Об образовании Совета по туризму при акимате Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің жанынан туризм Кеңесін кұру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 Заңына сәйкес туризм аясында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында, оның еліміздің экономикасының ең маңызды салаларының бірі ретінде дамуына жағдай жасау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігі жанында туризм Кеңесі құрылсын. (Қосымша 1).
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігі жанындағы туризм Кеңесінің арнайы құрамын облыстық маслихат сессиясында қаралсын.
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әкімдігі жанындағы туризм Кеңесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысының юстиция Департаментінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді және жариялауға жатады.
Басқа 6
Ақмола облысы әкімінің
26.06.04 жылғы «Ақмола облыс әкімдігі
жанынан туризм Кеңесін құру туралы»
№ а-6/136 қаулысымен
бекітілген
Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесінің кұрамы
Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы - Облыс әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы
Кәкішев Сапарбек Сақтағанұлы - «Оқжетпес» СК» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының президенті, кеңес төрағасының орынбасары.
Джакишев Сәрсенғали Тлеуханұлы - (Келісім бойынша) қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының бастығы
Күзембаева Маржан Бопайқызы - Ақмола облыстық экономика және кіші бизнесті дамыту басқармасының бастығы
Дмитриенко Елена Александровна - Ақмола облыстық білім басқармасының бастығы
Рыспаев Аскар Мақшанұлы - Ақмола облыстық сәулет, құрлыс және жол құрылысы басқармасының бастығы.
Букин Жеңіс Сырымбетұлы - (Келісім бойынша) Ақмола облысының статистика басқармасының бастығы.
Қалиасқаров Арман Балғожаұлы - ( Келісім бойынша) ААҚ «Экспертиза және сертификациялық ұлттық орталық» директоры.
Ахметов Марат Джақанұлы - (Келісім бойынша) МІІҚ Ақмола облысы көші-қон полиция басқармасының бастығы.
Пернебаев Нұрдәурен Сайлауұлы - (Келісім бойынша) «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры.
Сағадиев Қадес Хабибұлаұлы - (Келісім бойынша) «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры.
Әбілмәженова Дәрия Қазбекқызы - Облыстық туризм және спорт басқармасының туризм бөлімінің бастығы, кеңес хатшысы.
Басқа 7
Ақмола облысы әкімінің
26.06.04 жылғы «Ақмола облыс әкімдігі
жанынан туризм Кеңесін кұру туралы»
№ а-6/136 қаулысымен
бекітілген
Ақмола облысы әкімдігі жанындағы туризм Кеңесінің Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігі жанындағы туризм кеңесі (ары қарай - Кеңес) туризм аясында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында, оның еліміздің экономикасының ең маңызды салаларының бірі ретінде дамуына жағдай жасау.
Тармақ 2
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес қызметінің басты мақсаты туризмді дамыту жөніндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдің туристік кешенін дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Тармақ 4
4. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы” заңын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға министрліктердің, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнінде ұсынымдарды әзірлеу;
Тармақша 2
2) туристік рынокта қалыптасқан процестерді талдау мен болжау негізінде шешімдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы демпингке карсы саясат жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
Тармақша 3
3) туристік қызметті экспорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
Тармақша 4
4) туризмнің басым түрлері мен туристік аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөніндегі келісілген ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнің қауіпсіздігі және туристік лектерді бақылауды камтамасыз ету бойынша қызметті үйлестіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 7
7. Негізгі міндеттері және өз функцияларын іске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгіленген тәртіппен:
өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) туризмді дамыту мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың және өзге де органдардың қызметін үйлестіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге;
Тармақша 2
2) туристік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға (келісім бойынша);
Тармақша 3
3) туризм саласындағы заңдық және нормативтік құқықтық кесімдер әзірлеу қажеттігі туралы ұсыныстар еңгізуге;
Тармақша 4
4) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты (келісім бойынша)
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан (келісім бойынша)
сұратуға және алуға;
Тармақша 5
5) Кеңестің құзыретіне жататын қажетті материалдар әзірлеу үшін (келісім бойынша) ғалымдар мен жоғары білікті мамандарды тартуға (келісім бойынша);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Кеңесті Төраға басқарады.
Төраға Кеңестің қызметіне басшылық жасайды, оның мәжілістеріне төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның жалпы шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді кезекті мәжілістің күн тәртібін жасау мен Кеңес хаттамаларының жобаларын әзірлеуді Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасары жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Кеңестің мәжілістеріне материалдар әзірлеуді Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бірі жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Кеңес мүшелеріне мәжілістің күн тәртібі, оның кезекті мәжілісінен кемінде 15 күн бұрын кешіктірілмей жібереді. Төраға материалдарды әзірлеуге мәжіліске кемінде 10 күн бұрын басқа да мерзімді белгілей алады.
Тармақ 12
12. Кеңес мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Тармақ 13
13. Кеңес мәжілісінің күн тәртібін, сондай-ақ оның өткізілетін орны мен уақытын Кеңестің Төрағасы белгілейді.
Тармақ 14
14. Кеңестің кезектен тыс мәжілісін төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің өтінінші бойынша шақыралады.
Тармақ 15
15. Кеңестің мәжілісі оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, өкілетті болып саналады.
Тармақ 16
16. Кеңес шешімдері ашық дауысқа салынып қабылданады және үйлестіру кеңесі мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.
Тармақ 17
17. Кеңестің хаттамасына Төраға және мәжіліске қатысқан үйлестіру кеңесі мүшелері қол қойып, мәжіліс өткізілгеннен кейін 5 күн ішінде Кеңес мүшелеріне, қаралған мәселелерді шешу құзыретіне енетін мемлекеттік органдарға, өзге де мүдделі ұйымдарға жіберіледі.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.