Об утверждении регламента Лисаковского городского маслихата Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лисаков қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақтсан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 8-бабы 3- тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қалалық мәслихатының регламенті бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. "Лисаков қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" қалалық мәслихатының 2001 жылғы 25 желтоқсандағы № 168 шешімі жойылсын.
Басқа 3. Лисаков қалалық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 8 шілдедегі № 69 шешімімен бекітілген Лисаков қалалық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ Қалалық мәслихаттың регламенті мәслихат сессиясын өткізу, оның органдарын қалыптастыру және олардың қызметтерін ұйымдастырудың шарттары мен тәртіптерін, сондай - ақ депутаттардың өкілеттігін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Лисаков қалалық мәслихаты - қаланың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жузеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді орган.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару туралы» Заңдарымен, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 3
3. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық - техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады сондай - ақ депутаттарға өздерінің өкілеттігін іске асыруын көмек көрсетеді.
Тармақ 4
4. Мәслихаттың кеңсе істерін жүргізу мен мәслихатқа келіп түсетін хат - хабар алмасуды өңдеу аппаратқа жүктеліп, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік ресімдер туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік - құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес іске асырылады.
Тармақ 5
5. Мәслихат хатшысы осы Регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Жұмыстарды жоспарлау
2. Жұмыстарды жоспарлау
Тармақ 6
6. Қалалық мәслихат өз жұмысын перспективалық (жылдық) жоспар негізінде жүргізеді. Жоспардың жобасы келесі тәртіпте қалыптасады: депутаттар, тұрақты комиссиялар, облыс әкімі, аудандық, қалалық мәслихаттар, сессия және тұрақты комиссиялардың қарауына жататын мәселелер бойынша облыстық мәслихаттың хатшысына сондай - ақ, негізгі іс - шаралар мен депутаттарды оқыту бойынша өз ұсыныстарын өткен жылға жоспарланған жылдың 1 желтоқсан айына дейін енгізеді. Перспективті жоспардың жобасы жаңа жылдың басында құрылып, барлық депутаттарға зерделеуге және ұсыныстар енгізуге ұсынылады.
Тармақ 7
7. Қалалық мәслихаттың бір жылғы жүмыс жоспары қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшіліктің жай даусымен мәслихат сессиясында бекітіледі. Кезекті сессияларда жоспарға өзгертулер енгізілуі мүмкін. Бекітілген жоспар қалалық мәслихаттың депутаттарына, қалалық және аудандық мәслихаттарға, сондай - ақ, қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, қала әкіміне және басқа да лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
Тарау 3. 3. Қалалық мәслихаттың сессиясын шақыру, дайындау және әзірлеу тәртібі
3. Қалалық мәслихаттың сессиясын шақыру, дайындау және әзірлеу тәртібі
Тармақ 8
8. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны болып, заң құзырына жататын мәселелерді шешетін сессия болып табылады.
Тармақ 9
9. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын осы мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімінен кешіктірмей, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Тармақ 10
10. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 11
11. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын қалалық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай - ақ қала әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай - ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге - сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге - сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.
Тармақ 13
13. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Тармақ 14
14. Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат-сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 15
15. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады. Шешімдер сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Депутат сессияға қатысуға міндетті, ал егер сессия жұмысына қатысуға мүмкін болмаған жағдайда, ол бұл туралы сессия төрағасын немесе мәслихат хатшысын хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша, жергілікті атқарушы органдар басшылары, қала аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалары мәслихат сессиясына келуге және мәспихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беруге міндетті.
Тармақ 17
17. Мәслихат сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәспихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілілгі осы үшін дауыс берсе, жабық сессия өткізуге рұқсат етіледі.
Тармақ 18
18. Баяндама және қосымша баяндама уақытын, баяндамашымен келісім бойынша сессия төрағасы белгілейді. Жарыс сөзде, сөз алушыларға жеті минутқа дейін, басқа уақыт ерекше ескертіледі; сауал беру - бес минутқа дейін, кандидатураны талқылау, отырыстарды жүргізу тәртібі дауыс беру, сұрақтар, ұсыныстар, хабарламалар, анықтамалар бойынша - үш минутқа дейін. Қажетті жағдайда сессия төрағасы депутаттардың келісімімен сөз алушылар мен баяндамашылар уақытын ұзартуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Сессия төрағасының өз бастамасымен немесе қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігінің ұсынысы бойынша сессия жұмысында үзіліс жарияланады. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейді. Сессия жұмысында мәслихат шешімі бойынша мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Жарыс сөзде сөз беру өтініші сессия төрағасына жазбаша түрде де, ауызша да беріледі. Тұрақты комиссияның тапсырмасы бойынша сессияда сөз алған депутатқа, сессияда сөз кезектен тыс беріледі. Сессияда сөз алушылар өз сөзінде депутаттардың және басқа да адамдардың абыройы мен намысына нұқсан келтіретін әдепсіз, дөрекі, қорлайтын сөздер қолдануға, депутаттық этика тәртібін бұзуға, заңсыз әрекеттерге баруға, қайсібір адамның атына негізсіз айып салуға құқы жоқ. Осы шарттарды бұзған жағдайда төрағалық етуші сөз сөйлеушіні ескертеді, ал шартты бұзу қайталанған жағдайда, сөзден айырады.
Тармақ 21
21. Жарыс сөзді тоқтату, сессияда қатысып отырған депутаттардың ашық дауыс беру арқылы сессия шешеді.
Тармақ 22
22. Депутат әр мәселе бойынша дауыс беруде бір ғана дауысқа ие және оны «иә» немесе «қарсы» дауыс береді, не дауыс беруден қалыс қалады. Депутат дауыс беруде өз құқығын тек жеке өзі ғана атқарады, ал дауыс беру кезінде болмаған жағдайда, шешім қабылданған соң депутат дауыс беруге құқылы емес. Дауыс берілу техникасында және тәртібінде қателік анықталған жағдайда сессия шешімімен қайта дауыс беру жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Мәслихат актілерін дайындау және ресімдеу тәртібі
4. Мәслихат актілерін дайындау және ресімдеу тәртібі
Тармақ 23
23. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері мәслихаттың актілері болып табылады.
Тармақ 24
24. Мәслихат өз қызметінде:
Тармақша 1
1) жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мудделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 25
25. Мәслихатқа Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Тармақ 26
26. Мәслихаттың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Тармақ 27
27. Мәслихаттың өз құзыреті шегінде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс және ол қала аумағында орындалуға міндетті.
Тармақ 28
28. Мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Тармақ 29
29. Мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзінің жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін.
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы», "Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдардың және осы Регламент талаптарына сәйкес мәслихат шешімінің жобаларын дайындауды қалалық мәслихаттың аппараты іске асырады. Құжат жобаларын әзірлеушілер мүдделі органдар келісіліп, бірінші басшылардың немесе олардың алмастыратын адамдардың қол қойылған ретте мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады. Қаралатын мәселелерден туындайтын жобалар міндетті түрде, атқарушы органдармен мүдделі жақтардың құзереті шегінде келісіледі.
Тармақ 31
31. Жобаларды өз уақытында, сапалы әзірлеу және мәслихатқа жобаларды белгіленген мерзімде ұсыну, сондай - ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жоба мәтіндердің түпнұсқалығы үшін, әзірлеуді дайындаған органның бірінші басшысы жауапкершілікте болады.
Тармақ 32
32. Мәслихат хатшысының бұрыштамасы қойылған жоба, сессия отырысының күн тәртібінде қаралатын мәселені енгізу үшін мәслихат аппаратына немесе әзірлеушіге жобаны пысықтау және (немесе) қосымша келісу үшін жіберіледі.
Тармақ 33
33. Мәслихат шешіміне сессия төрағасы мен мәслихат хатшысы қол қояды. Қол қойылған актіге түзетулер енгізуге жол берілмейді. Сессия шешімдері, депутаттардың бекіту уақытында ұсынған ескертулері мен ұсыныстары үш күндік мерзім ішінде редакцияланады. Әділет органында тіркеуге жататын мәслихаттың шешімдері, ресми баспаларда жарияланады және олар тіркелгеннен кейін адресат бойынша жіберіледі. Мәслихат шешімдерінің өз уақытында тіркеу мен жіберуді қызметтік нұсқауларға сәйкес жүктелген міндеттер есебінде мәслихат аппаратының қызметшілері жауап береді Сессия хаттамасы мәслихат аппаратының қызметкерлерімен ресімделеді.
Тарау 5. 5. Сессия төрағасы және мәслихат хатшысы
5. Сессия төрағасы және мәслихат хатшысы
Тармақ 34
34. Мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихаттың лауазымды адамы.
Тармақ 35
35. Мәслихатттың жұмыс жоспарына орай, мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жузеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихат сесиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 36
36. Мәслихат сессиясының төрағасы сессия отырысын жүргізеді, баянадама жасауға және сөйлеуге сөз береді, шешімдердің жобаларына дауыс беруді ұсынады, дауыс берудің нәтижелерін хабарлайды, президиумға келіп түскен мәселелерді, ұсыныстарды және өтініш, арыздарды жариялайды. Сессия президиумында төрағадан басқа облыс мәслихатының хатшысы, қала әкімі, сессия шешімімен басқа да тұлғалар болады.
Тармақ 37
37. Мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Тармақ 38
38. Қалалық мәслихат хатшысы депутаттардың үштен, сондай -ақ әкімнің ұсынысы бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды. Қалалық мәслихаттың хатшысы кезектен тыс сессияны ашады және мәслихаттың кезектен тыс сессия төрағасын сайлағанға дейін сессияны жүргізеді.
Тармақ 39
39. Мәслихат сессияның төрағасы өз өкілеттілігін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 41
41. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.
Тармақ 42
42. Мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштерінің қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
Тармақша 6
6) бекітілген кестеге сәйкес мәслихат депутаттарымен бірге сайлаушыларды қабылдау жүргізеді;
Тармақша 7
7) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) мәслихаттың жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен өзара іс - қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым - қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
Тармақша 10
10) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс - шараларды белгілейді;
Тармақша 11
11) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 43
43. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Қалалық мәслихатттың комиссиялары.
6. Қалалық мәслихатттың комиссиялары.
Тармақ 44
44. Мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялдр құрады. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. Тұрақты комиссиялар өз жұмысын мәслихат сессиясында бекітілген перспективалық жоспар негізінде құрады.
Тармақ 45
45. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды.
Тармақ 46
46. Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Тармақ 47
47. Тұрақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) өздерінің құзырына жататын әрі мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.
Тармақ 48
48. Әкімият, орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгіленген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 49
49. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 50
50. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мұшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тармақ 51
51. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады. Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары турінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 52
52. Көпшіліктік тыңдаулар мәслихаттың кезекті сессиясының кун тәртібіне кіргізілетін мәселерді дайындау барысында өткізіліп, хал ахуалды мейлінше толық зерттеу, тыңдауға қатысушылардың есебін және ойларын жинақтап қорыту және мәслихат шешімінің жобасы бойынша ұсынымдар енгізу мақсатында өткізіледі.
Тармақ 53
53. Көпшіліктік тыңдаулардың өткізілетін орны мен уақыты және талқылауға енгізілген мәселелер туралы қалалық мәслихаттың хатшысы тыңдаудан 10 кун бұрын депутаттар мен тұрғындарға хабарлайды.
Тармақ 54
54. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат немесе мәслихат хатшысы оларды құру кезінде белгілейді. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Тармақ 55
55. Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкімиятқа хабарлайды. Тексеру комиссиясының өкілеттігі мен жұмыс тәртібі мәслихат сессиясымен бекітілген облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының Ережесімен белгіленеді.
Тарау 7. 7. Қалалық мәслихаттың депутаты.
7. Қалалық мәслихаттың депутаты.
Тармақ 56
56. Депутат:
Тармақша 1
1) мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жургізуге міндетті.
Тармақ 57
57. Мәслихат депутаты жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді.
Тармақ 58
58. Мәслихат депутатының өкілеттігі тиісті аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркелген кезден басталып, мәслихат өкілеттігі тоқталған кезден бастап тоқтайды.
Тармақ 59
59. Депутат өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде мәспихат сесиясының жалпы отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 60
60. Депутат:
Тармақша 1
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комисиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға мәспихаттың құзіретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар және жолданымдар жіберуге;
Тармақша 4
4) сессияда тиісті мәслихат аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) тиісті әкімият отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 6
6) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 7
7) саяси партиялардың депутаттық тобы турінде депутатық бірлестіктер құруға құқылы. Саяси партияның депутатық тобы мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс. Саяси партиялардың депутаттық тобын тіркеу мәслихат сессиясында жузеге асырылады.
Тармақша 8
8) заңдарда және мәслихат регламентінде көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 61
61. Депутаттық қызметтің мәселелері бойынша депутат мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, мемлекеттік мекемелерде, сонымен қатар олардың басшыларының және лауазымды тұлғалардың міндетті қабылдауында кедергісіз болуына құқығы бар. Кіру депутаттық куәлік бойынша жүргізіледі.
Тармақ 62
62. Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар қала әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, мәслихат және тұрақты комисиялардың қызметтеріне қатысты келіп түскен құжаттармен танысу және қарау, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындалудан босатылады.
Тарау 8. 8. Депутаттық сауал.
8. Депутаттық сауал. Бақылау өкілеттігін іске асыру
Тармақ 63
63. Депутаттық сауал депутаттың мәслихат сессиясында мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселе-бойынша мемлекеттік органның лауазымды адамына мәслихат сессиясында түсініктемЬ^ немесе өз көзқарасын білдіруге қойған талабы ресми өтініш белдірген болып табылады. Депутат қойылған сауалда өзі жүгініп отырған нақты лауазымды тұлғаны және күтілетін жауаптың (ауызша немесе жазбаша) нысанын көрсетуі міндетті. Мәслихат аппараты сауалдың сессияда жария етілген уақытынан бастап үш күн мерзім ішінде тиісті мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына жазбаша сауал жібереді. Депутаттық сауал қалалық мәслихаттың сессиясында келесі тәртіп бойынша қаралады:
Тармақша 1
1) депутаттың сауалмен сөйлеген сөзі - 5 минутқа дейін;
Тармақша 2
2) депутаттық сауалға лауазымды адамның жауабы - 15 минутқа дейін. Сауалға жауап беру бойынша ашық жарыс сөз болуы мүмкін. Сауалдың жауабын тыңдаған соң депутаттық сауал авторы, сондай - ақ, басқа да депутаттар сауалдағы қойылған проблема бойынша сұрақтар қоя алады. Лауазымды тұлғаға қойылған депутаттық сауал бойынша депутаттардың сұрақтарына жауаптар 10 минутқа дейін беріледі. Депутаттық сауалға жауаптың және оны талқылаудың нәтижесі бойынша сессия шешімі қабылданады. Сауалға және оған жауаптар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.
Тармақ 64
64. Қалалық мәслихаттың шешімдерін орындауға бақылауды мәслихат хатшысы іске асырады. Атқарушы органдардың басшылар мен ведомстволар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары сессия шешімдерін іске асыру бойынша есеп береді.
Тармақ 65
65. Сессияда қаралған мәселелер бойынша депутаттардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді мәслихат аппараты жинақтап қорытылады және қабылданған шара бойынша ақпаратты мәслихат хатшысына бір айлық мерзім ішінде беруге міндетті атқарушы органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына жіберіледі.
Тармақ 66
66. Қалалық мәслихаттың шешімдерін, депутаттардың және сайлаушылардың сауалдарын, өтініштерін орындау барысы туралы мәслихат хатшысы .депуттарды сессияда тұрақты түрде ақпарат береді.
Тармақ 67
67. Қалалық мәслихатқа келіп түсетін хаттар тіркеледі. Орындаушыларға нұсқаулар, тәртіп бойынша, мәслихат хатшысының бұрыштама нысанында беріледі. Азаматтардың өтініштері мәслихатқа түскен күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде, ал қосымша зерделеу мен талап етілмейтіндері 15 күннен кешіктірілмей қаралып, солар бойынша шешімдер қабылданады. Қосымша тексеру қажет болған жағдайда мәслихат хатшысы өтінішті қаралу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс, бұл жөнінде азамат хабардар етіледі. Қойылған мәселелер мәслихаттың құзырына жатпайтын өтініштер 5 күн мерзімнен кешіктірілмей тиісті органдарға жіберіледі, бұл жөнінде азамат хабардар етіледі.
Тармақ 68
68. Азаматтарды жеке қабылдауды әр сейсенбінің екінші жартысында мәслихат хатшысы жүргізеді. Азаматтарды кәсіпорындарда және ұйымдарда жеке кесте бойынша жүргізіледі.
Тарау 9. 9. Лисаков қалалық мәслихаттың депутатуығына және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау бойынша Лисаков қалалық, ок- ругтік сайлау комиссияларын құру және сайлау.
9. Лисаков қалалық мәслихаттың депутатуығына және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау бойынша Лисаков қалалық, ок- ругтік сайлау комиссияларын құру және сайлау.
Тармақ 69
69. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау - сайлау комиссиялары өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын басталады және кемінде үш күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 70
70. Бұқаралық ақпарат құралдарында, сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлама жарияланғанға дейін кемінде үш күн қалғанда облыстық мәслихаттың хатшысы өз өкімімен депутаттардан және аппарат қызметшілерінен тұратын сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі Уақытша комиссия жұмысшы топ) құрады.
Тармақ 71
71. Мәслихаттың жұмысшы тобы саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын комиссия құрамына кандидатуралар келіп түсетін ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына өзінің бір өкілін ұсынады. Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық белімшелері осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған комиссиялардың жұмысшы тобына ұсынатын құжаттардың тізбесіне төмендегілер кіреді:
Тармақша 1
1) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы, жоғары тұрған сайлау комиссиялары отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан көшірме;
Тармақша 3
3) жеке іс парағы әр кандидатқа мына нысан бойынша: тегі, аты, әкесінің аты, туған жері, ұлты (көрсетпеуге құқылы), білімі, партияға мүшелігі (көрсетпеуге құқылы), жұмыс орны, қызметі, тұратын жері, паспорт (жеке басының куәлігі), №, кім және қашан берілді, байланыс телефоны.
Тармақша 4
4) кандидаттың мәслихат атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші және кандидат жайлы өмірбаян мәліметтері.
Тармақ 72
72. Сайлау комиссиялары құрамының жобасын дайындау кезінде Уақытша комиссия бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, одан кейін, келіп түскен ұсыныстар 7 мүшеден кем болған жағдайда, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының кандидатуралары есепке алынады.
Тармақ 73
73. Жаңа сайлау комиссияларының құрамына келіп түскен ұсыныстардың мерзімі аяқталған кезде Уақытша комиссия сессия шешімдерінің жобасын және сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бойынша бюллетендер дайындайды.
Тармақ 74
74. Шешімдер және бюллетендердің жобалары бөлек дайындалынады:
Тармақша 1
1) қалалық аумақтық сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 2
2) учаскелік сайлау комиссиялары бойынша;
Тармақша 3
3) Лисаков қалалық мәслихатқа депуттарды сайлау жөнінде округтік сайлау комиссиялары бойынша.
Тармақ 75
75. Саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының, сайлау комиссиялары құрамына ұсынылған барлық кандидатуралар, олардан келіп түскен кезек бойынша шешімдердің және бюллетендердің жобасына енгізіледі және Уақытша комиссияның арнайы журналына тіркеледі.
Тармақ 76
76. Сайлау комиссияларының мүшелері көрсетілген бюллетендерді, сессияға қатысып отырған қалалық мәслихаттың барлық депутаттары алады және оларды жеке өздері толтырады. Дауыс берудің қорытындысын сессияда құрылған Есептеу комиссиясы шығарады. Есептеу комиссиясының сандық құрамы және төрағасы мәслихат сессиясында белгіленеді.
Тармақ 77
77. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына (жеті) тең ұсыныстар түскен жағдайда Уақытша комиссия мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Сессияға қатысушы депутаттардың көпшілігі дауыс берген комиссия мүшелері сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санынан артық (жетіден артық) ұсыныс түскен кезде, Уақытша комиссия мәслихат сессиясына рейтингілік дауыс беруді ұсынады. Басқаларға қарағанда көпшілік дауыстар санын жинаған кандидатуралар сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде Уақытша комиссия бюллетеньдегі бос орынға басқа да қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен кандидатуралар енгізіледі, ал егер аталған кандидатуралар болмаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссияларымен ұсынылады (тиісті келіп түсу кезектілігі тәртібінде). Бос орынға олардың санына тең ұсыныстар түскен жағдайда Уақытша комиссия мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Бос орынға олардың санынан артық ұсыныс түскен кезде, Уақытша комиссия мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды ұсынады, ал бос орындарға рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. былдайды. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған қызметін ауыстыруға осы сайлау миссиясына олардың
Тармақ 78
78. Бюллетенге үміткерлердің аты, жөні, тегі, кандидатураның қандай саяси партиялар ұсынғаны (басқа да қоғамдық бірлестіктерден, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан) енгізіледі. Бюллетенде кандидатуралар тектерінің оң жағында, депутатар белгі қоятын квадраттар бейнеленеді. Депутаттар жеті квадратқа белгі қояды.
Тармақ 79
79. Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясында Есептеу комиссиясы жариялайды.
Тармақ 80
80. Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі мсайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын өткізу мерзімі туралы жариялайды (оларды құрған уақыттан бастап жеті күн аралығынан кешіктірмей). Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын жүргізетін сайлау-комиссиясының мүшесі туралы жариялайды. Осы кандидатура саны жағынан ең көп дауыс алғандығы бойынша анықталады. Депуттатар дауыстары тең болған жағдайда осы кандидатура бюллетенде орналасқан орны бойынша анықталады.
Тармақ 81
81. Мәслихат хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті сайлау комиссияларының құрамын жариялауды қамтамасыз етеді. Материалдар оған қосымшасымен басылымның бір нөмерінде басылуы керек.
Тармақ 82
82. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген жағдайда, мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату туралы және шығып кеткеннің орнына сайлау туралы шешім қабылдайды
Тармақ 83
83. Сайлау комиссияларын сессияда сайлағанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан туындаған негізге орай, мәслихаттар олардың бір ғана ұйымдардан құрылуына жол бермеуі керек, міндетті түрде тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктікра умағында тұрып жатқанын міндетті түрде ескеруі қажет. Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар, кандидаттардың сенім білдірген адамдары, кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай - ақ кандидаттарға тікелек бағынышты адамдар сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.
Тарау 10. 10. Қорытынды ережелер.
10. Қорытынды ережелер. Регламент әділет департаментінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. Мәслихат депутаттарымен Регламентке өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар түсуі мүмкін және егер сессияда қатысқан депутаттардың жартысынан артығы осыған дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.