Об участии граждан в обеспечении общественного порядка Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Осы Заң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркiмен қатысуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Бап 1. 1-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары
1-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Заңның күшi жедел-iздестiру қызметiне байланысты туындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетiн құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
Бап 2. 2-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы
2-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес олардың iшкi iстер органдарына ерiктi түрде жәрдемдесуi арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өз қызметiн заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптерi негiзiнде жүзеге асырады.
Бап 3. 3-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу мәселелерi жөнiндегi құзыретi
3-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу мәселелерi жөнiндегi құзыретi
Тармақ 1
1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:
Тармақша 1
1) тиiстi әкiмдiктер қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуде iшкi iстер органдарына жәрдемдесетiн азаматтарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты әзiрлеген бюджеттiк бағдарламаларды қарайды және бекiтедi;
Тармақша 2
2) тиiстi әкiмдiктердiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссияларының қызметiн бақылайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тiркейдi және олардың дербес есебiн жүргiзедi;
Тармақша 2
2) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық (облыстық маңызы бар қалалардағы қалалық) комиссияларды құрады;
Тармақша 3
3) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындайды;
Тармақша 3-1
3-1) азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 4
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың өңiрлiк есебiн жүргiзедi;
Тармақша 2
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссияларын құрады;
Тармақша 3
3) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындайды;
Тармақша 4
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 4. 4-бап. Iшкi iстер органдарының қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу мәселелерi жөнiндегi құзыретi
4-бап. Iшкi iстер органдарының қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу мәселелерi жөнiндегi құзыретi Ішкі істер органдары:
Тармақша 1
1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тартудың тәртiбiн, нысандары мен түрлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар куәлiгiнiң үлгiсiн және эмблемасының нышанын әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 3
3) жергiлiктi атқарушы органдармен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар қызметiнiң мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 4
4) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
Тармақша 5
5) полицияның учаскелiк пункттерi базасында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды құқықтық даярлауды ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 5. 5-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тiркеу тәртiбi
5-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тiркеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуға ниет бiлдiрген азамат iшкi iстер органына өтiнiш бередi, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнiң не паспортының көшiрмесiн қоса бередi. Азамат көрсетiлген құжаттарға өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн қоса беруге құқылы.
Тармақ 2
2. Iшкi iстер органы өтiнiш келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексередi, одан кейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына тиiстi қолдаухат берiп, оған ұсынылған құжаттардың көшiрмелерiн қоса тiркейдi, не қабылданған шешiмнiң себептерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге жазбаша түрде бас тартады.
Тармақ 3
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы келiп түскен қолдаухатты жетi жұмыс күнi iшiнде қарайды, азаматты тiркеудi жүргiзедi және оны қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есебiне қояды, бұл туралы iшкi iстер органын жазбаша түрде хабардар етедi.
Тармақ 4
4. Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың және өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған не соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Өтiнiштi қабылдамай тастау бас тартуға негiз болған себептер жойылған жағдайда өтiнiш берушiнiң қайта өтiнiш жасауына кедергi болмайды.
Тармақ 6
6. Құқықтық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтатуға негiз болатын жағдайлар мыналар: азаматтың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге одан әрi қатысуға ниетiнiң жоқтығы туралы өтiнiшi; қылмыстық жауапқа тартылуы; бiрнеше рет (бiр жыл iшiнде екi және одан да көп рет) қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы; Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрақты тұру үшiн кетуi; қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге одан әрi қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылық (ауру), денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен тiзбеге сәйкес айналадағылар үшiн қауiп төндiретiн өзге де ауру не қайтыс болу).
Тармақ 7
7. Осы баптың 6-тармағында аталған мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы тиiстi iшкi iстер органының ұсынымы бойынша бұл азаматты қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар есебiнен шығарады.
Бап 6. 6-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың қызметiн шектеу
6-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың қызметiн шектеу Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың айрықша құзыретiне жатқызылған iс жүргiзу қызметi мен өзге де қызметтi жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн иеленiп алуға;
Тармақша 3
3) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасауға;
Тармақша 4
4) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға қатысу кезiнде куәгер болуға;
Тармақша 5
5) адам мен азаматтың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн қорлайтын не азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтiн iс-әрекеттер жасауға;
Тармақша 6
6) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға қатысу кезiнде осы Заңның 7-бабының 3) тармақшасында аталған құралдарды қоспағанда, құқық қорғау органдары қаруланатын арнаулы құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
Бап 7. 7-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi
7-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың:
Тармақша 1
1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларда iшкi iстер органдарына жәрдемдесуге;
Тармақша 2
2) қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзге тәсiлдермен қол жеткiзу мүмкiн болмаса, дене күшiн және басқа құралдарды қолдануға құқығы бар. Бұл орайда ол үшiн қажеттi шаралар шегiнен шығуға жол берiлмеуге тиiс. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi айқын адамдарға, жасы белгiлi немесе анық көрiнiп тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қаруланып не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, дене күшiн және басқа құралдарды қолдануға тыйым салынады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап алуға және құқық қорғау немесе өзге де мемлекеттiк билiк органдарына жеткізуге құқығы бар. Қажет болған жағдайда, ұстап алынған адамда қару немесе өзге де қауiптi заттар не қылмыстық iс үшiн мәндi нәрселер бар деп ұйғаруға негiздер болған кезде, ұстап алынған адамның киiмiн тексеруге және аталған органдарға тапсыру үшiн оларды алып қоюға;
Тармақша 5
5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зілзалалардан және өзге төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға медициналық және өзге де көмек көрсетуге қатысуға;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық, психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасы жөнінде түсiндiру және құқықтық жұмысты жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) азаматтардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап етуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар:
Тармақша 1
1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
Тармақша 2
2) iшкi iстер органдарын өздерiне мәлiм болған, дайындалып жатқан не жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар фактiлерi туралы дереу хабардар етуге;
Тармақша 3
3) заңдарда көзделген жағдайларда азаматтардың талап етуi бойынша өзiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуының заңдылығын растайтын куәлiгiн көрсетуге;
Тармақша 4
4) қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған азаматтарға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының негiздерiн түсiндiруге;
Тармақша 5
5) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға қатысуы алдында құқықтық дайындықтан өтуге мiндеттi.
Бап 8. 8-бап. Көтермелеу шаралары
8-бап. Көтермелеу шаралары
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйлықақы беру;
Тармақша 4
4) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде айқындайтын өзге де шаралар.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен құрылатын комиссия iшкi iстер органының ұсынымы бойынша қарайды.
Тармақ 3
3. Комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ азаматты көтермелеуге ұсынған ішкі істер органының өкiлдерi енгiзiледi. Комиссия жергiлiктi атқарушы органдарда тiркелмеген азаматтарды да, егер олар қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға ықпал етсе, осы Заңда белгiленген тәртiппен көтермелеуге құқылы.
Бап 9. 9-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
9-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.