Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2025 жылғы 4 наурыздағы №15-4-1/119 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ұсақ мүйізді малдар арасында «Инфекциялық энтеротоксимия (Clostridium perfringens) қоздырғышы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, М.Мамыраев ауылдық округіне қарасты Чкалов қыстағында орналасқан «Айса» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.