Об утверждении Положения о городской комиссии по государственным символам Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссия туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңның 31 бабы 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану, мемлекеттік стильді қалыптастыру бағытында мемлекеттік саясатты іске асыру максатында кала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ;
Тармақ 1
1. Қоса берілген мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н. Құлжановаға жүктелсін.
Басқа 3
Қала әкімдігінің «Мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссия туралы Ережені бекіту туралы» 2004 жылғы______________ № ____________қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия, бұдан әрі- комиссия азаматтар мекемелердің мемлекеттік рәміздерді зерделеу насихаттау және қолдануы бойынша қалада мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік стильді қалыптастыру және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 Конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес оларды қолдану тәжірибесін қорыту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін, Петропавл қаласы әкімінін жанынан құрылған консультативтік орган болып табылады мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы №2797 Конституциялык Заң күші бар Жарлығына сәйкес мемлекеттік стильді қалыптастыру және азаматтар мен мекемелердің оларды пайдалану тәжірибесін қорыту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Петропавл қаласы әкімі жасалған консультативтік-кеңестік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қала әкімі Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссияның жеке құрамы заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1)Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне халықтың құрметпен қарауын қалыптастыру.
Тармақша 2
2)Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және колдану жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау.
Тарау 3. З. Комиссияның өкілдеттігі
З. Комиссияның өкілдеттігі
Тармақ 5
5. Осы Ережемен анықталмаған міндеттерді іске асыру үшін, Комиссия: 1) мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану мәселелерін шешу жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) қала агумағында ресми іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік рәміздерді қолданудан рәсімдік ережелерін әзірлеуге қатысады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік рәміздерді насихаттау және мемлекеттік стильді қалыптастыру жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған зерттеулер жүргізуге бастама жасайды;
Тармақша 4
4) Комиссия өз өкілеттігін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, басқа да мүдделі үйымдармен өзара. әрекеттеседі;
Тармақ 6
6. Комиссияның:
Тармақша 1
1) өз кұзыры шеңбергіңде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделі ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан жұмысына қажетті ақпаратты және басқа да материалдарды, мәліметтерді сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын, олардың өз құзыры шеңберінде Қазақстан Республикасының заң актілерін орындау жөніндегі атқаратын жұмыстары туралы өзінің отырыстарында тыңдауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте насихаттау және қолдану мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметінеуәкелетті мемлекеттіқ органдардың тексеріс жүргізуіне бастама жасауға;
Тармақша 4
4) Осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шектерде және есебінен мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану мәселелері бойынша кеңауқымды акциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», мәжілістер өткізуге;
Тармақша 5
5) мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияға, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге Комиссия қызметінің нәтижесі болып табыланатын сараптамалық, әдістемелік және ақпараттық материалдар жіберуге;
Тарау 4. 4. Комиссиянын жұмысын ұйымдастыру.
4. Комиссиянын жұмысын ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 8
8. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссияға жалпы басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етед етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияны қалалық комиссияның қызметі туралы үнемі хабардар етіп отырады және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарың мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау жөніндегі қызметін жетілдіру жөнінде өған ұсыныстар;
Тармақша 3
3)Комиссия мүшелерінің арасындағы енгізеді тапсырмаларды бөледі;
Тармақша 4
4)жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға Комиссия отырыстарына материалдар, оның атына түскен ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;
Тармақша 5
5)Комиссия жұмысының жоспарларына, отырыстарының хаттамаларына қол қояды;
Тармақша 6
6)оның қызметін жетілдіру және Комиссия қүзыретіне кіретін басқа да мәселелер жөніндегі Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын қарайды;
Тармақша 7
7)Комиссия отырыстарының күн тәртібін анықтайды;
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасының орынбасары:
Тармақша 1
1) төраға тапсырмаларының және Комиссия ұсынымдарының орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2)Комиссия жұмысының ағымдағы және перспективті жоспарларын Комиссия төрағасына бекітуге береді;
Тармақша 3
3)Комиссия отырысының дайындығына жалпы бақылау енгізеді;
Тармақша 4
4)Комиссия төрағасының келісімімен Комиссияның хатшысына немесе мүшелеріне Комиссия құзырына кіретін мәселелер бойынша материалдар, азаматтардың жазбаша өтініштерін қарауға жібереді;
Тармақша 5
5)Осы Ережеге сәйкес Комиссия төрағасының басқа да тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 6
6)Комиссия төрағасы болмаған жағдайда уақытша оның кызметін атқарады.
Тармақ 10
10. Комиссияның жұмыс органына басшылық ететін Қаланың ішкі саясат бөлімінің бастығы лауазымы бойынша Комиссия хатшысы болып табылады;
Тармақ 11
11. Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік рәміздерге халықтың құрметпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат шегінде және есебінен мемлекеттік рәміздерді насихаттауға, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауға қатысады.
Тармақша 2
2) Комиссия отырыстарына қатысады;
Тармақша 1
1)Комиссия төрағасының және төраға орынбасарының тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 2
2)Комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша ұсынымдар, дайындауға қатысады;
Тармақша 3
3)Комиссияның жұмыс органынан Комиссия отырыстарына қажетті материалдар алады;
Тармақша 4
4)Комиссия жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарларын жасауға қатысады;
Тармақша 5
5)Онысы жазбаша түрде жазылып, хаттамаға қосымша ретінде берілуге тиісті.
Тармақ 12
12. Комиссия отырыстарың қажеттілігіне өзгеше пікірге құқылы болуына бірақ жылына кем дегенде екі рет оның төрағасы шақырады.
Тармақ 13
13. Комиссия отырыстары, оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқанда ғана құқықты болып есептеледі.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімдері ұсыныс сипатында болады. Қажет болған жағдайда олар Комиссия төрағасының - қала әкімінің өкімімен ресімделеді.
Тармақ 15
15. Комиссия шешімдері отырысына қатысып отырғандар санының үштен екісінің дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстары тең жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 16
16. Комиссия отырыстарының нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған төраға, хатшы және отырысқа қатысып отырған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды
Тармақ 17
17. Комиссияның жұмыс органы ішкі саясат бөлімі болып табылады. Жұмыс органы:
Тармақша 1
1)Комиссияның жұмысын жалпы ұйымдастыруды және оның мүшелерінен қалыптасатын сараптама кеңесінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2)мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау мәселелері қарауына жататын Петропавл қаласы әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларына әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3)жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, мемлекеттік нышандарды қолдану және рәміздерді практикасын талдауды, ақпарат жинауды, әдеуді жүзеге асырады осы саладағы жұмыстарды жетілдіру жөнінде ұсынымдар жасайды;
Тармақша 4
4)жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және өзге де мүдделі ұйымдарға Комиссия ұсынымдарын түсіндіреді және жолдайды;
Тармақша 5
5)бұқаралық ақпарат құралдарымен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттін рәміздердІ насихаттауға және қолдануға бағытталған Комиссия қызметін жариялау жөніндегі өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6)өз өкілеттіктері шегінде өтініш білдірушілерге олар енгізген ұсыныстар бойынша қорытынды жолдайды;
Тармақша 7
7)Комиссия отырыстарына материалдарды, Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларының жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8)Комиссия мүшелерінің Комиссия жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қорытады;
Тармақша 9
9)Комиссия құзырына кіретін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен және мүдделі ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізеді;
Тармақша 10
10)Іс жүргізуге жауап береді, Комиссия материалдарын сақтауды және оларды мұрағатқа өткізуді жүзеге асырады.