О регламенте Костанайского областного маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облыстық мәслихатының регламенті туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» туралы»Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының регламенті бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. «Қостанай облыстық мәслихатының регламенті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 145 шешімінің күші бұзылсын.
Басқа 3. Қостанай облыстық мәслихатының
РЕГЛАМЕНТІ
Қостанай облыстық мәслихатының
2004 жылғы 24 маусымдағы
№ 98 шешімімен бекітілген
Қостанай облыстық мәслихатының
РЕГЛАМЕНТІ
Облыстық мәслихаттың регламенті мәслихат сессиясын өткізу, оның органдарын қалыптастыру және олардың қызметтерін ұйымдастырудың тәртіптері мен шарттарын, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихаты - облыстың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді орган.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясымен , Қазақстан «Республикасының Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарымен, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 3
3. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ депутаттарға өздерінің өкілеттігін іске асыруын көмек көрсетеді.
Тармақ 4
4. Мәслихаттың кеңсе істерін жүргізу мен мәслихатқа келіп түсетін хат-хабар алмасуды өңдеу аппаратқа жүктеліп, Қазақстан Республикасының «әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес іске асырылады.
Тармақ 5
5. Мәслихат хатшысы осы Регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Жұмыстарды жоспарлау
2. Жұмыстарды жоспарлау
Тармақ 6
6. Облыстық мәслихат өз жұмысын перспективалық (жылдық) жоспар негізінде жүргізеді. Жоспардың жобасы келесі тәртіпте қалыптасады: депутаттар, тұрақты комиссиялар, облыс әкімі, аудандық, қалалық мәслихаттар, сессия және тұрақты комиссиялардың қарауына жататын мәселелер бойынша облыстық мәслихаттың хатшысына, сондай-ақ, негізгі іс-шаралар мен депутаттарды оқыту бойынша өз ұсыныстарын өткен жылға жоспарланған жылдың 1 желтоқсан айына дейін енгізеді.
Перспективті жоспардың жобасы жаңа жылдың басында құралып, барлық депутаттарға зерделеуге және ұсыныстар енгізуге ұсынылады.
Тармақ 7
7. Облыстық мәслихаттың жұмыс жоспары, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сессиясында бекітіледі. Кезекті сессияларда жоспарға өзгертулер енгізілуі мүмкін.
Бекітілген жоспар облыстық мәслихаттың депутаттарына, қалалық және аудандық мәслихаттарға, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, аудандар мен қалалар әкімдеріне және басқа да лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
Тарау 3. 3. Облыстық мәслихаттың сессиясын шақыру, дайындау және әзірлеу тәртібі
3. Облыстық мәслихаттың сессиясын шақыру, дайындау және әзірлеу тәртібі
Тармақ 8
8. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны болып, заң құзырына жататын мәселелерді шешетін сессия болып табылады.
Тармақ 9
9. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын осы мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімінен кешіктірмей, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Тармақ 10
10. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 11
11. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ облыс әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді.
Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге - сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды.
Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге - сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.
Тармақ 13
13. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Тармақ 14
14. Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 15
15. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
Шешімдер сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Депутат сессия жұмысына қатысуға міндетті, ал егер дәлелді себептермен сессия жұмысына қатысуға мүмкін болмаған жағдайда, ол бұл туралы сессия төрағасын немесе мәслихат хатшысын хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша, жергілікті атқарушы органдар басшылары, облыс аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалары мәслихат сессиясына келуге және мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беруге міндетті.
Тармақ 17
17. Мәслихат сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессия өткізуге рұқсат етіледі.
Тармақ 18
18. Баяндама және қосымша баяндама уақытын, баяндамашымен келісім бойынша сессия төрағасы белгілейді.
Жарыс сөзде, сөз алушыларға жеті минутқа дейін, басқа уақыт ерекше ескертіледі; сауал беру - бес минутқа дейін, кандидатураны талқылау, отырыстарды жүргізу тәртібі дауыс беру, сұрақтар, ұсыныстар, хабарламалар, анықтамалар бойынша - үш минутқа дейін.
Қажетті жағдайда сессия төрағасы депутаттардың келісімімен сөз алушылар мен баяндамашылар уақытын ұзартуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Сессия төрағасының өз бастамасымен немесе қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігінің ұсынысы бойынша сессия жұмысында үзіліс жарияланады.
Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейді.
Сессия жұмысында мәслихат шешімі бойынша мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Жарыс сөзде сөз беру өтініші сессия төрағасына жазбаша түрде де, ауызша да беріледі.
Тұрақты комиссияның тапсырмасы бойынша сессияда сөз алған депутатқа, сессияда сөз кезектен тыс беріледі.
Сессияда сөз алушылар өз сөзінде депутаттардың және басқа да адамдардың ары мен намысына нұқсан келтіретін әдепсіз, дөрекі, қорлайтын сөздер қолдануға, депутаттық этика тәртібін бұзуға, заңсыз әрекеттерге баруға, қайсібір адамның атына негізсіз айып салуға құқы жоқ.
Осы шарттарды бұзған жағдайда төрағалық етуші сөз сөйлеушіні ескертеді, ал шартты бұзу қайталанған жағдайда, сөзден айырады.
Тармақ 21
21. Жарыс сөзді тоқтату, сессияда қатысып отырған депутаттардың ашық дауыс беру арқылы сессия шешеді.
Тармақ 22
22. Депутат әр мәселе бойынша дауыс беруде бір ғана дауысқа ие және оны иә»немесе қарсы»дауыс береді, не дауыс беруден қалыс қалады.
Депутат дауыс беруде өз құқығын тек жеке өзі ғана атқарады, ал дауыс беру кезінде болмаған жағдайда, шешім қабылданған соң депутат дауыс беруге құқылы емес.
Дауыс берілу техникасында және тәртібінде қателік анықталған жағдайда сессия шешімімен қайта дауыс беру жүргізіледі.
Тармақ 22-1
22-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығын орындау үшін, жарты жылда бір рет, облыстық мәслихаттың екі сессияларында, облыс әкімі, өзінің құзыретінің шеңберінде облыстық мәслихаты депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есеп береді. Есеп қорытындысы мен оның талқылау жөнінде облыстық мәслихатының шешімі қабылданады.
Тарау 4. 4. Мәслихат актілерін дайындау және ресімдеу тәртібі
4. Мәслихат актілерін дайындау және ресімдеу тәртібі
Тармақ 23
23. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері мәслихаттың актілері болып табылады.
Тармақ 24
24. Мәслихат өз қызметінде:
Тармақша 1
1) жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 25
25. Мәслихатқа Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Тармақ 26
26. Мәслихаттың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Тармақ 27
27. Мәслихаттың өз құзыреті шегінде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс және ол облыс аумағында орындалуға міндетті.
Тармақ 28
28. Мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Тармақ 29
29. Мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзінің жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін.
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдардың және осы Регламент талаптарына сәйкес мәслихат шешімінің жобаларын дайындауды облыстық мәслихаттың аппараты іске асырады.
Құжат жобаларын әзірлеушілер мүдделі органдармен келісіліп, бірінші басшылардың немесе олардың алмастыратын адамдардың қол қойылған ретте мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.
Қаралатын мәселелерден туындайтын жобалар міндетті түрде, атқарушы органдар мен мүдделі жақтардың құзыреті шегінде келісіледі.
Тармақ 31
31. Жобаларды өз уақытында, сапалы әзірлеу және мәслихатқа жобаларды белгіленген мерзімде ұсыну, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жоба мәтіндердің түпнұсқалығы үшін, әзірлеуді дайындаған органның бірінші басшысы жауапкершілікте болады.
Тармақ 32
32. Мәслихат хатшысының бұрыштамасы қойылған жоба, сессия отырысының күн тәртібінде қаралатын мәселені енгізу үшін мәслихат аппаратына немесе әзірлеушіге жобаны пысықтау және (немесе) қосымша келісу үшін жіберіледі.
Тармақ 33
33. Мәслихат шешіміне сессия төрағасы мен мәслихат хатшысы қол қояды. Қол қойылған актіге түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Сессия шешімдері, депутаттардың бекіту уақытында ұсынған ескертулері мен ұсыныстары үш күндік мерзім ішінде редакцияланады. әділет органында тіркеуге жататын мәслихаттың шешімдері, ресми баспаларда жарияланады және олар тіркелгеннен кейін адресат бойынша жіберіледі.
Мәслихат шешімдерінің өз уақытында тіркеу мен жіберуді қызметтік нұсқауларға сәйкес жүктелген міндеттер есебінде мәслихат аппаратының қызметшілері жауап береді.
Сессия хаттамасы мәслихат аппаратымен ресімделеді.
Тарау 5. 5. Сессия төрағасы және мәслихат хатшысы
5. Сессия төрағасы және мәслихат хатшысы
Тармақ 34
34. Мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихаттың лауазымды адамы.
Тармақ 35
35. Мәслихаттың жұмыс жоспарына орай, мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 36
36. Мәслихат сессиясының төрағасы сессия отырысын жүргізеді, баяндама жасауға және сөйлеуге сөз береді, шешімдердің жобаларына дауыс беруді ұсынады, дауыс берудің нәтижелерін хабарлайды, президиумға келіп түскен мәселелерді, ұсыныстарды және өтініш, арыздарды жариялайды.
Сессия президиумында төрағадан басқа облыс мәслихатының хатшысы, облыс әкімі, сессия шешімімен басқа да тұлғалар болады.
Тармақ 37
37. Мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Тармақ 38
38. Кезекті сессияның төрағасы депутаттардың үштен бірінің, сондай-ақ әкімнің ұсынысы бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды. Облыстық мәслихаттың хатшысы кезектен тыс сессияны ашады және мәслихаттың кезектен тыс сессия төрағасын сайлағанға дейін сессияны жүргізеді.
Тармақ 39
39. Мәслихат сессияның төрағасы өз өкілеттілігін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 41
41. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.
Тармақ 42
42. Мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштерінің қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
Тармақша 6
6) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
Тармақша 8
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
Тармақша 10
10) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
Тармақша 11
11) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 43
43. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Облыстық мәслихаттың комиссиялары
6. Облыстық мәслихаттың комиссиялары
Тармақ 44
44. Мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
Тұрақты комиссиялар өз жұмысын мәслихат сессиясында бекітілген перспективалық жоспар негізінде құрады.
Тармақ 45
45. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды.
Тармақ 46
46. Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Тармақ 47
47. Тұрақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) өздерінің құзырына жататын әрі мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.
Тармақ 48
48. Әкімият, орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгіленген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 49
49. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 50
50. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тармақ 51
51. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады.
Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 52
52. Көпшіліктік тыңдаулар мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне кіргізілетін мәселелерді дайындау барысында өткізіп, хал-ахуалды мейлінше толық зерттеу, тыңдауға қатысушылардың есебін және ойларын жинақтап қорыту және мәслихат шешімінің жобасы бойынша ұсынымдар енгізу мақсатында өткізіледі.
Тармақ 53
53. Көпшіліктік тыңдаулардың өткізілетін орны мен уақыты және талқылауға енгізілген мәселелер туралы облыстық мәслихаттың хатшысы тыңдаудан 10 күн бұрын депутаттар мен тұрғындарға хабарлайды.
Тармақ 54
54. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат немесе мәслихат хатшысы оларды құру кезінде белгілейді.
Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Тармақ 55
55. Мәслихат, облыстық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу үшін, өз құзыреті мерзімінің шеңберінде, мемлекеттік қаржылық бақылау органына жататын тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің саны мәслихатпен анықталады. Тексеру комиссиясының төрағасы (бұдан әрі мәтін бойынша төраға) депутаттар ішінен мәслихатпен сайланады;
Тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады;
Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
Тармақша 1
1) өзінің мазмұны жағынан жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебі бойынша қорытынды болып табылатын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті белгіленген мерзімде мәслихатқа береді және мәслихат бекіткеннен кейін ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады;
Тармақша 2
2) мәслихат пен әкімдікке бақылау нәтижелері бойынша жергілікті бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсіз және тиімсіз пайдаланылу фактілері жөнінде, сондай-ақ жергілікті бюджетті атқару жөніндегі жұмыстағы кемшіліктер туралы ақпарат береді;
Тармақша 3
3) ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган табыс еткен жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылау жүргізу актілеріне талдау жасайды және жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептілігі мен тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді;
Тармақша 6
6) жергілікті мемлекеттік органдардың жергілікті бюджетке түсімдердің толық және уақтылы келіп түсуіне қатысты мәселелер жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) жергілікті бюджеттің атқарылуына ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердің қолданысы жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
Тармақша 8
8) тиісті жергілікті бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) құпиялық режимінің, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің атқарылу мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысады;
Тармақша 10
10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінен белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алады;
Тармақша 11
11) жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болған жағдайда, жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тартады;
Тармақша 12
12) тексеру комиссиясы өз бастамасы немесе мәслихат шешімі бойынша көпшілік тыңдауларын өткізе алады. Тексеру комиссиясы қарамағына жатқызылған анағұрлым маңызды және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулары депутаттардың, атқару органдарының, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен кеңейтілген отырыстар түрінде өткізіледі. Көпшілік тыңдауларын өткізу тәртібі мәслихат регламентімен анықталады;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) тексеру комиссиясы өзін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді;
Тармақша 15
15) тексеру комиссиясының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары облыстық мәслихат сессиясында қарастырылады және оның шешімімен мәслихаттың жалпы жоспарының бөлігі ретінде бекітіледі;
Тармақша 16
16) тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарында облыстық бюджеттің орындалуын жан-жақты жүйелі қамтамасыз ететін негізгі бағыттар мен іс-шаралар тізімі болуға тиіс;
Тармақша 17
17) тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарын іске асыру үшін төраға тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлейді, оны мәслихат хатшысы бекітеді. Төраға тоқсандық жоспарларға енгізілетін мәселелер тізімін келесі тоқсанның басына дейінгі он күн ішінде тексеру комиссиясы мүшелерінің ұсыныстары бойынша жасайды;
Тармақша 18
18) жұмыс жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сонымен қатар жоспарланған мәселені жоспардан алып тастау немесе оны қарастыруды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімдер сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің талап етуімен төрағаның, тексеру комиссиясының мүшелері немесе мәслихат хатшысының ұсыныстары бойынша заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
Тармақша 19
19) тексеру комиссиясының жұмыс жоспарының орындалуын төраға бақылайды;
Тармақша 20
20) тексеру комиссиясының отырыстарын қажет болған жағдайда төраға шақырады, бірақ тоқсанда бір реттен көп емес. Тексеру комиссиясының отырыстарына енгізілетін мәселелерді төраға және тексеру комиссияларының мүшелері дайындайды;
Тармақша 21
21) тексеру комиссиясының отырыстары оның құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан көбі қатынасқан жағдайда заңды күші бар деп есептеледі;
Тармақша 22
22) тексеру комиссиясының бақылау іс-шаралары нәтижелері қарастырылатын отырыстары келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
өткізілген бақылау іс-шаралары нәтижелері бойынша ақпарат-қорытындылар;
тексеру комиссиясы қаулысының жобасы. Жергілікті атқарушы органның облыстық бюджетті орындау туралы есебін қарастыру қорытындылары бойынша комиссия отырысы облыс әкімдігі ұсынатын келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
облыстық бюджеттің орындалуы туралы есеп;
түсіндірме жазба;
түсімдер бойынша орындау, сонымен қатар жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде олардың тиімділігін бағалау туралы талдамалық есеп;
Тармақша 23
23) тексеру комиссиясы өз құзыреті мәселелері бойынша қаулылар қабылдайды;
Тармақша 24
24) тексеру комиссиясының қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігімен қабылданады;
Тексеру комиссиясы төрағасы комиссия отырысында депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда шешуші дауыс құқығын пайдалана алады;
Тексеру комиссиясының қаулыларына төраға қол қояды. Тексеру комиссиясы бірнеше тұрақты комиссиялардың қатысуымен бірлескен отырыс өткізген жағдайда қаулыға сол комиссиялардың төрағалары қол қояды. Қаулы қол қойылғаннан кейін күшіне енеді;
Тармақша 25
25) Құпиялық режимді арнай мекемелерде немесе «құпия» және «өте құпия» белгісі бар материалдарды пайдалана отырып өткізілген бақылау нәтижелерін қарастырғанда комиссия жабық отырыстар өткізе алады, оларға тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары белгіленген тәртіппен шақырылады;
Тармақша 26
26) тексеру комиссиясы отырысының қарауына ұсынылатын мәселені талқылау барысында комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол жазбаша ресімделеді және отырыс хаттамасына қосымша болып енеді;
Тармақша 27
27) тексеру комиссиясының қаулылары бақылау іс-шараларының қорытындылары, облыстық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есептің бекітілуі, сонымен қатар басқа да мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қабылданады;
Бақылау қорытындылары қаулысы анықталған бұзушылықтарды қарастырып, жою шараларын қолдану, мемлекетке келтірілген зиянды өтеу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзған лауазымдық тұлғаларды жауапқа тарту үшін мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері - атқарушы органдар мен ұйымдарға жіберіледі;
Қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың басқа да фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдары құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға тапсырылады;
Тармақша 28
28) тексеру комиссиясы отырысына ведомстволар мен бақылау объектілерінің өкілдері, сонымен қатар төрағамен келісілген тізім бойынша шақырылған басқа да мүдделі тұлғалар қатынаса алады;
Тармақша 29
29) тексеру комиссиясы отырысында хаттама жүргізіледі, онда қатысушы лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы мен пәні, баяндамашылар мен талқылауға қатынасушылар, олардың сөз сөйлеулерінің негізгі мазмұны және комиссия мүшелері қабылдаған шешімдер көрсетіледі. қажет болған жағдайда отырыста қарастырылған мәселелер магнитофон лентасына (диктофон) жазылады;
Тармақша 30
30) тексеру комиссиясына келiп түскен өтiнiштер мен арыз - шағымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қарастырылады;
Тармақша 31
31) мәслихаттың шешімімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шараларын орындау үшін, жауапты орындаушылар мен бақылау мерзімі көрсетілген, мәслихат хатшысының өкімі шығарылады.
Бақылау іс-шаралары жөніндегі өкім қатал есептегі бланктерде рәсімделеді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің аумақтық органдарында тіркелуге тиіс.
Бақылаулық іс-шаралары жөніндегі өкім тексеретін мекеменің басшысына тексеру жүргізетін күннің басында тапсырылады; <*>
Тармақша 32
32) мәслихат аппаратының қызметкерлерін бақылау іс-шараларын өткізуге тартқанда мәслихат хатшысы қатаң есепті бланктерде ресімделген арнайы өкімге қол қояды;
Тармақша 33
33) тексеру комиссиясының төрағасы жұмыс жоспары және бақылау объектісін алдын ала зерделеу негізінде бюджеттік бағдарламаларды, мекемелер мен орындаушыларды атап бақылау іс-шараларын өткізу бағдарламасын жасайды;
Тармақша 34
34) тексеру комиссиясы мүшелері, мәслихат аппараты қызметкерлері, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарының бақылау іс-шараларын өткізумен байланысты материалдарды зерделеу мен талдауға қатысуына құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияларды қамтамасыз ету есебінен іске асырылады;
Тармақша 35
35) бақылау іс-шараларын өткізу нәтижелері бойынша екі данада тексеру акті ресімделеді және оған тексеруші, ұйымның басшысы және бас бухгалтері қол қояды. Бірінші данасы тексерілуші ұйымның басшысына (немесе жауапты лауазымды тұлғаға) тапсырылады, екіншісі тексерушіде қалады. Тексерілуші объектінің басшысын актімен таныстыру үш күнге дейінгі мерзімде өткізіледі. келіспеушілік болған жағдайда тексерілуші ұйымның басшысы өз қолының алдында «келіспеушіліктермен» белгісін қояды және жеке құжаттармен өз келіспеушіліктерінің негіздемесін растайды. Он күн ішінде келіспеушіліктер тексеру комиссиясына жолданады;
Тармақша 36
36) актіге тиісті құжаттармен расталмаған әртүрлі қорытындылар, ұсыныстар мен деректер енгізілмейді;
Тармақша 37
37) төраға алынған келіспеушіліктерді қарастырады және актіге қол қойылған күннен бастап он күн ішінде ұйымның басшысына жазбаша жауап береді;
Тармақша 38
38) бақылау нәтижелері бойынша төраға тексеру комиссиясында қарастыруға материалдар, мәслихаттың жақында болатын сессиясына комиссия қаулысының жобасын және бақылау нәтижелері туралы ақпарат дайындайды;
Тармақша 39
39) тексеру комиссиясының қабылданған қаулыларының іске асырылу барысын төраға бақылайды;
Тармақша 40
40) тексеру комиссиясының жұмысының жариялылығы қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес іске асырылады;
Тармақша 41
41) тексеру комиссиясы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және ішкі бақылау қызметтері келісім бойынша бірлескен бақылау қызметін жүзеге асыра алады;
Тармақша 42
42) тексеру комиссиясы мен мемлекеттік қаржылық бақылау органдары актілер мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары талаптарына сәйкес болған жағдайда бақылау нәтижелерін өзара мойындайды, келісілген мерзімде тексерілген объектілер және тақырыптық бақылаумен қамтылған бағдарламалар туралы ақпараттармен алмасады;
Тармақша 43
43) тексеру комиссиясы мен қаржылық бақылау органдары кешенді бақылауды жылына бір реттен артық емес және екі жылда кемінде бір рет өткізеді;
Тармақша 44
44) тексеру комиссиясы мүшелеріне бақылау актілерінде баяндалған мәліметтердің растығына, объективтілігіне және толықтығына Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған жауапкершілік жүктеледі.
Тарау 7. 7. Облыстық мәслихаттың депутаты
7. Облыстық мәслихаттың депутаты
Тармақ 56
56. Депутат:
Тармақша 1
1) мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті.
Тармақ 57
57. Мәслихат депутаты жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аймақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді.
Тармақ 58
58. Мәслихат депутатының өкілеттігі тиісті аймақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркелген кезден басталып, мәслихат өкілеттігі тоқталған кезден бастап тоқтайды.
Тармақ 59
59. Депутат өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан уш реттен артық қатыспаса, депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 60
60. Депутат:
Тармақша 1
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау ушін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар және жолданымдар жіберуге;
Тармақша 4
4) сессияда тиісті мәслихат аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) тиісті әкімият отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 6
6) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 7
7) саяси партиялардың депутаттық тобы түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Саяси партияның депутаттық тобы мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс.
Саяси партиялардың депутаттық тобын тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады.
Тармақша 8
8) заңдарда және мәслихат регламентінде көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 61
61. Депутаттық қызметтің мәселелері бойынша депутат мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік мекемелерге кіруге, сонымен қатар олардың басшыларының және лауазымды тұлғалардың міндетті қабылдауында кедергісіз болуына құқығы бар.
Кіру депутаттық куәлік бойынша жүргізіледі.
Тармақ 62
62. Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар облыс әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, мәслихат және тұрақты комиссиялардың қызметтеріне қатысты келіп түскен құжаттармен танысу және қарау, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындалудан босатылады.
Тарау 8. 8. Депутаттық сауал. Бақылау өкілеттігін іске асыру
8. Депутаттық сауал. Бақылау өкілеттігін іске асыру
Тармақ 63
63. Депутаттық сауал депутаттың мәслихат сессиясында мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселе бойынша мемлекеттік органның лауазымды адамына мәслихат сессиясында түсініктеме немесе өз көзқарасын білдіруге қойған талабы.
Депутат қойылған сауалда өзі жүгініп отырған нақты лауазымды тұлғаны және күтілетін жауаптың (ауызша немесе жазбаша) нысанын көрсетуі міндетті.
Мәслихат аппараты сауалдың сессияда жария етілген уақытынан бастап уш күн мерзім ішінде тиісті мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына жазбаша сауал жібереді.
Депутаттық сауал облыстық мәслихаттың сессиясында келесі тәртіп бойынша қаралады:
депутаттың сауал мен сөйлеген сөзі - 5 минутқа дейін;
депутаттық сауалға лауазымды адамның жауабы - 15 минутқа дейін.
Сауалға жауап беру бойынша ашық жарыс сөз болуы мүмкін.
Сауалдың жауабын тыңдаған соң депутаттық сауал авторы, сондай-ақ, басқа да депутаттар сауалдағы қойылған проблема бойынша сұрақтар қоя алады. Лауазымды тұлғаға қойылған депутаттық сауал бойынша депутаттардың сұрақтарына жауаптар 10 минутқа дейін беріледі.
Депутаттық сауалға жауаптың және оны талқылаудың нәтижесі бойынша сессия шешімі қабылданады. Сауалға және оған жауаптар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.
Тармақ 64
64. Облыстық мәслихаттың шешімдерін орындауға бақылауды мәслихат хатшысы іске асырады. Атқарушы органдардың басшылар мен ведомстволар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары сессия шешімдерін іске асыру бойынша есеп береді.
Тармақ 65
65. Сессияда қаралған мәселелер бойынша депутаттардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді мәслихат аппараты жинақтап қорытылады және қабылданған шара бойынша ақпаратты мәслихат хатшысына бір айлық мерзім ішінде беруге міндетті атқарушы органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына жіберіледі.
Тармақ 66
66. Облыстық мәслихаттың шешімдерін, депутаттардың және сайлаушылардың сауалдарын, өтініштерін орындау барысы туралы мәслихат хатшысы депутаттарды сессияда тұрақты түрде ақпарат береді.
67.Облыстық мәслихатқа келіп түсетін хаттар тіркеледі. Орындаушыларға нұсқаулар, тәртіп бойынша, мәслихат хатшысының бұрыштама нысанында беріледі.
Азаматтардың өтініштері мәслихатқа түскен күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде, ал қосымша зерделеу мен талап етілмейтіндері 15 күннен кешіктірілмей қаралып, солар бойынша шешімдер қабылданады. Қосымша тексеру қажет болған жағдайда мәслихат хатшысы өтінішті қаралу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс, бұл жөнінде азамат хабардар етіледі.
Қойылған мәселелер мәслихаттың құзырына жатпайтын өтініштер 5 күн мерзімнен кешіктірілмей тиісті органдарға жіберіледі, бұл жөнінде азамат хабардар етіледі.
Тармақ 68
68. Азаматтарды жеке қабылдауды әр жұманың бірінші жартысында мәслихат хатшысы жүргізеді. Азаматтарды кәсіпорындарда және ұйымдарда жеке кесте бойынша жүргізіледі.
Тарау 9. 9. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайлау бойынша облыстық, округтік, Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларын құру және сайлау
9. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайлау бойынша облыстық, округтік, Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларын құру және сайлау
Тармақ 69
69. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау - сайлау комиссиялары өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады және кемінде уш күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 70
70. Бұқаралық ақпарат құралдарында, сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлама жарияланғанға дейін кемінде уш күн қалғанда облыстық мәслихаттың хатшысы өз өкімімен депутаттардан және аппарат қызметшілерінен тұратын сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі Уақытша комиссия құрады.
Тармақ 71
71. Уақытша комиссия саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын комиссия құрамына кандидатуралар келіп түсетін ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады. әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына өзінің бір өкілін ұсынады. Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған комиссиялардың Уақытша комиссияға ұсынатын құжаттардың тізбесіне төмендегілер кіреді:
Тармақша 1
1) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы, жоғары тұрған сайлау комиссиялары отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан көшірме;
Тармақша 3
3) жеке іс парағы әр кандидатқа мына нысан бойынша: тегі, аты, әкесінің аты, туған жері, ұлты (көрсетпеуге құқылы), білімі, партияға мүшелігі (көрсетпеуге құқылы), жұмыс орны, қызметі, тұратын жері, паспорт (жеке басының куәлігі), ____, кім және қашан берілді, байланыс телефоны;
Тармақша 4
4) кандидаттың мәслихат атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші және кандидат жайлы өмірбаян мәліметтері.
Тармақ 72
72. Сайлау комиссиялары құрамының жобасын дайындау кезінде Уақытша комиссия бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, одан кейін, келіп түскен ұсыныстар жеті мүшеден кем болған жағдайда, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының кандидатуралары есепке алынады.
Тармақ 73
73. Жаңа сайлау комиссияларының құрамына келіп түскен ұсыныстардың мерзімі аяқталған кезде Уақытша комиссия сессия шешімдерінің жобасын және сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау бойынша бюллетендер дайындайды.
Тармақ 74
74. Шешімдер және бюллетендердің жобалары бөлек дайындалады:
Тармақша 1
1) облыстық сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау бойынша;
Тармақша 3
3) облыстық мәслихатқа депутаттарды сайлау жөнінде округтік сайлау комиссиялары бойынша.
Тармақ 75
75. Саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының, сайлау комиссиялары құрамына ұсынылған барлық кандидатуралар, олардан келіп түскен кезек бойынша шешімдердің және бюллетендердің жобасына енгізіледі және Уақытша комиссияның арнайы журналына тіркеледі.
Тармақ 76
76. Сайлау комиссияларының мүшелері көрсетілген бюллетендерді, сессияға қатысып отырған облыстық мәслихаттың барлық депутаттары алады және оларды жеке өздері толтырады. Дауыс берудің қорытындысын сессияда құрылған Есептеу комиссиясы шығарады. Есептеу комиссиясының сандық құрамы және төрағасы мәслихат сессиясында белгіленеді.
Тармақ 77
77. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мушелерінің санына (жеті) тең ұсыныстар түскен жағдайда Уақытша комиссия мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Сессияға қатысушы депутаттардың көпшілігі дауыс берген комиссия мүшелері сайланған болып саналады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мушелерінің санынан артық (жетіден артық) ұсыныс түскен кезде, Уақытша комиссия мәслихат сессиясына рейтингілік дауыс беруді ұсынады.
Басқаларға қарағанда көпшілік дауыстар санын жинаған кандидатуралар сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мушелерінің санынан (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде Уақытша комиссия бюллетеньдегі бос орынға басқа да қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен кандидатуралар енгізіледі, ал егер аталған кандидатуралар болмаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссияларымен ұсынылады (тиісті келіп түсу кезектілігі тәртібінде). Бос орынға олардың санына тең ұсыныстар түскен жағдайда Уақытша комиссия мәслихат сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Бос орынға олардың санынан артық ұсыныс түскен кезде, Уақытша комиссия мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды ұсынады, ал бос орындарға рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады.
Егер дауыс беру барысында сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатуралар саны жетіге сәйкес болғанда, мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
Тармақ 78
78. Бюллетенге үміткерлердің аты, жөні, тегі, кандидатураның қандай саяси партиялар ұсынғаны (басқа да қоғамдық бірлестіктерден, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан) енгізіледі. Бюллетенде кандидатуралар тектерінің оң жағында, депутаттар белгі қоятын квадраттар бейнеленеді. Депутаттар жеті квадратқа белгі қояды.
Тармақ 79
79. Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясында Есептеу комиссиясы жариялайды.
Тармақ 80
80. Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын өткізу мерзімі туралы жариялайды (оларды құрған уақыттан бастап жеті күн аралығынан кешіктірмей). Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы жариялайды.
Осы кандидатура саны жағынан ең көп дауыс алғандығы бойынша анықталады. Депутаттар дауыстары тең болған жағдайда осы кандидатура бюллетенде орналасқан орны бойынша анықталады.
Тармақ 81
81. Мәслихат хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті сайлау комиссияларының құрамын жариялауды қамтамасыз етеді. Материалдар оған қосымшасымен басылымның бір нөмірінде басылуы керек.
Тармақ 82
82. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген жағдайда, мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату туралы және шығып кеткеннің орнына сайлау туралы шешім қабылдайды. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған қызметін ауыстыруға осы сайлау комиссиясына олардың өкілдері кірмейтін саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.
Тармақ 83
83. Сайлау комиссияларын сессияда сайлағанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан туындаған негізге орай, мәслихаттар олардың бір ғана ұйымдардан құрылуына жол бермеуі керек, міндетті түрде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрып жатқанын міндетті түрде ескеруі қажет. Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар, кандидаттардың сенім білдірген адамдары, кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.
Тарау 10. 10. Қорытынды ережелер
10. Қорытынды ережелер
Регламент әділет департаментінде тіркеуден өткен күннен бастап кушіне енеді. Мәслихат депутаттарымен Регламентке өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар түсуі мүмкін және егер сессияда қатысқан депутаттардың жартысынан артығы осыған дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.