Об установлении ограничительных мероприятий на территории КХ «Кузьминых А.С.» села Славенка Күшін жойған
Басқа 0
Славен ауылының «Кузьминых А.С.» ШҚ аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Занының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 01-20/42 ұсынысы негізінде Қособа ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Славен ауылының «Кузьминых А.С.» ШҚ аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарабалық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз атымда қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қарабалық
аудандық аумақтық инспекциясы» ММ
басшысы
________________ М. Балмагамбетова
«___» ___________________ 2025 года
КЕЛІСІЛДІ
«Қостанай облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы» ММ
Қарабалық ауданы бойынша
мемлекеттік ветеринариялық
дәрігері
_______________ Ж. Душанов
«___» ____________ 2025 года
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы әкімдігі ветеринария
басқармасының «Қарабалық ауданының
Ветеринариялық станциясы» КМК
басшысының м. а.
_______________________ У. Тумурзин
«___» ____________________ 2025 года
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық - эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қостанай облысының
санитариялық – эпидемиологиялық
бақылау департаменті Қарабалық
аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» РММ басшысы
_______________________ С. Каратаев
«___» ___________________ 2025 года