Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий, за исключением организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения и дошкольных организаций в организационно-правовой форме казенных предприятий, дополнительного образования для детей Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» № 343/6 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 116073 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.К. Жамбайбекке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Павлодар облысы әкімідігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 58/1 қаулысына қосымша Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Тармақ 1
1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін тиісті бюджетке аудару нормативі келесідей белгіленеді: 3 000 000 теңгеге дейін таза кіріс таза кіріс сомасынан 5 пайыз 3 000 001 теңгеден бастап 50 000 000 теңгеге дейін таза кіріс 150 000 теңге + 3 000 000 теңге көлемінде таза кірістен асатын соманың 10 пайызы 50 000 001 теңгеден бастап 250 000 000 теңгеге дейін таза кіріс 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге көлемінде таза кірістен асатын соманың 15 пайызы 250 000 001 теңгеден бастап 500 000 000 теңгеге дейін таза кіріс 34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге көлемінде таза кірістен асатын соманың 25 пайызы 500 000 001 теңгеден бастап 1 000 000 000 теңгеге дейін таза кіріс 97 350 000 тенге + 500 000 000 теңге көлемінде таза кірістен асатын соманың 30 пайызы 1 000 000 001 теңгеден бастап және одан жоғары таза кіріс 247 350 000 тенге + 1 000 000 000 теңге көлемінде таза кірістен асатын соманың 50 пайызы
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.