Об утверждении Инструкции по образованию, регистрации и деятельности избирательных блоков на период проведения выборов Күшін жойған
Басқа 0
Сайлау өткізу кезеңіндегі сайлау блоктарын құрудың, тіркеудің және қызметінің Нұсқаулығын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның 12 және 87-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған сайлау өткізу кезеңінде сайлау блоктарын құрудың, тіркеудің және қызметінің Нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Сайлау өткізу кезеңіндегі сайлау блоктарын құрудың, тіркеудің және қызметінің Нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының "Сайлау
өткізу кезіндегі сайлау блоктарын
құрудың, тіркеудің және қызметінің
Нұсқаулығын бекіту туралы"
2004 жылғы 19 шілдедегі
N 112/137 қаулысымен
бекітілген
Сайлау өткізу кезеңіндегі сайлау блоктарын құрудың, тіркеудің және қызметінің Нұсқаулығы
Тарау 1. 1. Сайлау блоктарын құру
1. Сайлау блоктарын құру
Тармақ 1
1. Саяси партиялар сайлау өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында тіркелетін сайлау блоктарын құра алады. Сайлау блоктарын кем дегенде екі саяси партия құра алады.
Тармақ 2
2. Сайлау блоктары тараптардың әлеуметтік негізін кеңейту және сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылардың дауыс санын көбірек жинау мақсатында саяси партиялардың идеологиясы бойынша жақын санаткерлік, ұйымдық, қаржы ресурстарын біріктіру үшін құрылады.
Тармақ 3
3. Сайлау блоктары мынадай белгілерге ие болуы тиіс:
Тармақша 1
1) сайлауға қатысушылар одағының еріктілігі;
Тармақша 2
2) құрамының бірыңғай болмауы.
Тармақ 4
4. Сайлау блогы сайлау жарияланған күннен бастап кандидаттар, партиялық тізімдер ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін құрылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Сайлау өткізу кезеңінде саяси партия тек бір сайлау блогына кіре алады.
Тармақ 6
6. Саяси партияның жоғарғы органы сайлау блогын құру болжамдаған саяси партиялардың атын көрсетіп, сайлау блогына кіру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 7
7. Саяси партиялардың жоғарғы органдары сайлау блогын құру немесе оған кіру туралы шешім қабылдағаннан кейін, осы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері сайлау блогын басшылыққа алу және басқару үшін Үйлестіру кеңесін құру туралы бірлескен шешімге (келісімге) қол қояды.
Тарау 2. 2. Сайлау блогын тіркеу
2. Сайлау блогын тіркеу
Тармақ 8
8. Сайлау блогы құрылғаннан кейін тікелей Орталық сайлау комиссиясында тіркелуге жатады не сонымен бір мезгілде Орталық сайлау комиссиясына кандидаттардың бірлескен партиялық тізімін ұсынуға тиіс.
Тармақ 9
9. Сайлау блогын тіркеу үшін, оның уәкілетті өкілі Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) саяси партияның жоғарғы органының саяси партияның Республика Әділет министрлігінде тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамалардан көшірме;
Тармақша 2
2) сайлау блогының Үйлестіруші кеңесін құру туралы саяси партиялар өкілдерінің бірлескен шешімін және оның мүшелерінің тізімін ұсынады.
Тармақ 10
10. Жоғарыда аталған құжаттардың болмауы не тиісті дәрежеде ресімделмеуі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының сайлау блогын тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 11
11. Орталық сайлау комиссиясы сайлау блогы тіркегеннен кейін оның құрамына қандай да бір өзге саяси партиялардың осы Нұсқаулықтың 4-тармағында белгіленген мерзімде Орталық сайлау комиссиясында қайта құрылған сайлау блогының міндетті түрде қайта тіркеле отырып кіргізуі мүмкін.
Тармақ 12
12. Сайлау блогына кіретін саяси партиялардың жекелеген партиялық тізімі тіркелуге жатпайды.
Тарау 3. 3. Сайлау блогының қызметі
3. Сайлау блогының қызметі
Тармақ 13
13. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында саяси партиялар үшін көзделген ережелер сайлау өткізу кезеңінде сайлау блоктарына қолданылады.
Тармақ 14
14. Саяси партиялардың жоғарғы органдары сайлау блогын құрған кезде бірлескен қызметтің аясын дербес анықтайды.
Тармақ 15
15. Саяси партияның жоғарғы органы, сайлау блогына кіру туралы шешім қабылдай отырып, сайлау блогынан жалпы партиялық тізімге кіретіндерден бір адам және (немесе) аумақтық сайлау округтері бойынша кандидат ретінде қаралатын бір адамды ұсынуға құқылы.
Тармақ 16
16. Сайлау блогының Үйлестіру кеңесі саяси партиялардың жоғарғы органдары ұсынған адамдардың жалпы партиялық тізімін жасайды және оған кіретін адамдардың кезектілігін анықтайды.
Тармақ 17
17. Сайлау блогының Үйлестіру кеңесі саяси партиялардың жоғарғы органдары ұсынған кандидаттардан, аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған бірыңғай кандидаттарды анықтайды.
Тармақ 18
18. Сайлау блогының сайлау қоры саяси партия үшін белгіленген шектегі мөлшерден аспауы тиіс.
Тармақ 19
19. Сайлау блогының Үйлестіру кеңесі сайлау блогына кіретін партияның қайсысының атына сайлау қорын тіркеу және сайлау блогын қаржыландыратын арнайы уақытша шот ашу керектігін анықтайды.
Тармақ 20
20. Сайлау блогынан аумақтық сайлау округі бойынша бірыңғай кандидаттың сайлау қорына сайлау блогына кіретін саяси партиялардан, бірақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында кандидаттардың сайлау қорлары үшін белгіленген шегінен аспайтын қаражаттар түсуі мүмкін.
Тармақ 21
21. Сайлау блогы дауыс қорытындылары шығарылғаннан және депутаттық мандаттарды таратқаннан кейін өз қызметін тоқтатады.