Об особом статусе города Туркестана Қолданыста
Басқа 0
Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы
Осы Заң Түркістан қаласының ерекше мәртебесінің құқықтық негіздерін реттейді және оны бірегей мұра ретінде сақтауға, зерделеуге және ілгерілетуге бағытталған.
Бап 1
1-бап. Түркістан қаласының мәртебесі
Түркістан қаласы Қазақстан Республикасының рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы болып табылады.
Бап 2
2-бап. Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасы
Тармақ 1
1. Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Осы Заңның негізгі мақсаты Түркістан қаласын Қазақстан Республикасының рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретінде қалыптастыру, дамыту және жұмыс істеуіне жағдай жасау болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұрасы объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзет аймақтарында орналасқан объектілерді басқарудың, сақтаудың және олардың тұтастығын сақтап тұрудың тиімді жүйесін құру;
Тармақша 2
2) Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның күзет аймақтарының аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жоспарлау және басқару;
Тармақша 3
3) тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту, қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дамыту;
Тармақша 4
4) Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерін қорғау және пайдалану жөнінде қабылданған шешімдерді ғылыми қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Түркістан қаласының халықаралық ынтымақтастығын дамыту.
Тармақ 3
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасының объектілерін сақтаудың басымдығы;
Тармақша 2
2) Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерінің мән-маңызын сақтау;
Тармақша 3
3) Түркістан қаласының рухани-мәдени құндылықтары мен тарихи-мәдени мұрасы объектілерінің киелі мәні мен қасиеттілігін қорғау.
Бап 4
4-бап. Түркістан қаласының аумағы
Түркістан қаласының шекарасындағы (шегіндегі) жерлер Түркістан қаласының аумағын құрайды, ол Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша облыстың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.
Бап 5
5-бап. Түркістан қаласының өңірлік нышаны
Тармақ 1
1. Түркістан қаласының Қазақстан Республикасының рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі ерекше мәртебесін көрсететін өңірлік нышаны бар.
Тармақ 2
2. Түркістан қаласының өңірлік нышанының сипаттамасы мен бейнесін Түркістан қаласының жергілікті өкілді органы бекітеді.
Тармақ 3
3. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне енгізілген, 1972 жылғы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияның ережелеріне сәйкес қорғалуға жататын тарих және мәдениет ескерткіші – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Түркістан қаласының рухани, тарихи-мәдени және туристік орталығы болып табылады.
Бап 6
6-бап. Түркістан қаласының халықаралық ынтымақтастығы
Тармақ 1
1. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне енгізілген, Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері 1972 жылғы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияның ережелеріне сәйкес қорғалуға тиіс.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілері бойынша халықаралық келісімдерді орындау мақсатында Түркістан қаласының аумағында тарихи-мәдени мұра объектілеріне қатысты халықаралық келісімдердің орындалуын үйлестіреді, сондай-ақ құзыреті шегінде Түркістан қаласының аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Бап 7
7-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау
және пайдалану жөніндегі уәкілетті
органның құзыреті
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) Қожа Ахмет Ясауидің рухани-мәдени мұрасын зерттеу, зерделеу және кеңінен таныту жөніндегі шараларды іске асыруға жағдай жасайды;
Тармақша 2
2) Түркістан қаласының аумағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың, тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарындағы және олардың күзет аймақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметтің жобаларын келіседі;
Тармақша 3
3) Түркістан қаласының аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауға жағдай жасайды;
Тармақша 4
4) Түркістан қаласының бас жоспарының жобасын және өзге де қала құрылысы құжаттамасын келіседі;
Тармақша 5
5) Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру және оларды күтіп-ұстауға жағдай жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8
8-бап. Түркістан қаласының жергілікті өкілді
органының құзыреті
Түркістан қаласының жергілікті өкілді органы:
Тармақша 1
1) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзет аймақтары аумағының қала құрылысы регламентін қоспағанда, Түркістан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекітеді;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 4
4) Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 6
6) Түркістан қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Түркістан қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын бекітеді;
Тармақша 7
7) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Түркістан қаласының аумағында туристерді тасымалдау бойынша туристік көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді;
Тармақша 8
8) Түркістан қаласының аумағында өңірлік нышанды пайдалану тәртібін бекітеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9
9-бап. Түркістан қаласы мен облыстың жергілікті
атқарушы органының құзыреті
Тармақ 1
1. Түркістан қаласының жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) Түркістан қаласының аумағындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Түркістан қаласының экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды көздейді;
Тармақша 4
4) Түркістан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келіседі;
Тармақша 5
5) Түркістан қаласының ұлттық қолөнерін және оның инфрақұрылымын құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді;
Тармақша 6
6) Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 7
7) Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтейді;
Тармақша 8
8) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қала құрылысы жобаларын әзірлеу және бекіту кезінде Түркістан қаласының аумағында барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, зерделеу, сақтау жөніндегі іс-шараларды орындауды, тарихи-сәулет тірек жоспарларын және карта-схемалар жасауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзет аймақтары аумағының қала құрылысы регламентін қоспағанда, Түркістан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;
Тармақша 10
10) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне енгізілген тарих және мәдениет ескерткіштерін қоспағанда, Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерінің күзет аймағы, құрылыс салуды реттеу аймақтары және күзетілетін табиғи ландшафт аймақтары аумағында жаңа құрылыс жұмыстарын жоспарлаған жағдайда, қала құрылысы жобаларын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келіседі;
Тармақша 11
11) Түркістан қаласының дизайн-кодын әзірлейді
және бекітеді;
Тармақша 12
12) қала құрылысы кеңесін құрады және оның ережесін бекітеді;
Тармақша 13
13) Түркістан қаласының тарихи-сәулет тірек жоспарларын қала құрылысы жобаларына енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 14
14) Түркістан қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Түркістан қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді;
Тармақша 15
15) құрылыс салуды реттеу аймағында құрылыс жүргізу кезінде осы Заңға сәйкес аумақтың қала құрылысы регламентінің, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына инфрақұрылым объектілері мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімді болуы жөніндегі ұлттық стандарттың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 17
17) Түркістан қаласының аумағында туризмді дамыту мақсатында:
туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
туристік қызмет субъектілері үшін туризмді дамытуға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған жағдай жасайды;
туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
экскурсия жүргізушілерді, гидтерді және туризм нұсқаушыларын кәсіптік даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекітеді;
туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Түркістан қаласының аумағында туристерді тасымалдау бойынша туристік көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлейді;
танытым орталықтарын және туристерді орналастыру орындарын салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
кәсіпкерлік субъектілерінің халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін салу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтейді;
кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын есепке алмағанда отыруға арналған сегіз орыннан асатын автомобиль көлігі құралдарын сатып алу шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 18
18) Түркістан қаласының аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыру және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) осы Заңның 5-бабының 3-тармағын ескере отырып және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидалардың негізінде Түркістан қаласының өңірлік нышанының сипаттамасы мен бейнесін әзірлейді;
Тармақша 20
20) Түркістан қаласының аумағында өңірлік нышанды пайдалану тәртібін әзірлейді;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 22
22) Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 23
23) Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын, орнату, олардың жұмыс істеуі және оларды демонтаждау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 24
24) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Түркістан қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігі жүрісінің схемалары мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 8-7) тармақшасына сәйкес жер учаскелерін береді;
Тармақша 26
26) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) Түркістан қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігі жүрісінің схемалары мен тәртібін келіседі;
Тармақша 2
2) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
Бап 10
10-бап. Түркістан қаласының аумағында тарих және мәдениет
ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Түркістан қаласының аумағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштері былайша бөлінеді:
Тармақша 1
1) дүниежүзілік тарих пен мәдениет үшін ерекше маңызға ие, халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері:
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызға ие, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері:
ежелгі Түркістан қаласы, Күлтөбе қалашығы, Қылует жерасты мешіті, Әулие Құмшық ата жерасты мешіті, Шілдехана, Тәуке хан кесенесі, Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, Белгісіз сағана, цитадельдің қамал қабырғасы, шығыс моншасы, Есім хан кесенесі, цитадельдің қамал қабырғасының қақпасы, Жұма мешіті, Гауһар ана кесенесі, Әлқожа ата кесенесі, Жәудір ана мешіт-медресесі, Шәмет Ишан мешіт-медресесі, теміржол станциясы кешені және гарнизон штабының ғимараты;
Тармақша 3
3) Түркістан қаласының тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызға ие, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері:
Бала би кесенесі, қалалық атқару комитетінің ғимараты, балалар спорт мектебі, дәріхана ғимараты, казарма.
Тармақ 2
2. Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және қорғау үшін әрбір ескерткішке Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күзет аймақтары белгіленеді.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мақсатында:
ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіледі;
Түркістан қаласының бас жоспарына енгізілетін тарих және мәдениет ескерткіштерінің тиісті жергілікті жерінің тарихи-сәулет тірек жоспарлары мен карта-схемалары жасалады.
Тармақ 3
3. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзет аймағының аумағында жаңа құрылыс жұмыстарын жоспарлау кезінде 1972 жылғы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияға сәйкес ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне хабарлама жіберіледі.
Тармақ 4
4. Құрылыс салуды реттеу аймағында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде олардың сәулет келбеті бойынша Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінен асып кетуіне жол берілмейді. Құрылыс салуды реттеу аймағының шегінде биік құрылыстар салу режимі белгіленеді және ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін реконструкциялау жөніндегі талаптар айқындалады.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау үшін оның айналасындағы аумаққа құрылыс салуға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзет аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта көше-жол желілерін өзгертуге жол бермеу мақсатында құрылыс салуды реттеу аймағында:
биіктігі жеті метрден асатын;
ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Түркістан қаласының аумағында тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Бап 11
11-бап. Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерваты
Тармақ 1
1. Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасының неғұрлым осал бөлігі ретінде археология ескерткіштерінің сақталуын, тұтастығын, төлнұсқалығын қамтамасыз ету үшін айқындалатын осындай ескерткіштер аумағы Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерваты деп танылады.
Тармақ 2
2. Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерваты Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру және оларды күтіп-ұстауға жағдай жасау қағидаларына сәйкес құрылады.
Тармақ 3
3. Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватына жекелеген археология объектілері де енгізілуі мүмкін. Археология ескерткіштері мен археология объектілерін іріктеу өлшемшарттары, сондай-ақ оларды Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватына қосу және одан алып тастау тәртібі Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру және оларды күтіп-ұстауға жағдай жасау қағидаларында айқындалады.
Тармақ 4
4. Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватына енгізілген археология ескерткіштері мен археология объектілеріне тұрақты негізде мониторинг және профилактикалық күтім жасау арқылы олардың келбетінің сақталуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 5
5. Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватына енгізілген археология ескерткіштері мен археология объектілеріндегі археологиялық жұмыстар шеңберіндегі өзге де қызмет тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Археология ескерткіші мен археология объектісінің тұтастығына, олардың дизайнының, материалының, орындалуының төлнұсқалығына және оларды қоршаған ландшафтқа теріс әсер ететін жұмыс әдістерін пайдалануға тыйым салынады.
Бап 12
12-бап. Түркістан қаласының инфрақұрылымы
Тармақ 1
1. Түркістан қаласының инфрақұрылымы Түркістан қаласының тыныс-тіршілігін және дамуын қамтамасыз етуге, оның тұрғындары мен туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдайларды жасауға және сақтап тұруға бағытталған инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды қамтиды.
Тармақ 2
2. Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамыту Түркістан қаласының ерекше мәртебесі ескеріліп реттеледі және тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға, рухани, тарихи-мәдени және туристік саланы сақтап тұруға және дамытуға бағытталған.
Түркістан қаласының бас жоспары Түркістан қаласының тарихи-сәулет тірек жоспары және тарих және мәдениет ескерткіштерінің күзет аймақтарының шекаралары ескеріліп әзірленуге тиіс.
Бап 13
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 10-баптың 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.