Об утверждении "Порядка разработки, согласования, экспертизы и утверждения градостроительных проектов" Күшін жойған
Басқа 0
Қала құрылысы жобаларын әзiрлеу, келiсу, сараптау және бекiту ТӘРТIБI
"Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Заңды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 3 қаңтардағы N 1-ө Өкiмiн орындау мақсатында алқа қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Қала құрылысы жобаларын әзiрлеу, келiсу, сараптау және бекiту тәртiбi" бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасы аумағында 1995 жылғы 1 қаңтардан күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы Тәртiптiң енгiзiлуiне байланысты "Аудандық жоспарлау схемалары мен жобаларын, Қазақ КСР қалалары мен басқа елдi мекендерiнiң бас жоспарларын әзiрлеу, келiсу және сараптау тәртiбi туралы" Қазақ КСР-iнiң Сәулет және құрылыс жөнiндегi мемлекеттiк комитетi алқасының 1991 жылғы 10 маусымдағы N 5-1 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3. Қала құрылысы жобаларын әзiрлеу, келiсу, сараптау және бекiту Тәртiбi 1. АНЫҚТАМА
3. Бекiтiлген Тәртiптiң сақталуына бақылау жасау Аумақтар мен елдi мекендердi жоспарлау, құрылыс салу жетекшi басқармасына (Ю. Айбасов) жүктелсiн.
Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлiгi алқасының
1994 жылғы 24 қарашадағы N 11-2
қаулысымен бекiтiлген
Қала құрылысы жобаларын әзiрлеу, келiсу, сараптау және бекiту Тәртiбi 1. АНЫҚТАМА
Тармақ 1.1
1.1. Қала құрылысы жобасы - аумақты сәулеттiк жоспарлауды ұйымдастыру қағидаларын анықтайтын және елдi мекендердiң шекарасы мен жер-шаруашылықтың орналасуын белгiлеуге, қала құрылысында инвестицияны жүзеге асыруға арналған негiз болып табылатын өзара байланысты құжаттар жүйесi.
Тармақ 1.2
1.2. Қала құрылысы жобаларының негiзгi түрлерi:
- Қазақстан Республикасының өндiргiш күштерiнiң қоныстандыру мен аумақтық ұйымдастырудың бас схемасы;
- iрi емдiк-сауықтыру, рекреациялық және басқа аумақтарды қоныстандыру мен аумақтық ұйымдастырудың аймақтық схемалары;
- облыстарды аудандық жоспарлау схемалары;
- әкiмшiлiк аудандарды аудандық жоспарлау жобалары;
- қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарлары;
- функциональды (өнеркәсiптiк, рекреациялық және басқа) аумақтардың бас жоспарлары;
- нақтылы жоспарлау жобалары;
- құрылыс салу жобалары. Қала құрылысы жобаларының құрамы мен мазмұны осындай құжаттамаларды әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулармен анықталады.
Тармақ 2. 2. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫН ӘЗIРЛЕУ
2. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫН ӘЗIРЛЕУ
Тармақ 2.1
2.1. Осы Тәртiп қала құрылысы жобаларын әзiрлеудi, келiсудi, сараптауды және бекiтудi ұйымдастыруға қойылатын талапты анықтайды және Қазақстан Республикасында осындай жобаларды әзiрлеумен айналысушы барлық ұйымдар, мекемелер, басқа заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
Тармақ 2.2
2.2. "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының басқа заң актiлерiне сәйкес қала құрылысы жобаларын әзiрлеу жүзеге асырылады.
Тармақ 2.3
2.3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, басқа министрлiктерi мен ведомстволары, жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар, мекемелер және басқа заңды тұлғалар қала құрылысы жобаларына тапсырыс берушiлер бола алады.
Тармақ 2.4
2.4. Қала құрылысы жобаларын орындауға тиiсiнше мемлекеттiк лицензиясы бар мекемелер, ұйымдар, шығармашыл ұжымдар мен басқа заңды және жеке тұлғалар осындай жобаларды әзiрлеушiлер бола алады.
Тармақ 2.5
2.5. Сәулет-қала құрылысы қызметiне қатысушылар ретiнде қала құрылысы жобаларын жасауға тапсырыс берушiлер мен оларды әзiрлеушiлер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңымен, қолданылып жүрген ережелермен және нормативтiк актiлермен реттеледi.
Тармақ 2.6
2.6. Қала құрылысы жобаларын әзiрлеу жекелеген реттерде конкурстық негiзде жүзеге асырыла алады.
Тармақ 2.7
2.7. Тапсырыс берушi (қала құрылысы жобасын әзiрлеушiнiң қатысуымен) жобалауға тапсырманы жасайды және негiзгi деректердi берудi қамтамасыз етедi.
Тапсырыс берушi қажетiне қарай негiзгi деректердi дайындауды қосымша төлем үшiн қала құрылысы жобасын әзiрлеушiге тапсыра алады.
Тармақ 2.8
2.8. Тапсырыс берушi қала құрылысы жобасын әзiрлеу барысына бақылау жасауды жүзеге асырады, оның сараптамасын қамтамасыз етедi.
Тапсырыс берушi жобалау процесiнде жобалауды немесе негiзгi деректердi өзгерткен немесе нақтылаған ретте оны әзiрлеушi қосымша төлем үшiн қала құрылысы жобасына тиiсiнше нақтылау мен толықтыру енгiзедi.
Тармақ 2.9
2.9. Қала құрылысы жобасын әзiрлеу кезiнде жер учаскелерiн беруге және жобалау объектiсi болып табылатын аумақта құрылыс салуды қайта құруға байланысты мәселелердiң бәрi тиiстi қала құрылысы жобасын әзiрлеушiмен мiндеттi түрде келiсуге жатады.
Тармақ 2.10
2.10. Қала құрылысы жобасын әзiрлеушi бекiтiлген қала құрылысы жобаларының бұрнағы сатыдағы жобалық шешiмiн ескеруге мiндеттi.
Тармақ 2.11
2.11. Қала құрылысы жобасы мiндеттi түрде келiсiлетiн мемлекеттiк органдар мен мекемелер тiзбесi осы Тәртiппен анықталады.
Басқа ұйымдармен келiсу қажеттiгiн әрбiр нақты жағдайда тапсырыс берушi анықтайды.
Тармақ 2.12
2.12. Қала құрылысы жобасын келiсудi және оны бекiту барысында қорғауды тапсырыс берушiнiң жәрдемi арқылы жобаны әзiрлеушi жүзеге асырады.
Тармақ 2.13
2.13. Қала құрылысы жобасын әзiрлеу барысында жергiлiктi атқарушы органдар тапсырыс берушiмен (немесе жобалаушымен) бiрлесiп, оны жұртшылықтың талқылауын ұйымдастырады және халықты қабылданатын жобалық шешiмдер туралы хабарландырады.
Тармақ 2.14
2.14. Қала құрылысы жобасы (қоныстандырудың бас және аймақтық схемаларынан басқасы) жiберiлетiн ұйым оларды бiр айлық мерзiмде келiседi. Аталған мерзiмде тұжырым берiлмеген ретте қала құрылысы жобасы келiсiлдi деп есептеледi.
Қала құрылысы жобаларының сараптамасын жүзеге асырушы органдар 45 күн iшiнде тұжырым бередi.
Тармақ 3. 3. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫН КЕЛIСУ ЖӘНЕ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГIЗУ
3. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫН КЕЛIСУ ЖӘНЕ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГIЗУ
Тармақ 3.1
3.1. Қазақстан Республикасының өндiргiш күштерiн қоныстандыру мен iрi емдеу-сауықтыру, рекреациялық және басқа аумақтарды орналастыру және аумақтық ұйымдастырудың аймақтық схемалары Денсаулық сақтау министрлiгiне, Экология және биоресурстар министрлiгiне, Экономика министрлiгiне, ал аталған жобалардың негiзгi қағидалары облыстық атқарушы органдарға қарап, келiсуге берiледi.
Тармақ 3.2
3.2. Облыстарды аудандық жоспарлау схемалары облыстық жергiлiктi атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен мiндеттi түрде келiсуге жатады.
Тармақ 3.3
3.3. Әкiмшiлiк аудандарды аудандық жоспарлау жобалары аудандық, облыстық экология және биоресурстар, денсаулық сақтау, жер қатынастары және жерге орналастыру, сәулет және қала құрылысы органдарымен келiсуге жатады.
Тармақ 3.4
3.4. Республикалық бағыныстағы қалалардың, облыстық орталықтардың, сондай-ақ тарихи қалалар мен республикалық мәнi бар курортты қалалардың бас жоспарлары қалалық және облыстық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар, Денсаулық сақтау, Мәдениет, Iшкi iстер (өрттен сақтандыру мен жүрiс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша) министрлiктермен, Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетпен, Құрылыс тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен келiсiледi.
Басқа қалалар мен кенттердiң бас жоспарлары, функциональды аумақтардың бас жоспарлары аудандық атқарушы органдармен, облыстық экология және биоресурстар, денсаулық сақтау, iшкi iстер, жер қатынастары және жерге орналастыру, сәулет және қала құрылысы ұйымдарымен келiсiледi.
Тармақ 3.5
3.5. Пайдалы қазбалар қойнаулары жатқан алаңдарда орналасқан елдi мекендердiң бас жоспарлары мемлекеттiк кен қадағалау органдарымен келiсуге жатады.
Тармақ 3.6
3.6. Ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарлары ауылдық (селолық) атқарушы органдармен, аудандық экология және биоресурстар, санитариялық-эпидемиологиялық және өрттен сақтандыруды қадағалау, жер қатынастары және жерге орналастыру, сәулет және қала құрылысы ұйымдарымен келiсiлiп, қала құрылысы кеңесiнде қаралады.
Тармақ 3.7
3.7. Зiлзалалдығы 7 балдық және одан жоғары аумақтарда орналасқан елдi мекендердiң бас жоспарлары Қазақстан Республикасының Құрылысминiмен қосымша келiсiледi.
Тармақ 3.8
3.8. Қалалық аумақтарды нақтылы жоспарлау жобалары қалалық және облыстық санитариялық-эпидемиологиялық және өрттен сақтандыруды қадағалау, сәулет және қала құрылысы органдарымен келiсiледi.
Тармақ 3.9
3.9. Кенттер мен ауылдық елдi мекендердi нақтылы жоспарлау жобалары кенттiк және ауылдық (селолық) атқарушы органдармен, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық және өрттен сақтандыруды қадағалау, сәулет және қала құрылысы ұйымдарымен, МАИ қызметтерiмен, сондай-ақ облыстық қала құрылысы кеңесiнде қаралғаннан кейiн облыстық сәулет және қала құрылысы органдарымен келiсiледi.
Тармақ 3.10
3.10. Құрылыс салу жобалары жергiлiктi санитариялық-эпидемиологиялық және өрттен сақтандыруды қадағалау, сәулет және қала құрылысы жергiлiктi органдарымен, басқа мүдделi ұйымдармен келiсiледi.
Тармақ 3.11
3.11. Республикалық мәнi бар тарих, археология, қала құрылысы және сәулет ескерткiштерi орналасқан аумақтардағы қала құрылысы жобалары Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiмен және республикалық тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау қоғамымен келiсiлуге тиiс.
Тармақ 3.12
3.12. Қоныстандыру мен аумақтық ұйымдастырудың бас және аймақтық схемаларының, облыстарды аудандық жоспарлау схемаларының, республикалық бағыныстағы қалалардың бас жоспарларының, сондай-ақ тарихи қалалар мен республикалық мәнi бар курорттық қалалардың бас жоспарларының мемлекеттiк кешендi сараптамасын Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң мемлекеттiк кешендi қала құрылысы сараптамасы кеңесi жүзеге асырады.
Мемлекеттiк кешендi қала құрылысы сараптамасы кеңесiнiң жұмыс тәртiбi мен адам құрамы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Құрылысминi бекiтедi.
Тармақ 3.13
3.13. Аудандық жоспарлау жобаларының арнаулы сараптамасын:
- облыстық экология және биоресурстар басқармасы айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелерi бойынша;
- облыстық құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу комитетi аумақты жоспарлы ұйымдастыру мәселелерi бойынша жүргiзедi.
Тармақ 3.14
3.14. Басқа елдi мекендердiң бас жоспарлары мен нақтылы жоспарлау жобаларының кешендi сараптамасын белгiленген тәртiпте мүдделi ұйымдар мамандарын тарту арқылы жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары жүргiзедi.
Тармақ 3.15
3.15. Құрылыс салу жобаларының кешендi сараптамасын жобалардың мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасы органдары жүзеге асырады.
Тармақ 4. 4. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫН БЕКIТУ
4. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫН БЕКIТУ
Тармақ 4.1
4.1. Облыстарды аудандық жоспарлау схемаларын облыстық өкiлдi органдардың ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
Тармақ 4.2
4.2. Әкiмшiлiк аудандарды аудандық жоспарлау жобаларын облыстық өкiлдi органдар бекiтедi. Аудандық атқарушы органдар жобаларды бекiтуге бередi.
Тармақ 4.3
4.3. Республикалық бағыныстағы қалалардың, облыстық орталықтардың бас жоспарларын облыстық, Алматы және Ленинск қалалық өкiлдi органдардың ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
Республикалық мәнi бар курорттық қалалардың бас жоспарларын Қазақстан Республикасы Құрылысминiнiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
Басқа қалалар мен кенттердiң, олардың жекелеген функциональды аумақтарының бас жоспарларын қалалық және аудандық атқарушы органдардың ұсынымы бойынша облыстық өкiлдi органдар бекiтедi.
Тармақ 4.4
4.4. Ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын аудандық атқарушы органдардың ұсынымы бойынша аудандық өкiлдi органдар бекiтедi.
Тармақ 4.5
4.5. Қалалық аумақтарды нақтылы жоспарлау жобаларын қалалық атқарушы органдар бекiтедi.
Кенттер мен ауылдық елдi мекендер аумақтарын нақтылы жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын аудандық атқарушы органдар бекiтедi.