О мерах по недопущению заноса особо-опасных инфекций на территорию области Күшін жойған
Басқа 0
Аса қауіпті жұқпалы аурулардың облыс аумағына әкелуiне жол бермеу жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 Заңына , Маңғыстау облысы әкімиятының "Маңғыстау облысында карантиндiк және басқа да аса қауiптi жұқпалы ауруларды алдын ала сауықтыру және оған қарсы күрес жөнiндегi 2002-2006 жылдарға арналған iс-шараларының кешендi жоспарын бекiту туралы" 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 69 қаулысына сәйкес және аса қауіпті жұқпалы аурулардың Маңғыстау облысы аумағына әкелуіне жол бермеу мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Құзыретті шекаралық, ветеринарлық-фитосанитарлық, санитарлық-карантиндік, көліктік және кедендік бақылау мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылаудың түрлерін күшейтсін.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау Департаменті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi шекара қызметi "Батыс" Аймақтық басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Маңғыстау облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы (келісім бойынша) және Маңғыстау облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті Орта Азия республикаларымен (Түркменстан, Өзбекстан) түйіскен шекара арқылы өткізу пункттерінде жолаушылардың, тауар ағымдарының, сондай-ақ ауыл шаруашылық жануарларының (түйелердің) өткізілуіне бақылауды қатайтсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімдері ауылшаруашылық жануарларын сою барысында ұшаларды және органдарын тексерумен бірге сапалық қадағалауды және тиісті рұқсаттама құжаттарын беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы (келісім бойынша) тиісті құжаттамаларды дер кезінде зерттеу мақсатында демалыс және мереке күндерінде мамандардың кезекшілігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының 1,2,3 және 4 тармақтарында көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар Маңғыстау облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментіне апта сайын осы қаулының іске асырылуы бойынша алынған шаралар туралы ақпарат берсін.
Тармақ 6
6. Маңғыстау облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті облыс әкімиятына осы қаулының іске асырылуы бойынша алынған шаралар туралы жиынтық ақпарат берсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Б. Керелбаевқа жүктелсін.