Об утверждении перечня сведений, подлежащих опубликованию Қолданыста
Басқа 0
Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған жариялануға жататын мәліметтер тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жариялануға жататын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 3 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 10 қазанда № 14316 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Әкімшілік-құқықтық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Жариялануға жататын мәліметтер тізбесі
Казакстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2025 жылғы 7 ақпандағы
№ 26 бұйрыққа
қосымша
Жариялануға жататын мәліметтер тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабы 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның және оның жұбайының (зайыбының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
Тармақ 2
2. Кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген есептік салық кезеңі.
№
р/с
Жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтері
Жариялануға жататын мәліметтер
1
2
3
1
Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері туралы мәліметтер
1) жалпы сома;
2) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
Ескертпе:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабы 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар, осы тізбеде көрсетілген деректерді Қазақстан Республикасы Парламенті мен Жоғарғы Соты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кадр (персоналды басқару) қызметтеріне ұсынады.
Тармақ 2
2. Жариялануға жататын деректер Қазақстан Республикасы Парламенті мен Жоғарғы Соты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кадрлық (персоналды басқару) қызметтері арқылы олардың ресми интернет-ресурстарында есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей орналастырылады.
Осы тізімде көзделген кірістер болмаған жағдайда, аталған мәліметтерді жариялау жүзеге асырылмайды.