Об утверждении положения о координационно-методическом совете по правовому всеобучу акимата Денисовского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов ауданы әкімиятының құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 «Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, Денисов ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Денисов ауданы әкімиятының құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің ережесі бекітілсін.
Басқа 1. Денисов ауданы әкімиятының құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Денисов ауданы әкімиятының 2004 жылғы 22 маусымдағы № 104 "Денисов ауданы әкімиятының құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Денисов ауданы әкімиятының құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Денисов ауданы әкімиятының құқықтық жалпы оқыту жөніндегі бұдан былай - Кеңес) ауданның мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметін құқықтық білім насихаты және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес Денисов ауданы әкімиятының жанында құрылады.
Тармақ 3
3. Кеңес төрағасы Денисов ауданы әкімі аппаратының жетекшісі болып табылады.
Тармақ 4
4. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Кеңес негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) азаматтардың құқықтық білімінің деңгейін жоғарлату, бұл жұмысқа кәсіби заңгерлерді тарту;
Тармақша 2
2) халықтың құқықтық мәдениетін жоғарлату;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің құқықтық жұмысын үйлестіру.
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) ауданның мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметін құқықтық білім насихаты және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ауданның мемлекеттік мекемелері, ұйымдардың құқықтық білім насихаты және құқықтық жалпы оқыту жөнінде жұмысын талдау;
Тармақша 3
3) ауданның мемлекеттік мекемелері, ұйымдардың құқықтық білім насихаты және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) оң тәжірибе тарату, құқықтық тәрбие беру жұмысын жетілдіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу, азаматтарды құқықтық тәрбиелеудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Кеңес кызметінің нысандары
3. Кеңес кызметінің нысандары
Тармақ 7
7. Кеңес жұмысының негізгі түрлері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өзара ақпарат алмастыру;
Тармақша 2
2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту мәселелеріндегі жұмыстың жағдайын бірлесіп талқылау;
Тармақша 3
3) ауданның мемлекеттік мекемелерімен, ұйымдарымен бірлескен іс-шараларды (дөңгелек столдар, дискуссиялар, кездесулер, семинарлар) ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) құқықтық білім "күндерін", "апталықтарын", "айлықтарын" өткізу;
Тармақша 5
5) құқықтық жалпы оқыту және құқықтық жұмыстың жақсы ұйымдастырылуына арналған конкурстың шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) халықтың құқықтық насихаттау және құқықтық тәрбие беру мәселелері жөнінде ғылыми іс-тәжірибелік конференциялар өткізу;
Тармақ 8
8. Кеңес қабылдаған барлық шешімдері, ұсыныстары және құжаттары мүдделі ведомстволарға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.
Тарау 4. 4. Кеңестің функциялары
4. Кеңестің функциялары
Тармақ 9
9. Кеңес келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ауданның мемлекеттік кәсіпорындарында мекемелерінде құқықтық білім және құқықтық жалпы оқытуды насихаттау жөніндегі жұмыстың жағдайымен танысады, осы мәселелер бойынша олардың басшыларының ақпараттын тыңдайды, құқықтық тәрбие беру және құқықтық жалпы оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру жөнінде қажетті ұсыныстар, қорытындылар және ұсынымдар әзірлейді, жүзеге асыруда көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) ауданның мемлекеттік мекемелері, ұйымдарының дәрістік бағдарламаларының тақырыптық бағыттарын және кәсіби мазмұнын талдайды;
Тармақша 3
3) ауданның мемлекеттік мекемелеріне, ұйымдарына тақырыптық жоспарларды әзірлеуде және құқықтық тақырыптарға арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында басуда іс-тәжірибелік көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзыретіне жататын басқа функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңестің жұмыстың ұйымдастыру
5. Кеңестің жұмыстың ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Кеңес жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жұмыс атқарады. Кеңестің отырысы тоқсанда бір рет өткізіледі.
Тармақ 11
11. Кеңес төраға басшылығымен немесе оның тапсырысы бойынша кеңестің бір мүшесі басшылық етумен өткізіледі.
Тармақ 12
12. Отырыс кеңес мүшелерінің жарғысынан аса мөлшері катысуында ғана заңды деп есептеледі.
Тармақ 13
13. Талқылаудың қорытындылары мен қабылданған ұсыныстар кеңестің отырысынан кейін екі күні ішінде ресімделетін хаттамаға енгізіледі. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды және жүзеге асыру үшін оның мүшелеріне барлық қажетті құжаттар қоса беріліп тартылады.
Тармақ 14
14. Кеңес өз жұмысына құқық қорғау органдарымен, заң кызметтерінің қызметкерлерін, мемлекеттік органдары басшыларын тартуға және шешімдері, жоспарлы іс-шараларды орындау жөнінде ұсыныстар беруге құқылы.