Об утверждении изменений и дополнений в Положение о порядке принудительного выкупа и продажи акций банка, имеющего отрицательный размер капитала Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылы 31 желтоқсандағы N 336 қаулысымен бекiтiлген Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы» ережеге өзгерiстер мен толықтырулар Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту жөнiнде Ескерту Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113 қаулысымен. Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»1997 жылы 11 шiлдедегi N 154-1 ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының күшiне енуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылы 31 желтоқсандағы N 336 V960340_ қаулысымен бекiтiлген капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы ережеге Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен келiсiлген өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Заң департаментi (Өртембаев А.К.) Банктiк қадағалау департаментiмен бiрлесiп (Абдуллина Н.К.) осы қаулыны және Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
Тармақ 3
3. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.К.) осы қаулыны және Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармаларына (филиалдарына) және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.F. Сәйденовке жүктелсiн.
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылы 31 желтоқсандағы N 336 қаулысымен бекiтiлген Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы» ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен келiсiлген 1998 жылғы 13 наурыздағы №N 01-5/824 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылы 31 желтоқсандағы N 485 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылы 31 желтоқсандағы N 336 қаулысымен бекiтiлген Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы» ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. 5-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Ұлттық Банк банк ұсынған деректер негiзiнде банк капиталының мөлшерiн Ұлттық банк белгiлеген банктiң өз капиталының есеп айырысу әдiстемесiне сәйкес белгiлейдi."
Тармақ 2
2. 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «
Тармақ 6
"6. Заңды немесе жеке тұлғалар - банктi қайта капиталдандыру үшiн жекелей немесе бiрлескен түрде жеткiлiктi ақшасы бар Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi банктiң жаңа инвесторлары бола алады.".
Тармақ 3
3. 8-тармақтағы "өз қаражаты" деген сөздер«"банктi қайта капиталдандыру үшiн жеткiлiктi ақшасы" деген сөздермен алмастырылсын.
Тармақ 4
4. 9-тармақтың екiншi азатжолындағы "қаржы мөлшерiндегi" деген сөздер "ақша сомасындағы" деген сөздермен алмастырылсын.
Тармақ 5
5. 15-тармақтағы "3 дана" деген сөздер "қазақ және орыс тiлдерiнде 3 данадан" деген сөздермен алмастырылсын.
Тармақ 6
6. 23-тармақтағы "бағасының мөлшерiндегi ақша қаражаты" деген сөздер « "құны сомасына ақша" деген сөздермен алмастырылсын.
Тармақ 7
7. 24-тармақтағы "теңбе-тең мөлшердегi ақша қаражатын" деген сөздер "теңбе-тең сомада ақша" деген сөздермен алмастырылсын.
Тармақ 8
8. 25-тармақтағы: "ақша қаражатынан" деген сөздер "ақшадан" деген сөзбен алмастырылсын; тармақ мынадай мазмұндағы жаңа екiншi азатжолмен толықтырылсын: "Банкке талаптар қойылуы мүмкiн бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi жеткенiмен бiрақ банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылданғанға дейiн қойылмаған жағдайда‚ мұндай талаптардың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптардан басқасы өтелген болып саналады."»
Тармақ 9
9. 32-тармақтағы "ақша қаражаттары" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен алмастырылсын. Ұлттық Банк Төрағасы