Об утверждении плана приема учащихся в учебные заведения среднего профессионального образования системы здравоохранения области Қолданыста
Басқа 0
Облыстық денсаулық сақтау жүйесіндегі орта кәсіптік білім бері оқу орындарына оқушылар қабылдау жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" Заңының 27-бабындағы 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасының орта кәсіптік білім беретін мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына оқушылар қабылдау туралы ұсынысын қарап, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына (Медициналық колледждер) мемлекеттік тапсырыс бойынша 2004-2005 оқу жылына, қосымшада көрсетілген мамандықтар бойынша 100 оқушы қабылдау жөніндегі жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.Долженковқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыс әкімдігінің
2004 ж. 30 маусым N 114
қаулысына қосымша
2004-2005 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс
бойынша оқушыларды қабылдау
жөніндегі жоспар
№N
Мекеме атаулары
Мамандықтардың аталуы
Оқушылар саны
1
Талғар медициналық колледжі
Емдеу ісі
50
2
Талдықорған медициналық колледжі
Емдеу ісі
50
Барлығы
100