О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в городе Петропавловск Северо-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.