О переименовании улиц села Карабас Карабасского сельского округа Бескарагайского района области Абай Күшін жойған
Басқа 0
Абай облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі
Қарабас ауылының көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35–бабы 2–тармағына, «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14–бабы 4) тармақшасына, 2023 жылдың 28 наурызындағы Абай облысының облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес және Қарабас ауылдық округі Қарабас ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылындағы:
«Титов» көшесі «Ақбидай» көшесі болып қайта аталсын;
«Больничная» көшесі «Жібек Жолы» көшесі болып қайта аталсын;
«Ворошилов» көшесі «Береке» көшесі болып қайта аталсын;
«Киров» көшесі «Байтақ» көшесі болып қайта аталсын;
«Степная» көшесі «Ақдала» көшесі болып қайта аталсын;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.