Об установлении ограничений во дворе жителя села Камысты Жетиаральского сельского округа Тарбагатайского района С.Камитжанова Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылының тұрғыны С.Камитжановтың ауласына шектеу шараларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағы және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 249 ұсынысы негізінде Жетіарал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1.Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылының тұрғыны С.Камитжановтың 1(бір) бас ірі қара малынан құтырық ауруының анықталуына байланысты, Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылында орналасқан С.Камитжановтың ауласына құтырық ауруын таралуын түбегейлі жою мақсатында шектеу іс-шаралары қойылсын.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринария бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысына тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енгізіледі.