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын суға баға құнының және (немесе) көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің (бағалардың) өзгеруіне байланысты энергия өндіруші ұйымның уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып берілген уәкілетті органға жолданымы негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі. Егер энергия өндіруші ұйым жоғарыда аталған шығындарға байланысты залал шеккен болса, уәкілетті орган электр энергиясына шекті тарифтерді түзету кезінде алты айдан аспайтын кезеңдегі шеккен шығындарды ескереді. Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тариф алдағы жылдың электр энергиясын өндіруге арналған болжамды шығындар негізінде айқындалады және жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін бекітілген электр энергиясына шекті тарифтердің қолданылу мерзіміне бекітіледі. Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына тарифтің шекті деңгейін бекіту немесе түзету қажеттігін растайтын құжаттарды уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы береді. Осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген есептің қорытындылары бойынша уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына шекті тарифтің деңгейін қайта қарайды. Электр энергиясына шекті тарифті айқындау кезінде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алуға байланысты шығындар есепке алынбайды.
Тармақ 2-1
2-1. Энергия өндіруші ұйым электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифті дербес, бірақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті уәкілетті орган жылдарға бөле отырып, жеті жылға тең мерзімге бекітеді және қажет болған кезде саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында түзетіліп отырады. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті айқындау үшін қолданысының алғашқы жеті жылына уәкілетті органмен келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар 2015 жылы салған инвестициялардың жиынтық көлемі (амортизациялық аударымдар есебінен инвестицияларды қоспағанда) пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағамен өткізу үшін уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен келісім жасасады. Келісім энергия өндіруші ұйымның жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін көздейді. Келісімде электр энергиясын өндіруге байланысты іс-шаралар тізбесі әрбір іс-шара бойынша инвестициялардың нақты көлемі мен сомалары көрсетіле отырып айқындалады. Келісім жасасу кезінде жабдықтың техникалық жай-күйін растау үшін тәуелсіз энергетикалық сараптаманың қорытындысы ескеріледі. Электр энергиясының шекті тарифі, оны өндіру көлемі шеңберінде электр энергиясына арналған босатылатын бағаны төмендету жағдайларын қоспағанда, келісімге инвестициялардың жалпы сомасын төмендете отырып өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді. Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерді орындауының, электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындарының, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемдерінің мониторингін жүргізеді. Энергия өндіруші ұйым жоспарланатын амортизациялық аударымдарға және электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуден алынған таза табыстың деңгейіне сәйкес өзінің инвестициялық міндеттемелерін дербес айқындайды.
Тармақ 3-1
3-1. Энергия өндіруші ұйым уәкілетті органға келісім жасалған жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде келісімнің жобасын ұсынады. Уәкілетті орган қараудың нәтижелері бойынша келісімнің жобасын уәкілетті орган алған күннен бастап есептелетін күнтізбелік қырық күн ішінде энергия өндіруші ұйымға қол қойылған келісімнің бір данасын не келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімді жібереді. Тараптардың келісімді жасасудан негізсіз бас тартуына немесе оны жасасудан жалтаруына жол берілмейді. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда келісім жасалды деп есептеледі. Уәкілетті органның келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімін энергия өндіруші ұйым алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келісім жобасының шарттары бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, келісімді жасасу кезінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес реттелуге тиіс. Энергия өндіруші ұйым дауды реттеу кезеңінде электр энергиясын амортизацияға және пайдаға кететін шығындарды есептемей, электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан аспайтын баға бойынша өткізеді.
Тармақ 4
Тармақ 5
Тармақ 6
Бап 13. 13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар
13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Өңiрлiк электр желiлiк компаниялары олардың желiлерiне қосылған электр энергиясы көтерме және бөлшек сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн сақтауын және өңiрлiк электр желiлiк компанияларының желiлерi мен ұлттық электр желiсi арасында жүйелiк оператормен келiсiлген электр энергиясы сальдо-ток ағымдарының сақталуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 1-1
1-1. Электр желiлерiне жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлері тiкелей қосылған өңiрлiк электр желiлік компаниялар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін және беретін электр энергиясын толық көлемде қабылдауға мiндеттi.
Тармақ 1-2
1-2. 01.07.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 24.06.2026 № 322-VIII Заңымен.
Тармақ 2
2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым – электр энергиясын кепiлдiкпен берушi тұтынушыларды жария шарттар негiзiнде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өз тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және (немесе) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын жиынтық белгіленген қуаты 10 мегаваттан аспайтын, өздерінің қызмет көрсету аймағында орналасқан, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және 2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу мен сатудың ұзақ мерзімді шарттары болмаған гидроэлектр станцияларынан осы Заңның 12-1-бабына сәйкес белгіленген электр энергиясына шекті тариф бойынша басым тәртіппен сатып алады. Бұл ретте электр энергиясын осы гидроэлектр станцияларынан 2023 жылғы 1 шілдеге белгіленген қуат деңгейінде сатып алуға жол беріледі.
Тармақ 3-1
3-1. Энергия өндіруші ұйымдар желіге жіберілетін электр энергиясының бүкіл көлемін осы Заңға сәйкес, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға және (немесе) олармен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға не олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісіне сатуды жүзеге асыруға міндетті. Бір тұлғалар тобына өздерімен бірге кіретін тұтынушыларға және бір гибридті топқа өздерімен бірге кіретін гибридті топ әкімшісіне электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын тұлғалар тобынан және гибридті топтан тыс электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана сатуды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте электр энергиясын кейіннен сатпай өз қажеттіліктері үшін сатып алатын заңды тұлға тұтынушы деп танылады. Бұл ретте осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарына сәйкес энергия өндіруші ұйым өткізуге мәлімдемеген электр энергиясының көлемі жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға өтінім беру арқылы өткізуге жатпайды. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның осы Заңның 10-бабының 2-2-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ осы баптың 16-тармағында көрсетілген жағдайларда электр энергиясын сатуды жүзеге асыруына құқығы бар.
Тармақ 3-2
3-2. Энергия өндіруші ұйымға:
Тармақша 1
1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және (немесе) онымен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыны не онымен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісін қоспағанда, электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне, сондай-ақ электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға);
Тармақша 1-1
1-1) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға);
Тармақша 1-2
1-2) осы Заңның 9-4-бабының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясын цифрлық майнерлерге өткізуге (сатуға);
Тармақша 2
2) егер осы баптың 16-тармағында өзгеше көзделмесе, басқа энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын алуға (сатып алуға);
Тармақша 3-1
3-1) бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға);
Тармақша 3-2
3-2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша осы баптың 13-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйым ол туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырған, меншікті генерациялайтын қондырғылардың желіге жіберу үшін бос электр қуаты болған кезде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарты бар, көтерме сауда нарығында электр энергиясын жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тартуға немесе жалтаруға, сондай-ақ электр энергиясын өндіру көлемін негізсіз, оның ішінде сағаттық қысқартуға не тұтынушылардың сұранысы мен тапсырыстары бар электр энергиясын өндіруді тоқтатуға тыйым салынады. Бұл ретте шарт жасасудан бас тарту немесе жалтару, сондай-ақ электр энергиясын өндіруді қысқарту не тоқтату мынадай жағдайлардың бірінде, егер: энергия өндіруші ұйымда тұтынушы өтініш жасаған кезде электр энергиясын өндірудің, берудің жүйелік оператор растаған техникалық мүмкіндігі болмаса; энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасында қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетсе; энергия өндіруші ұйым Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолда бар қуаттың он пайызынан аспайтын мөлшерде электр қуаты резервінің қажетті шамасын ұстап тұрса; көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы өтініш жасау кезінде төлем қабілеттілігін растамаса, негізді болып есептеледі;
Тармақша 4
4) мынадай жағдайларды: электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығуын; жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуды қоспағанда, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.
Тармақ 3-3
3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға: 1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көлемдерін өткізетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қоспағанда, электр энергиясын цифрлық майнерлерге, басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға өткізуге (сатуға), сондай-ақ оны басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымнан алуға (сатып алуға); 2) жүйелік оператор қалыптастыратын қуат нарығын тұтынушылардың тізбесіндегі, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады. Қуат нарығын тұтынушылардың тізбесі жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылады және оны жүйелік оператор қуат нарығын тұтынушылар құрамының өзгеру фактісі бойынша жаңартып отырады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тыйым салу электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізудің мынадай жағдайларына: тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушыларға; тұтынушының оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне беру үшін орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан аспайтын жиынтық көлемде; тұтынушы қуат нарығын тұтынушылардың тізбесіне енгізілген кезден бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған электр энергиясының көлемдеріне қолданылмайды.
Тармақ 3-4
3-4. Электр энергиясы мен қуатын, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерді, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру бойынша көрсетілетін қызметті, техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілетін қызметті, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті, орталықтандырылған сауда нарығы операторының көрсетілетін қызметтерін, электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға байланысты электр энергиясы мен қуатының көтерме саудасы нарығындағы құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.
Тармақ 3-5
Тармақ 3-6
3-6. Жүйелік оператор, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар энергия өндіруші ұйымдардан, сондай-ақ негізгі қызмет түрлеріне осы қызметті көрсету жататын бейрезидент-ұйымдардан электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алуды жасалған шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша жүзеге асырады. Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау үшін пайдаланылады және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет болып табылмайды. Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы жасалған екіжақты шарттарға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 3-7
3-7. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзінің электр желілері орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде ғана электр энергиясын өткізуге рұқсат етіледі.
Тармақ 3-8
3-8. Гибридті топ әкімшісі:
Тармақша 1
1) тиісті гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын алуды (сатып алуды) жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) гибридті топ тұтынушыларына электр энергиясын өткізуді (сатуды) жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына және электр қуаты нарығына қатысады;
Тармақша 4
4) гибридті топтың теңгерім провайдері болып табылады;
Тармақша 5
5) гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен гибридті топ тұтынушылары үшін электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығында электр энергиясын бірыңғай сатып алушы, жүйелік оператор, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы алдында қаржылық міндеттемелері болады;
Тармақша 6
6) бір гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың электр энергиясын өндіру және тұтыну режимдерін бірыңғай басқаруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3-9
3-9. Гибридті топ әкімшісі гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымда бекітілген шекті тариф болған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын өткізуге (сатуға) құқылы.
Тармақ 3-10
3-10. Гибридті топ тұтынушысы электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай сатып алушыдан сатып алуға құқылы.
Тармақ 3-11
3-11. Гибридті топ әкімшісіне:
Тармақша 1
1) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға);
Тармақша 2
2) келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Энергия өндiрушi ұйымдар жүйелiк қызмет пен қосалқы қызмет көрсету нарығының ұйымдастырылуы және жұмыс iстеуi қағидаларында, электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында белгiлеген тәртiппен қуат резервтерiн, көлемiн, құрылымын ұстап тұруды және орналастыруды қамтамасыз етедi.
Тармақ 5
5. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар жүйелiк оператор электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу нәтижелерi бойынша беретiн теңгерiмдеушi электр энергиясы көлемдерiнiң есептерi негiзiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасындағы электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығында қаржылық реттеу үшiн өзара мiндеттемелер атқарады.
Тармақ 6
6. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектiлерi меншік нысанына қарамастан жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға арналған шарттар негізінде электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығына қатысуға мiндеттi.
Тармақ 6-1
6-1. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектілері жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетуге арналған шарттар негізінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
Тармақ 6-2
6-2. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, жүйелік операторда және қажет болған кезде өңірлік электр желісі компаниясында орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелері болуы міндетті.
Тармақ 6-3
6-3. Электр желілеріне технологиялық қосуды жүзеге асыру үшін энергия беруші ұйымдар кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын жасасуға міндетті. Шарт энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосылу құнына (шығындар тізбесі) ақы төлеу жүргізілгеннен кейін жасалған деп есептеледі.
Тармақ 7
7. Энергия өндіруші ұйымдар – гидроэлектр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатуға мiндеттi.
Тармақ 7-1
7-1. Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде:
Тармақша 1
1) осы Заңға сәйкес электр энергиясының экспортын жүзеге асыру кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы;
Тармақша 2
2) осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының импортын жүзеге асыратын көтерме сауда нарығының субъектілері;
Тармақша 3
3) шартты тұтынушылар, гибридті топ тұтынушылары өздерінің құрамына кіретін объектілер үшін электр энергиясын олардың құрамына кіретін генерациялау объектілерінен де, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан да (оның ішінде, осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының үлесін бөлу кезінде) және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан да сатып алған кезде;
Тармақша 4
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған кезде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері;
Тармақша 5
5) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде басқа мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары төлейді.
Тармақ 7-2
7-2. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші ұйымдар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, тұтынушылар, оның ішінде инвестициялық тарифті алушылар және цифрлық майнерлер, олар осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен, оның ішінде теңгерім провайдерлері арқылы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде төлейді. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 4) тармақшасында аталған электр энергиясының көтерме сауда нарығының басқа субъектілерін қоспағанда, осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағында аталған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне олар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде көрсетілмейді.
Тармақ 8
8. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың, жүйелік оператордың бірінші басшылары, техникалық басшылары (бас инженері), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшылары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеруден өткеннен кейін тағайындалады. Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдығын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануды, жөндеуді, баптауды және монтаждауды жүзеге асыратын персонал, сондай-ақ сарапшылар энергетикалық жабдық пен тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану, жөндеу, баптау және монтаждау, сондай-ақ зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға білімін тексеруден өтуге және тиісті қолжетімділігі болуға міндетті.
Тармақ 9
9. Елдің жекелеген өңірлерінің суармалы жерлерін суаратын сумен қамтамасыз ету мақсаттары үшін экспорттық өнім берулер мен тауар алмасуды қоспағанда, электр энергиясын Қазақстан Республикасынан тыс жерге сату уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес жүйелік оператор растаған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның бөліктерінде электр энергиясының профициті жағдайында ғана экспортталатын электр энергиясын өндірудің өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілетін электр энергиясын сатып алу уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес жүйелік оператор растаған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның бөліктерінде электр энергиясының тапшылығы жағдайында ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарының талаптары:
Тармақша 1
1) шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге авариялық өзара көмек көрсету және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысу үшін электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін жүйелік оператордың электр энергиясын сатып алуы-сатуы;
Тармақша 2
2) Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде және үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерді (хаттамаларды) орындау үшін шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясын қабылдауды (жеткізуді) қамтамасыз ету жағдайларына қолданылмайды.
Тармақ 12
12. Энергия беруші ұйымдар меншікті электр беру желілері мен кіші станциялардың өткізу қабілеті туралы ақпаратты ай сайын өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
Тармақ 13
13. Энергия өндіруші ұйымдар меншікті генерациялайтын қондырғылардың орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға келісімшарт жасалған, жоспарланатын және желіге жіберу үшін бос электр қуаты туралы әрбір күнге арналған ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
Тармақ 14
14. Цифрлық майнерлер үшін электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қуаттылығы кемінде бір мегаватт болатын, кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық кіші станциялардан ғана береді. Осы тармақтың талаптары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған генерациялайтын қондырғылар өндіретін электр энергиясын пайдаланатын цифрлық майнерлерге;
Тармақша 2
2) тиісті қызмет түрімен (дата-орталықтар, өндірістік және өнеркәсіптік ғимараттар) электр желілеріне қосылуға техникалық шарттардың электрондық көшірмелерін ұсынған кезде және энергия беруші не энергия өндіруші ұйым берген техникалық шарттардың орындалуын растаған кезде 2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосылуды жүзеге асырған цифрлық майнерлерге қолданылмайды.
Тармақ 15
15. Энергия беруші ұйымның энергиямен жабдықтаушы ұйымды таңдауда тұтынушыға кедергі жасауына және шектеуіне тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйым дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын басқа энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алу-сату шарты негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электр энергиясын сатып алуға құқылы.
Бап 13-1. 13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар
13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі электр желілеріне өздері тікелей қосылған энергия беруші ұйымға өзінің электр желілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізуді (сатуды), өтеусіз негізде немесе сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асыруға құқылы. Электр желілерінің меншік иесі электр желілеріне өздері қосылмаған энергия беруші ұйымға мұндай электр желілерін беруге құқылы емес.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілері, өз мұқтаждары үшін пайдаланылатын электр желілерін қоспағанда, электр желілеріне өздері тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға беріледі.
Тармақ 3
3. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі:
Тармақша 1
1) осы баптың 1-тармағына сәйкес энергия беруші ұйымның қарамағына толық бергенге дейін оларды жұмыс жағдайында ұстауға және олардың сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің электр желілеріне қосылған тұтынушылардың электрмен жабдықталуын тоқтатуға алып келетін әрекеттерге жол бермеуге;
Тармақша 3
3) өзінің желілері бойынша тұтынушыларға электр энергиясын беруді тоқтатуға, сондай-ақ өзінің электр желілерінің бұзылуына, бөлшектенуіне, зақымдануына, жойылуына, қасақана зақымдануына (бүлінуіне) алып келетін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.
Тармақ 4
4. Электр желілерінің меншік иесі өзіне меншік құқығымен тиесілі электр желілерін өздері желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз негізде беруге ниет білдірген жағдайда, өңірлік электр желілік компания мұндай беруге кедергі келтіруге құқылы емес.
Тармақ 4-1
4-1. Энергия беруші ұйым болып табылмайтын электр желілерінің меншік иесі өзіне тиесілі электр желісінің жекелеген бөлігіне (жекелеген бөліктеріне) меншік құқығын электр желісінің осы бөлігі (осы бөліктері) желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымға беруге құқылы.
Тармақ 5
5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген ережелер жүйелік операторға қолданылмайды.
Тармақ 6
6. Энергия беруші ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын және:
Тармақша 1
1) диспетчерлік технологиялық басқарудың;
Тармақша 2
2) электр желілерін, жабдықты, тетіктерді пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын жүзеге асыратын, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптармен және құрылғылармен қамтамасыз етілген, оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталған қызметтердің;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жүйелік қызметтерді көрсетуге жүйелік оператормен жасалған шарттардың;
Тармақша 4
4) жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияда орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, телекоммуникация жүйелерінің болуын қамтитын талаптарға сай келуге тиіс. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызмет тарифтеріне немесе олардың шекті деңгейлеріне осы тармақта көзделген электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды орындауға байланысты шығындарды қосуға жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Жаңадан құрылатын энергия беруші ұйымдар осы баптың 6-тармағында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сай келуге тиіс.
Тармақ 8
8. Энергия беруші ұйымдар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 119-2-бабында белгіленген жағдайлар басталған кезден бастап бір жылдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметке тарифті қайта бекітуді қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі негізінде энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру
4-тарау. Электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі негізінде энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру
Бап 14. 14-бап. Электр энергиясының нарығы
14-бап. Электр энергиясының нарығы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында энергиямен жабдықтау электр энергиясы нарықтарының жұмыс iстеуi жағдайларында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Электр энергиясы нарықта тауар болып табылады.
Тармақ 3
3. Электр энергиясының нарығы екi деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарынан тұрады.
Тармақ 4
4. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Жүйелiк оператор, өңiрлiк электр желiлерi компаниялары мен электр желiлерiн иеленетiн өзге де ұйымдар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен электр энергиясы нарығына нарықтың барлық қатысушыларының еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
Тармақ 6
6. Энергия берушi ұйымның энергия өндiрушi ұйымдар, нетто-тұтынушылар мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр желілерiне қосудан, сондай-ақ оларға электр энергиясын беруден бас тартуға құқығы жоқ.
Тармақ 7
7. Электр энергиясы нарығында электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде туындайтын қатынастар электр энергетикасындағы тиiстi шарттармен реттеледi.
Бап 15. 15-бап. Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы
15-бап. Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы
Тармақ 1
1. Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы:
Тармақша 1
1) жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигіне енгізілген электр энергиясының жоспарлы көлемдерін сатып алу-сатуға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығынан;
Тармақша 2
2) жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигіне енгізілген электр энергиясының нақты және жоспарлы көлемдері арасында операциялық тәулікте туындайтын сағаттық теңгерімсіздіктерді физикалық және кейіннен қаржылық реттеу мақсатында жұмыс істейтін нақты уақыт режиміндегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығынан;
Тармақша 3
3) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуы негізінде де, жүйелік оператордың Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының ұлттық стандарттарда белгіленген сенімділігін және электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне жүйелік қызметтер көрсетуі негізінде де жұмыс істейтін жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығынан;
Тармақша 4
4) электр қуаты нарығынан тұрады.
Тармақ 2
2. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы:
Тармақша 1
1) спот - сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) бір жылға электр қуатының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзуiне тең жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 3-1
3-1) сауда-саттыққа қатысушылар, энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушының берген өтінімдері (беру күні мен уақыты, бағасы, көлемі) туралы ақпаратты және сауда-саттық нәтижелерін (мәмілені жасасу күні мен уақыты, бағасы, көлемі, құны, мәміле тараптары) қамтитын электр энергиясы мен қуаты сауда-саттығының қорытындыларына ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 3-2
3-2) жүйелік оператормен келісуден кейін өзінің интернет-ресурсында сауда-саттыққа қатысушылар, берілген өтінімдер (берілген күні мен уақыты, бағасы, көлемі) туралы және сауда-саттық нәтижелері (күні, бағасы, көлемі, құны, мәміле тараптары) туралы ақпаратты қоса алғанда, орталықтандырылған сауда-саттық туралы ақпаратты күн сайын жариялайды;
Тармақша 4
4) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған саудасының ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келуiн айқындайды;
Тармақша 5
5) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр энергиясын сатып алу-сату жөнiнде жасалған мәмiлелердi тiркеу мен есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өз құзыретi шегiнде электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерiн орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтiк бағалары жөнiндегi ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етедi;
Тармақша 7
7) спот-сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша қаржылық өзара есеп айырысуды ұйымдастырады және жүргізеді.
Тармақ 3
3. Имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Бап 15-1. 15-1-бап. Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін әзірлеу тәртібі және оған қойылатын талаптар
15-1-бап. Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін әзірлеу тәртібі және оған қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін әзірлейді. Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде жылдық ең жоғары электр жүктемесі күніне әзірленетін электр қуатының теңгерімі бөлігінде мыналар ескеріледі:
Тармақша 1
1) салу үшін уәкілетті орган тендер жеңімпазымен тиісті шарт жасаған, тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың қолда бар электр қуатының көлемі;
Тармақша 2
2) уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер шеңберінде пайдалануға берілетін, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың бұрыннан бар генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі;
Тармақша 4
4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаспай, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатының көлеміне қосымша енгізуге жоспарлаған қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болған кезде);
Тармақша 5
5) уәкілетті органның пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тетігін қолданбай пайдалануға беру жоспарланатын жаңа электр станцияларының қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болған кезде);
Тармақша 6
6) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарын қоса алғанда, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың қолда бар реттеуші электр қуатының көлемі;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жүйелік оператор айқындайтын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі үшін немесе оның қандай да бір аймағы үшін реттеуші электр қуатының талап етілетін көлемі және тапшылығы.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып әзірленген болжамды теңгерімі келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде оны түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, нарық кеңесіне сараптама қорытындысын алу үшін жібереді.
Тармақ 3
3. Нарық кеңесі уәкілетті органға электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімдерінің әзірленген жобасына сараптама қорытындысын келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жібереді. Сараптама қорытындылары мемлекеттік тілде және қажет болған кезде орыс тілінде ұсынылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган сараптама қорытындысымен келіскен кезде электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгеріміне тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Уәкілетті орган сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда, нарық кеңесіне келіспеу себептерінің негіздемесімен жауап жібереді.
Тармақ 5
5. Нарық кеңесі уәкілетті органмен бірлесіп отырыс өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде бекітеді.
Тармақ 7
7. Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып бекітілген болжамды теңгерімі бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның және жүйелік оператордың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Тармақ 8
8. Егер электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып бекітілген болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде болжамның алғашқы бес жылы ішінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығы 100 мегаваттан асатын болса, уәкілетті орган Тізілімге енгізілген тұтынушыларға күнтізбелік отыз күн ішінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарлама жібереді. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағы генерациялайтын көздер өндірген электр энергиясын беруге кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулер жоқ, электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібіне сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Электр қуатының жабылмайтын тапшылығы энергия тапшы аймақтарды Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің басқа аймақтарымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілеті ескеріле отырып есептеледі.
Тармақ 9
9. Егер электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған бекітілген болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның қандай да бір аймағында болжамның соңғы үш жылы ішінде реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығы 100 мегаваттан асқан жағдайда, уәкілетті орган генерацияның маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғылардың көлемдерін, пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды және Тізілімге енгізілген тұтынушыларға реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарлама жібереді.
Бап 15-2. 15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау
15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау
Тармақ 1-1
1-1. Энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жүйелік оператор уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша онымен келісілген мерзімдерде, бірақ аттестаттау өткізуге арналған өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жүзеге асырады. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізу кезінде жүйелік оператор:
Тармақша 1
1) энергия өндіруші ұйымда бар және оған сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруге техникалық мүмкіндігі болатын генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының шамасын;
Тармақша 2
2) генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін параметрлерінің энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімінде көрсетілген мәндерге сәйкестігін айқындайды.
Тармақ 4
4. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудың нәтижелері бойынша жүйелік оператор аттестаттау өткізілгеннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау актісін ресімдеп, энергия өндіруші ұйымға жібереді, онда электр энергиясын өндіруге дайын болған энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының аттестаттаудан өткен электр қуатының шамасы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының нақты шамасы мен параметрлерінің аттестатталғандарға сәйкес келмеуі анықталған кезде;
Тармақша 2
2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша өткізіледі.
Бап 15-3. 15-3-бап. Электр қуатының нарығы
15-3-бап. Электр қуатының нарығы
Тармақ 1
1. Электр қуатының нарығы электр қуатына сұранысты жабу үшін Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі бұрыннан бар электр қуаттарын ұстап тұру және жаңаларын енгізу үшін инвестициялар тарту мақсатында жұмыс істейді. Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 2
2. Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздердің электр қуаты есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әр айына тұтынудағы электр қуатының ең жоғары мәндерін көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді. Бұл ретте көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын және Тізілімге енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздердің электр қуаты есебінен, сондай-ақ өздерімен бірге тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуаты есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әр айына тұтынудағы электр қуатының ең жоғары мәндерін көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді. Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде электр қуаты резервінің қажетті шамасын және технологиялық шығыстың өтемін жасау үшін, ұлттық электр желісінің өз және шаруашылық мұқтаждарына тұтынудың орташа жылдық электр қуатын ескере отырып, көтерме сауда нарығы субъектілерінің болжамды өтінімдері негізінде алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұранысты әзірлейді.
Тармақ 3-1
3-1. Электр қуатына болжамды сұранысты жабу үшін бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуды (басымдық тәртібімен):
Тармақша 1
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф өткізілген тендер қорытындылары бойынша айқындалады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;
Тармақша 1-1
1-1) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады;
Тармақша 1-2
1-2) қуаттылығы 35 МВт-тан асатын, су шаруашылығы құрылыстары стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың тізбесіне енгізілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін, судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салуды 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін жүзеге асыруды жоспарлап отырған заңды тұлғалармен жүзеге асырады. Бұл ретте судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, осы ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұруы бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған техникалық-экономикалық негіздемелер негізінде, кемінде жеті жыл өтеу мерзіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданады. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатуға арналған шарттың қолданылуы нақты өтеу мерзімі ерте болған кезде мерзімінен бұрын тоқтатылады. Осы энергия өндіруші ұйым бүкіл өндірілетін электр энергиясын уәкілетті орган мөлшерлемелерді ескере отырып белгілейтін шекті тариф бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана береді. Бұл ретте шекті тарифте осы тармақшаға сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатуға бірыңғай сатып алушымен жасалған шарттың қолданылу кезеңіндегі амортизация мен пайда есепке алынбайды;
Тармақша 2
2) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;
Тармақша 2-1
2-1) осы Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1 және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесіндегі тапшылықты жабу үшін жасалған және тиісті тұлғалар тобы талап етпеген көлемде – Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Көлемі мен мерзімдері Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес айқындалады;
Тармақша 2-2
2-2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыратын, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен;
Тармақша 3
3) Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф бойынша жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады және ол энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәнінің және осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінің айырмасын білдіреді, бұл ретте: осы көлемде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемісінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуаты ескерілмейді; егер энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәні осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінен аспаса, осы көлем нөлге тең деп қабылданады;
Тармақша 4
4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен – электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша, осы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша қалыптасқан бағалар бойынша және көлемдерде жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес аталған энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатына болжамды сұраныстың көлемінің және осы тармақтың 1), 1-1), 2), 2-1), 2-2) және 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерінің айырмасына тең болады. Энергия өндіруші ұйымдардың сауда-саттығына жіберілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз болған жағдайларда бірыңғай сатып алушы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз жиынтық көлемінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады.
Тармақ 3-2
3-2. Бірыңғай сатып алушы осы баптың 3-1-тармағына сәйкес жасалатын шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ай сайын, бірақ осы қызмет берілген ай аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.
Тармақ 3-3
3-3. Судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын генерациялайтын қондырғылардың құрылысын жүзеге асырған заңды тұлға осы Заңның 5-бабының 70-17) тармақшасына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр қуатын реттеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты жыл сайын жасасуға міндетті. Судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылардың шарттық электр қуатын жүйелік оператор олар пайдалануға берілген күннен бастап жыл сайын аттестаттауға тиіс. Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды жүргізу нәтижесінде судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша нақты көрсетілген қызметтерді есептеу кезінде қабылданатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Тармақ 3-4
3-4. Бірыңғай сатып алушыда тиісті есептік жылға арналған электр қуатына болжамды сұранысқа жүйелік оператор енгізген, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көлемінен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу көлемін ұлғайту есебінен туындаған қосымша кіріс пайда болған жағдайда, бірыңғай сатып алушы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 3-5
3-5. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алу осы баптың 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бірыңғай сатып алушымен шарт жасасқан және шартта көрсетілген осы көрсетілетін қызмет көлемінен іс жүзінде асып кеткен энергия өндіруші ұйымдардан осы шартта көрсетілген бағадан аспайтын баға бойынша ай сайын жүзеге асырылады. Бұл ретте электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алу барлық мәлімделген көлемге орталықтандырылған сауда-саттықта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізген энергия өндіруші ұйымдардан жүзеге асырылмайды.
Тармақ 3-6
3-6. Жүйелік оператор осы баптың 3-5-тармағына сәйкес нақты асып кету көлемін есептеуді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады және бірыңғай сатып алушыға береді.
Тармақ 4
4. Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор аттестаттаудан өткізгеннен кейін жіберіледі. Энергия өндіруші ұйымдар мыналарды:
Тармақша 1
1) тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
Тармақша 2
2) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
Тармақша 2-1
2-1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
Тармақша 3
3) экспорттың есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
Тармақша 4
4) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне берудің есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
Тармақша 5
5) электр қуатының мынадай ең көп екі мәнін: өзі тұтынатын электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін; энергия өндіруші ұйымдардың құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін шегеріп, бірыңғай сатып алушыға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады. Егер электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көрсетілген көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Тармақ 4-1
4-1. Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар:
Тармақша 1
1) экспорттың есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
Тармақша 2
2) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне берудің есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
Тармақша 3
3) өзі тұтынатын электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін;
Тармақша 4
4) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын және өздерімен бірге Тізілімге енгізілген тұлғалар тобының біріне кіретін тұтынушыларға берудің электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін шегеріп, бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады. Электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көрсетілген көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Тармақ 5
5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жыл сайын қараша айының екінші онкүндігінде уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастырады және өткiзедi. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындыларын өтеусіз тіркеуді жүзеге асырады. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы шарттық негізде бірыңғай сатып алушыға және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
Тармақ 7
7. Бірыңғай сатып алушы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттың негізінде электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушыға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметіне ай сайын, осы қызмет берілген ай ақталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, бірыңғай сатып алушы есептейтін күнтізбелік жыл ішіндегі тіркелген баға бойынша ақы төлеуге міндетті. Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны осы Заңның 10-3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасын ескере отырып, жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға есептейді. Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны алдағы күнтізбелік жылға есептеуді мыналардың:
Тармақша 1
1) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша қалыптасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
Тармақша 2
2) бірыңғай сатып алушы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлер жеңімпаздарымен, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді уәкілетті органмен жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
Тармақша 3
3) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушылардың тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің;
Тармақша 4
4) электр қуатына алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға болжамды сұраныстың; 5) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылға электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушының қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған оң қаржылық нәтиженің негізінде жүзеге асырады. Қаржылық нәтиже, оның ішінде: бірыңғай сатып алушының тиісті жылға бағаны бекіту кезінде ескерілген шығындардан аспайтын іс жүзінде шеккен операциялық шығындары; уәкілетті органның тапсырысы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған жабылмаған шығындар; есептік корпоративтік табыс салығы шегеріле отырып, бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет бағасын есептеуі және оны интернет-ресурста орналастыруы қағидаларына сәйкес есептелген, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті бірыңғай сатып алушының сатып алу жөніндегі қызметінің жалпы нәтижесі және электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету негізге алынып қалыптастырылады. Бірыңғай сатып алушы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін өзінің интернет-ресурсында электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы күнтізбелік жылға арналған бағаны растайтын есептермен бірге орналастырады. Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеу және интернет-ресурста орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Тұтынуға арналған тиісті болжамды өтінімде көрсетілген және болжамды сұранысқа енгізілген тұтынудың тиісті жылға ең жоғары электр қуаты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленетін және көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар төлейтін электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі болып табылады. Жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленген жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін өзгерту уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін үлгілік шарттардың негізінде жасалады.
Тармақ 10
10. Бірыңғай сатып алушының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.
Бап 15-4. 15-4-бап. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер
15-4-бап. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер
Тармақ 1
1. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына, сондай-ақ қосалқы жабдығына қатысты жасалады. Акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі және коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде электр, жылу энергиясы мен су (дистиллят) өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар бөлек заңды тұлға құрып, оған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім бойынша міндеттемелер беру арқылы жаңғыртуға, кеңейтуге және реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді уәкілетті орган, көрсетілген энергия өндіруші ұйым мен заңды тұлға арасында жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған қолданыстағы инвестициялық келісімге қосымша келісім жасасу жолымен іске асыруға құқылы. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлға деп осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес айқындалған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен үлестес заңды тұлға түсініледі. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасасқан энергия өндіруші ұйымдарға қолданылатын электр энергетикасы саласындағы заңнаманың күші осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім бойынша міндеттемелер берілген заңды тұлғаға қолданылады.
Тармақ 1-1
1-1. Инвестициялық келісім жасалатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының қосалқы жабдығының тізбесі мен оған қойылатын талаптар уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес белгіленеді.
Тармақ 2
2. Жаңғыртуды, кеңейтуді, реконструкциялауды және (немесе) жаңартуды жүзеге асыру үшін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар тиісті инвестициялық бағдарламаларды әзірлейді, оларды әзірлеу кезінде тәуелсіз техникалық және қаржы аудиті жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Техникалық және қаржы аудитінің нәтижелері: жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың оңтайлы схемасын анықтау, негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзіміне инвестициялық бағдарламаның әсер етуін, инвестициялық бағдарламаның орындылығын және инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың талап етілетін көлемін айқындау болып табылады.
Тармақ 4
4. Техникалық, қаржы аудитінің нәтижелері және жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы нарық кеңесінің қарауына жатады.
Тармақ 5
5. Нарық кеңесінің ұсынымы негізінде уәкілетті орган жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасасу туралы (жасасудан бас тарту туралы) шешім қабылдайды.
Тармақ 5-1
5-1. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын алатын тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жасалатын негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты және дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымның қосалқы жабдығына қатысты инвестициялық келісімдерді қоспағанда, уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасуға құқылы емес. Дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйыммен қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық келісімдер жасасу кезінде қосалқы жабдыққа инвестицияларды қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейінен техникалық шарттарға сәйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының үлесіне барабар үлес қосалқы жабдығы жаңғыртылған, кеңейтілген, реконструкцияланған және (немесе) жаңартылған осы тұлғалар тобының құрамына енгізілген электр станциясының генерациялайтын жабдығының белгіленген қуатына қатысты шегеріледі. Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының шегерілетін көлемі тұтынушының қосылған қуатының көлемі өзгерген жағдайда уәкілетті орган айқындаған тәртіппен түзетілуге тиіс.
Тармақ 6
6. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерде әр жылға мына көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар белгіленеді: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға шартты отынның үлестік шығыстары; қолда бар электр қуаты; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі; негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесі; экологиялық көрсеткіштер.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган айқындаған көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор ол пайдалануға берілген күннен бастап жыл сайын аттестаттауға тиіс. Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей уәкілетті органға тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған, осы келісімдерде белгіленген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізу туралы есепті ұсынуға міндетті. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, уәкілетті орган осы келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторды хабардар ете отырып өзгертуге құқылы.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органмен келісімдер жасасқан және шекті тарифтің инвестициялық құрамдасынан басқа шығын көзі айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бекіткен даму бағдарламаларына енгізілген жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңінде 2009-2015 жылдар аралығында ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.
Тармақ 9-1
9-1. Құрылысына 2015 жылға дейін қарыздық қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ нысаналы мақсаты электр станциясының құрылысын қаржыландыру болатын бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша тартылған электр станциялары 2009-2015 жылдар аралығында пайдалануға берілген және уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.
Тармақ 10
10. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 15-5. 15-5-бап. Тізілімді қалыптастыру және Тізілімге енгізілген тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатын құруға қатысуы
15-5-бап. Тізілімді қалыптастыру және Тізілімге енгізілген тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатын құруға қатысуы
Тармақ 1
1. Энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар осы тұлғалар тобындағы заңды тұлғаларға меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі генерациялайтын көздер есебінен қуатпен қамтамасыз етілуге құқылы. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқық энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган тұлғалар тобын Тізілімге осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар бақылауында болатын заңды тұлғаның өтініші негізінде енгізеді.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғаның өтініші мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларды өз есебінен электр қуатымен қамтамасыз ететін энергия өндіруші ұйымдардың, оның ішінде қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесі;
Тармақша 2
2) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар, оның ішінде қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар есебінен қуатпен қамтамасыз етілетін тұтынушылардың тізбесі. Тізілім осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың тізбесін қамтиды.
Тармақ 4
4. Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті орган осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар бақылауында болатын заңды тұлғаның өтініші негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Тізілімге енгізілген тиісті тұлғалар тобы шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар арасында электр қуатымен қамтамасыз ету жөнінде екіжақты шарттар жасалады.
Тармақ 6
6. Осы Заңның 15-1-бабының 8 немесе 9-тармағында көрсетілген жағдайда, Тізілімге енгізілген тұтынушылар болжамды тапшылық туындаған кезге есептелген, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі жалпы жоғары жүктемеге өздерінің жоғары жүктеме үлесіне пропорционал түрде тапшылықты жабу үшін электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын құруға мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыру арқылы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қатысуға міндетті:
Тармақша 1
1) электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге бекітілген болжамды теңгерімінде ескерілмеген, істен шыққан электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын реконструкциялауды қоса алғанда, жаңа электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын салу;
Тармақша 2
2) өзінің бұрыннан бар электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын кеңейту;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан сатып алу.
Тармақ 7
7. Осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген кез келген көтерме сауда нарығының субъектісі жүзеге асыруы мүмкін. Бұл ретте Тізілімге енгізілген тиісті тұлғалар тобының қалған тұтынушылары Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес электр қуатын және реттеуші электр қуатын құруға қатысудан босатылады. Осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген әрекетті тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын, оның ішінде реттеуші электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатын, оның ішінде реттеуші электр қуатын құру бойынша осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелері тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне, оның ішінде электр станцияларының тізбесіне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құрған электр қуатының шамасына жиынтығында мынадай шарттар орындалған кезде:
Тармақша 1
1) электр қуаты 2019 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген;
Тармақша 2
2) электр қуатының жабылмайтын тапшылығы болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуаты құрылған;
Тармақша 3
3) электр қуаты уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу, сондай-ақ уәкілетті орган аукциондық сауда-саттық өткізу тетігін қолданбай енгізілген;
Тармақша 4
4) электр қуаты уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасаспай енгізілген;
Тармақша 5
5) электр қуатының көлемі бұрын осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелерді орындау кезінде ескерілмеген кезде төмендетіледі.
Тармақ 9
9. Осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелер орындалған кезде Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типі мен түрін Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге болжамды тапшылығы ескеріле отырып, бекітілген Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес уәкілетті органмен келіседі.
Тармақ 10
10. Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар уәкілетті органның Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуатының және (немесе) реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде осы баптың 6-тармағында көзделген әрекеттер туралы шешім қабылдайды, бұларға сәйкес олар тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысатын болады және оны уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 11
11. Осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы электр қуатын құруға қатысу туралы шешім қабылданған кезде тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен бес күн ішінде уәкілетті органмен электр қуатын құруға шарт жасаса, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі айқындалады.
Тармақ 12
12. Электр қуатын құруға шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы қосылған құн салығы ескерілмей бір айға 1 мегаватт үшін 1 теңге мөлшерінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектісімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады. Бірыңғай сатып алушы сатып алатын электр қуатының және (немесе) реттеуші электр қуатының көлемі болжамды тапшылықтың тиісті тұлғалар тобы өзінің тұтынуы үшін талап ететін электр қуатын шегере отырып, болжамды тапшылық туындаған кезге есептелген, тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылардың жоғары жүктеме үлесіне, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде жалпы жоғары жүктемеге арақатынасы ретінде айқындалады. Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектісімен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлер жеңімпаздарымен, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен жасалған дәл сол кезеңге белгіленеді.
Тармақ 13
13. Осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген әрекетті орындау жолымен электр қуатын немесе реттеуші электр қуатын құруға қатысу туралы шешім қабылданған кезде тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар бірыңғай сатып алушыдан Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алады.
Тармақ 14
14. Осы баптың 11 және 12-тармақтарында көзделген шарттар қабылданған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықты көздейді және үлгілік шарттар негізінде жасалады.
Тармақ 15
15. Осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған кезде бір тұлғалар тобына кіретін, бірақ Тізілімге енгізілмеген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушыларға осы баптың және осы Заңның 15-3, 15-4, 15-6 және 15-8-баптарының тұлғалар тобы үшін белгіленген ережелері қолданылмайды.
Бап 15-6. 15-6-бап. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
15-6-бап. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын электр қуатының шамасын шегере отырып, болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатының көлеміне қатты отында электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.
Тармақ 2
2. Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орны (алаңы), отынның типі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің немесе алдын ала техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелері бойынша айқындалады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлар тендерге қатысу үшін құжаттар мен материалдарды ұсынатын соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды жариялайды.
Тармақ 4
4. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлік құжаттама топтамасы:
Тармақша 1
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың Қазақстан Республикасы Экология кодексінің талаптарына сәйкес келетін сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;
Тармақша 2
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын қамтиды.
Тармақ 5
5. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерге:
Тармақша 1
1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
Тармақша 2
2) тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.
Тармақ 6
6. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарады. Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жібереді. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.
Тармақ 7
7. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер:
Тармақша 1
1) әлеуетті инвесторлар екеуден аз болған;
Тармақша 2
2) барлық әлеуетті инвесторлар ұсынған құжаттар осы баптың 5-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде қайта тендер өткізеді.
Тармақ 7-1
7-1. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға қайталама тендер өткізілмеді деп танылған кезде және тек бір қатысушыдан ғана тендерлік өтінім берілген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасу үшін осы қатысушыны тендер жеңімпазы деп айқындау туралы ұсыныс жібереді.
Тармақ 7-2
7-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 7-1-тармағына сәйкес ұсыныс келіп түскен кезде, ол орынды болған жағдайда, уәкілетті органға жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасуды тапсырады.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде тендер жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылық белгіленеді.
Тармақ 9
9. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады. Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты пайдалануға берілген күнінен бастап жүйелік оператордың жыл сайынғы аттестаттауына жатады. Электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Тармақ 10
10. Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады, олар бойынша уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу басталған күнге дейін жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімдерін және әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті түзетуді бір рет жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізетін тендерге қатысуға құқылы емес.
Бап 15-7. 15-7-бап. Электр станцияларының тізбесін қалыптастыру
15-7-бап. Электр станцияларының тізбесін қалыптастыру
Тармақ 1
1. Заңды тұлға осы бапта көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген және құжаттар болған кезде, сондай-ақ заңды тұлға аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда электр станцияларының тізбесіне енгізіледі.
Тармақ 2
2. Электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін заңды тұлға жиынтығында мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
Тармақша 1
1) электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағында жаңа электр қуаттары құрылады және 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға беріледі;
Тармақша 2
2) жаңа құрылған электр қуаттарында электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газ пайдаланылады немесе пайдаланылатын болады;
Тармақша 3
3) жаңа құрылған электр қуаттары электр қуатын автоматты түрде реттеуге қосылады және реттеу диапазоны белгіленген электр қуатынан кемінде жиырма пайыз болады.
Тармақ 3
3. Электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін заңды тұлға уәкілетті органға жаңа электр қуаттарын автоматты түрде реттеуге қосу талаптарын қамтитын, тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларына сәйкес жүйелік оператордан алынған немесе онымен келісілген техникалық шарттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосуға өтініш береді.
Тармақ 4
4. Жаңа электр қуаттары пайдалануға берілгеннен кейін он жыл бойы электр станцияларының тізбесіне енгізілген энергия өндіруші ұйым мен жүйелік оператор арасында жыл сайын жүйелік оператордың шартты жасасқан жылдың алдындағы күнтізбелік жыл ішінде электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуының орташа өлшемді шартты бағасына тең баға бойынша, ұлғайтуға немесе төмендетуге белгіленген электр қуатынан кемінде жиырма пайыз реттеу диапазонында осы қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасалады.
Бап 15-8. 15-8-бап. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
15-8-бап. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заңның 15-1-бабының 9-тармағында көрсетілген жағдайда уәкілетті орган генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарында, оның ішінде реттеуші электр қуатының болжанатын тапшылығын жабу үшін енгізілетін қуаттардың көлемдерін және осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген, уәкілетті органмен жасалған электр қуатын құруға арналған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құрған немесе құратын реттеуші электр қуатының көлемдерін ескереді.
Тармақ 2
2. Генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын іске асыру мақсатында уәкілетті орган жобаларды іріктеуді жүргізеді.
Тармақ 3
3. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеу (реттілікпен басымдық тәртібімен):
Тармақша 1
1) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарына енгізілген және жүйелік оператор әзірлеген техникалық тапсырма негізінде уәкілетті органның тапсырысы бойынша бірыңғай сатып алушы дайындаған алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері бар алаңдар;
Тармақша 2
2) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың алаңдары;
Тармақша 3
3) алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері жоқ алаңдар арасында аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте аукциондық сауда-саттықтар осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген, уәкілетті органмен жасалған реттеуші электр қуатын құруға арналған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын генерациялайтын қондырғыларға қатысты өткізілмейді.
Тармақ 4
4. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар:
Тармақша 1
1) реттеуші электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағында 2022 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылады және пайдалануға беріледі;
Тармақша 2
2) генерациялайтын қондырғыларды автоматты реттеуге қосылады;
Тармақша 3
3) олардың осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес айқындалатын реттеу диапазоны болады. Қарсы реттеуші гидроэлектр станциясының типі бойынша генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыны салу кезінде оның жұмыс істеу режимі өзен арнасы бойымен жоғары орналасқан, жұмыс істеп тұрған гидроэлектр станциясының жұмыс істеу режиміне тікелей байланысты жасалады. Өтініш беруші тіркелуге рұқсат алғаннан кейін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы өтініш берушілерді электрондық жүйеде тіркеуді жүргізеді. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелу үшін өтініш беруші онлайн-тіркеуден өту үшін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсына өтініш жасайды және оның атына электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) жарғының көшірмесі;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) өкілге сенімхат (мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);
Тармақша 5
5) заңды тұлғаның деректемелері (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы) туралы ақпарат.
Тармақ 5
5. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аукциондық сауда-саттықтың құжаттамасы осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес бірыңғай сатып алушы дайындаған алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме негізінде әзірленеді. Алдын ала техникалық-экономикалық негіздемеде орналастыру орны, ұлттық электр желілеріне қосылу нүктесі, жобаны іске асырудың болжамды құны, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың он бес жылға тең мерзімі, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеуші электр қуаты тапшылығының аймағы, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін техникалық, технологиялық және пайдалану сипаттамалары қамтылуға тиіс;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салуға жер учаскелерін резервке қою қажеттілігі туралы ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді;
Тармақша 3
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары салуға жоспарланатын генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін алдын ала техникалық-экономикалық негіздемеде айқындалған жер учаскелерін резервке қоюды Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарына жер учаскесіне құқықтар берілген кезге дейін жүзеге асырады және тиісті ақпаратты уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін алты айдан кешіктірмей аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
Тармақша 5
5) өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, уәкілетті органға құрылтай құжаттарының көшірмелерін, осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қаржы ресурстарының бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган комиссияны қалыптастырады, ол аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, өтініш беруші ұсынған құжаттардың бар-жоғын және осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Өтініш беруші ұсынған құжаттар осы тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде өтініш беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алады;
Тармақша 7
7) комиссия құжаттарды тексергеннен кейін уәкілетті орган ақпаратты және тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді. Электр энергиясын өндіру үшін тауарлық газды аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін пайдаланатын, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салынған жағдайда: газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес тауарлық газды көтерме саудада өткізудің көлемі мен шекті бағаларын айқындайды; «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес магистральдық газ құбыржолына және (немесе) газ тарату жүйесіне қосуға техникалық шарттар беріледі.
Тармақ 6
6. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аукциондық сауда-саттықтың құжаттамасы осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленеді. Құжаттамада инфрақұрылым салуға жұмсалған шығындар шегеріле отырып, ұқсас жобалардың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ұқсас жобалардың аукциондық сауда-саттығының нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың он бес жылға тең мерзімі, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеуші электр қуаты тапшылығының аймағы қамтылуға тиіс;
Тармақша 2
2) өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға құрылтай құжаттарының көшірмелерін, осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қаржы ресурстарының бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 3
3) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің уәкілетті орган аукциондық сауда-саттық өткізуді жариялаған аймағында болуға тиіс;
Тармақша 4
4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр энергиясын өндіру үшін судың гидродинамикалық энергиясы және (немесе) газ пайдаланылатын жобаларды іске асыруға міндетті;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган комиссияны қалыптастырады, ол аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, өтініш беруші ұсынған құжаттардың бар-жоғын және осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Өтініш беруші ұсынған құжаттар осы тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде өтініш беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алады;
Тармақша 6
6) комиссия құжаттарды тексергеннен кейін уәкілетті орган ақпаратты және тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін алты айдан кешіктірмей, аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 7
7. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аукциондық сауда-саттықтың құжаттамасы осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленеді. Құжаттамада осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ұқсас жобалардың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) ұқсас жобалардың аукциондық сауда-саттығының нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке болжамды жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың он бес жылға тең мерзімі, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеуші электр қуаты тапшылығының аймағы қамтылуға тиіс;
Тармақша 2
2) өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға құрылтай құжаттарының көшірмелерін, осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қаржы ресурстарының бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган комиссияны қалыптастырады, ол аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, өтініш беруші ұсынған құжаттардың бар-жоғын және осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Өтініш беруші ұсынған құжаттар осы тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде өтініш беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алады;
Тармақша 4
4) комиссия құжаттарды тексергеннен кейін уәкілетті орган ақпаратты және тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін алты айдан кешіктірмей, аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 8
8. Бірыңғай сатып алушы аукциондық сауда-саттық қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде аукциондық сауда-саттық жеңімпазына электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді. Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген шартқа аукциондық сауда-саттықтың нәтижесі бойынша айқындалған, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф бойынша өзінің бірінші аттестатталу күнінен бастап он бес жылға тең мерзімге қол қояды. Бұл ретте аукциондық сауда-саттық жеңімпазының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі ұлғаю жағына қарай түзетілуге жатпайды. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф (қажет болған жағдайда) құрылыс кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасындағы тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайынғы индекстеуге жатады. Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы осы Заңның 5-бабының 70-37) тармақшасына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр қуатын реттеу бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартты жыл сайын жасасуға міндетті. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы және электр қуатын реттеу бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауаптылық, электр қуаты нарығының осы Заңның 5-бабының 42) тармақшасына сәйкес айқындалатын тетіктерін пайдалану арқылы туындайды. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың шарттық электр қуаты пайдалануға берілген күнінен бастап жүйелік оператордың жыл сайынғы аттестаттауына жатады. Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды жүргізу нәтижесінде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша іс жүзінде көрсетілген қызметтерді есептеу кезінде қабылданатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Тармақ 9
9. Аукциондық сауда-саттық:
Тармақша 1
1) аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар екеуден аз болған;
Тармақша 2
2) аукциондық сауда-саттыққа барлық қатысушылар ұсынған құжаттар осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарының және осы Заңның 5-бабы 70-41) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады. Аукциондық сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда уәкілетті орган осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған алаңдар арасында қайтадан аукциондық сауда-саттық өткізуге құқылы.
Тармақ 10
10. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары аукциондық сауда-саттық өткізуге негіз болған алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге жұмсалған шығындарды бірыңғай сатып алушыға өтейді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган аукциондық сауда-саттық жеңімпазын электр станцияларының тізбесіне қосады.
Тармақ 12
12. Аукциондық сауда-саттық шеңберінде енгізілген генерациялайтын қондырғылар осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес айқындалатын реттеу диапазонын сақтауға міндетті.
Бап 15-9. 15-9-бап. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер
15-9-бап. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер
Тармақ 1
1. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты республикалық маңызы бар қалалардағы, құрамында электр станциялары жұмыс істейтін, соның ішінде жылу және электр энергиясын аралас өндіруді жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) энергия өндіруші ұйымдармен ғана жасалады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органмен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасуға ниеттенген энергия өндіруші ұйым отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны нарық кеңесінің қарауына жібереді.
Тармақ 3
3. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламамен бірге нарық кеңесіне сондай-ақ:
Тармақша 1
1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шара туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;
Тармақша 3
3) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы енгізіледі.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган айқындаған мерзімнен кеш ұсынылған және осы баптың 3-тармағына сәйкес келмейтін, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесінің қарауына қабылданбайды.
Тармақ 5
5. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесі қарайтын кезеңде өзгертілуге жатпайды. Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйыммен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім жасасу (жасасудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезеңде энергия өндіруші ұйым тиісті инвестициялық бағдарламаға іс-шараның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгергендігін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы. Бұл ретте энергия өндіруші ұйымдар отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне нарық кеңесінің және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қайтадан алуға міндетті.
Тармақ 6
6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес нарық кеңесіне ұсынылған, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды нарық кеңесі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қарайды.
Тармақ 7
7. Нарық кеңесі отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі әрбір инвестициялық бағдарлама бойынша оны іске асырудың орындылығы не орынсыздығы туралы жеке-жеке қорытынды дайындайды.
Тармақ 8
8. Нарық кеңесінің қорытындысы негізінде уәкілетті орган отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасу туралы (жасасудан бас тарту туралы) шешім қабылдайды. Энергия өндіруші ұйым отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны жүзеге асыруды жоспарлайтын республикалық маңызы бар қалада газ тасымалдау инфрақұрылымының болмауы отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасудан бас тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімде мынадай ақпарат:
Тармақша 1
1) энергия өндіруші ұйымдардың атауы;
Тармақша 2
2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі қамтылады. Бұл ретте энергия өндіруші ұйымның бірыңғай сатып алушымен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны іске асыру шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлеміне осы Заңның 15-3-бабының 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуына тыйым салынады;
Тармақша 3
3) тиісті инвестициялық қарыздар бойынша төленетін сыйақыны қоса алғанда, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама шеңберінде жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты инвестицияларды қайтару ескеріле отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (айлармен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі есепке алынып, жылдар бойынша ауыспалы шама ретіндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тариф қамтылады. Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезек-кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілетін болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифтер енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне қарай айқындалады;
Тармақша 4
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген күннен бастап кемінде он жыл болатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;
Тармақша 5
5) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыны пайдалануға берудің жоспарлы күніне сәйкес келетін, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталған күні;
Тармақша 6
6) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шара туралы мәліметтер қамтылады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім жасасқаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы ұйымдармен инвестициялық келісімде көрсетілген тарифтер бойынша, көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасады.
Тармақ 11
11. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу тиісті энергия өндіруші ұйымдар бірыңғай сатып алушыға жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүргізу актілерін енгізген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, бірақ осы баптың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген күннен кейін жүзеге асырылады. Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезек-кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілетін болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне қарай электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифтермен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім жасалған энергия өндіруші ұйымның осы баптың 11-тармағында көрсетілген, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметі іс жүзінде сатып алынған күннен бастап оның электр қуаты жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жыл сайынғы міндетті аттестаттауына жатады. Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Тармақ 13
13. Осы баптың шеңберінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның жыл сайынғы амортизациясының шамасы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифке енгізілуге жатпайды.
Тармақ 14
14. Осы баптың күші уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.
Бап 15-10. 15-10-бап. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы
15-10-бап. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы
Тармақ 1
1. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді реттеуге электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің қатысуын ынталандыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі теңгерімсіздіктер үшін төлемді атаулы бөлуді қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.
Тармақ 2
2. Теңгерімдеуші электр энергиясын және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жасалатын теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарты шеңберінде жүзеге асырылады. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарттарын, сондай-ақ қосылу шартын жасасуға міндетті. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері электр энергиясының теңгерімсіздігін нақты реттеу нәтижелері бойынша теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүзеге асыратын теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдері мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімсіздігін есептеу және қосылу шарты шеңберінде оларға жүргізілетін өзара есепке алу негізінде теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату бойынша электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы өзара қаржылық міндеттемелерді көтереді. Теңгерімдеуші электр энергиясын және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теріс теңгерімсіздіктерін сатып алу-сату көлемі әрбір теңгерімдеу аймағы үшін жеке есептеледі. Теңгерімдеу аймақтары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен жасалған теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартына бір мезгілде тиісті өзгерістер енгізе отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалатын жауапкершілікті беру шарты бойынша бір теңгерімдеу аймағы шеңберінде теңгерім провайдеріне беруге құқылы. Теңгерім провайдерінің қызметіне қойылатын талаптар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады. Теңгерім провайдерінің теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату көлемі жиынтығында теңгерім провайдері бойынша және өз теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті теңгерім провайдеріне берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері бойынша теңгерімдеу аймағында есептеледі.
Тармақ 3
3. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын өткізуді (сатуды) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына ғана жүзеге асырады. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы теріс теңгерімсіздіктерді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан ғана сатып алуды жүзеге асырады. Жүйелік оператордың жедел-ақпараттық кешенімен біріздендірілген диспетчерлік басқарудың жедел-ақпараттық кешені бар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері теңгерімдеуші электр энергиясын сату (теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу) үшін жүйелік операторға уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдер береді. Көтеріп теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерде көрсетілетін бағалар теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен аспауға тиіс. Төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерде көрсетілетін бағалар теріс теңгерімсіздіктерге шекті тарифтен аспауға тиіс және теріс не нөлге тең бола алмайды. Көтеріп (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерде көрсетілетін көтеріп (төмендетіп) теңгерімдеу көлемін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері дербес, бірақ электр қуаты нарығының талаптары ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін осы субъектілерге сәйкес келетін төмендетіп (көтеріп) теңгерімдеудің ең аз көлемінен төмен емес етіп айқындайды. Теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф пен теріс теңгерімсіздіктерге шекті тариф бекітуге жатпайды және оны осы Заңда айқындалған тәртіппен теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы айқындайды.
Тармақ 4
4. Көтеріп (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерді іріктеу және іске қосу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға қойылған және өткізілген электр энергиясының айырмасынан асатын көлемде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерін қабылдауға және іске қосуға тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын әрбір теңгерімдеу аймағы үшін жеке-жеке сатып алады. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы тиісті теңгерімдеу аймағы үшін операциялық тәуліктің тиісті сағатында сатып алатын теңгерімдеуші электр энергиясының көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын:
Тармақша 1
1) көтеріп теңгерімдеуге қатысуға арналған тиісті іске қосылған өтінімдерде (теңгерімдеудің тиісті аймағында) көрсетілген бағалар бойынша, осы өтінімдердің нақты орындалуын ескере отырып, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;
Тармақша 2
2) жүйелік оператордың басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимылы шеңберінде тиісті шарттарда көрсетілген бағалар мен талаптар бойынша (бұл ретте теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алумен бір мезгілде теріс теңгерімсіздіктерді сатуға да жол беріледі) жүйелік оператордан сатып алуды жүзеге асырады. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған сағаттарда оң теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген теңгерімдеуші электр энергиясын сату бағалары бойынша өздері жол берген сағаттық оң теңгерімсіздіктер көлемінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға міндетті. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған сағаттарда теріс теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері осы теріс теңгерімсіздіктерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген бағалар бойынша теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатуға міндетті. «Авария» режимі ретінде айқындалған тәулік сағаты үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату жөніндегі теңгерімдеу аймағындағы барлық операциялар уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеудің әрбір аймағының теріс теңгерімсіздіктерін жеке-жеке сатады. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы операциялық тәуліктердің тиісті сағатында сататын теңгерімдеудің тиісті аймағындағы теріс теңгерімсіздіктер көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді:
Тармақша 1
1) төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға арналған тиісті іске қосылған өтінімдерде (теңгерімдеудің тиісті аймағында) көрсетілген бағалар бойынша, осы өтінімдердің нақты орындалуын ескере отырып, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;
Тармақша 2
2) жүйелік оператордың басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимылы шеңберінде тиісті шарттарда көрсетілген бағалар мен талаптар бойынша (бұл ретте теріс теңгерімсіздіктерді сатумен бір мезгілде теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға да жол беріледі) жүйелі операторға сатуды жүзеге асырады. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді сатуды жүзеге асырған сағаттарда теріс теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу бағалары бойынша өздері жол берген сағаттық теріс теңгерімсіздіктерді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатуға міндетті. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді сатуды жүзеге асырған сағаттарда оң теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген бағалар бойынша өздері жол берген сағаттық оң теңгерімсіздіктер көлемінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға міндетті. «Авария» режимі ретінде айқындалған тәулік сағаты үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату жөніндегі теңгерімдеу аймағындағы барлық операциялар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
Тармақ 8
8. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі мен теңгерім провайдерінің теңгерімсіздіктері әрбір теңгерімдеу аймағы бойынша жеке есептеледі (айқындалады).
Тармақ 9
9. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілерінен теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуға жасалған шарттар шеңберінде сатып алған теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді төлеуді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы ай сайын, бірақ сатып алу айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуға жасалған шарттар шеңберінде сатып алған теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді төлеуді осы субъектілер ай сайын, бірақ сатып алу айы аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы өзара есеп айырысулар жүйелік оператордың деректерін негізге ала отырып, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүзеге асыратын теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің сағаттық теңгерімсіздіктерінің есептері негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметімен өнімді бөлу туралы шарттар жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері есептік кезеңнің қорытындылары бойынша уәкілетті орган көздеген тәртіппен, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Электр энергиясының коммерциялық экспорты шарты (бұдан әрі – экспорт шарты) шеңберінде басқа мемлекеттің ұйымына (тұтынушысына) электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің теңгерімсіздіктері үшін жауаптылықтан басқа, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес, экспорт шартында көрсетілген Қазақстан Республикасынан электр энергиясын экспорттау көлемдерінен осы субъектінің электр энергиясын босатуындағы ауытқулармен байланысты Орталық Азия мемлекетінің энергия жүйесімен теңгерімдеу аймағының шекарасындағы электр энергиясының сальдо-ағымдарының ауытқулары үшін де жауапты болады. Электр энергиясының коммерциялық импорты шарты (бұдан әрі – импорт шарты) шеңберінде басқа мемлекеттің ұйымынан (өндірушісінен) электр энергиясын қабылдауды жүзеге асыратын электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің теңгерімсіздіктері үшін жауаптылықтан басқа, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес, импорт шартында көрсетілген Қазақстан Республикасына электр энергиясын импорттау көлемдерінен осы субъектінің электр энергиясын қабылдауындағы ауытқулармен байланысты Орталық Азия мемлекетінің энергия жүйесімен теңгерімдеу аймағының шекарасындағы электр энергиясының сальдо-ағымдарының ауытқулары үшін де жауапты болады.
Тармақ 12
12. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы нақты уақыт режимінде жұмыс істеген кезде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт (шарттар) жасасқан энергия өндіруші ұйымдар және Тізілімге енгізілген әрі тиісті тұлғалар тобы шеңберінде тұтынушылармен электр қуатын қамтамасыз ету бойынша екіжақты шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар жүйелік операторға күн сайын уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес алдағы жоспарлау тәуліктерінің әрбір сағатына жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдер беруге және жүйелік оператор оларды іске қосқан жағдайда осы өтінімдерді орындауға міндетті.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган айқындайтын теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы:
Тармақша 1
1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілерімен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарттарын жасасады;
Тармақша 2
2) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесін теңгерімдеудің әрбір аймағы шеңберінде теңгерімдеуші электр энергиясын сатуға және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алуға сағаттық орташа өлшемді бағаларды есептеуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) операциялық сағаттың қорытындылары бойынша теңгерімдеуші нарықта аукцион бағалары туралы ақпараттың қолжетімділігін үздіксіз қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімдеуші электр энергиясы мен теңгерімсіздіктерінің сағаттық көлемдерін есептеуді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және теріс теңгерімсіздіктерге шекті тарифті айқындайды;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен теңгерім провайдерлерінің тізбесін қалыптастырады;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган айқындаған жағдайларда және тәртіппен энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге арналған шарттарды жасасады және электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлейді;
Тармақша 9
9) уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша теңгерімдеуші нарықтың барлық субъектілерімен қосылу шартын жасасады;
Тармақша 10
10) қосылу шарты шеңберінде теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергиясын және теңгерімдеуші нарықтағы теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу (сату) жөніндегі міндеттемелер бойынша өзара есепке жатқызуларды жүзеге асырады;
Тармақша 10-1
10-1) теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуға және қосылуға жасалған шарттар негізінде қаржылық міндеттемелерін бөлуді және өз құқықтары мен міндеттерін теңгерімдеуші нарық субъектілеріне беруді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Егер уәкілетті орган растаған энергия беруші ұйымның желілеріндегі авариялар себебінен оларға тікелей қосылған электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілерінде теріс теңгерімсіздіктер туындаса, онда осы энергия беруші ұйым осы авария кезінде туындаған осы субъектілердің электр энергиясын сатып алуға жұмсалған шығындардың және осы субъектілердің көрсетілген теріс теңгерімсіздіктерді сатудан түскен кірістерінің оң айырмасының орнын толтырады.
Тармақ 15
15. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты бар, жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар (бұдан әрі – жаңартылатын көздер) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жауапкершілікті беру шартын жасасуға міндетті. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өз теңгерімсіздіктері болмайды және ол теңгерімдеуші электр энергиясын және жаңартылатын көздердің теріс теңгерімсіздіктерін сатып алу-сату үшін жауапкершілікті өзіне ала отырып, осы нарыққа теңгерім провайдері ретінде ғана қатысады. Бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен 2023 жылғы 1 шілдеден кейін жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар, жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген жаңартылатын көздер өздері жол берген теңгерімсіздіктер үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жауап береді.
Тармақ 16
16. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған жауапкершілікті беру шарты шеңберінде жаңартылатын көздер:
Тармақша 1
1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен не электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісімен жасалған қолданыстағы электр энергиясын сатып алу-сату шартында көрсетілген, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін арттыру коэффициентіне көбейтілген электр энергиясын сатуға арналған баға бойынша тиісті көлемде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу арқылы өзінің барлық оң теңгерімсіздіктерін жабады;
Тармақша 2
2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен не электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісімен жасалған қолданыстағы энергиясын сатып алу-сату шартында көрсетілген, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін төмендету коэффициентіне көбейтілген электр энергиясын сатуға арналған баға бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өзінің барлық теріс теңгерімсіздіктерін сатады. Осы тармақта көрсетілген арттыру коэффициентінің мәні операциялық тәулік сағаты үшін бірлікке теңестіріледі, онда оң теңгерімсіздік мәні жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын желіге жіберудің жоспарлы мәнінен жол берілетін ауытқу мәнінен аспайды. Осы тармақта көрсетілген төмендету коэффициентінің мәні операциялық тәулік сағаты үшін бірлікке теңестіріледі, онда теріс теңгерімсіздік мәнінің модулі жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын желіге жіберудің жоспарлы мәнінен жол берілетін ауытқу мәнінен аспайды. Осы тармақта көрсетілген жол берілетін ауытқулардың мәндері уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасқан жаңартылатын көздер үшін осы тармақта көрсетілген төмендету және жоғарылату коэффициенттерінің мәні электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларына сәйкес айқындалады.
Бап 15-11. 15-11-бап. Гибридті топ
15-11-бап. Гибридті топ
Тармақ 1
1. Гибридті топ құрамына әрқайсысының дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде сол бір тұлғаға тиесілі болатын мынадай заңды тұлғалар: объектілері 2024 жылғы 1 шілдеден ерте емес пайдалануға берілген және бір қосылу нүктесінде ұлттық немесе өңірлік электр желілеріне қосылған, жаңартылатын энергия көздері мен генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды жиынтық түрде пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар; гибридті топ тұтынушылары; гибридті топ әкімшісі кіреді.
Тармақ 2
2. Гибридті топ осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын тұлғаның өтініші негізінде гибридті топтардың тізбесіне енгізіледі. Гибридті топтардың тізбесіне осы баптың 1-тармағында аталған энергия өндіруші ұйымдар, тұтынушылар, гибридті топтар әкімшілері кіреді.
Бап 16. 16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы
16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы
Тармақ 1
1. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қол жеткiзу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Өңiрлiк электр желiлерi компаниялары электр энергиясын оның баланстық тиесiлiк шекараларында электр желiлерi бойынша беру функцияларын жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Алынып тасталды - ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде электр энергиясына кепiлдiк берiп жеткiзушiлерге энергиямен жабдықтаушы өзге ұйымдарға қарағанда артықшылықтар беруге болмайды.
Тармақ 5
5. Электр энергиясын кепiлдiкпен берушiні және оның жауапкершілігіндегі аймақты айқындау тәртібі электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларымен белгіленеді.
Бап 17. 17-бап. Электр энергиясы мен қуат нарығындағы шарттар
17-бап. Электр энергиясы мен қуат нарығындағы шарттар
Тармақ 1
1. Электр энергиясын сатып алу-сату, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату, теңгерімдеуші нарықтағы өзара есеп айырысулар, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру, ұлттық электр желісін пайдалану, техникалық диспетчерлендіру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу бойынша, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында:
Тармақша 1
1) тәулiктiк электр тұтыну кестесi;
Тармақша 2
2) энергия өндiрушi ұйымдардың электр қуатын резервтеу тәртiбi болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Электр энергиясын сатып алу-сату, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарттары, қосылу шарттары, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру, ұлттық электр желісін пайдалану, техникалық диспетчерлендіру, электр қуатын реттеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар, орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарттары, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар – шарттар бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда, тиісті қызметтер көрсетуді тоқтату талаптары мен тәртібін қамтуға тиіс.
Тармақ 4
4. Электр энергиясын сатып алу-сату, беру шарттары бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда, осы арқылы келтірілген нақты залалды міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап өтейді.
Бап 18. 18-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар
18-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар
Тармақ 1
1. Бөлшек сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын энергиямен жабдықтаудың жария шарттары негізінде жүзеге асырылады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тұтынылатын электр энергиясының көлеміне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер бойынша тұтынушыларға электр энергиясын өткізуден (сатудан) бас тартуға құқылы емес. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар пайдаланылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу бойынша берешегі болған кезде тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатуға құқылы емес.
Тармақ 1-1
1-1. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын тұтынушылардың мынадай топтары бойынша жасасады:
Тармақша 1
1) тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;
Тармақша 2
2) электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;
Тармақша 3
3) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты.
Тармақ 2
2. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар бөлшек сауда нарығында жасасатын шарттарда электр энергиясының бөлшек сауда нарығына барлық қатысушылар үшiн тең жағдайлар болуға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жеткiзетiн электр энергиясының бағалары мен оларды беру жағдайлары тараптардың келiсiмi бойынша энергия берушi ұйымның тарифiн ескере отырып, сатып алу-сату шартына сәйкес белгiленедi. Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың тұтынған электр энергиясы үшін төлемақы коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым берген төлем құжаты бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Өңiрлiк электр желiлерi бойынша электр энергиясын беру энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы өңiрлiк электр желiсi компаниясымен уәкілетті орган белгiлеген үлгiлік нысан бойынша жасасатын электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсету шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлер мен тұтынушылар арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жария шарт болып табылады.
Бап 19. 19-бап. Электр энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерi
19-бап. Электр энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Электр энергиясын тұтынушылардың:
Тармақша 1
1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын алуға;
Тармақша 2
2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге;
Тармақша 3
3) шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;
Тармақша 4
4) тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тарифтiк есепке алу жүйелерi бойынша ақы төлеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Электр энергиясын тұтынушылар:
Тармақша 1
1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;
Тармақша 2
2) электр энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
Тармақша 4
4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;
Тармақша 5
5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 19-1. 19-1-бап. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеуі
19-1-бап. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеуі
Тармақ 1
1. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Заңның 25-бабының қолданылуын ескере отырып, осы баптың күшіне енгізілуімен бір мезгілде жұмыс істеуін бастайды.
Тармақ 3
3. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан және (немесе) гибридті топ әкімшісінен: электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға, тұтынушыларға, сондай-ақ шартты тұтынушыларға сату үшін; цифрлық майнерлерге сату үшін; гибридті топ тұтынушыларына сату үшін бір сағат және (немесе) тәулік және (немесе) ай және (немесе) тоқсан және (немесе) жыл (жылдар) бұрын сатып алады;
Тармақша 2
2) электр энергиясын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, электр энергиясын тұтынушыларға, шартты тұтынушыларға, гибридті топ тұтынушыларына, сондай-ақ электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға электр энергиясына шекті тарифтерден жоғары тарифпен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сатады;
Тармақша 2-1
2-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын жасыл энергияны тұтынушыға қысқа мерзімді (бір жыл) немесе ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) негізде сатады;
Тармақша 2-2
2-2) инвестициялық тарифті алушыларға инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатады;
Тармақша 3
3) жауапкершілікті беру шарттары шеңберінде жаңартылатын энергия көздерінен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алады;
Тармақша 4
4) жауапкершілікті беру шарты шеңберінде жаңартылатын көздерге теңгерімдеуші электр энергиясын сатады;
Тармақша 5
5) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шарты бар жаңартылатын көздермен жауапкершілікті беру шартын жасасады және осы Заңға сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында олардың теңгерім провайдері болады;
Тармақша 6
6) электр энергиясын тиісті сатып алу-сату шарттарын жасасады;
Тармақша 7
7) электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу шартын жасасады;
Тармақша 8
8) басқа елдердің электр энергиясын берушілерінен (өндірушілерінен) (импорттауды) және (немесе) үкіметаралық келісімде айқындалатын уәкілетті ұйымнан электр энергиясын сатып алуды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және осы электр энергиясын берушілердің (өндірушілердің) бағалары бойынша жүзеге асырады (қажет болған кезде);
Тармақша 9
9) басқа елдердің тұтынушыларына (экспорттауды) және (немесе) үкіметаралық келісімде айқындалатын уәкілетті ұйымға электр энергиясын сатуды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады (қажет болған кезде);
Тармақша 10
10) тарифтерді кезең-кезеңімен өзгертуді жүзеге асыру мүмкіндігі мақсатында тарифтерді саралау арқылы көтерме сауда нарығының тұтынушылары үшін атаулы қолдау көрсетуді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартын жасасады;
Тармақша 12
12) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағаларды айқындайды;
Тармақша 13
13) энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге арналған шарттар жасасады (қажет болған кезде) және уәкілетті орган айқындаған жағдайларда және тәртіппен электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлейді;
Тармақша 14
14) жүйелік оператормен импортталатын электр энергиясын желіге жіберуді техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасады (қажет болған кезде).
Тармақ 4
4. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесін жабу үшін электр энергиясын сатып алуды жүйелік оператордың техникалық сараптамасын ескере отырып мынадай тәртіппен (басымдық тәртібімен): 1) 2023 жылғы 1 шілдеден кейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын көздерден, Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын осы шарттардың бағаларымен желіге жоспардағы жіберудің толық көлемінде жүзеге асырады. 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын көздерден, Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес есептік күнтізбелік айдың қорытындылары бойынша электр энергиясын осы шарттардың бағаларымен желіге нақты жіберудің толық көлемінде; 2) уәкілетті орган бекіткен электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларына сәйкес жылу электр орталықтарынан;
Тармақша 3
3) электр қуаты нарығында осы Заңның 15-4 және 15-8-баптарына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдардан қуаты осы шарттардың мәні болып табылатын генерациялайтын қондырғылар желісіне көрсетілген шарттардың қолданылуы ішінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын тиісті сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген электр энергиясына тиісті шекті тарифтер бойынша электр энергиясын жоспардағы жіберу көлемінде жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесін жабу үшін қажетті қалған электр энергиясының желіге жіберілетін жоспарлы көлемдерін бірыңғай сатып алушы электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алады. Осы тармақта көрсетілген электр энергиясының жоспарлы көлемдері электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесін жабу үшін жеткіліксіз болған жағдайда бірыңғай сатып алушы электр энергиясының жоспарлы импортын жүзеге асырады. Осы тармақта көрсетілген электр энергиясын сатып алу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жұмыс істеуі кезінде:
Тармақша 1
1) барлық энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға және олармен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға не олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісіне ғана сатуды жүзеге асыруға және олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті. Бұл ретте: жүйелік операторға қуатты автоматты түрде реттеу бойынша қызметтер көрсететін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатудан шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасына босатылады; дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымдарға осы Заңның 13-бабының 16-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес электр энергиясын сатуды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 2
2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шарты бар барлық жаңартылатын көздер электр энергиясын Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана сатуды жүзеге асыруға міндетті;
Тармақша 3
3) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және (немесе) Тізілімде олармен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан және (немесе) олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісінен және (немесе) жаңартылатын көздерден ғана сатып алуды жүзеге асыруға және олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті; Бұл ретте жасыл энергияны тұтынушылардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын қысқа мерзімді (бір жыл) немесе ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) негізде сатып алуға құқығы бар;
Тармақша 4
4) цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алуды жүзеге асыруға міндетті;
Тармақша 5
5) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатуға тыйым салынады;
Тармақша 6
6) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, энергия беруші ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер, осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүйелік оператормен ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге немесе ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға, тұтынушыларға және цифрлық майнерлерге электр энергиясын өткізуіне (сатуына) тыйым салынады;
Тармақша 7
7) шартты тұтынушылар мен гибридті топ әкімшілері, инвестициялық тарифті алушылар республиканың жоспарлы тұтынуының жалпы көлеміндегі олардың электр энергиясын жоспарлы тұтыну үлесін, олардың құрамына кіретін жаңартылатын көздер өндірген электр энергиясының көлемін, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын жаңартылатын көздерден олар сатып алатын электр энергиясының көлемін және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын көздерден электр энергиясын сатып алуға жұмсаған шығындарын ескере отырып, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептейтін баға бойынша және көлемде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға, сондай-ақ электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті;
Тармақша 8
8) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты бар жаңартылатын көздер арасында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімі электр энергиясын өндіру-тұтынудың көрсетілген тәуліктік графигінде сақталған кезде электр энергиясын нақты өндіру-тұтынудың тиісті сағаты басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигін ұлғайтып (жоғары) немесе азайтып (төмен) өзара түзетуге жол беріледі;
Тармақша 9
9) осы тармақта көрсетілген электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алуы мен сатуы, сондай-ақ тиісті өзара есеп айырысулар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады;
Тармақша 10
10) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу және сату бағалары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады;
Тармақша 11
11) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындары мен кірістері электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын сату бағасын айқындау кезінде ескеріледі;
Тармақша 12
12) жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын сатып алу-сатудың жоспарлы көлемі электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан барлық электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығында сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі болып табылады;
Тармақша 13
13) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өздері сатып алған электр энергиясына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ақы төлеуге міндетті;
Тармақша 14
14) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы энергия өндіруші ұйымдарға және жаңартылатын көздерге олардан сатып алынған электр энергиясына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ақы төлеуге міндетті;
Тармақша 15
15) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан басқа) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясына ақы төлеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес операциялық тәулік басталғанға дейін ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 16
16) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеуді уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес факт бойынша жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) аударуға жататын ақша қаражатының сомасы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес есептеледі.
Тармақша 18
18) электр энергиясын көтерме тұтынушылар (өнеркәсіптік объектілер) инвестициялық тарифті алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, өтінім береді. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық тарифті беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, электр энергиясын көтерме тұтынушылар (өнеркәсіптік объектілер) инвестициялық тарифті алушылар тізбесіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық тарифті алушылар тізбесін қалыптастыру және инвестициялық тарифті белгілеу кезінде іске асырылуы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық міндеттемелерді орындау мерзімінен аспайтын және жиынтығында өндірістік объект пайдалануға берілген кезден бастап он жылдан аспайтын инвестициялық тарифті беру мерзімін айқындау мақсатында осы тұтынушылар кірістілігінің нормасын ескереді;
Тармақша 19
19) инвестициялық тариф тиісті тұтынушы желілеріне қосылған энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі бойынша электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындардың, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатудың жалпы көлеміндегі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тиісті тұтынушының сатып алу үлесі ескеріле отырып, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының импорттық электр энергиясын сатып алуға және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға жұмсаған шығындарының үлесі сомасының инвестициялық тарифті алушының тұтыну көлеміне арақатынасы ретінде айқындалады;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен дивидендтер төленгенге дейін инвестициялық тарифтің қолданылу кезеңінде қызмет нәтижесінде алынған пайда туралы ақпарат бере отырып, инвестициялық тарифті нысаналы пайдалану фактісін анықтау үшін инвестициялық тарифті алушылар Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасының Үкіметіне аудиторлық есепті және қаржы-шаруашылық қызметті талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ұсынуға міндетті. Аудиторлық есепті және қаржы-шаруашылық қызметті талдауды ұсынбау, сондай-ақ инвестициялық тарифті нысаналы мақсатта пайдаланбауды анықтау фактісі инвестициялық тарифті берудің күшін жою және инвестициялық тарифті алушыны инвестициялық тарифті алушылар тізбесінен алып тастау үшін негіз болып табылады. Инвестициялық тарифті қолдану нәтижесінде инвестициялық тарифті алушының шығындарын, оның ішінде инвестициялық міндеттемелерді жабу үшін жеткілікті пайда алынған жағдайда, инвестициялық тарифті алушылар электр энергиясын бірыңғай сатып алушының бағасы мен инвестициялық тарифтің айырмасы мөлшерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен есептелетін пайда болған артық кірістен түскен қаражатты электр энергиясын бірыңғай сатып алушының пайдасына қайтаруды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда инвестициялық тарифті алушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен инвестициялық тарифті тұтынушылар тізбесінен шығарылады. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы алынған қаражатты тұтынушылар үшін электр энергиясына тарифті төмендетуге жұмсайды.
Тармақ 6
6. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес операциялық тәулік басталғанға дейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясы үшін ақы төлемеген жағдайда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне өтінімі келесі тәуліктерге жіберілмейді (алып тасталады).
Тармақ 7
7. Энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясы үшін ақшалай қаражат сомасын төлеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүйелік оператор электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін бекіткеннен кейін жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Шотты ашуға, жүргізуге және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісіне жүктеледі.
Тармақ 9
9. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдардан, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын ұйымдардан электр энергиясын, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру, техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, орталықтандырылған сауда нарығы операторының көрсетілетін қызметтерін сатып алуға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды. Осы баптың күші, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы электр энергетикалық нарығына қатысқан жағдайда, оларға қолданылмайды.
Тарау 5. 5-тарау. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi авариялық бұзылыстар кезінде электр энергетикасы объектілерін басқару
5-тарау. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi авариялық бұзылыстар кезінде электр энергетикасы объектілерін басқару
Бап 20. 20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар
20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар
Тармақ 1
1. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 2
2. Жүйелік авариялардың алдын алу немесе оларды жою үшін жүйелік оператор меншік нысанына қарамастан, кез келген энергия өндіруші ұйымдардың резервтерін (генерацияланатын қуатты жүктеуге де, жүктен босатуға да) және тұтынушылардың дербес қоректену көздерін іске қосады.
Тармақ 3
3. Авариялық бұзушылықтардың алдын алу немесе оларды жою үшін гидроэлектр станцияларының генерацияланатын қуатын өзгерту қажет болған кезде жүйелік оператордың гидроэлектр станцияларының реттеушілік қабілетін пайдалану үшін гидротораптар арқылы суды шығындаудың бекітілген графиктеріне өзгерістерді жедел енгізуге құқығы бар. Бұл ретте су электр станциясының меншік иесі (иеленушісі) су тораптары арқылы суды шығындаудың бекітілген графиктеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясын бекітілген графиктен тыс ағызылған судың уақыты, ұзақтығы мен шығыстары туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы өтей алмайтын теңгерiмсiздiк туындаған кезде жүйелiк оператордың Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр тогының нормативтiк жиiлiгiн ұстап тұру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бап 21. 21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау
21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау
Тармақ 1
1. Жүйелік авария туындаған кезде энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен энергиямен жабдықтаудың тиісті авариялық және технологиялық бронь актілері бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен үздіксіз жабдықтауды қажет ететiн, қызметiнiң тоқтатылуы адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төндiруге алып келетін шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары үшiн технологиялық себептерге орай электр қуатын авариялық бронь мөлшерiнде берудi қамтамасыз ететiн, энергия берушi ұйымдар әзiрлейтiн схемалар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тәртiбi мен талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.
Тармақ 3
3. Бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелерге авариялық бронь мемлекеттiк мекемелердiң электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарына көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi банктiк кепiлдiгi болған жағдайда берiледi.
Бап 22. 22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету
22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Электр энергетикасының неғұрлым маңызды объектiлерiн күзетудi арнаулы әскерилендiрiлген күзет қызметтерi немесе Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмшелерi жүзеге асырады. Мұндай объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдардың электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру мен берудiң бiртұтас технологиялық процесiне қатысатын мүлкi бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады.
Тармақ 4
4. Электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн сатып алу-сату, жалға немесе сенiмгерлік басқаруға беру уәкiлеттi орган мен табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органды алдын ала хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген тәртіпті бұза отырып, электр желілеріне өз бетінше қосылуға тыйым салынады.
Бап 23. 23-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
23-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жауапты болады.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
Бап 24. 24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Заң:
Тармақша 1
1) 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабының 2-тармағы мен 14-бабының 4-тармағын;
Тармақша 2
2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-бабының 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында және 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген нормалар 2007 жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.
Тармақ 3
3. "Электр энергетикасы туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 729-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Бап 25. 25-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
25-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
Тармақ 1
1. Энергия берушi ұйымдар электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөнiндегi қызметтi энергиямен жабдықтау жөнiндегi қызметтен бөлудi 2004 жылғы 1 қазанға дейiн жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Өңірлік электр желісі компаниялары электр энергиясын беру жөніндегі қызметті энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтен бөлуді энергиямен жабдықтаушы ұйымдар құру жолымен 2004 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Энергия өндіруші ұйымдар 2009 жылғы 1 мамырдан бастап осы Заңда белгіленген тәртіппен келісімдер жасассын.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында көзделген тыйым салу электр энергиясын оны орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан аспайтын көлемде беретін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға сатқан жағдайларға 2009 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылмайды.
Тармақ 4-1
4-1. Осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тыйым салу 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін электр энергиясына кепілдік беріп жеткізушілерге қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Осы Заңның 12-1-бабының 3-1-тармағында көзделген тәртіппен келісім жасасу бойынша шаралар қабылдамаған және уәкілетті органмен келісім жасаспаған энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын амортизация мен пайдаға кеткен шығындарды есепке алмай, электр энергиясын өндіруге кеткен шығыннан аспайтын бағамен өткізеді.
Тармақ 6
6. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін энергия беруші ұйымдар:
Тармақша 1
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талапқа;
Тармақша 2
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға;
Тармақша 3
3) 2022 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талапқа сай келуге тиіс.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы органдар 2019 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілерін осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағына сәйкес беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, осы Заңның 13-бабының 6-2-тармағында белгіленген талапқа сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 9
9. Осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағының күші бірыңғай сатып алушы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарға қолданылады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган жүйелік оператормен бірлесіп, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде іске қосуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы нарығында бірыңғай сатып алушы моделіне көшуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Электр энергиясын сатып алу және электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сату бөлігіндегі осы Заңның күші 2023 жылғы 1 шілдеге дейін бұзылуға жататын бұрын жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады.
Тармақ 13
13. Осы Заңның 7-1-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін энергия беруші ұйымдар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызмет түріне арналған лицензияны 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде алуға міндетті.
Тармақ 14
14. Осы Заңның 7-1-бабының талаптарына сәйкес келмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берілген, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды (рұқсаттарды және (немесе) рұқсатқа қосымшаларды) лицензиар лицензиядан айыруға (кері қайтарып алуға) немесе оның қолданысын тоқтата тұруға тиіс.
Тармақ 15
15. 5-2-баптың үшінші бөлігі 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Тармақ 16
16. Осы Заңның 10-бабының 2-2-тармағы 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары жүйелік оператор мен дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
Тармақ 17
17. Осы Заңның 13-бабының 16-тармағы 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 13-бабының 16-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
Тармақ 18
18. Осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 18) тармақшасы 2036 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ инвестициялық тариф берілген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.