Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Коксуском районе Күшін жойған
Басқа 0
Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеті атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Көксу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі №321 «Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №158900 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
2025 жылғы 21 ақпандағы
№ 60 Қаулысына қосымша
Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындары
№
Нақты орналасқан жері
Алып жатқан алаңы, шаршы
метр
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объетілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
1
2
3
4
5
6
1
Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесінің бойы, «Дастан» дүкеніне қарама-қарсы
120,0
«Жетісу», «Дастан» дүкендері
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату
5
2
Балпық би ауылы, Измайлова көшесінің бойы (оң жағы), «Көксу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы
180,0
«Әсем» дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату
5
3
Балпық би ауылы, Измайлов көшесіндегі
№10 ғимаратының алды
85,0
«Әсем» дүкені
Бөлшек сауда (концелярия тауарларын сату)
5
4
Балпық би ауылы, Амангелді көшесінің бойы, «Нұржан» дүкенінің жаны (оң жағы)
1190,0
«Нұржан» дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату
5
5
Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесінің бойы, «Шаған» сауда үйінің жаны (оң жағы)
18,0
«Шаған» сауда үйі
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату
5