Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг, услуг связи Күшін жойған
Басқа 0
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке және байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабының, "Тұрмыстық қатынастар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94-1 Заңының 97-бабының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке және байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2002 жылғы 29-наурыздағы № 14/10-ІІ, тіркеу нөмірі 788 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2004 жылғы 1-шілдеден іске енгізіледі.
Басқа 5. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелері
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың
2004 жылғы 3 шілдедегі № 6/80-III
шешімімен бекітілді
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Тұрмыстық қатынастар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және үй-коммуналдық қызметті қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көбейту бөлігіндегі байланыс қызметтері тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі (бұдан ары - тұрғын үй көмегі).
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пункттің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көбейту бөлігіндегі байланыс қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көбейту бөлігіндегі байланыс қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифттерді қамту), қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көбейту бөлігіндегі байланыс қызметтерді Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 6-1
6-1. Телефон үшін абоненттік төлем тарифтері жоғарылауының өтемақысын төлеу тәртібі "Қалалық телекоммуникация жүйелерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің жоғарылау өтемақысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9-қыркүйектегі № 949қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
Тармақ 8
8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тармақ 9
9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
Тармақ 10
10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет, байланыс қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрыңғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады. Ескі қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіліп бақыланады.
Тармақ 12
12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға қайта аттестациялауды жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
Тармақ 13
13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке, байланыс қызметтеріне төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
Тармақ 14
14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде 2 есептік көрсеткішке (кемиді) реттеледі.
Тармақ 15
15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынсын.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Электрқуатының төлемі жылытумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне эквивалентті есептелсін.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
Тармақша 1
1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
Тармақша 2
2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
Тармақша 3
3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
Тармақша 4
4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылар соны ресімдеу үшін мынадай құжаттарды қоса берумен өтініш ұсынады: төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына 1 рет, келесі жылдың аттестациясына дейін) немесе, отбасы құрамы туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациясына дейін немесе басқа өзгерістерге дейін), отбасы табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бір рет және тоқсан сайынғы аттестациядан өту, сақтау кітапшасы немесе жеткізу есеп қағазы), қызмет көрсетушіден тұрғын үйге ақы төлеу туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациялауына немесе тарифтер өзгергенге дейін), барлық коммуналдық қызметке, байланыс қызметтеріне ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлімімен анықтама (тоқсан сайын). Жеке меншік шаруашылық туралы ақпарат (жылына 1 рет немесе басқа өзгерістер болса).
Тармақ 19
19. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
Тармақ 20
20. Өкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады (1 қосымша).
Тармақ 21
21. Электрмен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, жылумен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, лифттерді қамту, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үйді пайдалану және байланыс қызметтері жөніндегі шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта аттестациядан белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауыруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
Тармақ 23
23. Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын үй көмегі қызметтері жасаған тізім бойынша тоқсан сайынғы аттестациядан өтетін отбасылар, құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында графиктер бойынша қайта аттестациядан өтпеген отбасыларға тұрғын үй көмегі өтінген айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 24
24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
Тармақ 25
25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
Тармақ 26
26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке, байланыс қызметтеріне ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формула:
П=МСПЖ-(t x д),
П - тұрғын үй көмегінің мөлшері,
МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем,
t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=20%),
д - отбасының жиынтық табыстары. <*>
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
Тармақ 27
27. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын өкілетті органымен жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа есепке алынды. Отбасының табысында алынған микронесиелердің сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.
Тармақ 29
29. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда 3 есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда 5 есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 30
30. Қалалардың және қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 31
31. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (2 қосымша). Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
Тармақ 32
32. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебісіз саналады, егер де төлеуші:
Тармақша 1
1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
Тармақша 3
3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
Тармақ 33
33. Ішкі істер органдары тұрғылықты жерлері бойынша тіркеген адамдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.07.2000 жылғы № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
Тармақ 34
34. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
Тармақ 35
35. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
Тармақ 36
36. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.
Тарау 5. 5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
Тармақ 37
37. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
Тармақ 38
38. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
Тармақ 39
39. Көмірдің құнын есептеу үшін қала, аудан бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолдану және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қарау (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
Тармақ 40
40. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
Тармақ 41
41. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға алынсын.
Тармақ 42
42. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
Тармақ 43
43. Бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.
Тармақ 44
44. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы квитанциялардың орташаларын есепке алу керек.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
Тармақ 45
45. Тұрғын үй көмегі қалалар мен аудандардың бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
Тармақ 46
46. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті банкілер) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері және тиісті банкілер арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
Тармақ 47
47. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен белгіленген органдар арқылы жүргізіледі.
Басқа 68
2004 жылғы 3 шілдедегі
тұрмысы төмен азаматтарға үйді
ұстауға және үй-коммуналдық
қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақыларын беру ережелеріне
1 қосымша
Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері (немесе тағайындаудан бастау тарту) жөніндегі
№_________ ШЕШІМ (көшірмесі)
2004 жылғы "__" ____________ істің №_________
Тармақ 1
1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережелерге сәйкес тағайындалсын
ТЕГІ ________________________________________________
АТЫ _________________________________________________
ӘКЕСІНІҢ АТЫ _____________________________________________
Отбасы мүшелерінің саны___________________________________
__________________________________________________________
Туған күні____________________________ Жынысы____________
(күні, айы, жылы) (ер, әйел)
Тұрғылықты жердің мекен жайы (нақты) ______________________
Жеке куәлігінің №__________ 2004 жылғы "__" _________
Берген жері________________________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) ______________________
Өтініш жасаған уақыты_____________________________________
Төленетін тұрғын үй көмегінің мөлшері 200__ жылғы "__" _________
"__" _________
__________________________________________________ сомада
(санмен және жазбаша сома)
Қызмет көрсететін банкідегі жеке шоттың №_________________
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін көрсетуге бас тартылсын ______
__________________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
ХӘҚБ басшысы ________________ (А.Ж.Т)
ХӘҚБ маманы ________________ (А.Ж.Т)
Басқа 71. Өнімді пайдалану үшін үйдегі мал мен құстың жасы
2004 жылғы 3 шілдедегі
тұрмысы төмен азаматтарға үйді
ұстауға және үй-коммуналдық
қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақыларын беру
ережелеріне 2 қосымша
Өнімді пайдалану үшін үйдегі мал мен құстың жасы
Малдардың түрі
Өнімді жағдайға жеткен жас мал мен құстың жасы
Ірі қара мал
25
Қой және ешкі
12
Шошқа
10
Жылқы
16
Түйе
18
Құс
8