Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ұлытау облысы әкiмдiгiнің «Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2024 жылғы 16 ақпандағы № 11/01 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 0. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Ұлытау облысы әкімдінің 2025 жылғы «22» қаңтар № 07/01 қаулысына қосымша 1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері Елді мекен Тәрбиеленушілер саны Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың түрлері Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) 10,5 сағаттық режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар 9 сағаттық режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар Жарты күн болатын топтары, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалды даярлық сыныптары Түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық топтары Ауыл 1 325 62 695 57 572 27 714 114 097 Қала 7 249 56 327 51 911 24 884 100 831 Экологиялық апат аймағындағы өңірлер үшін Ауыл 155 74 907 68 428 32 646 139 541
Басқа 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Ұлытау облысы әкімдінің 2025 жылғы «22» қаңтардағы № 07/01 қаулысына 2 қосымша Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері № Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі Тәрбиеленушілер саны Айына бір балаға (1-3 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) Айына бір балаға (3-5 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) Жезқазған қаласы 1 Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) 3 090 17 000 19 000 2 Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) 220 17 000 19 000 Сәтбаев қаласы 1 Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) 3 204 17 000 19 000 2 Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) 0 0 0 Қаражал қаласы 1 Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) 520 13 000 15 000 2 Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) 215 13 000 15 000 Жаңаарқа ауданы 1 Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) 685 15 000 17 000 2 Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) 290 15 000 17 000 Ұлытау ауданы 1 Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) 285 13 000 15 000 2 Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) 65 13 000 15 000