Жылыой ауданындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия мәселелері туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылыой ауданындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия мәселелері туралы Жылыой аудандық әкімиятының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 67 «Жылыой ауданындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы» қаулысымен құрылған комиссиясының жекелеген мүшелерінің қызмет түрінің өзгеруіне байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясы туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жылыой ауданындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрылсын (бұдан әрі – Комиссия).
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қосымшада көрсетілген Комиссия құрамы аудандық мәслихаттың сессиясында бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Комиссияның жұмысшы органы болып аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және әскери жұмылдыру жұмысы бөлімі анықталсын.
Тармақ 5
5. Жылыой аудандық әкімиятының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 67 «Жылыой ауданындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ермекұлына жүктелсін. Келісілді Жылыой аудандық прокуроры Х. Қасымов «14» шілде 2004ж. Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б. Рахметов «14» шілде 2004ж. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жылыой аудандық бөлімінің бастығы Р. Сүлейменов «14» шілде 2004ж. Жылыой аудандық «Кең Жылой» газетінің редакторы С. Шәтенова «14» шілде 2004ж.
Басқа 7
Аудандық әкімияттың 2004 жылғы «14» шілдедегі № 164 қаулысына қосымша Жылыой ауданындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ Ермекұлы Қайырғали - Жылыой ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрағасы; Бекболатов Мұратбек Мауытұлы - Жылыой ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және әскери жұмылдыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, төраға орынбасары Бурамбаева Қамажай Қайырқызы - Жылыой ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және әскери жұмылдыру жұмысы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Елтезеров Ізбасар Бекболатұлы - Жылыой аудандық жастар ісі, спорт және туризм бөлімінің меңгерушісі; Қамиев Боранбай Ғалымжанұлы - Жылыой аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі; Қасымов Хабиболла Сәрсенбайұлы - Жылыой аудандық прокуроры (келісіммен); Қиюазаров Өтеген Қиюазарұлы - Жылыой аудандық денсаулық бөлімінің меңгерушісі; Рахметов Бауыржан Үкібайұлы - Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісіммен); Сағиев Мәжит Сәғиұлы - Жылыой аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Сүйембаев Нұрбай Нұрханұлы - Жылыой ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі; Сүлейменов Райымбек Асылбекұлы - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жылыой аудандық бөлімінің бастығы (келісіммен); Шәтенова Сәулеш Тәжіқызы - «Кең Жылой» газетінің редакторы (келісіммен).