Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Осакаровского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 14/01 қаулысымен бекітілген
Тарау 1. 1- тарау. Жалпы ережелер
1- тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім) әлеуметтік серіктестік және халықты әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмыспен қамту саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:
Тармақша 1
1) Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Күншуақ көшесі, 2.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 – тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2 – тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын мемлекеттік қызмет көрсету саласында сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
Тармақша 2
2) әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамту мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) бюджет қаражаттарын тиімді және мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әлеуметтік көмекке талапкерлерден қажетті құжаттарды сұрау, ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеруді жүзеге асыру; Бөлімнің компетенциясына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да органдардан тегін негізде ақпарат сұрау және алу; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар мен отырыстарды өткізу; ішкі қолдану үшін пайдаланатын ұсынылған құжаттардың көшірмесін растау; Бөлімнің қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; қажетті мемлекеттік қызмет көрсету үшін қосымша ақпарат алуға сұрау салу арқылы тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада көзделген және нормативтік актілеріне сәйкес комиссиялар құру; қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоғары тұрған органға тиісті ақпарат беру; Бөлім әкімші болып, тиісті мәслихатпен бюджеттік бағдарламаларды бекіту үшін аудан әкімдігіне енгізу; жергілікті бюджеттің (нақтылауымен) бекітуімен аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу; Бөлімнің құзырына жататын мәселелерді шешу жөнінде аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу; Бөлімге жүктелген қажетті жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік органдардан ақпараттық, әдістемелік, нормативтік материалдарды, статистикалық мәліметтерді алу; заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, атаулы әлеуметтік көмек және басқа әлеуметтік төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғалардың контингентін анықтайды;
Тармақша 5
5) аудандандағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдауды, облыстың, ауданның жергілікті атқарушы органына хабарлауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) облыстың, ауданның жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 7
7) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асырады;
Тармақша 8
8) ұлттық жобалар, ауданның даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдайды;
Тармақша 10
10) облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 11
11) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықпен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 13
13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, халықты жұмыспен қамту және азаматтарға ұсынылатын әлеуметтік көмек түрлері мәселелері бойынша ақпараттандырылады;
Тармақша 14
14) қарт адамдарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерін көрсету бойынша және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі басқа да қызметтер жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 16
16) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсынады;
Тармақша 20
20) мүгедектігі бар балаларға үйде оқыту шығындарын өтейді;
Тармақша 21
21) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) Бөлімнің құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 22
22) 1, 2 топтағы жалғызбасты мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау бойынша үстемақы ретінде әлеуметтік көмек көрсетеді;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 24
24) Бөлім жанынан құрылатын комиссиялардың, кеңестердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
Тармақша 26
26) мүгедектігі бар әрекетке қабілетсіз кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жоғары тұрған органмен, аудан әкімі аппаратымен және мәслихатпен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 28
28) іс жүргізуді енгізу және құжаттамалық қамтамасыз етуді, кадрлық, ұйымдастырушылық, бақылау және құқықтық жұмыстарды қамтамасыз етеді;
Тармақша 29
29) Бөлімнің ведомстволық, қаржылық, статистикалық есеп, жоспарлау - экономикалық қызметін, кассалық және банктік операциялар бойынша есепке алады мен есептілікті жүргізеді;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3 – тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3 – тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің басшысы аудан әкімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Бөлімнің басшысының өкілеттілігі:
Тармақша 1
1) Бөлімнің міндеттері мен өкілеттіліктерін, сонымен қатар бөлімшенің функцияларын анықтайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Бөлімнің қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлімнің қызметкерлеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына қойылған тәртіп бойынша тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) құзыреті шегінде Бөлім бойынша бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
Тармақша 5
5) Бөлімнің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету және көтермелеу туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 6
6) Бөлімнің мүдделерін мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелерге ұсынады;
Тармақша 7
7) аудан әкімдігі мен әкімінің алдында өзінің жұмысы мен мекемедегі қызметі туралы есеп береді;
Тармақша 8
8) өз компетенциясының шегінде Бөлімнің қаражаты мен мүлігіне иелік етеді;
Тармақша 9
9) өзінің өкілеттілігінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын оның бағыныштылары бұзған үшін дербес жауапкершілік тартады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асырады. Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4 – тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 – тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 - тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 - тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.