Об изменении в административно-территориальном устройстве Павлодарского района Қолданыста
Басқа 0
Павлодар ауданының ауылдық округтерінің шекараларын өзгертудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
11 бабына сәйкес және Павлодар ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылқы 16 қаңтардағы № 4-20 бiрлескен шешiмi негiзiнде, облыстық мәслихат және облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылғысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
2 бөлiмше (Мирный ауылы) мен Алексеевка ауылы елдi мекен мәртебесiнен айрылуларына байланысты таратылсын және кейiн есептiк деректерден шығарылсын.
2 бөлiмше (Мирный ауылы) Красноармейка ауылдық округiнiң Красноармейка ауылының құрамына енгiзiлсiн.
Алексеевка ауылы Мичурин ауылдық округiнiң Мичурин ауылының құрамына енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн сақтау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.