О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымында:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 26-тармақпен толықтырылсын:
«26. Цифрландыру басқармасы».
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрақты жұмыс орындарына басымдық беріп, оларды құру, инвестициялар тарту, адами капиталды дамыту, жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны енгізуге және өзгелері сияқты халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын және әлеуметтік хал-ахуалын арттыруға бағытталған және өзге де нысаналы индикаторларды, нәтижелер көрсеткіштерін, іс-шараларды қосу;».
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:
40-тармақтың 3) тармақшасындағы «(бұдан әрі – Ұлттық экономика министрлігі) келісілуге тиіс.» деген сөздер «(бұдан әрі – Ұлттық экономика министрлігі);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) ақпараттандыру және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіру саласындағы уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен келісілуге тиіс.»;
49-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Жобаларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісетін Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика, ақпараттандыру және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіру саласындағы уәкілетті орган ретінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерін қоспағанда, мемлекеттік органдар жобаларды (Парламент Мәжілісіне заңнамалық актілердің жобаларын енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларынан басқа) 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі. Халықаралық шартқа қол қою, оны бекіту, қабылдау мәселелері бойынша және оған қосылу туралы жобаларды Сыртқы істер министрлігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.
Жоба мемлекеттік органда 3 (үш) жұмыс күнінен (Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде 5 (бес) жұмыс күнінен) артық келісуде болған және ол бойынша жауап ұсынылмаған жағдайда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша «келісілді» деп саналады.».
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысында:
қызмет бабында пайдалану үшін.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдардың бірінші басшылары тұлғасындағы орынбасарлары болады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылым саласындағы және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдар ЖҒТК-ның жұмыс органдары болып табылады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ЖҒТК қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
5. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
2) ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау;
3) ғылым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы басым ғылыми зерттеулерді айқындау;
4) ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке арналған бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көлемдерін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ технологиялардың әзірлік деңгейін ескере отырып, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемдерін айқындау;
6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған ғылыми-техникалық тапсырмаларды айқындау;
7) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін айқындау;
8) конкурстан тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі рәсімдер шеңберінде ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді мақұлдау;
9) ғылым саласына шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
10) мемлекеттік ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатты іске асыру кезінде ғылымның, білім мен өндірістің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
11) технологиялық дамудың басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
12) елдің инновациялық және технологиялық дамуы, сондай ақ жасанды интеллектті енгізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар тұжырымдау;
13) инновациялық жүйені және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды келісу;
14) салалық бағыттар бойынша тұжырымдалатын мемлекеттік технологиялық саясатты қарау;
15) мемлекеттік органдардың технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және салалардағы технологиялық платформаларды, сондай ақ жасанды интеллектті енгізуді ұйымдастыру жөніндегі бастамаларын қарау;
16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Ережеде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төрағаның орынбасарлары;»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
_____________________________________
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізілетін өзгерiстер мен
толықтыруларға
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 826 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның
құрамы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы, хатшы.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі (келісу бойынша).
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының Көлік министрі.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша).
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша).
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша).
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі.
Тармақ 30
30. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша).
Тармақ 31
31. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Тармақ 32
32. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша).
Тармақ 33
33. «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Тармақ 34
34. Ақшолақов Серік Қуандықұлы – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
Тармақ 35
35. Әбсәметов Мәліс Құдысұлы – «У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
Тармақ 36
36. Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша).
Тармақ 37
37. Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
Тармақ 38
38. Наметов Асқар Мырзахметұлы – «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
Тармақ 39
39. Сахиев Саябек Қуанышбекұлы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
Тармақ 40
40. Хикметов Асқар Құсыпбекұлы – «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша).
Тармақ 41
41. «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Тармақ 42
42. «Еуразиялық топ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша).
Тармақ 43
43. «Qarмet» акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша).
Тармақ 44
44. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Тармақ 45
45. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Тармақ 46
46. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Тармақ 47
47. «QazaqGaz» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Тармақ 48
48. «KAZ Minerals Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша).
_________________________