Об утверждении Договора между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о сотрудничестве и взаимодействии по пограничным вопросам Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекара мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара iс-қимыл туралы шартты бекiту туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 заң күшi бар Жарлығының 16-бабына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Астана қаласында 2004 жылғы 9 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекара мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара iс-қимыл туралы шарт бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.