Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ города Сарани» Қолданыста
Басқа 0
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 – баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 және 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларын іске асыру туралы» Саран қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 22 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Саран қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 73/02 қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Саран қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ережені бекіту туралы»
Саран қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «11» ақпандағы
№ 09/12 қаулысымен бекітілді
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Саран қаласы 2026 жыл
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мекеменің 2 секторы бар:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту секторы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік бағдарламалар секторы.
Тармақ 3
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мекеме заңды тұлға болып табылады және жедел басқару құқығында мүлкі бар, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Мекеме, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Саран қаласының әкімдігі бекітеді.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Мекеменің миссиясы:
қала азаматтарын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) қала халқына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;
Тармақша 2
2) қала халқына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
Тармақша 3
3) қаланың мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 4
4) қала халқына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Тармақша 5
5) қала халқының түрлі әлеуметтік топтарымен жұмыс.
Тармақ 16
16. Функциялар:
Тармақша 1
1) қала халқына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 2
2) Мекеменің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
Тармақша 3
3) қала халқына мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 4
4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;
Тармақша 5
5) өңірлік жұмыспен қамту картасының және қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының мониторингі;
Тармақша 6
6) жұмыс орындарын құруға мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдарға мониторинг жасау;
Тармақша 8
8) әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жұмысы;
Тармақша 9
9) «Еңбек нарығы» әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің, «Е-Собес», «Шетелдік жұмыс күші», «Отбасының цифрлық картасы», ҚР ЕХӘҚМ «Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті бақылау жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің, «Е-Қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің деректер базасын қалыптастыру, «Е-otinish.kz» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу платформалары, «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасы, «Documentolog» бұлтты құжат айналымы жүйелерінің деректер базасын қалыптастыру;
Тармақша 10
10) Әлеуметтік қызметтер порталын, «Еңбек ресурстары орталығы» АҚ FSMSocial қосымшасын және Қолжетімділіктін интерактивті картасын пайдаланушылардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген азаматтардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссияның жұмысы;
Тармақша 12
12) қала халқының арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
Тармақша 13
13) қала халқына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 14
14) абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, санаторийлік-курорттық емдеумен, жеке көмекшінің және жестау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
Тармақша 16
16) Саран қаласының Мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) қала халқын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 18
18) халық арасында әлеуметтік қорғау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасасу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан мекеменің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, оның ішінде қала халқына Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
Тармақша 3
3) ақпараттық деректердің барлық түрлерін, оның ішінде құпия деректерді пайдалану;
Тармақша 4
4) қала әкіміне Мекеменің құрылымы мен қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қаланы дамыту мүдделері мен қажеттіліктерімен ұштастыра отырып, іске асыру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс, қала әкімінің шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс, қала әкімдігі қаулыларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, анықталған бұзушылықтарды, оларды орындамау себептері мен шарттарын жою жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 7
7) қала әкімі аппаратымен, қалалық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) мемлекеттік қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету;
Тармақша 10
10) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде қарау.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мекеменің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және Мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілерге қол қояды;
Тармақша 5
5) Мекеменің мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда атынан өкілдік етеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермегені үшін жеке жауапты болады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Мекеме жедел басқару құқығында мүлікке ие. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.