Қолданыстағы ред. 01.06.2004

Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ның, жыныс жолдарымен берілетін аурулардың, есірткі құмарлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы от 01.06.2004 г. № 50 (Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ның, жыныс жолдарымен берілетін аурулардың, есірткі құмарлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы)

0

Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ның, жыныс жолдарымен берілетін аурулардың, есірткі құмарлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы» 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 ақпандағы 193 санды «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның алдын алу және онымен күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулысын орындау мақсатымен және бұл аурудың жыныс жолдары арқылы, есірткі қабылдаушылар арқылы берілетінін ескере отырып аудан әкімдігі қаулы етеді:

1

1. Қорғалжын ауданында Жұқпалы қорғаныс тапшылығы белгісінің (одан әрі-ЖҚТБ), жыныс жолдарымен берілетін аурулардың (одан әрі-ЖЖБА), есірткі құмарлықтың алдын алу және олар мен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын. (1 қосымшада).

2

2. Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ң, ЖЖБА-дың, есірткі құмарлықтың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін (2 қосымшада).

3

3. Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ң, ЖЖБА-дың, есірткі құмарлықтың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің жеке құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.

4

4. Осы қаулы облыстық әділет Департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

5. Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ң, жыныс жолдарымен берілетін аурулардың (ЖЖБА), есірткі құмарлықтың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы

Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2.06.
2004 жылғы «Қорғалжын ауданында
ЖҚТБ-ның, ЖЖБА-ның, есірткі
құмарлықтың алдын алу және
оларға қарсы күрес жөніндегі
үйлестіру Кенесі туралы»
қаулысына №1 қосымша
Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ң, жыныс жолдарымен берілетін аурулардың (ЖЖБА), есірткі құмарлықтың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы

1

1. Аққожина Сағадат Қарабекқызы - Аудан әкімінің орынбасары, кеңестің төрайымы

2

2. Мұкышева Күлмаш Күлмағамбетқызы - Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, кеңес төрайымның орынбасары

3

3. Королькова Светлана Юрьевна - Аудандық орталық аурухананың дәрігері, кеңестің хатшысы

4

4. Сыздықова Гүлнәр Қабылханқызы - Аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бастығы

5

5. Бекбосынов Асет Шәкратұлы - санитарлық-эпидемиология бақылау бөлімінің бас дәрігері

6

6. Ахмет Мұхит Шермұханұлы - Аудандық білім бөлімінің бастығы.

7

7. Найманбаев Егінбай Қазенұлы - Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары

8

8. Мұқанов Төлеухаң Құдайбергенұлы - Спорт және туризм бөлімінің бас маманы

9

9. Асаинов Мұхамед Әкімжанұлы - Аудандық мәдениет бөлімінің бастығы

10

10. Қарымсақеш Ғабдолла - «Қорғалжын өңірі» газетінің редакторы келісім бойынша

11

11. Төлеубаев Қайрат Ахтанұлы - Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы.

17

Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2.06.
2004 жылғы «Қорғалжын ауданында
ЖҚТБ-ның, ЖЖБА-ның, есірткі
құмарлықтың алдын алу және оларға
қарсы күрес жөніндегі үйлестіру
Кенесі туралы» қаулысына
№1 қосымша
Қорғалжын ауданында ЖҚТБ-ң, ЖЖБА-дың, есірткіқұмарлыктың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Жұқпалы қорғаныс тапшылығы белгісі (одан әрі-ЖҚТБ), Жыныс жолымен берілетін аурулар (одан әрі-ЖЖБА), есірткіқұмарлықтың алдын алу және олармен қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан былай - Кеңес) аудан аймағында жыныс жолдарымен берілетін ауруларды, есірткіқұмарлықты таратылуының алдын алу бойынша шаралар өткізуде жергілікті атқару органдары және басқа мекемелермен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету мақсатымен құрылды.

2

2. Кеңес құрамына мүдделі атқару органдарының және басқа мекемелерінің өкілдері кіреді.

3

3. Кеңес өз қызметін ҚР заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

4

4. Кеңестің негізгі міндеттері:

1

1) ЖҚТБ; ЖЖБА, есірткіқұмарлық таралуының алдын алу бойынша шаралар өткізу мақсатында басқа мекемелермен өзара іс әрекетті қамтамасыз ету және жергілікті атқару органдарының жұмысын үйлестіру;

2

2) ЖҚТБ, ЖЖБА, есірткіқұмарлық бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар ұйымдастыру
бойынша ұсыныстарды ойластыру болып табылады.

5

5. Кеңестің негізгі функциялары:

1

1) ЖҚТБ, ЖЖБА, есірткіқұмарлық сұрақтары бойынша жергілікті органдар қызметін үйлестіруді жетілдіру;

2

2) ЖҚТБ, ЖЖБА, есірткіқұмарлық мәселелері бойынша басқа мекемелермен өзара іс-әрекет және ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

3

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі №1207 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған ЖҚТБ эпидемиясына қарсы іс-әрекет бойынша бағдарламаны жүзеге асыруды қамсыздандыру;

4

4) Қазақстан Республикасы Президенті 2000 жылғы 16 мамырдағы №394 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған есірткі және есірткіқұмарлыққа қарсы күрес туралы Стратегияны жүзеге асыруды қамсыздандыру;

5

5) ЖҚТБ, ЖЖБА, есірткіқұмарлықтың алдын алу бойынша жергілікті атқару органдарының тиімді шараларын қамсыздандыру жөніндегі ұсыныстар ойластыру болып табылады.

6

6. Міндеттерді жүзеге асыру және өз функцияларын атқару үшін Кеңес:

1

1) Кеңес міндеттерін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан және басқа мекемелерден сұратуға және алуға;

2

2) Кеңес қызметіне кіретін сұрақтар бойынша жергілікті атқару органдарының және басқа мекемелердің өкілдерін Кеңестің отырыстарында тыңдауға;

3

3) Кеңес құзыретіне жататын басқа өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру

3. Кеңес қызметін ұйымдастыру

7

7. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және Кеңес шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды. Төрайымның болмаған кезінде оның міндетін орынбасар атқарады.

8

8. Кеңес хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар мен материалдар әзірлейді, ол өткеннен кейін хаттамаларды реттейді.

9

9. Кеңес отырыстары хаттамалармен ресімделеді.

10

10. Шешімдер ашық дауыспен қабылданады және қабылданған болып есептеледі, егер сол үшін Кеңес мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берсе, дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

11

11. Кеңес отырыстары жылына 4 реттен кем өткізілмейді.

12

12. Кеңестің жұмыс органы аудандық денсаулық сақтау бөлімі болып табылады.