Об установлении ставок платы за использование особо охраняемых природных территорий местного значения по Южно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-II Кодексінің (Салық кодексі) N 477 бабына сәйкес Оңтүстік қазақстан облыстық әкімиятының ұсынуымен облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2004 жылғы 29 маусым
N 7 сессиясының N 7/73-III шешіміне
қосымша
Оңтүстік қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкалары
Р/с
Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жеке және заңды тұлғалардың пайдалану түрлері
Өлшем
бірлігі
Айлық есеп айырысу көрсеткіштеріндегі төлем ставкалары
1.
Ғылыми мақсаттарда (ғылыми зерттеулерді жүргізу) 5-тармақта көрсетілген тұлғаларды қоспағанда
адам-күн
0,1
2.
Мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында ғ-тармақта көрсетілген тұлғаларды қоспағанда
1) жансыз табиғаттың, өсімдіктердің және жануарлардың объектілерін тарихи-мәдени мұра объектілерін көрсету
2) оқушылар мен студенттердің оқу экскурсиялары мен сабақтарын, өндірістік практикасын жүргізу
3) қорық ісі, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы ғылыми кадрларды даярлау, мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
адам-күн
адам-күн
адам-күн
0,01
0,01
0,1
3.
Туристік және рекреациялық мақсаттарда, ғ-тармақта көрсетілген тұлғаларды көрсетпегенде
адам-күн
0,2
4.
Шектеулі шаруашылық мақсаттарда, ғ-тармақта көрсетілген тұлғаларды қоспағанда
адам-күн
0,1
5.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды осы төлем ставкаларының 1, 2, 3, 4- тармақтарында көрсетілген мақсаттарда "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" қазақстан Республикасының Заңының 15 және 16 баптарымен белгіленген, мемлекеттік мекеме, кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың пайдалануы
0,0