Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 129 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3554 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Индер ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
Индер ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 22 қаңтардағы
№ 13 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
1. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесінің) басшысы;
мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, бухгалтер.
2. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор);
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі басшының орынбасарынан басқа);
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшылары (директорлары);
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын көркемдік жетекшісі;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапхана меңгерушісі (басшысы);
мамандар: аккомпаниатор, концертмейстр, барлық атаудағы әртістері, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, кинооператор, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші, ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер, вокал үйретуші, хореограф, барлық атаудағы суретшілер, қор сақтаушы, бухгалтер.