О создании районной земельной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық жер комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы маусымның 20-ғы №442-ІІ ҚРЗ Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жанынан жер комиссиясы құрылсын:
Тармақ 2
2. Комиссияның дербес құрамы аудандық маслихат сессиясына бекітуге енгізілсін:
Омаров Дүйсентай Сәукенұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Алешин Александр Иванович - аудындық ауыл шаруашылық және жер катынастары басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Тұрсынбаев Мұхтар Тұранұлы - ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Гюнтнер Владимир Гельмундович - аудандық маслихат сессиясынын хатшысы (келісім бойынша)
Годлевская Нина Ивановна - аудан әкімі аппаратының құқықтық сүрақтар жөніндегі кеңесшісі
Қазанов Болат Сатыбалдыұлы - аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары
Қайыров Жәлел Ескендірұлы - Мағжан Жұмабаева ауданының жер ресурстарын басқару бойынша бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Шоқыбаев Қуандық Нұрғазыұлы - ауданның қала құрылысы, кұрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы
Сағындықов Оралбай Шәріпұлы – аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Қоса берілген аудандық жер комиссиясы туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің 2002жылғы қарашаның 28-гі №428 «Аудандық жер комиссиясын қүру туралы», 2003 жылғы қазанның 31-гі № 282 «Аудан әкімдігінің 2002 жылғы» №428 «Аудандық жер комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулылары жойылсын.
Келісілді
Аудандық шаруашылық және
жер қатынастары бөлімінің бастығы
А.И.Алешин
28.06.2004 ж.
Аудандық
мәслихат хатшысы
В.Г.Гюнтнер
28.06.2004 ж.
Аудандық жер ресурстарын
Басқару жөніндегі комитеттің төрағасы
Ж.Е.Қайыров
28.06.2004 ж.
Аудандық мәслихат депутаты
У.Ш. Сағындықов
28.06.2004 ж.
Басқа 5. Аудандық жер комиссиясын құру туралы
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 28 маусым
№ 85 «Аудандық жер
комиссиясын құру туралы»
қаулысымен
Бекітілген
Аудандық жер комиссиясын құру туралы
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Жер пайдалану немесе жер учаскесін меншікке беру немесе бас тарту мүмкіндігі туралы қорытынды жасау мақсатында құрылған аудандық жер комиссиясы (әрі қарай комиссия) Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрақты қызмет ететін орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия жергілікті атқарушы орган - әкімдік жанынан құрылады және өз қызметі бойынша олар алдында жауапты.
Тармақ 3
3. Аудандық комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының Жер кодексі және осы Ережеге сәйкес іске асырады.
Тармақ 4
4. Бұл ереже комиссияның міндеттерін, құзырын және қызмет құқығын белгілейді және тұлғалардың өз іс-әрекеті мен шешім қабылдаған кезде заңдылық, әділеттілік және жауапкершілік принциптеріне негізделеді.
Тармақ 5
5. Аудандық жер комиссиясының негізгі міндеттері мен қызметтері:
жер учаскесін беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту мүмкіндігі туралы қорытынды қабылдау.
Тарау 2. 2. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
2. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
Тармақ 6
6. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер пайдалану құқығын беру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарайды.
Өтініште:
Жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері, сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) көрсетілуі тиіс. Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі қоса беріледі.
Жер учаскесіне құкық беру туралы өтініш түскен сәттен бастап 3 айға дейінгі мерзімде қаралады.
Тармақ 7
7. Комиссия отырысына әзірлік:
Комиссияның қарауына түскен материалдарды мерзімінде және дұрыс қарау үшін олар комиссия төрағасымен алдын ала зерделенеді, немесе оның тапсыруы бойынша комиссия төрағасының орынбасары зерделейді.
Тармақ 8
8. Комиссияның қарауына түскен арыздарды алдын ала зерделеу процесінде:
берілген материалдарды қарау оның құзырына жата ма;
комиссия отырысына шақыру және шақыртуға тиісті тұлғалар шеңберін белгілейді.
Тармақ 9
9. Материалдарды алдын ала зерделеу қорытындысы бойынша комиссия:
материалдарды қарауға белгілеп, отырыста міндетті түрде қатысуы қажет боп танылған өтініш берушіге немесе оның заңды өкіліне отырыс уақыты мен орынын хабарлайды;
материалдарды қайта өңдеуге жібереді.
Тарау 3. 3. Аудандық жер комиссиясының қызметін ұйымдастыру
3. Аудандық жер комиссиясының қызметін ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комиссия жергілікті өкілді органның депутаттары, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар өкілдері қатарынан құрылады.
Жергілікті атқарушы органның қарауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгізілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. Аудандық комиссия қызметіне отырыстарда төрағалық ететін, жұмысын жоспарлайтын, комиссия қызметінің нәтижесіне жауапкершілік тартатын, оның төрағасы басшылық етеді.
Тармақ 12
12. Комиссия отырысы азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен өтініштерге сәйкес қажеттілігіне қарай өткізіледі және онда комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан кем емес -мүшелері қатысқан жағдайда құқықты болып саналады.
Тармақ 13
13. Комиссия қорытындысы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауыс беруі бойынша қабылданады, егер дауыс тең болса, онда төраға дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 14
14. Қорытынды хаттамамен ресімделеді, ұсыныс сипатында болады.
Хаттамада:
комиссияның атауы және дербес құрамы;
комиссия отырысының күні мен өткен орны;
материалдары қаралып жатқан тұлғаның аты-жөні;
өтініште көрсетілген өтініш;
комиссия қорытынды қабылдауға негіз болған жағдай;
комиссия қабылдаған қорытынды.
Хаттамаға төрағалық етуші мен комиссия мүшелері қол қояды, комиссия отырысында жарияланады.
Комиссия отырысының хаттамасының көшірмесі өтініш берушіге беріледі.
Жер учаскесіне құқық табыстаудан бас тарту жергілікті атқарушы органның - әкіңмдіктің қаулысымен ресімделеді, оның дәлелді себептері көрсетілуге, ал көшірмесі өтініш берушіге қаулы қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімінде тапсырылуға тиіс.
Тармақ 15
15. Комиссияны ұйымдық және материалды- техникалық қамтамасмыз етуді аудан әкімі аппараты іске асырады.
Тарау 4. 4. Комиссия қызметін тоқтату
4. Комиссия қызметін тоқтату
Тармақ 25
Комиссия қызметін тоқтатуға негіз:
бұрын комиссияға жүктелген міндеттерді іске асыру бойынша басқа консультативтік- кеңестік орган немесе мемлекеттік орган құрылу;
комиссия міндетін орындауға кедергі немесе орындалуын мақсатсыз ететін басқа жағдайлар.