Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Актогайского района» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген мемлекеттік орган туралы үлгілік Ереженің негізінде Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкіне қосу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын; осы қаулы Ақтоғай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 3
3. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 284 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 44 қаулысына қосымша «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Ақтоғай ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің қарамағында ұйым бар: «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Егер мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140200, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 79.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде – «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Актогайского района».
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекемесі құрылтайшысы Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.
Тармақ 13
13. Осы Ереже мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға, ардагерлерге, мүгедектігі бар адамдарға және мұқтаж азаматтардың басқа да жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын іске асыру;
Тармақша 3
3) азаматтардың құқықтары мен олардың мүдделерін, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мемлекеттік кепілдіктерді қорғау;
Тармақша 4
4) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша хабардар ету.
Тармақ 17
17. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: - әкімдіктің және аудан әкімінің қарауына дамудың негізгі бағыттары, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы проблемаларды жедел шешу бойынша ұсыныстар енгізу; - мемлекеттік мекемесі алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға; - мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен семинарлар мен кеңестер өткізу; - өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.
Тармақша 2
2) Міндеттері: - Мемлекеттік мекемесі жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 18
18. Функциялары:
Тармақша 1
1) аудандағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау облыстың жергілікті атқарушы органына халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы хабарлау;
Тармақша 2
2) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамтудың өңірлік картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
Тармақша 4
4) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданда жұмыс орындарын құруды қолдау;
Тармақша 6
6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 9
9) бөлімнің қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуын қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрлық қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
Тармақша 13
13) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді орналастыру;
Тармақша 14
14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 15
15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 16
16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
Тармақша 17
17) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшіні, есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманын қызметтермен қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
Тармақша 21
21) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 22
22) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша тұратын жер беру бюджет қаражаты есебінен, аудандық әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы негізінде адамның (отбасының) нақты орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақша 23
23) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) тиісті әлеуметтік көмек көрсету үшін ардагерлер мен «Ардагерлер туралы» Заңның күші қолданылатын адамдардың есебін жүргізеді;
Тармақша 25
25) мүгедектігі бар адамдарды оңалту және оңалту жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігінің орындалуын мониторингілеу;
Тармақша 26
26) уәкілетті орган ретінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөніндегі ұсыныстарды іске асыру, сондай-ақ өз құзыреті шегінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 28
28) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 29
29) атаулы әлеуметтік көмек пен басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 30
30) тұрғын үй көмегін көрсету;
Тармақша 31
31) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 32
32) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау.
Тармақша 33
33) мемлекеттік және ведомстволық есептілікті жасау, оларды бағыныстылығы бойынша ұсыну, белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 35
35) біржолғы өтемақы тағайындау және куәлік беру үшін Семей ядролық сынақ полигонының әсерінен зардап шеккен адамдарды тіркеуді және құжаттарды ресімдеуді жүзеге асырады;
Тармақша 36
36) Ақтоғай ауданының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбек эмигранттарға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
Тармақша 37
37) мекен-жайы бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету көлемi мен талаптарын белгiлей отырып, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыру болып табылады. көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғылықты жері, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету және тоқтату шарттары.
Тармақша 38
38) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақша 39
39) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде ауданның жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды.
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 7
7) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мекеменің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мекеменің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекеме мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (ауданның жергілікті атқарушы органы) өзара қарым- қатынастары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттер мен мемлекеттік орган басшысының тапсырмаларының уақытылы және толық орындалуына жауапты болады.
Тарау 4. 4. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің мүлкі
4. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің мүлкі
Тармақ 27
27. Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 29
29. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 30
30. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 31
31. Мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.