Об использовании бюджетных средств направляемых на поддержку и развитие агропромышленного комплекса области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға және дамытуға бағытталған бюджет қаржысын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Бюджет жүйесі туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметiнің "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегi қаржылық рәсімдердің Ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысын басшылыққа ала отырып және жергілікті деңгейде агроөнеркәсіптік кешенді несиелендірудің тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) Жергілікті бюджет қаржысы есебінен агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға және дамытуға несиелер берудің Ережесі (1 қосымша);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдарды таңдау және агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қарау жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы (2 қосымша);
Тармақша 3
3) агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту үшін несиелендірудің басым бағыттарының тізбесі (3 қосымша).
Тармақ 2
2. Комиссияның жұмысшы органы болып Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы департаменті белгіленсін (бұдан әрі - Департамент).
Тармақ 3
3. Облыс әкімдігінің "Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға және дамытуға бағытталған бюджет қаржысын пайдалану туралы" 2002 жылғы 14 наурыздағы N 51 (тіркеу N 1362) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсін.
Басқа 8. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен агроөнеркәсiптік кешенді қолдауға және дамытуға несиелер берудің ЕРЕЖЕСI
Батыс Қазақстан облыстың әкiмдiгiнің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 169 "Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға және дамытуға бағытталған бюджет қаржысын пайдалану туралы" қаулысымен бекiтiлген 1 қосымша Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен агроөнеркәсiптік кешенді қолдауға және дамытуға несиелер берудің ЕРЕЖЕСI Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметiнің "Қазақстан Республикасының Үкіметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 8 маусымдағы N 874 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметiнің "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегi қаржылық рәсімдердің Ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес әзірлендi және облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға және дамытуға бөлінген бюджет қаржысы есебінен агроөнеркәсiптік кешенге несиелер берудің тәртібiн белгiлейдi.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде төмендегiдей түсінiктер пайдаланылады: кредитор - жергiлiктi атқарушы орган; бюджеттiк несие - кредитордың шұғылдық, төлемдiк және қайтарымдылық шарттарымен жергiлiктi бюджеттен берген ақшасы; қарыз алушы - қарыз алушы-банк немесе ең соңғы қарыз алушы; қарыз алушы-банк - ең соңғы қарыз алушыны одан әрi несиелеу үшін жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк несиелер алатын, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнің лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер немесе ұйымдар; соңғы қарыз алушы - қарыз алушы-банк арқылы бюджеттiк несиелердi алушы - заңды немесе жеке тұлға; бюджеттiк несие жөніндегi берешек - қарыз алушының бюджеттiк несиенi белгiленген күнге өтеу және қызмет көрсету кестесiне сәйкес төлемеген төлемдер сомасы; конкурстық комиссия - банктердi таңдап алу және соңғы қарыз алушының жобаларын қарау жөніндегi комиссия; департамент - қарыз алушы банктерді таңдау және соңғы қарыз алушының жобаларын қарау жөніндегі комиссияның жұмысшы органы.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк несиелеу жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi жылға қабылдаған бюджеттердi орындаудың құрамдас бөлігi болып табылады және ол қарыз алушы - банкке бюджеттiк несиелердi беріп, кейiннен соңғы қарыз алушыға беру жолымен жүзеге асырылады. Бюджеттік қаржы есебiнен агроөнеркәсiптік кешенді бюджеттiк несиелендіру үшін банк қызметiн көрсететін қарыз алушы-банктерді таңдап алу жөнінде конкурс өткiзудің тәртібiн Конкурстық комиссия белгiлейдi. Мұнымен қатар Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнің лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктермен және ұйымдармен несиелiк келiсiмдердің жалпы шарттарын, сыйақы мөлшерлемесiн және басқа да несиелендiру жөніндегi шарттарды әзірлейдi және бекiтедi.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi бюджет есебiнен агроөнеркәсiптік кешенге бюджеттiк несиелер беру туралы қарыз алушы-банкпен несиелiк келiсiмдер жасауды жергiлiктi атқарушы орган атынан облыс әкiмі немесе оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Тарау ii. II. Бюджеттiк несиелер берудің тәртібi мен шарттары
II. Бюджеттiк несиелер берудің тәртібi мен шарттары
Тармақ 4
4. Агроөнеркәсiптiк кешенді қолдауға және дамытуға бағытталған бюджеттiк несиелер мақсатты болып табылады және ол мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджетте қаралған сомалар шегiнде берiледi. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге арналған қарыз алушы-банктерді таңдауды Конкурстық комиссия жүргізеді.
Тармақ 5
5. Қарыз алушы-банкке қойылатын талаптар Конкурстық комиссиясымен бекiтiлетiн "Агроөнеркәсiптік кешенді бюджеттiк несиелендiру үшін банктер қызметiн көрсету жөнінде ашық конкурс өткiзу тәртібiнде" айқындалады.
Тармақ 6
6. Бюджеттiк несиелендiру үрдiстерiнде әкім немесе оны ауыстыратын адам мен қарыз алушы-банк арасында несиелiк келiсiм жасалады.
Тармақ 7
7. Бюджеттік несиелер берілу мерзіміне байланысты төмендегідей түрлерге бөлінеді: қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн, орта мерзiмдi - 1 жылдан 3 жылға дейін, ұзақ мерзiмдi - 5 жылдан жоғары.
Тармақ 8
8. Бюджеттік несиелер ұлттық валютада қарыз алушы-банкке орта салмақты ставка бойынша, пайда Мемлекеттік орта мерзімді индекстелмейтін бағалы қағаздар арқылы, қаржы Министрлігінің эмиссиясы бойынша, ұлттық валютаның алдағы тоқсанда қалыптасқан кірістіліктің өтеу мерзімі тең мерзімге бюджеттік несиенің мерзіміне сай; соңғы қарыз алушы-банкке конкурстық Комиссияның белгіленген мөлшерлеме бойынша беріледі.
Тармақ 9
9. Соңғы қарыз алушыға бюджеттiк несиелердi қайтарымдық негiзде беру, олар тек агроөнеркәсiптiк кешенді қолдаудың және дамытудың басым бағыттарын несиелендірудің тiзбесiне сәйкес қызметпен шұғылданғанда ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Несиелеуге бөлінген бюджеттiк қаржыларды қандай да болмасын еңбек ақы жөніндегi, бюджетке төлемдер немесе басқа да мерзімі өткен қарыздар мен мiндеттемелерді өтеуге пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 11
11. Департамент басым бағыттар тiзбесiне сәйкес жобаларды таңдайды, алдын ала сараптама жасайды және оны Конкурстық комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия өзiнің мәжiлiсiнде оны қарайды және қолдау тапқан жобалардың тiзiмiн бекiтедi. Конкурстық комиссияның шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi. Бекiтiлген жобалар тiзiмi Департамент арқылы уәкiлдi қарыз алушы-банкке берiледi.
Тармақ 12
12. Қарыз алушы-банк арқылы несие берушінің несиелiк қорынан соңғы қарыз алушыға бюджеттiк несиелер беру қазiргi Заңдарға, жасалған несиелiк шарттарға және қарыз алушы-банктің iшкi несиелiк саясатына сәйкес iске асырылады.
Тармақ 13
13. Қарыз алушы-банк соңғы қарыз алушының жобаларына мынадай жолдармен сараптама жүргiзедi: соңғы қарыз алушының төлем қабiлеттiлiгiн және бюджеттiк несиенi өтемеген жағдайдағы тәуекелдiк дәрежесiн саралайды, жобаның экономикалық мақсатқа лайықтылығын, техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiн талдайды, несиенi өтеудің қолда бар көздерi мен қамтамасыз ету жолдарын тексередi. Қарыз алушы-банктердің мақұлдауына ие болған жобалар бойынша банк жазбалай түрде Департаментке жобаларды қаржыландыруға келiсетiндiгi туралы мәлiмдейдi.
Тармақ 14
14. Комиссияның оңды шешiмi мен қарыз алушы-банктің мақұлдауына ие болған жобалар бойынша банктер соңғы қарыз алушыға несие беру туралы қажеттi құжаттарды ресiмдейдi, несиелiк шарттар жасайды.
Тармақ 15
15. Қарыз алушы-банктің соңғы қарыз алушыға қоятын бюджеттiк несиенің пайызы, оның көлемi мен мерзiмi Конкурстық комиссия белгілеген мөлшерден аспауы керек.
Тармақ 16
16. Бюджеттiк қаржыдан берiлетiн бюджеттiк несиелер кепiлдiктi қамтамасыз ету немесе олардың берген басқа да кепiлдiктерi бойынша жүргiзiлуi қажет.
Тармақ 17
17. Несиелік шартта жеңілдік кезеңнің берілуі қаралуы мүмкін, бюджеттік несие мерзімінің құрамына кіретін уақыт кезеңінде қарыз алушы несиені қайтаруды жүзеге асырмайды.
Тармақ 18
18. Несиелiк шарттар және онымен байланысты құжаттар жасалынғаннан кейiн қарыз алушы-банк соңғы қарыз алушының атына несие шотын ашады, оған несиелiк шарттарға сәйкес бюджеттiк несиелер сомасын аударады. Аталған шоттан несиелер беру соңғы қарыз алушының есеп айырысу шотына ақша аудару жолымен немесе оны төлемдiк құжаттарға төлеу жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 19
19. Агроөнеркәсiптiк кешенді қолдауға және дамытуға бағытталған, жергiлiктi бюджетте қаралған қаржыны облыстың қаржы басқармасы Департамент (бағдарлама әкімшiсi) шотына аударады, Департамент нақты жоба жөнінде оңды қорытынды туралы банктің жазбалай хабарламасын алғаннан кейiн, соңғы қарыз алушыны несиелеу үшін қарыз алушы-банкке қаржыны олардың тапсырысына сәйкес бөледi. Несиелiк қор ретiнде пайдалануға бөлінген бюджеттiк қаржыны банк 15 күн iшiнде игермеген жағдайда, ол қаржы 5 банкi күнi iшiнде Департамент шотына қайтарылуға жатады. Бөлінген бюджеттiк қаржыны игермеген жағдайда қарыз алушы-банктің Департамент шотына дер кезiнде қайтармаған ақша қаражаты үшін санкцияның көлемi жергілікті атқарушы орган мен қарыз алушы-банк арасында жасалған несиелiк келiсiмдерде айқындалады.
Тарау iii. III. Бюджеттiк несиелердi өтеудің тәртібi
III. Бюджеттiк несиелердi өтеудің тәртібi
Тармақ 20
20. Қарыз алушы-банк бюджеттiк несиенi өтеудi жасалған несиелiк келiсiмге сәйкес iске асырады. Бұл ретте төлемнің төмендегiдей кезектiлiгi белгiленедi:
Тармақша 1
1) есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсімі;
Тармақша 2
2) есептелген сыйақылар;
Тармақша 3
3) негiзгi қарызды өтеу.
Тармақ 21
21. Департаменттің несиелiк келiсiмдi мерзiмiнен бұрын бұзуына және қарыз алушы-банк келiсiмнің шарттарын бұзған жағдайда несиеге берiлген сомаларды қайтарып алуына құқығы бар.
Тармақ 22
22. Несиелiк келiсiм бұзылмаса да Департамент бюджеттiк несиенің өз мақсатына жұмсалмаған фактiлерiн анықтаса, онда ол Заңсыз пайдаланған несие сомалары үшін қарыз алушы-банктен несиелiк келiсiмде баяндалған мөлшерде қаржы Министрлiгi анықтайтын тәртіппен айыппұл өндiрiп алуға құқылы.
Тармақ 23
23. Қарыз алушы-банк бюджеттiк несиенi өтемеген және бюджеттік несие жөніндегі сыйақыны несиелiк келiсiмде көрсетiлген мерзiмде төлемеген жағдайда қалыптасқан берешектерге айыппұл пайыздары есептеледi.
Тармақ 24
24. Қарыз алушы-банк негiзгi қарыз сомасын және басқа да осы несиеге байланысты төлемдер мен айыппұлдарды қайтарған жағдайда жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен берiлген несие өтелген болып саналады.
Тармақ 25
25. Соңғы қарыз алушыларда бюджеттiк несие бойынша берешектер қалыптасқан және оны несиелiк шартта белгiленген мерзiмде өтемеген жағдайда, банктер несиенi кепiлдiк заттар арқылы өндiру жолымен мәжбүрлеп қайтаруға шаралар алады.
Тармақ 26
26. Соңғы қарыз алушы несиенi дер кезiнде қайтармаған жағдайда және қарыз алушы-банк жүргізген іс-шаралар жосығы ең соңғы қарыз алушының берешектердi қайтаруына әкелмесе, қарыз алушы-банк қаржыны облыстың бюджетке өздерiнің қаржысы есебiнен қайтаруды қамтамасыз етедi. Аталған қаржыны қайтару мерзiмi жергілікті атқарушы орган және банк арасында қол қойылып жасалған несиелiк келiсiмде белгiленедi.
Тарау iv. IV. Бюджеттiк несиелердi есепке алу және бақылау
IV. Бюджеттiк несиелердi есепке алу және бақылау
Тармақ 27
27. Бюджеттiк несиелердің мақсатты жұмсалуын бақылауды қарыз алушы-банк пен жергілікті атқарушы орган бөлінген қаржыны тексеру және шығындарды азайту жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Соңғы қарыз алушы несиелiк қорды белгiленген мақсатқа жұмсамағаны белгiлi болса, қарыз алушы-банк 3 күн iшiнде бұл туралы Департаментке хабарлайды және берiлген қаржыны мерзiмiнен бұрын қайтару жөнінде шаралар алады. Несиенi мерзiмiнен бұрын қайтару соңғы қарыз алушының барлық берешек сомасын мерзiмi өткен қарыз есебіне жатқыза отырып, мерзiмiнен бұрын өндiрiп алу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен қарыз алушы-банкке берiлген барлық несиелер облыстың қаржы басқармасында белгiленген тәртіппен мiндеттi түрде тiркелуге жатады.
Тармақ 30
30. Берiлген бюджеттiк несиелерге мониторингi жүргiзудi департамент Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнің белгiлеген тәртібi пен нысаны бойынша қарыз алушы-банктің жүйелi түрде есеп беруi негiзiнде iске асырады.
Тармақ 31
31. Берiлген бюджеттiк несиелердi пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалауды Департамент iске асырады.
Тармақ 32
32. Департамент бақылау мақсатында қарыз алушы-банктен бюджеттiк несиеге байланысты қажеттi ақпараттарды талап етуге құқылы.
Басқа 48. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнің лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер мен ұйымдарды таңдау және агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қарау жөніндегi конкурстық комиссияның құрамы
Батыс Қазақстан облыстың әкімдiгiнің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 169 "Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға және дамытуға бағытталған бюджет қаржысын пайдалану туралы" қаулысымен бекiтiлген 2 қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнің лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер мен ұйымдарды таңдау және агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қарау жөніндегi конкурстық комиссияның құрамы Есенғалиев Абат Қадимұлы - комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Жәкиев Қайредин Есенғалиұлы - комиссия төрағасының орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы Абдолова Зәуреш Кеңесқызы - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің қаржы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Аманғалиев Ақылбек Теміржанұлы - облыстық коммуналдық меншiктер басқармасының бастығы Eдігин Қазбек Хайрошұлы - облыстық мәслихаттың депутаты, тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Жабалбаева Айжан Сембіқызы - облыстық қаржы басқармасының бастығы Iзбасаров Борис Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі филиалының директоры (келісім бойынша) Исқақов Әділ Дүйсенұлы - облыстық қазынашылық басқармасының бастығы (келісім бойынша) Құрманова Әсима Ғазисқызы - облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары Омаров Берік Төлепұлы - "Жайықшаруасы" шаруа және фермерлік шаруашылықтар облыстық қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Басқа 49. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту үшін несиелендірудің басым бағыттарының ТIЗБЕСI
Батыс Қазақстан облыстық әкімдiгiнің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 169 "Облыстық агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға және дамытуға бағытталған бюджет қаржысын пайдалану туралы" қаулысымен бекiтiлген 3 қосымша Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту үшін несиелендірудің басым бағыттарының ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. агроөнеркәсіптік кешен салаларында импорт ауыстыратын өнімдер шығаратын өндірістерді дамыту, қолдау және ашу;
Тармақ 2
2. ауыл шаруашылығы өнiмдерiн дайындау және өңдеу;
Тармақ 3
3. мал шаруашылығын, құс шаруашылығын дамыту және қолдау;
Тармақ 4
4. өсімдік шаруашылығын дамыту және қолдау;
Тармақ 5
5. жаңа технологияларды және жабдықтарды енгізу және игеру;
Тармақ 6
6. өндірістік ғимараттарды салу, қайта жаңғырту және жөндеу;
Тармақ 7
7. ауыл шаруашылығы техникаларын, жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді өндіру және жөндеу;
Тармақ 8
8. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне материалдық-техникалық, ресурстарды сатып алу және онымен қамтамасыз;
Тармақ 9
9. агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындарды ұйымдастыру;
Тармақ 10
10. ауыл шаруашылығы техникаларының лизингісі.